Ата-аналарға арналған сауалнама Балаларды тәрбиелеу түрлері



Дата05.07.2016
өлшемі98.56 Kb.
#179306
Ата-аналарға арналған сауалнама «Балаларды тәрбиелеу түрлері».

Тәбиелеу – жаңа сұраққа қоғамдық- тарихи тәжірибені берудегі іс-әрекет; адамның даму шарттарын қамтамасыз ететін, қоғамдық өмірге, еңбекке даярлайтын, белгілі бір құрылым, түсінік, қстаным, құндылық бағдарын қалыптастыру мақсатында оның мінез- құлқы мен санасына мақсатты және жоспарлы түрде әсер ету. Отандық психология арнайы ұйымдастырылған тәрбие жүйесінің шарттарында өзіндік даму заңдылықтарын зерттейді.

Бекіту (нұсқау беру) Тәрбиені ұйымдастыру қоғамдық тәжірибеде адамның субьективті әлемінің дамуына бағыттайды, сол арқылы қоғам туралы түсінік, құндылық кездескен қиыншылықтарды жеңуге деген күш пайда болады.

Ата-аналардың бала тәрбиелеу типін анықтауға арналған сұрақтама.

Нұсқау: Құрметті ата-ана! Берілген сауалнамадан сіз баланы тәрбиелеу типінің кейбір жасырын жақтарын, ой- пікірлер мен түрлі сенімдерін таба аласыздар. Барлық пікірлер реттік нөмірге ие. Осы реттік сандағы «Жауап беруге арналған іс-қағаздан таба аласыздар. Сұрақтамада берілген пікірмен келіссеңіз оны дөңгелекке алып қойыңыз. Қалған нөмірлерді сызып тастаңыз ».

Сұрақтама.



  1. Біздің үйде ең бастысы – бала

  2. Менің баламның менімен ақылдаспай бір нәрсені жасағанын көз алдыма елестете алмаймын

  3. Сіздер түсініңіздер, мен күні бойына өз тірліктерімді бітіре алмаймын және есесіне баланың жанын түсінуге де уақытым жоқ.

  4. Менің балам балабақшада емес үйде, отбасында тәрбиеленіп жатқанына маған риза шығар

  5. Балам менің көңілімнен шығуға ұмтылса да, мен оның тек кемшілікткрін көремін.

  6. Егер менің балам кінәлі болып қалса, онда оны жазалаймын.

  7. Мен әрдайым балама барлық нәрсені ақылмен жасауын айтып отырамын

  8. Мен баламның денсаулығы жақсы болуы үшін, оның барлық еркеліктерін кешіремін.

  9. Балама сағаттар бойы уақытымды бөлгенше, оған бір нәрсе сатып ала салғаным жақсы.

  10. Өзімнің ойындағы жауабына қол жеткізу үшін менің балам дәл сол сұрақпен кімге (әкесіне немесе шешесіне) бару керектігін жақсы біледі.

  11. Бұрында мен балама барлық нәрсеге рұқсат ететінмін, ал қазір ешнәрсе де жасатпаймын.

  12. Менің балам туылғанна бастап, өзініе ешкімнің тең келмейтінін біледі

  13. Менің балам ешқашан менсіз шешім қабылдамайды.

  14. Мен балама барлығын беремін: тамақ, киім, өзі қалайтын нәрсесінің бәрін- онда оған қоса көңіл бөлудің қажеттілігі қанша деп ойлаймын.

  15. Менің баламның маған қаншалықты кедергі келтіретінің білсеңіздер ғой!

  16. Көршімнің баласына қарағанда, менің балам 100 есе нашар.

  17. Баланың ойы ешнәрсе емес, ал ата-ананың ойы – заң.

  18. Мен-«ең бірінші баланың міндеттері, содан соң ғана құқықтары болуы тиіс»,-деп есептеймін.

  19. Мен баламды барлығынан қорғаштаймын. Ол мен үшін денсаулығымның қаншалықты қымбат екенін жақсы біледі.

  20. Менің балам күнделікті сыйлық алуға үйренген. Оның әрдайым неге көңіл толмайтынын түсіне алмаймын.

  21. Біздің үйдегі ересек адамдар баланы тәрбиелеуде әр қайсысы өзінің стилін қолданады.

  22. Менің балам (қызым) енді өзінің кіші қарындасы (інісі) болғандықтан, оған көп көңіл бөле алмайтынымызды еш түсінбейді.

  23. Мен тек өзімнің балам үшін өмір сүремін.

  24. Баламның тек қана сілтеулерімен, қалауымен өмір сүретініме мені неліктен кінәләйтінін түсінбеймін.

  25. Маған баланы көбінесе телефон арқылы тәрбиелеуге тура келеді.

  26. Мен балама көңіл бөлуге ұмтылмаймын. Маған ешкім көңіл бөлмеген.

  27. Мен балама жақсы болу үшін ғана, басқа балаларға қарсы қоямын.

  28. Тәрбиелеудің ең жақсы тәсілі- белдік.

  29. Балам біздің үміттерімізді ақтаулары қажет екендігін біледі.

  30. Мен баламның денсаулығының нашар екендігін әрдайым есімде ұстап,оның айтқандарын орындаймын.

  31. Менің балам еш нәрсеге мұқтаж емес.

  32. Бала тәрбиесі сұрақтарына келгенде күйеуіміз екеуіміздің көз қарастарымыз әр қалай.

  33. Егер отбасында жалғыз өзі болған да, енді үлкен ұлына азырақ мейірімділік, көңіл бөлінетін болса, онда қандай қайғы болатынын түсімбеймін.

  34. Менің өмірімнің мәні ол балам.

  35. Менім балам өзінің денсаулығына зиан келтіретін ешқандай іс-әрекет жасамайды .

  36. Менің баламның достарыммен танысуға еш уақытым жоқ.

  37. Менің балам үйге қонбаса ол оның ісі.

  38. Менің қызым (ұлым) ұлыма (қызыма) қарағанда 100есе қабілетті.

  39. Тек қана қорқыныш, жазалау қорқынышы менің баламды ауыздықтайды

  40. Менің балам басқалармен бірге үйдің тәртібіне жауап береді.

  41. Балам ден-саулығын айтып шағымданса, менім дегбірім қашады.

  42. Балам жұмысымның қаншалықты бос еместігін және басқа балалар сияқты ешнәрсеге мұқтаж болмауы үшін маған қаншалықты айлықтың қажеттілігін жақсы біледі .

  43. Менің балам бәрімізге жағу үшін әкесі мен шешесінің, атасы мен апасының арасында күні бойы тіл табысу үшін жүгіріп жүреді .

  44. Отбасында жаңадан баланың тууына байланысты үлкен ұлды тәрбиелеу стилін еріксіз түрде өзгертуге тура келед

  45. Менің балам мақтауға тұралық ахуалда отбасыда өмір сүруге үйренген.

  46. Менің баламның бүкіл өмірінің майда –шүйделеріне дейін ойластырып қойдым.

  47. Бала үшін бір нәрсе даярлау менің ісім, ал оны қабылдау- қабылдамау баламның ісі.

  48. Мен балама ойыншық үшін бір тиында бермеймін.

  49. Маған әрдайым баламның жөнін жөндеп отыруыма тура келеді. Ол не істеседе, басқаларға қарағанда нашар болып шығады.

  50. Тәртіп бұл –жазалау және қорқыныш.

  51. Өмірде бір нәрсеге қол жеткізу үшін музыка мен тілді білу керек екендігін біледі.

  52. Балам ауырып қалғанда, мен оның барлық тілегін орындауға дайынмын

  53. Егер менде таңдау болса: мен іс сапарға бару немесе баламен бірге болу, онда әрине мен іс сапарды таңдар едім, өйткені бұл өсуім үшін маңызды, ал балама сыйлық алып келер едім.

  54. Біздің үйімізде әрдайым баланы қалай дұрыс тәрбиелеуге болады деген пікір-талас болып тұрады.

  55. Мен ендігі жерде баланы еркелетпеймін, одан да барына қанағат етсін.

  56. Менің балам нені қажет етсе, ол мен үшін заң.

  57. Мүмкіндік болғанынша мен баламды қорғаштаймын.

