Ақтау қаласы әкімдігінің 2012 жылғы



Дата08.07.2016
өлшемі22.1 Kb.
#185725


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ

АҚТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ


ҚАУЛЫ

№ ________ «__» ______ 2012 ж.




Ақтау қаласы әкімдігінің 2012 жылғы

11 мамырдағы № 263 «Ақтау қаласының

аумағында арнайы бөлінген орындарда

жеміс-көкөніс және бақша өнімдерін

сататын уақытша сауда алаңдарын

белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер

енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 88 «Тамақ өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» Санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қаулысына сәйкес, Ақтау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:



  1. Ақтау қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 11 мамырдағы № 263 «Ақтау қаласының аумағында арнайы бөлінген орындарда жеміс-көкөніс және бақша өнімдерін сататын уақытша сауда алаңдарын белгілеу туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11-1-180 болып тіркелген, 2012 жылғы 12 маусымдағы № 103 «Маңғыстау» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

2 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«Ақтау қалалық кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (А.Ш. Ержанов):



  1. кәсіпкерлердің арасында жеміс-көкөніс және бақша өнімдерін жергілікті базарларға жеткізуді ұлғайтуға және қол жетімділікті кеңейтуге ықпал ететін қажетті түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырсын;

  2. «Ақтау қаласы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (С.Қ. Утеева) бірге, Ақтау қаласының аумағында арнайы бөлінген орындарда жеміс-көкөніс және бақша өнімдерін сататын уақытша сауда алаңдарын Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 88 «Тамақ өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» Санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қаулысына (одан әрі – Санитариялық қағидалар) сәйкестендіруді қамтамасыз етсін;

  3. «Ақтау қалалық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (А.К. Жүзбаева) бірге, Ақтау қаласының аумағында арнайы бөлінген орындарда жеміс-көкөніс және бақша өнімдерін сататын уақытша сауда алаңдарының көлемі және шекарасы Санитариялық қағидалар талаптарына сәйкес белгіленсін;

  4. «Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (Б.Г. Қасымов) бірге, Ақтау қаласының аумағында арнайы бөлінген орындарда жеміс-көкөніс және бақша өнімдерін сататын уақытша сауда алаңдарында және оған жалғанған аумақтарда тазалықты қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау өзіме жүктелсін.

  2. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Қала әкімінің

міндетін атқарушы Б. Ұлықбанов



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет