Ақтікендер тұқымдасына жататын көп жылдық



бет1/3
Дата27.05.2023
өлшемі2 Mb.
#474339
  1   2   3
Өсімдіктер


Адыраспан
(Harmal немесе Peganum harmala)



Адыраспан – ақтікендер тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдіктер туысы, терең тамырлы өсімдік.Сабы мен гүлінде уы болады. Ерекше күшті сасық иісті, дәрілік өсімдік. Биіктігі 30-80 см аралығында, бірақ көбінде 30 см төңірегінде өседі. Тау беткейлерінде, жол бойында, жазық далаларда көктейді. Жаз-күз мезгілдерінде жемістейді. Қазақстанда оның үш түрі бар.
Адыраспанды жөтел, демікпе, несеп бұзылу, себебі белгісіз ісіктер, буын қабыну, асқазан, қызыл өңеш рагі қатерлы ауруларды емдеуге қолданылады.Халық медицинасында адыраспанды буын ауруын емдеуге пайдаланады, қайнатылған суын безгекпен ауырған адамға ішкізеді.Тұмау тиіп ауырғанда, отбасы мүшелерін адыраспанға тұз қоса отырып аластаудың магиялық функциясымен қатар ем дарытатын қасиеті де бар



Жантақ
(Alhagі)



Жантақ — бұршақ тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдік. Бұтақталып өседі. Қазақстанның шөл далалық аудандарында сұр, құмайт және сортаң топырақты жерлердеөзен аңғарларындатау бөктерлерінде өседі. Сабағы бұтақтанып біткен, тікенді, сырты жылтыр, бүртікті. Жапырағы жұмыртқа пішінді, домалақ, бүтін жиекті. Гүлі — қызыл. Мамыр — маусым айларында гүлдеп, тамызда жеміс береді Оның тұнбасынан геморройға қарсы ванна жасайды. Гүлінен ара бал жинайды. Жантақты түйе сүйсініп жейді. Жүгеріқамыспен бірге жақсы сүрленеді.
Жантақ— дәрілік өсімдік, оның қабығында қант, илік заттар, эфир майы, ал тамырында алкалоидтар, глюкозидтер, шайыр, бояғыш заттар болады. Шөп құрғатылып, ұнтақ күйдегі дәрілік препарат жасалады. Ол зәр айдайды және қызуды басады, сонымен бірге құрғақ жөтелге қарсы ем болады.Жантақтың жас шөбінде, әсіресе С витамині өте көп болады. Дәрілікке жантақтың шөбі және тамыры пайдалы.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет