1.1.3. Құрылыс
2007 жылы тұрғын үй құрылысын салуға 7050,0 млн. теңге бағытталды, ол 2006 жылғы көлемнен 1,1%-ға артық. Тұрғын үй құрылысына салынған инвестициялардың жалпы көлемінде жеке құрылыс салушылар 1730,0 млн. теңгені (24,5%), жеке меншік нысанындағы кәсіпорындар - 3674,9 млн. теңгені (52,2%), мемлекеттік меншік нысанындағы кәсіпорындар – 1645,1 млн. теңге (23,3%) игерді.
2008 жылы тұрғын үй құрылысын салуға 8220,0 млн. теңге бағытталды (негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінің 14,8%-ы), ол 2007 жылғы көлемнен 4,7%-ға артық. Тұрғын үй құрылысына салынған инвестициялардың жалпы көлемінде жеке құрылыс салушылар 3881,6 млн. теңгені (47,2%), жеке меншік нысанындағы кәсіпорындар - 2919,6 млн. теңгені (35,5%), мемлекеттік меншік нысанындағы кәсіпорындар - 1418,8 млн. теңгені (17,3%) игерді.
Қалада тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға және 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес, 2007-2008 жылдары бюджет қаражаты есебінен 2,9 млрд. теңге сомасына жалпы көлемі 64,1 мың м2 тұрғын үй пайдалануға берілді, оның ішінде:
2007 жылы – 1,6 млрд. теңге сомасына 20,4 мың м2;
2008 жылы – 1,4 млрд. теңге сомасына 43,7 мың м2.
2007 жылы «Көгілдір тоғандар» ықшамауданында коммуналдық тұрғын үй пайдалануға берілді, ол 74 пәтерден тұратын № 93, 36, 37 үш блок-секция, оның жалпы көлемі 6,116 тыс. м2, ал жалпы сомасы 169,7 млн. теңге.
2007 жылы республикалық бюджет қаражаты есебінен (қайтарым негізінде) Ермеков көшесі, 9 ықшамаудандағы жалпы көлемі 10907 м2 ипотекалық тұрғын үй (130 пәтер) пайдалануға берілді.
Сонымен бірге, 2007 жылы Шахтерлер даңғылы, 32 бойынша 1274,5 млн. теңге сомасына жалпы көлемі 30,3 тыс. м2 (324 пәтер) жаңа ипотекалық тұрғын үйдің құрылысын салу басталды.
Жалпы көлемі 3359,25 м2, пәтерлердің жалпы көлемі 2540,88 м2, 36 пәтері бар № 4 блок-секция пайдалануға берілді.
2008 жылы қайталама пайдалану қаражаты есебінен мына тұрғын үйлер пайдалануға берілді:
- Шахтерлер даңғылы, 32 (№ 1, 2, 3, 5, 6, 7, 8, 9 блок-секциялар, жалпы көлемі 26224,7 м2, пәтерлер саны - 288);
- Ермеков көшесі, 9 ықшамаудан бойынша 2 блок (1 блок-секция) жалпы көлемі – 1360,6 м2, пәтерлердің жалпы көлемі 964,3 м2, пәтерлер саны -15;
- Ермеков көшесі, 9 ықшамаудан бойынша жалға берілетін тұрғын үй (2 блок-секция) жалпы көлемі – 2799,9 м2, пәтерлердің жалпы көлемі 1978,0 м2, пәтерлер саны - 35.
Республикалық бюджеттен бөлінген кредиттер есебінен Шахтерлер даңғылы, 33 бойынша кредиттік тұрғын үй (100 мектеп және 100 аурухана қызметкерлері үшін) пайдалануға берілді, № 6, 7, 8 блок-секциялар, жалпы көлемі - 9891,9 м2, пәтерлердің жалпы көлемі -7488,0 м2, пәтерлер саны - 108.
Республикалық бюджет қаражаты есебінен Шахтерлер даңғылы, 33 бойынша жалға берілетін тұрғын үй пайдалануға берілді, № 9 блок-секция, жалпы көлемі - 3254,9 м2, пәтерлердің жалпы көлемі - 2487,6 м2, пәтерлер саны - 36.
2008 жылы пайдалануға берілетін тұрғын үй көлемі 2007 жылға қарағанда 114 %-ға артты.
2009 жылы 1,4 млрд. теңге сомасындағы бюджет қаражатының есебінен 35,8 мың м2 тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Қаланың техникалық мүмкіндігінің тозығы жеткен инженерлік желілерінің ағымдағы жағдайы ескеріліп, тұрғын үй қоры мен әлеуметтік, мәдени-тұрмыстық объектілер құрылысын салудың артуына байланысты, су, жылу, және энергоресурстардың үздіксіз жұмыс істеуі мен тұрақты берілуі үшін инженерлік желілерді қайта жаңғырту және бюджеттен қаржы тарту арқылы жаңадан салынып жатқан тұрғын үй объектілері мен әлеуметтік, мәдени-тұрмыстық объектілеріне тарту қолға алынған.
2007-2008 жылдары 3054,2 млн. теңге сомасындағы бюджет қаражаты есебінен инженерлік желілер салу мен қайта жаңғырту жүзеге асырылды.
2009 жылы 2163,7 млн. теңге сомасына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту жөнінде іс-шаралар жүргізу жоспарланып отыр.
1.1.4. Ауыл шаруашылығы
Қаланың ауыл шаруашылығы 37233 объект құрайды, оның ішінде:
200 объект – «Ауыл шаруашылығы» және «Сусынды қоса алғанда, тамақ өнімдерін өндіру» қызметінің негізгі түрімен;
21119 объект - үй шаруашылығы;
15914 объект – саяжай учаскелері.
Ауыл шаруашылығын дамыту қорытындылары бойынша 2008 жылы жалпы өнім көлемі 1774,5 млн. теңгені құрады, ол 2007 жылғы деңгейден 34,1%-ға артық. Өндірістің айғақты көлемінің индексі - 101,3%, яғни өткен жылғыдан 21,3%-ға артық.
Қарағанды қаласының ауыл шаруашылығы өндірісінің
2007-2008 жылдардағы және 2009 жылғы бірінші тоқсандағы
негізгі көрсеткіштері
Көрсеткіштер
|
2008ж.
|
2007ж.
|
2009 жылғы қаңтар-наурыз
|
2008 жылғы қаңтар-наурыз
|
2008 жыл-дың 2007 жылға қатыс-ты
%-ы
|
2009 жылғы қаңтар-наурыз-дың 2008 жылғы сәйкес кезеңге қатысты %-ы
|
Жалпы өнім,
млн. теңге, оның ішінде:
|
1774,5
|
1689,5
|
1755,4
|
1650,8
|
105,0
|
106,3
|
мал шаруашылығы, млн. теңге
|
353,2
|
288,4
|
328,3
|
299,9
|
122,5
|
109,5
|
егін шаруашылығы, млн. теңге
|
1421,3
|
1401,1
|
1427,1
|
1350,9
|
101,4
|
105,7
|
Айғақты көлем индексі, %
|
101,3
|
80,0
|
103,0
|
103,8
|
|
|
Мал шаруашылығы өнімін өндіру:
|
|
|
|
|
|
|
тірі салмақтағы мал мен құс, тонна
|
779,3
|
753,8
|
701,4
|
697,8
|
103,3
|
100,5
|
сүт, тонна
|
3535,3
|
3535,0
|
2914,1
|
2909,1
|
100,0
|
100,6
|
жұмыртқа, мың дана
|
1894,3
|
1803,0
|
1519,4
|
1502,8
|
105,1
|
100,0
|
Мал басы мен құс саны:
|
|
|
|
|
|
|
ірі қара,
бас, оның ішінде:
|
3081
|
3078
|
2987
|
3015
|
100,1
|
99,1
|
сиыр
|
2013
|
2023
|
2020
|
2014
|
99,5
|
102,3
|
қой мен ешкі
|
1118
|
1098
|
1253
|
1244
|
101,8
|
100,7
|
шошқа
|
2719
|
2374
|
3160
|
2581
|
114,5
|
122,4
|
жылқы
|
134
|
120
|
238
|
140
|
111,7
|
170,0
|
құс
|
22169
|
22611
|
22009
|
22831
|
98,0
|
96,4
|
2008 жылғы жалпы өнім көлемі егін шаруашылығы өнімін өндіру көлемінің 1,4%-ға және мал шаруашылығы өнімін өндіру көлемінің 22,5%-ға артуы есебінен орындалды. Дегенмен, 2007 жылмен салыстырғанда сиыр малының 0,5%-ға және құстың 2,0%-ға азайғаны байқалады.
2009 жылғы І тоқсанда жалпы өнім көлемі (мал шаруашылығы) 1755,4 млн. теңгені құрады, ол 2008 жылмен салыстырғанда 6,3%-ға артық, айғақты көлем индексі 100,0% болды.
2008 жылмен салыстырғанда тірі салмақта мал мен құс өсіру 0,5%-ға, сүт өндіру 0,6%-ға, шошқа санының 22,4%-ға, жылқының 70%-ға көбейгені байқалады.
Жем-шөптің қымбаттауына және мал ұстаудың көп еңбекті қажет ететініне байланысты, үй шаруашылықтарында ірі қара мал басы 6,7%-ға, қой мен ешкі 0,9%-ға және құс 3,6%-ға азайғаны байқалады.
1.1.5. Көлік және коммуникация
Көлік. 2008 жылы жүк тасымалдау көлемі тұтас алғанда қала бойынша 6447,9 мың тоннаны құрады (2007 жылға қарағанда 2,3 есе аз). Көліктің барлық түрлерімен жолаушылар тасымалдау, оның ішінде жеке тасымалдауды қоса алғанда, 108778,7 мың жолаушыны құрады (2007 жылғы деңгейге 100,5%). Жолаушылар тасымалын 58 көлік кәсіпорны жүзеге асырды.
Жолдардағы жол қозғалысы қауіпсіздігінің деңгейін арттыру үшін 581 жол белгісі ауыстырылды , 4901 жол белгісі күтіп-ұсталды, 106 бағдаршам объектісі пайдалануға берілді және 11 бағдаршам объектісі орнатылды (Ленин көшесі – Поспелов көшесі, Бұқар жырау даңғылы - Олимпийская көшесі, Бадин көшесі – Дубовская көшесі, Магнитогорская көшесі - Училище 95, Ерубаев көшесі – Лобода көшесі, Ленин көшесі – Театральная көшесі, 7 Магистраль – Ұшып көтерілу белдеуі, Тәттімбет көшесі - Гүлдер 2, Құрылысшылар көшесі - Еңбек, Ерубаев көшесі - Әлиханов көшесі, Ермеков көшесі - № 10 ОМ), 600 мм-лік уақыт есептегіш 26 табло, 300 мм-лік уақыт есептегіш 46 табло, 26 аралас құрылғы, 2 активтенген жол белгісі, 1 активтенген VMS жол белгісі, 1 метеостанция, 2000 «Мысық көз» маркер, бояумен көлемі 127663,9 м2 , сондай-ақ термопластикпен 3873 м2 жол белгісі жасалды.
Қалалық жолаушылар тасымалын тұрақтандыру үшін тасымалдаушылардың шарт талаптарын сақтауы тұрақты бақылауға алынған.
2009 жылы жолаушылар тасымалын 59 көлік кәсіпорны жүзеге асырады (2008 жылы – 58 көлік кәсіпорны).
2009 жылы тұтас алғанда қала бойынша 16,0 млн. тонна көлемде жүк тасымалдау күтіледі, ол 2008 жылғы деңгейден 3,8%-ға артық. Көліктің барлық түрлерімен жолаушылар тасымалдау, оның ішінде жеке тасымалдауды қоса алғанда, 177,0 миллион жолаушыны құрады (2008 жылғы деңгейден 4%-ға артық).
