Аталып өтілетін даталар


шілде 1946 - Қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Оңғарбайұлы



бет3/7
Дата25.02.2016
өлшемі489 Kb.
#19535
1   2   3   4   5   6   7

27 шілде 1946 - Қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Оңғарбайұлы

Әубәкіровтың туғанына 60 жыл және

ғарышқа ұшқанына 15 жыл (2 қазан 1991)
Тоқтар Әубәкіров 1946 жылы 27 шілдеде Қарқаралы ауданы, 1 Май ауылында дүниеге келді. Әкесі Әубәкір ауыл- аймаққа белгілі ұста болған адам. Ұста еңбегінің бейнетке толы екендігін қаршадай кезінен көріп өскен Тоқтар аяулы әке алақанының жылуын көре алмады. Әубәкір ақсақал ертерек көз жұмды.

Ол Қарқаралының РТС-інде оқып, он бес жасында орталау мектепті бітіреді. Орталау мектепті тәмәмдаған соң Теміртау қаласына келеді. Тоқтар жұмыс істей жүріп кешкі мектепке түседі. Алғашқыда жүк түсіруші, одан кейін зауытта токарь болып жұмыс істейді. Қарағанды қаласындағы Н. Әбдіров атындағы аэроклубқа жазылып, парашютпен секіруге жаттығады. 1965-1969 жылдары Армавир жағары әскери ұшқыштар училищесінде оқыған. Ұшқыш-сынақшы 1979 жылы Мәскеу авиация институтын бітіреді.

Өршіл де арманшыл жігіт 1988 жылы Кеңес Одағында тұңғыш рет жанармай құйдыру арқылы солтүстік полюске ұшу сапарын ерлікпен орындады. 1989 жылы 1-болып авиатасушы крейсердің алаңқайшысына «МиГ-29г» реактивті ұшағын үлкн шеберлікпен дәл қондырды. Сондай-ақ ол реактивті ұшақтың 50-ден аса жаңа түрін сынақтан өткізді. 1990 жылы ғарышкерлер құрамына алынып, 1991 жылы 2 сәуірде Кеңес Одағы Ғарышкерлер даярлау орталығында ғарышқа ұшу дайындығына кірісіп, сол жылы 2 қазанда Байқоңырдан «СоюзТМ-13» кемесімен ұшты.Ғарыш кемесі Жер төңірегіндегі «Мир» орбиталық кешенімен түйісті. Онда ол өзге ғарышкерлермен бірге биотехнология, металлургия, медицина салалары және Арал аймағы бойынша ғылыми зерттеу жұмыстар жүргізді. Зерттеу нәтижесінде Арал үстіндегі тұзды шаң борамасының пайда болу процесі, сол зиянды аэрозольдардың Қазақстан мен Ресей аймақтарына таралуының ғарыштық суреттері алынды. Сондай-ақ Қазақстан аумағындағы атмосфераны және жер бетін зерттеу, жұлдызды аспанды астрофизикалық бақылау жұмыстары да ойдағыдай өтті. Әубәкіров 10 қазанда Жерге оралды. Ол Қазақстандағы ғарыштық зерттеулердің негізін қалауға, отандық Қарулы Күштердің әскери даярлығын жетілдіруге, әскери партриоттық тәрбие жұмыстарын жолға қоюға белсене араласты.

Кеңес Одағының Батыры, Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы Т.Әубәкіров 1992-93 ж. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 1-орынбасары, 1993-94 ж. ҚР Ұлттық Аэроғарыштық агенттігінің бас директоры, Ғылым және жаңа технология министрінің орынбасары, 1994–95 ж. ҚР Жоғарғы Кеңесінің депутаты- Қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы болды. 1996 жылдан Қазақстан Респуликасы Президентінің кеңесшісі.

Кеңес Одағының Батыры (1988), ҚР Халық Қаһарманы (1995), ҚР ұшқыш ғарышкері (1995),Кеңес Одағының еңбек сіңірген ұшқыш-сынақшысы (1990), авиация генерал-майоры (1992).
Әдебиеттер:
Ақсұнқарұлы С. Алашым менiң – Аспанда: Т.Әубәкiровке арналған өлең // Орт.Қазақстан.-2000.-30 қыркүйек.

Әбiлда Қ. Сүйер ұлы болса, сен сүй.Қарқаралыда қазақша күрестен Т.Әубәкiровтiң турнирi өтедi //Орт. Қазақстан.-2003.- 9 қыркүйек.-8 б.

Әубәкiров Т.О. "Алашым, адаспайық!": ҚР Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаттығына кандидат Т.О.Әубәкiровпен әңгiме / Әңгiмелескен Қ.Боранқұл// Орт.Қазақстан.-2004.- 4 қыркүйек.-2 б.

Әубәкiров Т. Сiбiрде жазылған өлеңдер // Атамекен.- 2002.- 24 мамыр.-7 б.

Байтұрсын Т. Ғарышкердiң ұстаздары // Орт. Қазақстан.- 2003.- 2 қыркүйек.-5 б.

Ермекбаев Т. Ғарышта – қазақ қыраны: Т.Әубәкiров туралы // Орт.Қазақстан.- 2001.-14 ақпан.

Есали А. Ғарышкер өз атында мектеп бар екенiн бiлмептi // Егемен Қазақстан.- 2004.- 26 мамыр.-12 б.

Жәкейұлы М. Тоқтар Әубәкiров: «Ғарышта тұрып, ата-бабаларыма алғыс айтамын»: қазақ сынақшы-ұшқышы Тоқтар Әубәкiровпен сұхбат // Жас Алаш.- 2004.- 10 сәуiр.-3 б.

Жөкiпбаев Е. Ғарышкер Тоқтарға // Қарқаралы.- 2001.-29 қыркүйек.

Қабыханов А. Ғарыш әлемiне саяхат: Т.Әубәкiровтың ғарышқа ұшқанына – 10 жыл //Қарқаралы.- 2001.-6 қазан.

Қабыханов А. Қазақ ғарышына –10 жыл // Қарқаралы.- 2001.-3 қараша.

Қашқынов Ж. Атыңнан айналайын, Қарқаралы: Жыр дәптерiнен// Орт.Қазақстан.- 2004.- 19 тамыз.-12 б.

Қазақ қыранның ғарышқа самғағанына он жыл // Азия Транзит.- 2001.-N11.-3 б.

Қарағандылық Совет Одағының батырлары.- Қарағанды, 1990.- 86 б.

Қыныбаева Р. Қазақ аспанында туған жұлдыз: Т.Әубәкiровтың ғарышқа ұшқанына 10 жыл // Қарқаралы.- 2001.-28 қыркүйек.

Ләмбекұлы С. Ғасыр саңлағы: Тоқтар туралы толғау// Азия Транзит.- 2004.- N6,N8,N9.-34-37 б.

Лұқпан Е. Ғарышқа жол Байқоңырдан бастау алды: Ғарыштың игерiлуiне-40 жыл. Қазақ ғарышкерлерiнiң аспанға самғанына-10 жыл // Орт. Қазакстан.- 2001.-11 сәуiр.

Майбас Т. Қарағанды – ғарышкерлер отаны // Орт. Қазақстан.- 2001.-23 мамыр.

Мақаш Д. Ғарышкерлер мүйiсi // Орт. Қазақстан.- 2001.- 25 сәуiр.

Махамбет М. Ерлiк Ақыл парасатынан туады: (Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, запастағы авиация генерал-майоры Т.Әубәкiровпен сұхбат) // Қазақстан сарбазы.- 2004.- 9 сәуiр.- 3 б.

Омарбеков М. Ғарыш сапары Қарқаралыдан басталған: Т.Әубәкiров туралы // Орт. Қазақстан.- 2000.-18, 21, 25 қазан.

Өмiрбекұлы Ж. Жеттiк-ау, Тоқтар, бұл күнге: Өлең // Орт. Қазақстан.- 2000.- 1 қаңтар.

Сексенұлы С. Қазақтың тұңғыш ғарышкерi:Т.Әубәкiров туралы // Орт.Қазақстан.-2001.-4 қазан.

Сланбекұлы М. Қыранын аялаған Қарқаралы үш жүздiң басын қосты: [Т.Әубәкiров туралы]// Орт. Қазақстан.-2001.-31 қазан.

Смайылов К. Ғарыш және Қазақстан: 12 сәуiр-Дүниежүзiлiк авиация және космонавтика күнi // Егемен Қазақстан.- 2003.- 12 сәуiр.-4 б.

Сүйiнбай Т. Әлем көз тiккен ғарыш айлағы // Отан.- 2000.-N2-42, 43 б.

Сүйiнбай Т. Батырдың тұлпарының тұяғына дейiн сұлу: Тоқтар Әубәкiров туралы// Жас Алаш.- 2004.- 27 шiлде.-1,3 б.

Сүйiнбай Т. Жылдамдық пен жалғыздық: Тоқтар Әубәкiровтiң азаматтық өмiрiнен бiр үзiк сыр // Қазақ әдебиетi.- 2003.- 3 қазан.-7 б.

Сүйiнбай Т. Сынақшы мен саясат: ұшқыш-ғарышкер Тоқтар Әубәкiровтiң айтқан ақиқат астарында не жатыр?// Егемен Қазақстан.- 2004.- 27 шiлде.-3 б.

Сүйiнбай Т. Тұңғыш қазақ ғарышкерi: [Қазақстанның тұңғыш ғарышкерi Тоқтар Әубәкiров туралы]// Дала мен қала.- 2005.- 25 наурыз.-6 б.,1 сәуiр(N13).-6 б.,8сәуiр(N14).-6 б.

Сүйiнбай Т. Ұшу: 2 қазанда қазақ азаматының тұңғыш рет ғарыш сапарына аттанғанына бiр мүшел толды// Егемен Қазақстан.- 2004.- 29 қыркүйек.-8 б.

Тайтөлеуов Ж. Қазақ-қыран ғарышта қалықтаса: Т.Әубәкiровке арналған өлең // Орт.Қазақстан.- 2001.-11 сәуiр.

Тайтөлеуов Ж. Қарқаралы төрiнде халық қаһарманы: Спорт //Қарқаралы.- 2002.- 19 қазан.

Тоқтарға: 2 қазан – Тоқтар ғарышқа ұшқан күн // Қарқаралы.- 2002.- 28 қыркүйек.

Ісiмақова А. Қазақтың тұңғыш ғарышкерi Тоқтар Әубәкiров мырзаға!: Парламент депутаттарының назарына // Қазақ әдебиетi.- 2000.-9 маусым (N23).-13 б.
3 тамыз 1936 – Қарағанды облысының

құрылғанына 70 жыл

Қарағанады облысының даму тарихына үңілер болсақ, қадау -қадау іргелі істердің куәсі боласын. Аймақтың шапшаң игерілуіне бірден-бір себепкер болған оның мол табиғи байлықтары еді. Сонау жиырмасыншы-отызыншы жылдарда А.А.Гапеев, Н.Г.Кассин, Н.И.Наковник, М.П.Русаков, Қ.И.Сәтбаев тәрізді есімдері бүгінде кеңінен танымал геологтар Орталық Қазақстан аймағының кен байлықтарын зерттеді. Жиырмасыншы жылдардың басында-ақ Қоңырат, Жезқазған, Семізбұғы, Өспен және басқа жерлерде түсті металдардың мол қорының бары анықталған. Соғысқа дейінгі кезең ішінде жаңадан ашылған көмір және түсті металл кен орындарының негізінде Орталық Қазақстанда Қарсақбай, Балқаш мыс қорыту зауыттары салынды. Жезқазған, Қоңырат рудниктері, Қарағанды көмір бассейні игерілді.

Еліміздің экономикасындағы Орталық Қазақстанның алатын орны ерекше екендігі сол кезде-ақ белгілі болған. Аймақтың индустриялық даму қарқынын жеделдетуге ерекше көңіл бөле отырып, КСРО Халық шаруашылығы Жоғарғы Кеңесінің Президиумы 1929 жылғы 28 қарашада «Республиканың «Қазақ көмір құрылысы» тресіне қарасты көмір кәсіпорындарын салу ісін мемлекеттік басқару туралы» ережені бекітті. Трест басқарушысы болып еліміздің көмір өнеркәсібі саласынын ірі мамандарының бірі К.О.Горбачев тағайындалды.

1931 жылғы қәңтарда «Қарағандыкөмір» тресі құрылды. Ол осы өңірге шахта салу мен оларды пайдалану ісін жеделдете түсті.

Қарағанды көмір бассейнін ашу ісін одан әрі жандандыра түсу мақсатында Халық комиссарлары Кеңесінің жанындағы Еңбек және Қорғаныс Кеңесі 1931 жылғы 21 қаңтарда «Қарағанды тас көмір кен орнын дамыту жоспары туралы» қаулы қабылдады. Сол 1931 жылы Карағанды аумағында жаңадан 16 шахта салу көзделді.

Деректер Карағанды өңіріңің аз ғана уақыт ішінде адам нанғысыз қарқынмен дамығандығын көрсетеді. Айталық, 1931 жылды´ басында Қарағанды кенішінде 5600 жұмысшы мен қызметші болса, 1935 жылдың қаңтарында олардың саны 22 мыңнан асқан. Шамалы уақыт ішінде жұмысшы поселкесінің орнына 70 мыңға жуық адамы бар қала орнады. Атап айтқанда, 1934 жылы ақпанда кеншілердің жұмысшы поселкесі Қарағанды қала дәрежесін алды. Қазіргі Қарағандының Жаңа қала деп аталып жүрген орталығын салу сол кезде қолға алынған.

1932 жылғы 10 наурызда Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитеті Президиумының Орталық және Солтүстігіндегі бірнеше облыстың басын біріктіріп, орталығы Петропавл қаласы болып жалғыз облыс құрылған. Ол болашағы зор ірі өндіріс орнының құрметіне Қарағанды облысы деп аталған.

1936 жылғы 29 шілдедегі БОАҚ Президиумының қаулысы бойынша жалғыз облыс Карағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарына бөлінді. Қарағанды қаласы–Қарағанды облысының орталығы болды.

Өндіріс ошақтары онсыз да дамудың даңғыл жолына түссе, қала атанғанына небары екі жылдан сәл асқан Қарағандының облыс орталығы мәртебесін иеленуі халық ағарту, денсаулық сақтау салалары тәрізді, өңірдің мәдени өміріне де осылайша тың серпіліс келді. Қарағанды қаласы шын мәнісінде іргелі өнер ошағына айнала бастады. Бір кездегі шағын көлемде қалалық газетретінде жарық көрген басылымдар облыстық газеттерге айналды. Бір сөзбен айтқанда Қарағанды қаласының жаңадан құрылған Қарағанды облысының орталығы болуы оның ендігі күнде бір бағытта ғана емес, жан-жақты, түрлі салада дамып, одан ері өсіп өркендеуіне мүмкіндік берді.

Осылайша бүгінгі Қарағанды облысының тарихы әріден басталса да оның қарыштай дамып, өркендеуінің, қалыптасуының бастау көзі 1936 жылы өз алдына жеке облыс атанып, отау тігуінен кейін болды. Біздің облыс алпыс бес жыл ішінде қай жағынан болмасын қарыштай дамыған. Жаңа елді мекендер бой көтерген. Қарағандымен қанаттас Теміртау, Абай, Саран, Шахтинск қалалары бой түзеген.

Қазіргі уақытта облыс 428 мың шаршы километр жерді алып жатыр, бұл республикадағы ең үлкен аймақ. әкімшілік-аумақтық құрылым өзгертілгеннен кейін бұл аймақта 9 селолық аудан мен 11 қала, 39 жұмысшы поселкесі мен 171 селолық округі бар. Халық саны 1 миллион 700 мың адам, яғни республика халқының 10 процентін құрайды. Бұл көрсеткіш жағдайынан біздің облыс Оңтүстік Қазақстан облысынан кейін екінші орын алады.

Облыстың шаруашылық кешендерінің салалық бөлінісі мынадай: Қарағанды-Теміртау өнеркәсіпті аймағына (Абай, Саран, Шахтинск қалаларын қосқанда) көмір, қара металлургия, химия және мұнай химиясы өнеркәсібі, металл өңдеу және машина жасау, жеңіл өнеркәсіп, көлік, байланыс, тамақ және ұқсату өнеркәсіптері, электр энергиясы, ағаш өңдеу және құрылыс материалдары өнеркәсібі, қызмет көрсету саласының кәсіпорындары шоғырланған.

Жезқазған аймағында тау-кен өнеркәсібі, түсті металлургия басымдау дамыған. Мұнда темір, марганец, алтын, күміс, мырыш, басқа да сирек металдар өндіріледі.

Облыс экономикасын дамытудағы жұмысымыздың негізгі бағыттарының бірі - инвестициялық бағдарлама жасап, инвесторлар іздестіру. Бүгінде біздің аймақта 67 бірлескен және шетелдік кәсіпорындар жұмыс істейді. Облыс экономикасына «Испат-Кармет», «Қазақмыс», «Қарағанды-Пауэр», «Накоста» сияқты кәсіпорындар елеулі үлес қосты.

Облыстың негізінен индустриялды сипатына қарамастан барлық меншік түріндегі 6 мыңнан астам кәсіпорын ауыл шаруашылығы құрылымдары. Қарағанды облысы өзін-өзі ауыл шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлерімен толықтай қамтамасыз етеді.

Облыста сүт өндейтін 16, ет өндейтін 50-ге тарта кәсіпорын және 200 миницех жұмыс істейді.

Қарағандыда экономиканың нақты секторы дамып келеді. Облыстың 137 өнеркәсіп кәсіпорны «Миттал Стил Теміртау» АҚ-мен және «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-мен импортты алмастырушы өнімдерді жеткізіп берудің 17 миллиард теңгелік келісім-шарттарын жасасты.

Қарағанды облысы бүгінде жаңа астанамыздың құылысына да белсене аралысуда. Астана кәсіпорындарымен мердігерлік жұмыстар және қурылыс материалдармен қамтамасыз ету бойынша 3 миллиардтан астам теңгенің келісім-шарттары жасалған. Облыста шағын бизнес өркендеп келеді. 2005 жылында кәсіпкерлер 19 миллиард теңгенің өнімдерін өндіріп, жұмыстары мен қызметтерін атқаруда.

Қарағанды облысында құрылыстар көбейіп, жақсарып, тазарып, көріктене, жаңа заман талабына сай бола түсуде.
Әдебиеттер:
Аманбаев Қ. Арманға толы 65 асу: Қарағанды қаласына-65 жыл //Азия Транзит.- 1999.- 19-25 там.(N33).- 5 б.

Аманбаев Қ. Жаныма жақын қала бұл: Қарағандыға-65 жыл // Орт.Қазақстан.- 1999.- 28 тамыз

Әзиев Ә. Әкелер өнегесі: /Қарағанды 30-шы жылдар// Орт.Қазақстан.- 1983.- 14 мамыр

Әубәкіров Ж. Қала осылай өскен: /Қарағанды қаласының тарихынан// Орт.Қазақстан.- 1994.- 16 маусым

Байдалы С.Өлке өмiрiн - өз көзiмiзбен.-Қарағанды: Болашақ, 1998.- 192 бет.-(қазақ, орыс тiлiнде)

Балташұлы Е. Қазыналы құтты өлке: Қарағанды облысына - 70 жыл // Орт.Қазақстан.- 2002.- 9 қаңтар

Бексейiт С. Құт қонған Қарағанды: Жыр кiтабы - Қарағанды: Арко, 2003.- 228 бет.

Бөкебаев Т. Кемелденген қала: /Қарағандыға-50 жыл// Орт.Қазақстан.- 1984.- 8 ақпан

Дәрібаев Ж. Ұмытылмас бейнелер: Қарағандыға-65 жыл // Орт.Қазақстан.- 1999.- 28 тамыз

Жанғожин А. Қарағанды - облыс орталығы: Қазыналы қарашаңырақ / А.Жанғожин, Е.Лұқпан// Орт.Қазақстан.- 2003.- 27 желтоқсан.-10 б.

Жанғожин А., Лұқпан Е. ХХ ғасыр жылнамасы // Орт.Қазақстан.- 1999.- 20 қараша-25 желт.

Жанысбаев С. Шахтерлер астанасы: Қарағандыға-50 жыл // Орт.Қазақстан.- 1984.- 26 ақпан

Жасампаз жылдар жылнамасы: Қарағандыға-65 жыл // Орт.Қазақстан.- 1999.- 28 тамыз, 4 қыркүйек

Жасампаз жылдар жылнамасы /Құраст. А.Ж.Жанғожин, Е.С.ұқпанов.- Қарағанды: Болашақ-Баспа, 1999.- 96 б.

Имашев Е. Қош бол, ХХ ғасыр! // Орт.Қазақстан.- 2000.- 30 желтоқсан

Имашев М. Менің Қарағандым: Қарағанды қаласына-65 жыл // Азия Транзит.- 1999.- 25 ақпан-3 наурыз.- 5б.

Каренов Р. Заманына сай өткен өмір: Қарағанды облысына-60 жыл // Орт.Қазақстан.- 1996.- 16 шілде

Кутищева А. Алыптың бастау арнасы:/Қарағандыға-50 жыл // Орт.Қазақстан.- 1984.- 5 наурыз

Қазыналы қала шежіресі: /Қарағанды қаласына-60 жыл// Орт.Қазақстан.- 1994.- 4,7 маусым

Қазыналы құтты өлке [Мәтiн]: Қарағанды облысы /Құраст. В.Татенко; аудар. К.К.Джайтабаров.- Алматы: Өнер, 1987.- 156 б.

Қазына құшағындағы Қарағанды // Жас алаш.- 1993.- 26 қазан

Қарағанды облысы бойынша қысқаша статистикалық жылнама [Мәтiн] / Құраст. Л.В. Колесова.- Қарағанды:, 2003.- 145 б.

Қарағанды облысы бойынша қысқаша статистикалық жылнама [Мәтiн] / Құраст. Л.В. Колесова.- Қарағанды: [Облыстық статист. басқарма], 2004.- 145 б.

Қарағанды облысының әлеуметтiк-экономикалық жағдайы: Қаңтар-желтоқсан 12.- Қарағанды, 2000.- 67 бет

Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия / Бас ред.Р.Н.Нұрғалиев.- Алматы: Қаз.сов.энцикл., 1990.- 632 б.

Мағзұмов К. Кеншілердің алғашқы ұясы:Қарағандыға-50 жыл //Орт.Қазақстан.- 1984.- 14 ақпан

Мақаш Д. 2002 жыл айшықтары // Орт.Қазақстан.- 2003.- 1 қаңтар.-14 б.

Михеева Л. Өндiрiстi өлкенiң өркенi: Қарағанды облысына - 70 жыл / Л.Михеева, Е.Лұқпан// Орт.Қазақстан.- 2002.- 8 наурыз

Мұғалiмжан С. Көмiрлi кентiмiзге жетпiс жыл толды: Мерейтой / С.Мұғалiмжан, А.Бейбiтханқызы// Азия Транзит.- 2004.- N2.-3-5 б.

Мұстафин Б. Шахтерлер астанасы:/Қарағанды тарихынан // Орт.Қазақстан.- 1984.- 13,26,28 қаңтар

Назарбаев Н.Ә. «Мен мұнда асқақ сезіммен келемін» /ҚР Президентінің Қарағанды облысына жұмыс сапары кезінде «Орт.Қазақстан» және «Индустриальная Караганда» газеттеріне берген сұхбаты// Орт.Қазақстан.-2005.- 18 маусым.-1 б.

Несiпбай А. Қазынасы қанатын қатайтқан қала: Қарағандыға-70 жыл // Егемен Қазақєстан.- 2004.- 13 ақпан.-3 б.

Орталық Қазақстан: Фотоальбом.- Алматы: IMAGE SERVICE, 2001.- 192 с.

Садықова А. Гүлдей бер көмірлі өлке: /Қарағандының алпыс жылдығына // Орт.Қазақстан.- 1994.- 16 маусым

Салықов К. Барша қазақ жан жылуын арнады: Өлең. Қарағандыға-70 жыл // Егемен Қазақстан.- 2004.- 13 ақпан.-3 б.

Тағдырлас қалам - Саран [Мәтiн]: 1954-2004 / ред. Л.Н. Ким.- Қарағанды: ТаиС, 2004.- 260 б: сур., фото

Тәуелсiздiк жылнамасы (1991-2001 ж.ж.) / Құраст. .Ж.Жанғожин, Е.С.Лұқпанов, М.С.Сембаев.- Қарағанды: Арко, 2003.- 207 бет.-(Орталық Қазақстан)

Тоғжанов Е.Л. Атамекен: оқу құрал / Е.Л.Тоғжанов,Т.Т. Аршабеков.- Қарағанды: Қарағанды экономикалық ун-тi, 2002.- 324 бет.

Төрегельдин М. Мәңгiлiк мұра: Жездi тау-кен және балқыту iсi тарихы мұражайының ұйымдастырылуы жөнiнде документальды кiтап.- Қарағанды, 1998.- 192 бет.

Филатов А. Сарыарқаның сом жүрегі. Қарағанды қаласына-65 жыл // Орт.Қазақстан.- 1999.- 10 ақпан

Филатов А. Тағдырлар тоғысқан құтты мекен. Қарағандыға-65 жыл // Орт.Қазақстан.- 1999.- 28 тамыз

Шайынғазы С. Ел индустриясының бастауы мен негiзi: кеше мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс бабындағы сапармен Қарағанды облысының Жезқазған қаласына келдi// Егемен Қазақстан.- 2005.- 10 маусым.-1,3 б.


5 тамыз 1906 – Ғалым, биология ғылымының

докторы Кәрім Мыңбаевтың туғанына 100 жыл
Еліміздегі аграрлық ғылымының қазіргі деңгейін, Қазақстан ғылымының қазіргі деңгейін Қазақстан ғылымының бастауында тұрған талантты ғалымдар шоғырының ерекше дарыны және көргендігі әрі қажырлы еңбегі негіздеп бергендігі белгілі. Солардың ішінде үлкен ғалым-қайраткер Кәрім Мыңбаевтың алатын орны ерекше. Өзінің табиғи дарынының, ғаламат еңбекқорлығының, ғылымға деген ыстық махаббатының арқасында маңдайына жазылған қысқа ғұмырында ол өз халқы үшін ерен еңбек атқарып, еліміздің ауыл шаруашылығын дамытуға үлкен үлес қосып кетті.

Кәрім Мыңбаев 1906 жылы 15 тамызда Қарағанды облысының Нұра ауданында туған. Ауыл молдасынан әліп-биді үйреніп жүрген Кәрімді ағасы Тұрысбек Ақмоладағы орыс-қырғыз бастауыш мектебіне береді, онда 1927 жылға дейін оқиды. 1928 жылы Ташкенттегі Орта Азия мақта-ирригация политехникалық институтының жаңа техникалық дақылдар факультетіне түседі. Жастайынан жаңалыққа құштар болып өскен К.Мыңбаев бұл факультетті таңдауы, әрине кездейсоқ емес. Ол Қазақстан үшін жер суландыруды дамыту арқылы жаңа дақылдарды кеңінен өсірудің маңызын ерте түсінген.

Институтты тәмамдаған соң К.Мыңбаев ғылыми-педагогтік қызметпен айналысады. Кавказ тәжірибе стансасының (Грузия) және Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері, Қазақ ауыл шаруашылық институтының доценті қызметтерін атқарды.

Отызыншы жылдары табиғатта жабайы түрде ғана кездесет¿н көк сағызды мәдени дақылға айналдырып, өндіріске каучукті мол беретін жаңа сорттан шығару, оны өсірудің тиімді технологиясын жасау–К.Мыңбаевтың ғылыми жұмысының негізін қалайды. Аз уақыт ішінде Қазақ ауыл шаруашылығы доценті 27 жасар жас ғалым каучукті өсімдіктердің білгір маманына айналады. 1934-1935 жылдары ол бір мезгілде Одақтағы ең үлкен каучук өсіретін оқу-өндірістік шаруашылықтардың біріне техникалық директор болып сайланады. 1936 жылы Бүкілодақтық өсімдіктану институтының (ВИР) аспирантурасына түседі. Аспирантураны табысты тәмамдаған соң сол институттың каучукті өсімдіктер бөлімінің меңгерушісі болып қалдырылады. 1940 жылы «Көк сағыздың табиғатын жақсартудың негізгі жолдары» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғайды.

Алайда соғыс оның ғылыми жұмыстарын уақытша тоқтатады. К.Мыңбаев 1941 жылы 6 шілде күні алғашқылардың бірі болып Отан қорғауға аттанады. Ол Ленинград жау қоршауында қалғанда, бүкіл ленинградтық қатарында қолына қару алып қаланы қорғауға шығады. Сол б¿р-екі жылда К.Мыңбаев капитан дәрежесіне дейін көтеріліп, Қызыл Ту орденімен марапатталды.

1942 жылы К.Мыңбаев Алматыға шақырылып Қазақ ССР Жоспарлау комитеті төрағасының орынбасарлығы қызметі жүктеледі. Сол кезде ол ВАСХНИЛ-дің Қазақ бөлімшесінің докторантурасында оқиды.

1944-1948 жылдары К.Мыңбаев ВАСХНИЛ-дің Қазақ бөлімшесі президиумының алғашқы төрағасы болды. Сонымен бірге ауыл шаруашылығы институтының селекция және генетика кафедрасын, ҚазМУ-дің дарвинизм кафедрасын қатар басқарып жүрді. К.Мыңбаевтың бастамасымен ауыл шаруашылы¦ын механикаландыру және электрлендіру институты, республикалық Бетпақдала комплексті тәжірибе станциясы, ауыл шаруашылығы экономикасы институты ашылды.

К.Мыңбаевтың есімі Бетпақдаланы шаруашылық мұқтажы үшін игерудегі сан қырлы жұмыстармен қатар аталады. 1947жылы тамыз-қыркүйек айларында К.Мыңбаев бастаған бір топ ғалымдар республиканың осы бір кен алқабына экспедицияға шығады.

1948 жылы күзінде Москваға ұшқан ұшақ Балқаш көлінің үстінде апатқа ұшырап, 18 адам түгел қаза табады. Оның ішінде Кәрім бастаған ғалымдар: Қылыш Бабаев, Ф.С.Солодовников, Х.Баурызбаев, С.Нұғыманов т.б. болған еді.

Белгілі ғалым, қазақ халқының ұлдарының бірі болған К.Мыңбаев осылай қаза тапты.

К.Мыңбаев 35 ғылыми еңбектің оның ішінде екі монографияның авторы. Негізгі ғылыми еңбектері өсімдіктер селекциясына арналған. Мыңбаев көк сағыздың биологиялық ерекшеліктерін зерттеп, оны сұрыптау әдістерін тапқан, дәнді дақылдар өнімділігін арттыру жолдарын анықтаған. 1948 жылы оның «Бетпақдала шөлі», «Ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығын арттыру жолдары» деп аталатын еңбектері басылып шықты. Одақтық дәрежеде жоғары бағаға ие болған көк сағыз мәселесі жайлы жазылған «Көк сағыз», оны дамытудың биологиялық ерекшіліктері және селекция жаңа тәсілдері» деп аталатын еңбегі 1946 жылы Алматыда басылып шықты.

Кәрім Мыңбаевтың есімі 1977 жылы Қарағанды облысының бір аулына берілген. Ауыл кеңесінің алдында мүсінші А.Билык жасаған бюсті орнатылған. Нұра ауданында Киевка поселкесінде К.Мыңбаевтың құрметіне көше аталады.


Әдебиеттер:
Ағалы-інілі Мыңбаевтар: Арқа ардақтылары // Орт.Қазақстан.- 1991.- 11, 14, 15, 17 мамыр

Әкімбеков Д. Ғалым: /Биолог-ғалым К.Мыңбаевқа арналған Өлең// Тарту: Өлеңдер жинағы.-Қарағанды, 1958.- 28-30 б.

Білгішбайқызы Ш. Дәстүрге айналған мерейлі той: /К.Мыңбаетың, С.Талжановтың, А.Асылбековтың мерейтойлары тур // Орт.Қазақстан.- 1996.- 24 тамыз

Кәренов Р. Ғылымға даңғыл жол салған: К.Мыңбаевтың туғанына-90 жыл // Орт.Қазақстан.- 1996.- 13 шілде

Қуанышбекқызы Ж. Аққу ғұмыр: Академик К.Мыңбаевтың 90 жылдығына // Нұра.- 1996.- 1 маусым

Мұқанов С. «Шөлді бағындырған батыр»: Академик К.Мыңбаевтың туғанына-90 жыл // Орт.Қазақстан.- 1996.- 3 тамыз

Мұртаза Ш. Жерұйықты аңсаған Кәрім Мыңбаев // Егемен Қазақстан.- 1996.- 31 шілде

Мыңбаев Кәрім // Қарағанды.Қарағанды облысы. Энциклопедия.- Алматы, 1990.- 427 б.

Мыңбаев Кәрім // Қазақ ССР. 4 томдық қысқаша энциклопедия. 3 том- Алматы, 1988.-388 б.

Мыңбаев Н. Атасын мақтан тұтатын: К.Мыңбаевтың туғанына-90 жыл // Орт.Қазақстан.- 1996.- 6 тамыз

Мыңбаева Г. «Ағам еске түссе кеудені өксік қысады»: Академик К.Мыңбаевтың туғанына-90 жыл // Орт.Қазақстан.- 1996.- 8 тамыз

Мыңбаева –Старчикова М. «Бұл адам мені ерекше таңдандыратын: Академик К.Мыңбаевтың туғанына 90 жыл // Орт.Қазақстан.- 1996.- 10 тамыз

Оразов Н. Табиғат арашасы: /Кәрім Мыңбаев туралы// Сарыарқа.- 1997.- №2.- 6-7 б.

Сүлейменов И., Мәсенов Т. Дарынды ғалым, дарқан талант иесі: К.Мыңбаев-90 жыл // Егемен Қазақстан.- 1996.- 27 желтоқсан

Ысқақов Ә. Аграрлық ғылымының көшбасшысы: Академик К.Мыңбаевтың туғанына-90 жыл // Егемен Қазақстан.- 1996.- 7 тамыз

Ысқақов Ә. Әттең, маңдайға сыймай кетті-ау..:К.Мыңбаевтың туғанына-90 жыл // Орт.Қазақстан.- 1996.- 22 маусым

Ысқақов Ә. Қазақтың тұңғыш биолог-докторы: Академик К.Мыңбаевтың 90 ж-на орай // Орт.Қазақстан.- 1996.- 20 шілде

Тамыз 1886 – Тұңғыш дәрігер, хирург Герман



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет