Ата-аналар жиналысының жоспары
Мектеп: «Бағаналы негізгі орта мектебі» КММ Сынып: 4
Мерзімі: 2-11-2022 Ата-аналар саны: 9
Мұғалім:Арғынбайқызы Таңшолпан
Ата-аналар жиналысының тақырыбы: «Жалпыдамзаттық құндылықтар – отбасылық тәрбиенің негізі»
Мақсаты: Рухани-адамгершілік тәрбиесі және балаларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеудегі ата-аналардың рөлінің маңыздылығы туралы сауатты ақпарат беру
Міндеттері:
жалпыадамзаттық құндылықтарды өмірдің,тәрбиенің негізі екенін ұғындыру
балаларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеудегі ата-аналардың рөлінің басымдылығын көрсету, белсенділіктерін арттыру
жалпыадамзаттық құндылықтардың түйінді идеяларын ата-аналардың өз практикасында пайдалана білуге үйрету
|
Ресурстар:
|
Жоспар:
1.«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының психологиялық-педагогикалық негіздері.
2.«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының аксиологиялық негіздері.
3.Балаларды тәрбиелеудегі ата-ананың рөлі (қыздар тәрбиесі ұлдар тәрбиесі).
Жиналыс барысы:
І. Кіріспе бөлім.
1)
- Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар! «Жалпыдамзаттық құндылықтар – отбасылық тәрбиенің негізі» атты жиналысқа қош келдіңіздер. Мен сіздерді көргеніме қуаныштымын! Жиналысқа 4-сыныптың « » ата-анасы,мектеп директоры Жаныбекова Жібек Қазиқызы, тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары Нуртазина Меруерт Шәріпқызы, сынып жетекшісі Давлетова Алима Баймағамбетқызы қатысып отыр.Жиналысымызды бастайық.
Баяу әуен қосылады
Тыныштық сәті. «Орманға саяхат» (Жағымды жағдай туғызу.)
-Мен сіздерді тыныштық сәтіне шақырамын. Денелеріңізді түзу ұстап, көздеріңізді жабыңыздар. Терең тыныс алып елестетіңіздер.
Қазір біз бірге орманға саяхата барамыз. Елестетіп көріңіздер, сіздер орындарыңыздан тұрып, сыныптан шығып, далаға шықтыңыздар. Далаға шыққанда сіздер таза ауаны сезіндіңіздер, осы ауамен терең тыныс алып, беттеріңе күн шуағының жылуы сезіледі. Орманға қарай бағыттаңыздар. Орманға кіріп, жан жақтарыңызға бір қараңыздар. Айнала толған әсем, түрлі түсті гүлдер. Таза ауамен тағы да терең тыныс алыңыздар. Қараңыцздар сіздер гүлді көрдіңіздер. Осы гүлге жақындап гүлдің хош иісін иіскеңіздер. Орманда құстардың әні, ағаштардың иісі, жәндіктердің тынысы сезіледі. Ағаштарға қараңыздаршы, олар биік және үлкейіп бара жатыр. Сіз өзіңізге бір ағашты таңдап, сол ағаштың қасына жақындаңыз. Ағашты ақырын құшақтап тұрыңыз. Ағаш сізге өз энергиясын береді. Ақырындап ағашты жіберіп, ағаштың астына отырыңыз. Жан – жақыңызға қараңыз. Орман ішіндегі тіршілікті көріп тұрсыз ба? Осы қалыпта біраз отырыңыз. Бұл сіздің ағашыныз. Бұл ағашқа сіз қалаған уақытыңызда келе аласыз. Орманның таза ауасымен тағы да терең тыныс алып, артқа қайтуға дайындалыңыз. Келген жолдарыңызбен орманнан қайта шығыңыз. Ақырындап мектепке кіріп, өз кабинетімізге кірейік. Өз орынымызға отырайық. Осы сезіді жүректеріңізде сақтаңыздар. Рахмет
2) Жиналыстың мақсатымен таныстыру
|
Ескерту
|
ІІ.Негізгі бөлім.
1)«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының психологиялық-педагогикалық негіздері (презентация, қосымша-1)
2) «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының аксиологиялық негіздері (презентация, қосымша-2)
3) Балаларды тәрбиелеудегі ата-ананың рөлі (қыздар тәрбиесі ұлдар тәрбиесі) (бейнежазба, қосымша-3)
|
|
Шығармашылық жұмыс.
|
|
7.Үй тапсырмасы. Мектеп көрмесіне әке мен бала, ана мен қыздың бірігіп бұйым жасап әкелуі тапсырылады
|
|
Жиналыстың қорытынды сәті.
|
|
8.Қорытынды тыныштық сәті. Баяу музыка ырғағымен көздерімізді жұмып, бүгінгі жиналыста айтылған жақсы қасиеттерді жүрегімізге түйіндейік.
Көздеріңізді ашуға болады. Бәріңізге рахмет!
|
|
Мұғалім ___________ Арғынбайқызы Т.
«Бағаналы негізгі орта мектебі» КММ директоры ___________ Кайдаулов К.К.
Достарыңызбен бөлісу: |