Қазіргі уақытта қаладағы автобус бағыттары бойынша әр түрлі меншік түріндегі 9 тасымалдаушы қызмет көрсетеді. Бұл тасымалдаушылармен қаладағы 62 бағыт бойынша қызмет көрсету құқығына 29 шарт жасалды.
Қаладағы 62 автобус және троллейбус бағыттарында барлығы 720 бірлік жылжымалы составты пайдалану қарастырылған, оның ішінде: үлкен сыйымдылықтағы автобустар – 368 бірлік (50,8%), орташа сыйымдылықтағы автобустар – 297 (41,2%), микроавтобустар – 35 (5%) және троллейбустар – 20 бірлік (3%). Қаладағы автобустарды орташа сыйымдылықтағы автобустарға ауысытру кезең-кезеңмен жүргізілді. Бүгінгі таңда микроавтобустарға ауыстыру 95% жүзеге асырылды. Жолаушылар көлігі қозғалысының орташа жиілігі 75-85%-ды құрайды.
Жанар-жағар май материалдары құнының соңғы жылдары орта есеппен 60%-ға өсуіне қарамастан, қаланың жолаушылар көлігіне жолақы құны республика бойынша ең төменгі баға болып табылады және автобустарда 30 теңгені, ал троллейбустарда 20 теңгені құрайды. Сонымен бірге, жыл сайын жергілікті бюджетке түсетін салмақ артып келеді, себебі, заңнамаға сәйкес, белгіленген тариф пен тасымалдауға жұмсалған нақты шығын арасындағы айырмашылық тасымалдаушыға жергілікті бюджеттен төленеді.
Есепті кезеңде «Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ-не 19 бағыттағы қозғалыс сызбасы бекітуге жолданды. Жаңа 2 бағыт жасалды, ол қаланың аудандары арасындағы көлік қатынасын жақсартуға ықпал ететін болады.
Автомобиль жолдары. Қала бойынша автомобиль жолдарының ұзындығы 973,7 шақырымды құрайды. Қала жолдарының құрылымында квартал ішіндегі жолдардың тозуы 70%-ды, ал орталық жолдардың тозуы 30%-ды құрайды. Қарбалас жүріс кезінде магистраль жолдардағы қозғалыстың орташа қарқындылығы сағатына 3000-3500 машинаны, яғни 70-90%-ды құрайды. Қала арқылы өтетін 25 өтпе магистральді жол бар. Қаланың автомобиль жолдарында 4 көпір, 13 жол өтпе, 592 суағар, ұзындығы 70,732 км жауын-шашын канализациясы бар.
Автомобиль жолдарын жөндеу – қаланың көлік-коммуникациялық кешенінің басты элементтерінің бірі, оның тиімді жұмыс істеуі мен дамуы тұрақтылық пен экономикалық өсудің маңызды шарты болып табылады.
2007 жылы 632,0 млн. теңге сомасында қаражат бөлінді. Жолдың қызмет көрсетілетін көлемі 3998,0 мың м2 (172 көше).
Автомобиль жолдарын сапалы күтіп-ұстауды қамтамасыз ету мақсатында 2007 жылы тұңғыш рет бақылау сызбасына инжиниринг қызметтерін (техникалық қадағалау және технологиялық сүйемелдеу) көрсететін ұйым – «Инженер» енгізілді.
Аталмыш бақылау жүйесінің енгізілуімен байланысты автомобиль жолдарын күтіп-ұстаудың технологиялық үдерісінің қатаң сақталуы қамтамасыз етіледі.
2008 жылы жалпы көлемі 4588,2 мың м2 болатын 181 автожолды күтіп-ұстауға 745,5 млн. теңге бөлінді. Шұғыл әрекет ету қызметтерінің тарапынан бірнеше рет өтініш жасалуына байланысты, алғаш рет әлеуметтік мәні бар объектілерге, яғни ауруханаларға, емханаларға, мектептерге, бала бақшаларына, халыққа қызмет көрсету орталықтарына т.б. өтпе жолдар қысқы күтіп-ұстауға алынды. Күтіп-ұстауда жинау көлемі 524,9 мың м2 болатын, барлығы 171 өтпе жол бар.
Мемлекеттік стандарттарды орындау және автокөліктердің кедергісізі өтуі мақсатында қала аумағы 7 секторға бөлінген, олар: «Жаңа қала», «Оңтүстік-Шығыс», «Михайловка», «Майқұдық», «Пришахтинск-Узенка», «Алматы-Астана» айналма жолы», «Әлеуметтік мәні бар объектілерге өтпе жолдар».
Жыл сайын қаланың негізгі магистральдарындағы жүктеменің артуына байланысты, жол төсемі тозады, нәтижесінде қала жолдарында ой-шұңқырлар пайда болады.
2007 жылы ұзындығы 68,4 шақырым 35 автожолды жөндеуге 876 млн. теңге бөлінді.
2008 жылы ұзындығы 61,5 шақырым 50 автомобиль жолы бойынша жұмыстар жүргізу үшін орташа жөндеуге 1086,8 млн. теңге бөлінді (оның ішінде облыстық бюджеттен трансферттер – 810,0 млн. теңге, қалалық бюджеттен – 276,8 млн. теңге). 2007 жылмен салыстырғанда орташа жөндеуге бөлінген қаражат көлемі 24,1%-ға артты.
Сонымен бірге, Майлин – Совхозная көшесі бойындағы ұзындығы 2,7 шақырым автомобиль жолын күрделі жөндеуге 153,739 млн. теңге қаражат бөлінді.
2007-2008 жылдары жөнделген барлық автомобиль жолдарына пайдаланудың 2 жылдық кепілді мерзімі енгізілді, яғни кепілдік мерзімінде автомобиль жолдарында ақаулар анықталатын болса, онда жол жабындыларын жөндеу жұмыстары мердігерлердің өз қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
2008 жылы Бұқар жырау даңғылы, Ленин көшесі бойындағы жүргіншілер тротуарларына тротуар тақталарын төсеуге және Бейбітшілік бульвары бойындағы жүргіншілер жолына асфальт төсеуге 78,9 млн. теңге сомасында қаражат бөлінді.
«Көлік инфрақұрылымын дамыту» бағдарламасы аясында және «Қарағанды қаласы құрылысын салудың 2015 жылға дейінгі Бас жоспарын» іске асыру мақсатында 2008 жылы жергілікті бюджеттен Қарағанды қаласының көлік инфрақұрылымының 15 объектісін салуға техникалық-экономикалық негіздеме (ТЭН) жасау үшін 84,2 млн. теңге көлемінде қаражат бөлінді, оның ішінде: 9 көлік тарамы, 2 автожол, 2 жол өтпе, 1 автокөлік эстакадасы, 1 автокөлік тоннелі.
«Бұқар жырау даңғылы – Ермеков көшесі» көлік тарамын салу үшін жобалау-сметалық құжаттама (ЖСҚ) жасау жұмыстарын жүргізуге 39,0 млн. теңге сомасында қаражат бөлінді.
2009 жылы облыстық бюджеттен жалпы көлемі 294,9 мың м2 автомобиль жолына орташа жөндеу жүргізу үшін 810,0 млн. теңге сомасында қаражат бөлінді, оның ішінде: Қазыбек би атындағы аудан – 411,5 млн. теңге (162,1 мың м2), Октябрь ауданы – 398,5 млн. теңге (132,8 мың м2) және жалпы көлемі 12 мың м2 болатын қаланың 20 автожолына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге 29,4 млн. теңге бөлінді.
Сумен жабдықтау. Сумен жабдықтау жүйесі жобалық өнімділігі тәулігіне 650 мың м3 тазартқыш құрылғылы су құбырларынан және 94 насос станциясы бар ұзындығы 1032 км су құбыры желілерінен тұрады.
Қаланың суға деген қажеттілігін қызмет көрсетуші «Қарағанды Су» ЖШС толық көлемде қамтамасыз етеді.
Құрылтайшылары:
- «Қазақстан коммуналдық жүйелері» АҚ, үлестік қатысуы – 49%;
- Қарағанды қаласы әкімдігі жанындағы «Қалалық коммуналдық шаруашылық» АҚ, үлестік қатысуы – 51%.
Төмендегі қызметтерді көрсету қызметінің нысаны болып табылады:
- тарату желілері бойынша су беру;
- ақаба суды қабылдау және тазарту;
- электр энергиясын беру және тарату.
«Қарағанды Су» ЖШС Қарағанды қаласын, Теміртау қаласын, Ақтас кентін ауыз сумен жабдықтайды және 3-ЖЭО-на ауыз су береді. Қарағанды қаласы мен Ақтас кентінің ағынды суын қабылдайды және тазартады.
Мыналар «Қарағанды Су» ЖШС-нің балансында:
- жобалық өнімділігі тәулігіне 650 мың м3 тазартқыш құрылғылы су құбырлары;
- ұзындығы 971,8 км су құбырлары желісі;
- 94 су құбырлы насос станциясы;
- өнімділігі тәулігіне 232 мың м3 ақаба су тазарту кешені;
- ұзындығы 636,8 км канализациялық желілер;
- 9 канализациялық насос станциясы;
- ұзындығы 77 км электр беретін әуе және кабель желілер;
- 15 қосалқы станция;
- қатты отын жағатын 3 жергілікті қазандық;
- пайдалану учаскелерінің 11 өндірістік базасы.
Қ. Сәтпаев атындағы канал сумен жабдықтау көзі болып табылады, оның жылдық су жинау көлемі жылына 88,4 млн. м3, оның ішінде Қарағанды қаласы – жылына 28,8 млн. м3, Теміртау қаласы – жылына 8,8 млн. м3, 3-ЖЭО – жылына 33,3 млн. м3.
Орташа тәуліктік су тұтыну 242 мың м3 құрайды, оның ішінде:
- 3-ЖЭО («Караганда Энергоцентр» ЖШС, «Теплотранзит Караганда» ЖШС) – 145 мың м3 (жалпы тұтынудың 60%-ы);
- «Оқжетпес» ЖШС (Теміртау қаласы) – 31 мың м3 (жалпы тұтынудың 13 %-ы);
- Қарағанды қаласының тұтынушылары – 66 мың м3 (27%), оның ішінде: тұрғындар – 46 мың м3, өнеркәсіп пен бюджеттік ұйымдар – 20 мың м3.
Тұрғындардың 84%-ы орталықтандырылған сумен жабдықтаумен қамтамасыз етілген.
Газбен жабдықтау. Қаладағы негізгі газ берушілер: «Әлемгаз» ЖШС, «Sintez Oil» ЖШС-нің ҚФ, «Service LTD Co» ЖШС-нің ҚФ, «Ақ-Дала ЛТД» ЖШС. Бұл кәсіпорындардың үлесі 80%-ды құрайды, қалған 20%-ын мыналар құрайды: Горгаз – 5%, КарГазснаб – 5%, ГалОйл» ЖШС – 5%, «Арка-газ» ЖШС – 5%.
Қала бойынша газ тұтыну құрылымы мынадай: 80% - ыдыстық газ және 20% - баллондық газ.
1.1.6. Электр энергетикасы
Жеке меншік нысандағы бір ірі электр желілік кәсіпорын жұмыс істейді. Қаланы электрмен жабдықтауды 1-ЖЭО, 3-ЖЭО қамтамасыз етеді.
ЖЭО аралас (жылу және электр энергиясы) циклде жылу шығарады. Жоғары кернеулі әуе және кабель желілерінің ұзындығы 2509,3 шақырымды құрайды. 936 қосалқы станция жұмыс істейді. Қарағанды қаласының тұтыну қуаттылығы – 50-60 МВт. Тарату желілерінің тозу деңгейі – 70%. Қалада электр станцияларының қуатын пайдалану 407 МВт құрайды, ол барлық электр станцияларының жиынтық қуаттылығының 86%-ын құрайды.
Қызмет көрсетілетін жарық нүктелері санының (11000 бірліктен аса) және сыртқы жарық беру желілері ұзындығының (300 км-ден аса) артуына байланысты, «Горсвет» КМК-ның жарғылық капиталын ұлғайтуға «Қарағанды қаласының сыртқы жарық беруін басқару жүйесін жаңғырту» бағдарламасына сәйкес, қаланың сыртқы жарық беруін басқарудың автоматтандырылған жүйесін жасау үшін жергілікті бюджеттен 2008 жылы 44880 мың теңге сомасында ақшалай қаражат бөлінді. 2 дана контактысыз коммутатор жинақтамасымен 39 атқарушы пункт сатып алынды және БАЖ (басқарудың автоматтандырылған жүйесін) құрамалау және қосу бойынша жұмыстар жүргізілді.
Қала айналасында электр беру желілерін шеңберлеу жоспарланып отыр, нәтижесінде қаланы кепілді электрмен жабдықтауды қамтамасыз етеді.
Жылумен жабдықтау. 2006 жылғы қараша айынан бастап «Теплотранзит Караганда» ЖШС қаланың жылу желілерін пайдалануды жүзеге асырады.
Жылумен жабдықтаудың негізгі көздері – Қарағанды 1-ЖЭО және Қарағанды 3-ЖЭО.
Қарағанды қаласын жылумен жабдықтауды төмендегілер жүзеге асырады:
- екі жылу электр станциясы: 1-ЖЭО және 3-ЖЭО,жалпы бекітілген қуаттылығы 1505 Гкал/сағат (нақты өндірілетіні 977 Гкал/сағат);
- 176 орта және шағын қазандықтар, қуаттылығы 400 Гкал/сағат;
- 264 дербес жылыту жүйесі (ДЖЖ), 420 Гкал/сағат өндіреді.
Жылу көздерінің жалпы қуаттылығы – 1397 Гкал/сағат.
Жылу желілерінің ұзындығы бір құбырлы есеппен 869 шақырымды құрайды, оның ішінде магистарльды құбырлар – 218,3 км, квартал ішіндегі құбырлар – 650,7 км.
1-ЖЭО және 3-ЖЭО жылу көздерінен 2315 көп қабатты тұрғын үй, 329 әлеуметтік, мәдени-тұрмыстық объект орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етіледі, ал қалған объектілер дербес жылыту орталықтары және пешпен жылыту арқылы қамтамасыз етіледі.
Жылу желілері магистральды және таратушы болып бөлінеді.
Магитральды жылу желілері. Магистарльды құбырлардың ұзындығы қос құбырлы есеппен 109,1 шақырымды құрайды.
Магистарльды жылу желілеріне қызмет көрсету үшін кәсіпорында 2 пайдалану ауданы ұйымдастырылған:
- Жаңа қала пайдалану ауданы (ЖҚПА) – Жаңа қала, Михайловка мен Оңтүстік-Шығыс желілерінің 51,1 шақырымына, 1-ЖЭО аймағында – 19,9 шақырымға, 3-ЖЭО аймағында 31,2 шақырымға қызмет көрсетеді;
- Майқұдық пайдалану ауданы (МПА) – Майқұдық, Пришахтинск, Сортировка желілерінің 58,0 шақырымына және Оңтүстік-Шығысқа тартылған магистарльды жылу желілеріне 3-ЖЭО жылумен жабдықтау аймағында қызмет көрсетеді.
Жылу тарату желілері. Жылу тарату желілерінің ұзындығы қос құбырлы есе ппен 325,9 шақырымды құрайды.
Жылу тарату желілеріне қызмет көрсету үшін кәсіпорында 5 пайдалану ауданы ұйымдастырылған.
Достарыңызбен бөлісу: |