«Ақтау ХТСП» ҰК» АҚ теңіз кемелері экипаждарын ұжымдық тамақтандыру бойынша қызметтерді ашық тендер тәсілімен сатып алу туралы үлгі шарт
Ақтау қаласы
|
№___________
|
«___»__________ 201_жыл
|
Бұдан әрі «Тапсырыс беруші» деп аталатын «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы («Ақтау ХТСП» ҰК» АҚ) атынан ______ негізінде әрекет етуші тұлға ____, бір тараптан, және бұдан әрі «Орындаушы» деп аталатын ______ атынан ______ негізінде әрекет етуші тұлға ____, келесі тараптан, әрі қарай біріге «Тараптар», ал жекелей – жоғарыда көрсетілгендей немесе «Тарап» деп аталатындар, Директорлар кеңесінің 2012 жылғы 26 мамырдағы №80 шешімімен бекітілген «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ мен акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында «Самұрық-Қазына» АҚ-на тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдардың тауарлар, жұмыстар және қызметтерді сатып алу қағидасына (бұдан әрі мәтін бойынша – «Қағида») сәйкес, ашық тендер тәсілімен электрондық сатып алудың 2014 жылғы «__»_________№________ қорытындылары негізінде, сатып алу туралы шарт (бұдан әрі - Шарт) жасасты және төмендегідей мәмілеге келді:
1. ТҮСІНДІРУ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1. Берілген Шартта келтірілген ұғымдар мына мағыналарды білдіреді:
1.1.1. «Шарт» - Тапсырыс беруші мен Орындаушы арасында Қағидаға және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жасақталған, жазбаша түрде бекітілген, барлық қосымшалары мен толықтыруларын, сондай-ақ шартта сілтеме жасалған барлық құжаттаманы қоса тараптардың қолдары қойылған азаматтық-құқықтық шарт;
1.1.2. «Шарт бағасы» –Тапсырыс берушімен өз шарттық міндеттемелерін толықтай орындағаны үшін Орындаушыға шарт шеңберінде төленуге тиісті жалпы бағаны білдіреді;
1.1.3. «Қызметтер» - берілген шарт шеңберінде Орындаушының Шарт жағдайлары мен Техникалық ерекшелікке (Шарттың №1 қосымшасы) сәйкес Тапсырыс берушіге көрсетуі тиіс теңіз кемелері экипаждарын ұжымдық тамақтандыру қызметтерін білдіреді.
1.1.4. «Ақау» - қызметтердің Шарт жағдайлары бұзыла орындалған бөлігі.
1.2. Тараптардың Шарт бойынша хат алмасуы,берілген сатып алудың материалдары және төменде келтірілген құжаттар мен оларда келісілген жағдайлар, берілген шартты құрайды және оның ажыратылмас бөлігі болып табылады, атап айтқанда:
1) осы Шарт;
2) техникалық ерекшелік (№1 қосымша);
3) жергілікті қамту үлесі туралы есептіліктің үлгісі (№2 қосымша);
4) Шарт Бағасының есебі.
2. ШАРТТЫҢ МӘНІ
2.1. Орындаушы берілген шарт жағдайларына сәйкес өзіне Қызмет көрсету міндеттемесін қабылдайды, ал Тапсырыс беруші орындалған Қызметті қабылдауға және ақысын осы шарт жағдайларына сәйкес төлеуге міндеттенеді.
1.2. Орындаушы көрсеткен Қызметтердің көлемі Тараптар өкілдерінің қолдары қойылған көрсетілген қызметтерді қабылдау-тапсыру актімен расталады. Актіге қол қоюға Тапсырыс беруші қабылдаған Тапсырыс беруші кемелері капитандарының қолдары мен Ақтау порты капитанының міндетін атқарушының қолы қойылған Қызметтердің көрсетілуі бойынша күнтізбелік ведомос негіз болып табылады.
1.3. Қызметтер Орындаушының қарауымен: Орындаушы материалының, күшінің және қаражатының көмегімен көрсетіледі.
1.4. Орындаушы Қызметтің берілген түрінің көрсетілуіне қажетті арнайы машықтарға және құқықтық қабілетке ие екендігіне кепілдік береді.
3. ШАРТ БАҒАСЫ ЖӘНЕ ТӨЛЕМ ТӘРТІБІ
3.1. Шарт Бағасы ҚҚС есебімен _____ (_____) теңгені құрайды, және өзіне Орындаушының толық көлемде Қызмет көрсетуіне байланысты барлық шығындарын, оның ішінде: салықтарды, жұмыскерлер жалақысын, іссапар ақысын (жол жүру, тұру, тамақтану), толымдаушылар мен тұтыну материалдарын және басқа да күтілмеген шығындарды кірістіреді.
3.2. Шарт бойынша төлем ай сайын, қызметтердің көрсетілу нақтылығына қарай, көрсетілген қызметтер актіне қол қойылған және Орындаушы шот-фактура ұсынған күннен бастап банктік 30 (отыз) жұмыс күн ішінде жүргізіледі. Бұл ретте, Тапсырыс беруші төлемді Орындаушы Шарттың 11.1. тармағын орындағанға дейін тоқтата тұра алады.
3.3. Бір адамның тәулігіне тамақтану құны төмендегідей есеппен _____ (____) теңгені құрайды:
3.3.1. Таңғы ас – ___ (____) теңге;
3.3.2. Түскі ас – ____ (____) теңге;
3.3.3. Кешкі ас – ____ (____) теңге.
3.4. Шарт бағасы Шарттың 9 тарауымен қарастырылған негізде, қолданыстағы Қағидаға сәйкес өзгертіле алады.
4. ШАРТТЫҢ ОРЫНДАЛЫСЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
4.1. Орындаушы Шарт жасақталған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде Шарттың орындалысын қамтамасыз ету сомасын салуға міндетті. Орындаушы Шарттың орындалысын қамтамасыз етудің келесі түрлерінің бірін таңдауға құқылы:
1) Тапсырыс берушінің банктік шотына салынатын кепілді ақша жарнасын;
2) тендерлік құжаттаманың ___ қосымшасына сәйкес банктік кепілдікті.
4.2. Шарттың орындалысын қамтамасыз ету Орындаушының өз Шарттық міндеттемелерін уақтылы, толықтай және тиісінше орындайтындығының кепілі ретінде салынады.
4.3. Шарттың орындалысын қамтамасыз ету мөлшері Шарт бағасының ____ (____) теңге мөлшеріндегі сомаға тең 5% (бес пайызын) құрайды және Шарт Бағасына кірмейді.
4.4. Шарттың орындалысын қамтамасыз ету Орындаушыға ол өзінің Шарт бойынша міндеттемелерін толықтай және тиісінше орындағаннан кейінгі банктік 10 (он) жұмыс күн ішінде қайтарып беріледі.
4.5. Егер осы Шарт Орындаушының шарттық міндеттемелерін орындамауына байланысты бұзылған болса, Тапсырыс беруші Шарттың орындалысын қамтамасыз етуді қайтармайды, яғни Тапсырыс беруші Шарттың орындалысын қамтамасыз етуді шегеріп қалады.
4.6. Егер шарттың орындалуын қамтамасыз ету Орындаушымен Шарттың 4.1.тармағында көрсетілген мерзімдерде ұсынылмаған жағдайда, Орындаушымен енгізілген тендерге қатысуға өтінімнің қамтамасыз етуін ұстап қала отырып, Тапсырыс беруші біржақты тәртіпте шартты бұзады. Ерекшелікті Орындаушының өзінің Шарт бойынша міндеттемелерін шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізудің түпкілікті мерзімі өткенге дейін толықтай және тиісінше орындау жағдайлары құрайды.
5. ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ МЕРЗІМДЕРІ
5.1. Шарт бойынша Қызметтер Шартқа Тараптардың қолдары қойылған сәттен бастап 2014 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде көрсетіледі.
6. ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
6.1. Орындаушы:
6.1.1. Қызметтерді берілген Шарттың, Қазақстан Республикасы заңнамасы мен тұлғалардың берілген қызмет саласындағы істерін реттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес тиісінше көрсетуге;
6.1.2. қызметтерді сапалы және уақтылы көрсетуге;
6.1.3. Қызметтер көрсету үшін тек сапалы азық-түлікті пайдалануға;
6.1.4. Тапсырыс берушімен Қызмет көрсетудің күнтізбелік ведомосы үлгісін келісуге;
6.1.5. дайын тағамды (таңғы ас, түскі ас, кешкі ас), температуралық балансты сақтай отырып, Тапсырыс берушінің орналасқан жеріне (Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, Өмірзақ ауылы, «Ақтау ХТСП» ҰК» АҚ ауданы, айлақ/кеме) жеткізуге және кемелер экипаждарының Техникалық ерекшелікпен (Шартқа №1 қосымша) қарастырылған мүшелеріне күнтізбелік ведомос бойынша беруге;
6.1.6. Қызметтердің көрсетілуі үшін білікті құрам ұсынуға;
6.1.7. Тапсырыс берушінің Шарт бойынша қызметтердің орындалуына байланысты барлық нұсқаулары мен сұранымдарын орындауға;
6.1.8. Тапсырыс беруші Қызметтердің көрсетілу барысына тексеру жүргізген кезде, Тапсырыс беруші тарапынан қандайда-бір қосымша шығын шығармастан, сызбаларға және өндірістік ақпаратқа бақылау және мониторинг мақсатында қол жеткізуді қоса, қаржылық, бухгалтерлік, құқықтық және басқа да құжаттама ұсынуда жәрдем көрсетуге;
6.1.9. Қызмет көрсету рұқсатына ие тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;
6.1.10. Тапсырыс берушінің алдын-ала жазбаша келісімінсіз, Шарттың мазмұнын немесе оның қандайда бір ережелерін Шарттың орындалысына Орындаушының өзі араластырған қызметкерден басқа ешкімге ашпауға. Аталмыш ақпарат ол маманға құпия түрде және Шарттық міндеттемелерді орындауға қажетті мөлшерде ғана ұсынылуы тиіс;
6.1.11. Тапсырыс берушінің алдын-ала жазбаша келісімінсіз, Шартта айқындалған құжаттар мен ақпаратты Шартты орындаудан өзге мақсаттарда пайдаланбауға;
6.1.12. есептілік кезеңінен кейінгі 2 жұмыс күнінен кеш емес мерзімде, көрсетілген Қызметті Тапсырыс берушіге Қызметтер көрсетудің күнтізбелік ведомосын қоса бере отырып, қабылдау-тапсыру акті бойынша тапсыруға;
6.1.13. Тапсырыс берушінің талабы бойынша, анықталған барлық Ақаулар мен/немесе кемшіліктерді, Тапсырыс беруші тарапынан қандайда-бір қосымша шығын шығармастан, тегін түзетуге;
6.1.14. Тапсырыс берушінің алдын-ала жазбаша келісімінсіз, кімге-болмасын өзінің Шарт бойынша міндеттемелерін толықтай да, ішінара да тапсыруға тиіс емес;
6.1.15. Қызмет көрсету барысында туындауы мүмкін барлық қауіптер мен шығындарды көтеруге міндетті.
6.2. Жоғарыда баяндалғандардың бірде-бір тармағы Орындаушыны Шарт бойынша басқа да міндеттемелерден босатпайды.
6.3. Орындаушы:
6.3.1. Тапсырыс берушіден осы Шарт бойынша міндеттемелердің орындалуы үшін қажетті ақпараттың ұсынылуын талап етуге;
6.3.2. Тапсырыс берушіден толық көлемде және тиісінше сапамен орындалған және Тапсырыс берушімен акт бойынша қабылданып алынған Қызмет үшін ақы талап етуге құқылы.
6.4. Тапсырыс беруші:
6.4.1. Орындаушының сұранымы бойынша оның осы Шарт бойынша міндеттемелерін орындауына қажетті ақпаратты ұсынуға;
6.4.2. Орындаушыны осы шарт бойынша қызмет көрсетілуіне ықпалын тигізуі мүмкін барлық өзгерістер жайында кешікпестен хабардар етуге;
6.4.3. Шарт бойынша төлемді осы Шарт тәртібі мен жағдайларына қарай төлеуге міндетті.
6.5. Тапсырыс беруші:
6.5.1. Орындаушы ісіне араласпастан, ол көрсетіп жатырған қызметтердің жүрісі мен сапасын әркез тексеруге;
6.5.2. Актіге қол қойылғанға дейін, Орындаушыға Тапсырыс берушінің шарттың орындалуынан бас тартуы жөніндегі ескертуін алмай тұрып орындалған Қызметтер бөлігіне шамалас белгіленген баға бөлігін төлей отырып, Шарттың орындалуынан кез-келген уақытта бас тартуға құқылы.
7. ФОРС-МАЖОР
7.1. Осы шарт мақсаттары үшін «форс-мажор» Орындаушы тарапынан бақылауға бағынбайтын, орындаушының қателігіне немесе ыждаһатсыздығына байланыссыз және күтпеген сипаттағы оқиғаларды білдіреді. Мұндай жағдайларға бұлармен ғана шектелмей, әскери әрекеттер, табиғи және апатты жағдайлар, індет, мемлекеттік органдардың Орындаушының Шарт бойынша міндеттемелерін орындау мүмкіндігін шектеуші акті жатады.