  58. Бала кезімде маған ата-анам онша көңіл бөлмеген. Не үшін мен көңіл бөлуім керек .

  59. Мен баланы әр күні не киіндірем, не ішкізем деп ойланып отыру үшін дүниеге келген жоқпын. Бұл туралы мемлекеттің өзі ойлансын.

  60. Менің ойымша тәрбиелеудің ең жақсы тәсілі- баланы басқа адамдарға қарсы қою.

  61. Тек белдіктің көмегімен есін жиғызамын.

  62. Мен жұмыста болған уақытымда үлкен (қызым) кішілерінің қамын ойлайды.

  63. Маған әрдайым балам ауырып тұрған сияқты болады.

64.Егер мен баламмен үйде отыратын болсам, онда оның басқалардың көзін қызықтыратындай қымбат ойыншықтары болмайтын еді.

65.Демалыс күндері мен баламды қайта тәрбиелеумен айналысамын, өйткені мен жұмыста болған кезде ата-әжесі оны қатты еркелетеді.

66.Менің балам біздің отбасының ендігі жерде еліктейтіні басқа екенімен келісе алмауда.

67.Біздің үйде барлығы тек баланың тынысымен тыныстайды.

68.Егер мен балама бір нәрсені, оған тек жақсылық ойлағанымнан істетер едім.

69.Мен әрине баламның дамуын қалаймын, бірақ оған кеткен уақытыма ішім ашиды.

70.Ендігі жетпегені менің баламның жағдайын жасау еді.

71.Мен өз балаларымның ішінде сүйіктімнің бар екенін жасырмаймын.

72.Мен баламды еркелетіп емес, қамшымен тәрбиелеймін.

73.Мен балама үлкендердің жауапкершілікті жұмыстарын тапсыруға үйреніп қалғанмын.

74.Мен баламның қалпақ астында өсуіне келісемін, тек ол ауырмаса болғаны.

75.Менің балама не жетпейтінін түсінбеймін, біз оған бейнекамераны да сатып әпердік.

76.Баламыздың кесірінен біздің үйде әрдайым ұрыс-керіс, өйткені күйеуім екеуміздің тәрбиелеу мәселесіне келгенде көзқарастарымыз әртүрлі.

77.Менің қызым (ұлым) әкесімен ажырасқаннан кейін оның қажеттіліктерін орындау үшін ақшамның жоқ екендігімен еш келіскісі келмейді.

78.Менің балам өзінің ең жақсы екенін біледі.

79.Балам барлық кезде менің таңдауыма сенеді.

80.Менің баламды тәрбиешілер тәрбиелесін.

81.Балам ауырып қалғанда мен дәрігер шақырмаймын, өзі жазылады.


82.Менің қызым (балам) ертегідегі ханзаданы (ханшайымды) күтетін сияқты, алайда оған әлі алыс.

83.Мен баламның өзіме түгелдей бағынатынына үйреніп қалғанмын.

84.Менің балам үздік болу керектігін біледі, әйтпесе мен оған шыдай алмаймын.

85.Балам өзін жайсыз сезінген кезде, мен ол жаңа туғандай безгек қағамын.

86.Мен өз орнымды жаңа бір ойыншық қалдырып кетер болсам балам қуанады деп ойлаймын.

87.Мен бүгін балама рұқсат еткеніме, ертең әкесі тыйым салады.

88.Мен өз баламның пайдасы үшін тәрбиелеу стилімді өзгерттім.

89.Егер менің балам айды әперуімді талап етсе, оны да жасауға дайынмын.

90.Менің балам екі нәрсені уайымдайды,өйткені барлық нәрсенің қамын ойлайтынымды біледі.

91.Менің балам толығымен ерікті : мектепке, балабақшаға барғысы келсе барады, барғысы келмесе бармайды .

92.Жасырмаймын мені баламның өз уақытын қайда, кіммен өткізетіні қызықтырмайды .

93.Менің қызым (ұлым) түсіндегідей өзінде әрдайым тісін қышырлатады. Одан гөрі әпкесіне (ағасына) болса да ұқсап, жақсы бір іспен айналысса ғой.

94. Мен өз балаларымды өте қатал «кірпішешен» үстінде ұстаймын.

