Аты-жөні:__________________________________
4. бөлім. «Екі полюсті әлемнен көпполюсті әлемге бағыт алу үрдісі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырыптар
|
Саманта Смиттің КСРО-ға сапары неге мүмкін болды?
Қырғи-қабақ соғыстың аяқталуымен әлемдегі қауіпсіздік артты ма?
БҰҰ Таяу Шығыстағы дағдарысты шешудің қандай бейбіт жолдарын ұсынады?
|
|
Оқу мақсаты
|
9.3.1.4 тұлғаның тарихтағы рөлін бағалау
1. Аймақтық шиеленістердің себептері мен салдарын тұжырымдау
2. Халықаралық шиеленістерді реттеудегі БҰҰ-ның қызметін бағалау
|
Бағалау критерийі
|
Білімалушы:
Тұлғаның тарихтағы рөлін бағалайды
Аймақтық шиеленістердің себептері мен салдарын сипаттайды
Халықаралық шиеленістерді реттеудегі БҰҰ-ның қызметін бағалайды
|
Ойлау дағдыларының деңгейі
|
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
|
Орындау уақыты
|
20 минут
|
1 тапсырма.
Суреттің негізінде сұрақтарға жауап беріңіз.
Хаттың аудармасы
"Құрметті, Андропов мырза! Менің атым Саманта Смит. Мен он жастамын. Сізді жаңа тағайындалуыңызбен құттықтаймын. Кеңес Одағы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы ядролық соғыс басталады ма деп қатты алаңдаймын. Сіз соғысты қолдайсыз ба, әлде қарсысыз ба? Егер сіз қарсы болсаңыз, соғыстың қалай алдын аласыз? Сіз бұл сұраққа жауап беруге міндетті емессіз, бірақ мен сіздің неге бүкіл әлемді немесе біздің елімізді жаулап алғыңыз келетінін білгім келеді. Жаратушы бәрімізді бірге бейбіт өмір сүріп, соғыспауымыз үшін жаратты емес пе?
Шын Жүректен, Саманта Смит".
Суретте берілген тұлғаны сипаттаңыз.
Хаттың мазмұнына сипаттама жазыңыз.
Тұлғаның тарихтағы орны қандай?
Халықаралық қатынастарды реттеудегі қызметіне дәлел келтіріңіз.
Тапсырма._«'>Оқиғаның қалай аяқталғанын жазыңыз.
Тапсырма. «Қырғи-қабақ соғыстың аяқталуымен әлемдегі қауіпсіздік артты» деген пікірге қатысты өз пікіріңізді ПТМС формуласы негізінде дәлелдеңіз.
Тапсырма. БҰҰ Таяу Шығыстағы дағдарысты шешудің қандай бейбіт жолдарын ұсынғандығын жазыңыз.
Жалпы 12 бал
Достарыңызбен бөлісу: |