7.2. Форс-мажорлық жағдайлар қалыптасқанда, Орындаушы Тапсырыс берушіге мұндай жағдайлар мен олардың себептері жөнінде кешіктірместен жазбаша ескерту жіберуі тиіс. Егер Тапсырыс берушіден өзге жазбаша нұсқаулар түспесе, Орындаушы, орындылығына қарай, өзінің шарт бойынша міндеттемелерін орындауды жалғастырады, және шартты орындаудың форс-мажорлық жағдайларға байланыссыз балама тәсілдерін іздестіреді.
8. ТАРАПТАР ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
8.1. Тараптар өздерінің осы Шарт бойынша міндеттемелерінің орындалмауы немесе тиісінше емес орындалуы үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы қолданыстағы заңына және басқа да заңнамалық актілеріне сәйкес жауапты болады.
8.2. Шарттың жекелеген тармақтарының барлық бұзушылықтары, мәселелерді жүйелі шешуге қол жеткізу мақсатында, Тараптармен біріге отырып қаралады.
8.3. Орындаушы Тапсырыс беруші алдында өз жұмыскерлерінің, біріге орындаушыларының, біріге орындаушылардың жұмыскерлері мен сенімді тұлғаларының, сондай-ақ Орындаушымен жасақталған Шарт негізінде жұмыс бөлігін орындаушы басқа да тұлғалардың әрекеттері мен қателіктері үшін жауапты болады.
8.4. Орындаушы қызметтердің тиісінше көрсетілмеуі салдарынан Тапсырыс беруші қызметкерлерінің денсаулығына залал келтірілуіне байланысты барлық тәуекел үшін толық жауапты болады.
8.5. Орындаушы көрсетілетін Қызметтердің қауіпсіздік техникасы үшін толық жауапты болады.
8.6. Форс-мажорлық жағдайларды қоспағанда, егер Орындаушы Қызметтерді Шартпен қарастырылған мерзімдерде ұсына алмаса, Тапсырыс беруші өзінің Шарт шеңберіндегі басқа да құқықтарына залал келтірместен, Шарт бағасынан әрбір кешіккен күн үшін Шарт бағасының 0,1% сомасы түрінде айыппұл ұстап қалады.
8.7. Тапсырыс беруші кінәсінен туындайтын және Орындаушының осы шартпен қарастырылған міндеттемелерін осы шартпен қарастырылған мерзімдерде орындау мүмкіндіктерін шектейтін кідіріс, Орындаушыдан өсім алуға негіз болмайды. Бұл ретте Тараптар Орындаушының өз міндеттемелерін орындау мерзімдерін кідіріс уақытына шамалап қайта қарайды.
8.8. Форс-мажорлық жағдайларды қоспағанда, Тапсырыс беруші:
8.8.1. Орындаушының Шарт бойынша төлем алдындағы жағдайлардың барлығын орындауы шартымен, Шарт бойынша төлемді кешіктіргенде, Тапсырыс беруші әрбір кешіккен күн үшін төленуге тиіс соманың 0,1% мөлшеріндегі, бірақ төленуге тиіс соманың 10% аспайтын соманы айыппұл түрінде төлейді;
8.8.2. Орындаушының Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді қайтарудың алдындағы жағдайлардың барлығын орындауы шартымен, Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді қайтаруды кешіктіргенде, Тапсырыс беруші Орындаушыға әрбір кешіккен күн үшін Шарттың орындалуын қамтамасыз ету көлемінің 0,1% мөлшеріндегі, бірақ Шарттың орындалуын қамтамасыз ету көлемінің 10% аспайтын соманы айыппұл түрінде төлейді.
8.9. Тиісінше емес Қызметтер көрсету салдарын жоюға басқа ұйым тартылған жағдайда, Тапсырыс беруші Орындаушыдан өз шығындарының өтелуін талап етуге құқылы болады.
8.10. Тараптар Шартта көрсетілмеген ауытқулар үшін Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі мен Заңнамасына сәйкес жауапты болады.
9. ШАРТҚА ӨЗГЕРТУЛЕР ЕНГІЗУ ЖАҒДАЙЛАРЫ
9.1 Шартқа өзгертулер енгізуге Тараптардың өзара келісімі бойынша төмендегідей жағдайларда рұқсат етіледі:
1) егер сатып алу туралы шартты орындау кезінде сатып алынатын алынатын осыған ұқсас қызметтердің бағасы кему жағына өзгерген болса, қызметтер бағасының және сәйкесінше сатып алу туралы шарт сомасының кему бөлігінде;
2) сатып алу туралы Шарттың сатып алынатын Қызметтер мөлшеріндегі қажеттілігінің кемуіне болмаса негізді түрде өсуіне байланысты сомасының сатып алу жоспарында бастапқы жоспарланған сома мен мөлшерге кему немесе өсу бөлігінде, сондай-ақ жасалған Шартта көрсетілген Қызмет бірлігі бағасының өзгермеуі шартымен, шарттың орындалу мерзімдерінің сәйкесінше өзгертілуі бөлігінде. Шарттың бұлай өзгертілуіне сатып алуды жүзеге асыру үшін белгіленген жылға арналған сатып алу жоспарында берілген Қызметтерді сатып алу үшін көзделген сомалар мен көлемдер шегінде рұқсат етіледі.
3) Шартты орындау барысында Орындаушы қызметтер сатып алу туралы онымен жасалған шарттың мәні болып табылатын қызметтерді көрсетудің бірлік бағасының өзгермеуі шартымен неғұрлым жақсы сапалық және (немесе) техникалық сипаттамалар болмаса мерзімдер және (немесе) жағдайлар ұсынған жағдайда;
4) Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген бағалар, тарифтер, жарналар мен төлемдердің өзгеруіне байланысты сатып алу туралы шарт сомасының кему немесе өсу бөлігінде. Тауарлар, жұмыстар, қызметтер сатып алу туралы жасалған шарттың бұлай өзгертілуіне сатып алу жоспарында аталмыш тауарлар, жұмыстар, қызметтерді сатып алу үшін көзделген сомалар шегінде рұқсат етіледі.
9.2. Шартқа енгізілетін өзгертулер мен толықтырулар Шарттың ажыратылмас бөлігі болып табылатын шартқа қосымша жазбаша келісім түрінде ресімделеді.
9.3. Шартқа өткізілген сатып алу жағдайларының және өнім берушіні (Мердігерді) таңдауға негіз болып табылған ұсынымның мазмұнын өзгертуі мүмкін Шарттың 9.1. тармағымен қарастырылмаған басқа да негіздемелер бойынша өзгертулер енгізуге рұқсат етілмейді.
10. ШАРТТЫҢ БҰЗЫЛУЫ
10.1. Егер Орындаушы банкротқа ұшыраса немесе ақша төлеуге қабілетсіз болып қалса, Тапсырыс беруші Орындаушыға жазбаша ескерту жібере отырып, Шартты кез-келген уақытта бұза алады. Мұндай жағдайда бұзу тез арада жүзеге асырылады және егер Шарттың бұзылуы Тапсырыс берушіге қолданылатын жазалау шараларын қолдану құқына залал келтірмесе, Тапсырыс беруші Орындаушы алдында ешқандай қаржылық міндетшілікте болмайды.
10.2. Тапсырыс беруші Шарттың одан әрі орындалу лайықсыздығына қарай, Орындаушыға жазбаша хабарлау жібере отырып, Шартты кез-келген уақытта бұза алады. Хабарламада Шарттың бұзылу себебі көрсетілуі, жойылатын шарттық міндеттемелердің мөлшері, сондай-ақ Шарттың бұзылуының күшіне ену күні келісілуі тиіс.
10.3. Шарт жағдайларының бұзылуы үшін қолданылатын қандайда-бір басқа жазалау шараларына залал келтірместен және Орындаушыға міндеттемелердің орындалмауы жөнінде жазбаша ескерту жолдай отырып, Тапсырыс беруші төмендегідей жағдайларда Шарттың орындалысынан біржақты тәртіпте толықтай немесе ішінара бас тарта алады:
а) егер Орындаушы Қызметтерді Шартпен қарастырылған мерзімде немесе Шарттың Тапсырыс берушімен ұзартылған кезеңі ішінде көрсете алмаса;
б) егер Орындаушы өзінің Шарт бойынша басқа да міндеттемелерін орындай алмаса.
11. ЖЕРГІЛІКТІ ҚАМТУ
11.1. Орындаушы орындалған жұмыстарды қабылдау-тапсыру актіне қолдарын қойғаннан күннен бастап 5(бес) күн ішінде, Тапсырыс берушіге орындалған жұмыстар көлеміндегі жергілікті қамтудың үлесі бойынша есептілікті Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 қыркүйектегі №964 қаулысымен бекітілген тауарлар, жұмыстар және қызметтер сатып алу кезінде мекемелердің жергілікті қамтуды есептеу жөніндегі бірыңғай әдістемесіне сәйкес, Шарттың №2 қосымшасындағы үлгі бойынша тапсыруға тиіс.
11.2. Орындаушымен Шартқа сәйкес орындалған жұмыстар көлемі бойынша жергілікті көлемнің үлесі жөнінде тапсырылған есептің құрамында Орындаушының тендерге қатысуға берілген өтінімінде көрсетілгендей жергілікті қамтудың үлесі болуға тиіс.
11.3. Тендерге қатысуға берілген өтініммен көзделген жергілікті құрамның үлесі бойынша міндеттемелер орындалмаған жағдайда, Орындаушы Тапсырыс берушіге Шарт Бағасының 5% мөлшерінде, сондай-ақ орындалмаған жергілікті қамтудың әрбір 1% үшін 0,15%, бірақ Шарт Бағасының 15% аспайтын айыппұл төлейді.
11.4. Жергілікті қамту үлесі бойынша есептілік уақытылы ұсынылмаған жағдайда, Тапсырыс беруші Орындаушыдан мерзімі өткен әрбір күн үшін орындалған жұмыс көлемінің 0,1 % (бір пайызы) мөлшерінде айыппұл талап етуге немесе тиесілі төлем сомасынан ұстап қалуға құқылы болады.
11.5. Орындаушы орындалған жұмыс көлеміндегі жергілікті қамтудың үлесі бойынша дұрыс емес ақпарат берген жағдайда, Тапсырыс беруші орындалған жұмыс көлемінің 2 % (екі пайызы) мөлшерінде айыппұл талап етуге немесе тиесілі төлем сомасынан ұстап қалуға құқылы болады.
11.6. Орындаушы орындалған жұмыс көлеміндегі жергілікті қамтудың үлесі бойынша дұрыс емес ақпарат берген жағдайда, Тапсырыс беруші Шарттың орындалуынан біржақты тәртіпте бас тартуға және шығындардың өтелуін талап етуге құқылы болады.
12. ДАУЛАРДЫ ШЕШУ ТӘРТІБІ
12.1. Осы шарт әрекеті кезінде туындайтын барлық даулар, Тараптармен келіссөздер жолымен шешіледі. Даулы мәселелерді Тараптар күшімен реттеу мүмкін болмаған жағдайда, олар Маңғыстау облысының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қаралатын болады.
12.2. Сотқа жүгінуші Тарап, келесі тарапқа соттың қарауына жататын мәселелерді көрсете отырып, өз мүддесі жөнінде жазбаша ескерту ұсынуы тиіс.
13. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
13.1. Шарт оған Тараптардың қолдары қойылған күннен бастап күшіне енеді және Тараптар өз міндеттемелерін толықтай орындағанша әрекет етеді.
13.2. Шарт Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
13.3. Бір Тараптың осы шартқа сәйкес келесі Тарапқа жіберетін кез-келген ескертуі хат, телеграмма, түпнұсқа кейін ұсынылатын телекс немесе факс түрінде жөнелтіледі.
13.4. Ескерту жеткізілгеннен кейін немесе көрсетілген күшіне ену күнінен бастап (егер ескертуде көрсетілген болса), қайсы күннің кейінірек тууына қарай, күшіне енеді.
13.5. Салықтар және басқа да бюджетке міндетті төлемдер Қазақстан Республикасының салықтық заңнамасына сәйкес төленуге жатады.
13.6. Осы Шарт №1 және №2 қосымшалары есебімен, __ (___) парақта, Тараптардың әрқайсысына бір данадан берілетін, тең заңдық күшке ие мемлекеттік және орыс тілдеріндегі 2 (екі) данада құрастырылды және әр бетіне Тапсырыс берушінің уәкілетті өкілінің қолы қойылды.
14. ТАРАПТАРДЫҢ ЗАҢДЫ МЕКЕН-ЖАЙЛАРЫ, БАНКТІК ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ ЖӘНЕ ҚОЛДАРЫ:
Тапсырыс беруші
|
Орындаушы
|
________________/___________/
|
______________/_____________/
|
Достарыңызбен бөлісу: |