95. мен әрдайым балама өзіміздің тұрмыс-тіршілігімізді басқаруына сенім білдіремін.

96.Баламның басқалардан ауру жұқтырып алмауы үшін, оған қонаққа, театр, кино, циркке баруына тыйым саламын.

97. Балам мені мақтап тұрады . Мен бәріне қол жеткіздім және баламда бәрі бар. Оған менімен қарым-қатынаста болудың қажеті қанша.

98.Менің балам ненің болатынын, не істеуге болмайтынын ешқашан білмейді.

99. Менің күеуім (әйелім) өзіне жаңа отбасын тапса, онда мен баламды бұрынғыша әздектете алмаймын.

100.Менің балам өзінің идеал екенін жақсы біледі.

101.Менің балам вундеркинд болып туылмаса да, сондай болуы үшін барлығын жасаймын.

102.Өз баламмен серуендеуге шыққаннан гөрі, маған дүкенге барған маңыздырақ.

103.Менің балам маған артық жүк.

104.Кіші ұлым (қызым) мені әрдайым тітіркендіреді. Біздің тағы бір баламыздың болғаны қандай жақсы.

105.Егер маған баламды айтып біреу шағымданса, мен баламмен оның есінде ұзақ уақыт бойы қалатындай етіп есеп айырысамын.

106.Менің ұлым (қызым) атасына қарау керектігін өте жақсы біледі.

107.Мен баламды асыра жүктеуден және стрестен қорғауға ұмтыламын.

108.Мен балама аз уақыт көңіл бөлсем де, оның орнын кез-келген құнды сыйлықтармен толтыруға мүмкіндік аламын.

109.Бүгін баламды қалай тәрбиелейтінімді тек менің көңіл күйім біледі.



110.Әжеміздің ауылға кеткені жақсы болды, енді баламды өз қолыма аламын.
Жауаптарға арналған іс-қағаз.



1

12

23

34

45

56

67

78

89

100

I

2

13

24

35

46

57

68

79

90

101

II

3

14

25

36

47

58

69

80

91

102

III

4

15

26

37

48

59

70

81

92

103

IV

5

16

27

38

49

60

71

82

93

104

V

6

17

28

39

50

61

72

83

94

105

VI

7

18

29

40

51

62

73

84

95

106

VII

8

19

30

41

52

63

74

85

96

107

VIII

9

20

31

42

53

64

75

86

97

108

IX

10

21

32

43

54

65

76

87

98

109

X

11

22

33

44

55

66

77

88

99

110

XI

Нәтижелерді өңдеу. әрбір көлденең жолдағы жауаптың көпшілік сан дөңгелекке алынса, сол қатардағы шифр, ата-ананың өз баласын тәрбиелеуде қолданатын тәрбие типіне сәйкес келетінін білдіреді. Егер ондай жол біреу болмаса және тәрбиелеу типі әр түрлі болса, онда бұл көбінесе қарама-қайшы тәрбиелеу іс-әрекеті екенін білдіреді.

Баланы тәрбиелеу типінің кодтарына арнайы шифр


  1. Отбасы үлгісі.

  2. Асыра қамқорлық

  3. Аз қамқорлық

  4. Бақылау

  5. Ғажайып қыз

  6. «кірпішешен» қолғабы

  7. Жоғары моральдық жауапкершілік

  8. Ауру бастауы.

  9. ханшайым

  10. Тәрбиедегі кертартпалық

  11. Тәрбиедегі үгілердің ауысуы.

  12. Қарама-қайшы тәрбие

  13. Тәрбиелеу үлгісінің ауысуы.

Тәрбиелеудің синергетикалық типі бұл әдетте бір-бірімен үйлеседі және нәтижесінде тиімділікті арттыратын тәрбие типі б.т. «Синергизм»- грек тілінен аударғанда бірге әрекеттесу, серіктес болу деген мағынаны білдіреді. Бұл типтерге мысал : IV+III+VI немесе I+II+VIII және т.б.



Бала тәрбиесінің сұрақтарына қатысты әйел мен күйеуінің көз қарастарындағы қарама-қайшылық ата-ананың жауаптарын салыстырғанда айқын байқалады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет