Ақтау қалалық мәслихатының бесінші шақырылымы шешімі 25 желтоқсан 2012 жыл №8/89



Дата26.02.2016
өлшемі40.04 Kb.
#26974

Ақтау қалалық мәслихатының бесінші шақырылымы




ШЕШІМІ




25 желтоқсан 2012 жыл №8/89




2013-2015 жылдарға арналған

қалалық бюджет туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-IV Бюджет кодексінің 9 және 75 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағының 1) тармақшасына және «2013-2015 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық мәслихаттың 2012 жылғы 7 желтоқсандағы №7/77 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2012 жылғы 25 желтоқсандағы №2184 болып тіркелген) сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

  1. 2013-2015 жылдарға арналған қалалық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2013 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

  1. кірістер – 15 015 323 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер бойынша – 8 842 221 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша – 473 704 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 526 444 мың теңге;

трансферттер түсімі бойынша – 5 172 954 теңге;



  1. шығындар – 15 015 323 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 2 610 000 мың теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 2 610 000 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 мың теңге;

4) қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, соның ішінде:

қаржы активтерiн сатып алу – 0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 2 610 000 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 2 610 000 мың теңге, соның ішінде:

қарыздар түсімі – 2 610 000 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 0 теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 теңге.


  1. Салықтық түсімдер бойынша қалалық бюджетке кірістерді бөлу нормативтері төмендегідей мөлшерде белгіленгені ескерілсін:

төлем көзінен ұсталатын кірістен алынатын жеке табыс салығы – 13,8 пайыз;

әлеуметтік салық – 14,6 пайыз.

3. Ауылдық елді мекендерде жұмыс жасайтын білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мемлекеттік ұйымдарының мамандарына осы қызмет түрлерімен қалалық жағдайларда айналысатын мамандармен салыстырғанда, 25 пайызға көтеріңкі жалақы және тарифтік мөлшерлемелер белгіленсін.

4. 2013 жылға арналған қалалық бюджетте республикалық бюджеттен нысаналы ағымдағы трансферттер келесі мөлшерде қарастырылғаны ескерілсін:

606 472 мың теңге – мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырыстарын іске асыруға;

32 776 мың теңге – бастапқы негізгі орта және жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелердегі физика, химия және биология кабинеттерін жарықтандыруға;

149 878 мың теңге – мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері мен мектеп мұғалімдеріне біліктілік санаты үшін қосымша ақының мөлшерін ұлғайтуға;

71 546 мың теңге – үш деңгейлік жүйе бойынша біліктіліктен өткен мұғалімдердің еңбекақысын көтеруге;

1 044 мың теңге – үйде оқитын мүгедек-балаларды бағдарламалық қамсыздандырумен, құрал-жабдықпен қамтамасыз ету үшін;

53 902 мың теңге – жетім баланы (жетім балаларды) және ата-аналарының қамқорынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-ұстаға асыраушыларына ай сайынғы ақшалай қаражат төлеуге;

11 607 мың теңге – Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберінде еңбекақыны ішінара субсидиялауға;

14 830 мың теңге - Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберінде жұмыспен қамту орталығының қызметін қамтамасыз етуге;

5 359 мың теңге – Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы аясындағы Жастар тәжірибесіне;

5 670 мың теңге – Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы аясында кадрлардың біліктілігін арттыру мен қайта даярлауға;

829 мың теңге - эпизоотикаға қарсы шараларды өткізуге;

122 мың теңге – ауылдық елді мекендердің әлеуметтік саласының мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін».

5. 2013 жылға арналған қалалық бюджетте республикалық бюджеттен дамытуға арналған, жалпы сомасы – 4 218 919 мың теңге жергілікті инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға нысаналы трансферттер қарастырылғаны ескерілсін.

6. 2013 жылға арналған қалалық бюджетте республикалық бюджеттен тұрғын үй құрылысына 2 610 000 сомасында бюджеттік несиелер қарастырылғандығы ескерілсін.

7. Қала әкімдігінің резерві 8 000 мың теңге сомасында бекітілсін.

8. 4 қосымшаға сәйкес бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) іске асыруға бағытталған 2013 жылға арналған қалалық бюджеттің бюджеттік даму бағдарламаларының тізбесі бекітілсін.

9. 5 қосымшаға сәйкес 2013 жылы қалалық бюджеттің орындалу барысында секвесторға жатпайтын бюджеттік бағдарламалардың тізбесі бекітілсін.

10. 6 қосымшаға сәйкес Өмірзақ селосы бойынша 2013 жылға арналған бюджеттік бағдарламалар тізбесі бекітілсін.

12. Осы шешім оның бірінші ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап пайда болған қатынастарға таралады.

Сессия төрағасы Қалалық мәслихаттың

хатшысы

Қ. Озғамбаев М. Молдағұлов

«КЕЛІСІЛДІ»

«Ақтау қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы

______________А. Ким



25 желтоқсан 2012 жыл



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет