Атырау облысы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының



бет1/5
Дата10.07.2016
өлшемі0.6 Mb.
#189446
  1   2   3   4   5


Атырау облысы әкімдігінің

2010 жылғы «___ » __________

№___қаулысымен

бекітілген



АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ

ШАРУАШЫЛЫҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ

2011-2015 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН

СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЫ


Атырау 2010 ж.


МАЗМҰНЫ


1-бөлім

Миссия және пайымдау ………………………………………...……….

3

2-бөлім

Тиісті салалар (аялар) қызметінің ағымдағы жағдайын және даму үрдістерін талдау ........................................................................................


3

3-бөлім

Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер және нысаналы индикаторлар, іс-шаралар және нәтижелер көрсеткіштері……..….


12

4-бөлім

Функционалдық мүмкіндіктерді дамыту ……..……………….....….

19

5-бөлім

Ведомствоаралық өзара іс-қимыл ..........................................................

21

6-бөлім

Қатерлерді басқару.....................................................................................

22

7-бөлім

Бюджеттік бағдарламалар........................................................................

23


1. Миссия және пайымдау
Облыстың Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының миссиясы – экономиканың энергоресурстарға өсіп отырған қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында облыс экономикасының энергетикалық секторын дамыту, коммуналдық, су және газ шаруашылығының инженерлік желілерін дамытуға ықпал ету арқылы энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жәрдемдесу.

Пайымдау: Дамыған отын-энергетикалық кешен энергия қауіпсіздігі және энергия үнемдеу қағидаларын іске асыруды қамтамасыз ететін облыстың секторы және тұрғындардың қажеттіліктерін қанағаттандыратын дамыған сумен жабдықтау, су тарту, жылумен жабдықтау және газбен жабдықтау желілері.
2. Тиісті салалар (аялар) қызметінің ағымдағы жағдайын және даму үрдістерін талдау
Атырау облысы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы казіргі уақытта халыққа коммуналдық қызметтер көрсететін кәсіпорындардың жұмысын ұйымдастырады және үйлестіреді, облыс орталығын және елді мекендерді абаттандыру жұмыстарына бағыт береді, жылу, электр, газ, сумен қамту және кәріз жүйелерін дамытуға және жаңғыртуға бағытталған өңірлік бағдарламаларды іске асыруды жүзеге асырады.

Атырау облысында коммуналдық қызметтерді 58 кәсіпорын көрсетеді, олар 480,8 шақырым жылу, 11076 шақырым электр, 7520,9 шақырым газ құбыры, 2026 шақырым су құбыры және 625 шақырым кәріз желілеріне қызмет көрсетеді.

Атырау облысының қатал табиғи-климаттық аймақта орналасқандығы, сонымен қатар, топырақтың тұздылығы инженерлік желілердің тез тозуына әкеліп соқтырады. Бүгінгі күні коммуналдық сектор инфрақұрылымының жалпы тозуы 50%-ды, су құбырларының коммуналдық желілерінің табиғи тозуы-50%-ды, кәріз желілері-60%-ды, жылу желілері-80%-ды, электр желілері-50%-ды, газ желілері-29%-ды құрайды. Сумен қамту жүйелеріндегі судың ескерілмеген шығыны және ағып кетуі су тапшылығын тудырады, бұл табиғи ресурстарды тиімсіз пайдалануға әкеледі. Ресурстардың едәуір шығындары және ағып кетуі желілердің тозуына әкеліп соқтырады.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының негізгі қорларының иесі ретінде коммуналдық кәсіпорындар осы қорларды жаңғырту мен жаңарту бағдарламаларын іске асыру үшін қажетті қаржыға аса мұқтаж. Жергілікті бюджеттің шектеулілігі қажетті қаржыны тауып бере алмайды, соның салдарынан жылдан-жылға коммуналдық сектор кәсіпорындарында ескірген өндірістік қорлар көлемі артып, инженерлік желілер жарамсыз болуда, көрсетілетін қызметтердің сапасы төмендеп, оларды қалпына келтіру шығындары өсуде. Бөлінген қаржының аз мөлшері коммуналдық сектор объектілерін толықтай қайтадан жаңғыртуға мүмкіндік бермейді.

Коммуналдық мекемелердің қиын қаржылық жағдайы көп жағдайда тарифтердің қызмет көрсетуге жұмсалған нақты шығындарға сәйкес келмеуінен туындап отыр. Қолданыстағы тарифтер коммуналдық сектордың шығынсыз қызметін жүзеге асыруына мүмкіндік бермейді.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығында, кәсіпорындар мен ұйымдарда жабдықтарды жетілдіру және энергия үнемдейтін технологиялар енгізу үшін табиғи және сапалық тозған жабдықтарды кезең-кезеңімен ауыстыру жөнінде бизнес-жоспар әзірлеп, бекіту, барлық жерде энергия ресурстар шығынының жеке есебін жүргізуді, энергия тұтынуды бақылау мен реттеудің автоматтандырылған жүйесін жолға қою қажет.

Электр энергиясын ұтымды пайдаланудың бірден-бір жолы сатылы және көп мөлшерлі тариф белгілеуді енгізу және «күн-түн» қағидасы бойынша энергияны тұтынудың жеке есебін жүргізу болуы тиіс. Жеке есеп жүргізу және тариф белгілеу өндіріс саласында да едәуір экономикалық нәтиже береді. Бұл үшін технологиялық режімдерді қайта қарап, реттеу, энергия тұтынуды «қарбалас» кездерде қысқарту, электр желілерінің жүктемелерін азайту және энергияны көп қажет ететін үдерістерді барынша түнгі мезгілге ығыстыру қажет. Жоғарыда аталған іс-шараларды іске асыру өнім өндірудің, қызмет көрсетудің энергияны көп қажет етуін төмендетуге, тұрмыстық тұтыну кезінде электр және жылу энергияларының шығынын азайтуға мүмкіндік береді.

Әлемдік экономика біртіндеп энергия үнемдейтін өмір салтына көшіп келе жатыр. Біз әлі де электр энергиясын, жылуды, суды, т.б. үнемдеуге кіріскен жоқпыз. Болашақта күннен қуат алатын батареялар, энергия үнемдейтін шамдар, сутекті отынмен жүретін автомобильдер, электромобильдер пайдаланылатын болады. Энергия үнемдеудің өсуі экономиканың энергияны көп қажет етуінің төмендеуіне, соның нәтижесінде өркендеу мен орнықтылыққа әкеледі.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында келесідей өңірлік бағдарлама қолданылады:

1. «Атырау облысының тұрғын үй-коммуналдық секторын дамытудың 2009-2011 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы».


Электрмен қамту

Негізінен облыс тұтынушыларын электр энергиясымен қамтамасыз ету «Атырау жылу электр орталығы» АҚ (бұдан әрi - АЖЭО) және баланстан тыс энергия көздерiнен жеткізу жүргізіледі: «МАЭК-Казотомпром» ЖШС - және (жеткізуші - ЕЭС Интеррао ЖАҚ) Ресейлiк энергия жүйелері.

Қазіргі уақытта Атырау облысында 240 Мвт қуаттымен «Атырау жылу электр орталығы» АҚ 2009 жылы ГТС қуаты 25 Мвт енгізіп, 2010 жылдың соңында қуаттылығын 50 Мвт дейін ГТС енгізеді және «Атырау жылу электр орталығы» АҚ-ның қуатылығының жиынтығы 290 Мвт, «АМӨЗ» АҚ-ның ЖЭО-ғы (18 мвт), ТШО компаниясының ГТЭС (478 Мвт) құрайды.

2015 жылға экономика қажеттілігін қанағаттандыратын меншікті көздерден энергия өндіру 100% - ды құрайды.

Аджип ҚКО компаниясы қуаттылығы 230 Мвт жаңа ГТЭС-н енгiзуді жоспарлауда.

Электр энергиясын жіберу өңірлік электр желілер компаниясы «Атырау Жарық» АҚ желілері арқылы жүргізіледі.

«Атырау Жарық» АҚ 10761,3 шақырым электр жеткізу желiлерi, 1804 дана қосалқы трансформаторлық станциясы, 110 дана қосалқы станциясы бар. Желілердің тозуы 20 %-ды құрайды.

Өңірде «2006-2009 жылдарға арналған Атырау қаласының және Атырау обласының энергиямен қамту жүйесін оңтайландыру және жетілдіру» бағдарламасы бекітіліп, iске асырылды.

Бағдарлама тұтынушыларды үзiлiссiз энергиямен қамтуды, энергия қорын тиiмдi пайдалануды қамтамасыз етуге, іс-шаралар кешенiн әзірлеуге және іске асыруға, инвестициялардың қажетті көлемiн және қаржыландыру көзін белгілеуге бағытталды.

Бағдарламаның iске асырудың нәтижесiнде 110/10 кВ кернеулі 6 дана қосалқы станция, 13 тарату пункті, 26 шақырым 110 кВ әуе желісі, 6,5 шақырым 110 кВ кернеулі кабель желісі, 27 шақырым 6/10 кВ әуе желісі салынды және 400 шақырымнан астам 0,4 кВ әуе желісі жаңғыртылды. Электр желілерiн болашақта дамыту жоспарын жүзеге асыру бойынша меншікті қаражат есебінен және қосылатын қуаттылық үшін «Атырау-Жарық» АҚ шаруашылық субъектілерiнiң қаражаты есебінен 1 703 млн. теңге қарастырды. Қазіргі таңда тұтынушылардан алынған қаражаттарға кернеуі 110 кВ болатын 3 қосалқы станция толықтай жаңғыртылды, құрал-жабдықтары толықтай ауыстырылып, өткізу қабілеті кеңейтілді. Бұлар Атырау қаласындағы №100 «Орталық», Индер ауданындағы №27 «Индерборлық» және Мақат ауданындағы №11 «Доссор» қосалқы станциялары.

Бұдан басқа «Атырау-Жарық» АҚ-нан энергия жүйесін жаңғыртуға 513 037 000 теңге бөлінді, бұл қаражатқа «Фидерная»; «Мелькомбинат»; «Птицефабрика» қосалқы станцияларын жаңғырту жүргізіледі. Оған қоса Атырау қаласындағы №2 және №8 таратушы пункттері де жаңғыртылды.

Қазіргі таңда Атырау облысы бойынша электр энергия көздерінен басталатын нысандарды жаңғыртуға болмайды, жеке электрмен қамту нысандарын жаңғырту, мысалы «Доларо» ЖШС 2010 жылдың басында жеке нысандарды қамтамасыз ету үшін қуаттылығы 30 кВт болатын жел электр станциясы іске қосылды. Оған қоса облыс әкімдігі қайта жаңғырту электр энергиясы көздерінің энергия теңгеріміне және 2014-2015 жылдарға қуаттылығы 20 МВТ болатын жел электр станциясын енгізуде әлеуетті инвесторларды тарту бойынша жұмыс жүргізуде.


Сумен қамту және су бөлу

Облыстың коммуналдық меншiгiндегi суқұбыры желiлерiнiң ұзындығы 2026 шақырымды құрайды, соның iшiнде: магистральдық - 803,708 шақырым, селоiшiлік - 1346 шақырым. Елді мекендердің 98%-ы жерүсті су көздерін пайдаланады және 1,5%-ы сумен қамтудың жер асты көздерін пайдаланады. Суқұбыры желілерінің пайдалану мерзiмі 40 жыл және қызметтік нортамивтік мерзімінен арту қажет. Күрделі жөндеуді 1853 шақырым қажет етеді, тозу 70%-ы құрайды. Аппаттық жағдайдағы 249,838 шақырым. Суқұбыры желілерінің нақты шығыны 30%-ы құрайды.

Орталықтандырылған сумен қамтумен елді мекендердің 60%-ы қамтамасыз етеді, тасып әкелінетін сумен - 5%. 2009 жылы «Жол картасы» шеңберінде республикалық бюджеттен сумен қамту жүйелерiнiң дамуына 1826,6 млн.теңге, және жергiлiктi бюджеттен - 1572,3 млн. теңге бөлінді, бұл қаражаттарға Мақат және Жылыой аудандарының тұрғындарын таза ауызсумен қамтамасыз ету мақсатында «Атырау-Доссор-Мақат» топтық суқұбырының құрылысы салынды. Су құбырының жалпы ұзындығы 126 шақырым. Сонымен қатар, 3 су көтеру (ПНС) станциясы, 4 резервуар және 57 құдық құрлысы жүргізілді.

Сумен қамту нысандары көпшілігінің (сужинау, сутарту, тазарту имараттары, су айдайтын мұнаралар, суға арналған резервуарлар) техникалық жағдайлары, ұзақ уақыт пайдалануда болғандықтан, жыл сайынғы жөндеу жұмыстарының жүргізілмеуінен қанағаттандырғысыз.

Облыс әкімдігімен Жылыой, Қызылқоға аудандарында судың қамтамасыз етудiң сараланған тарифтері енгiзу кестесі бекітілді. 2011 жылдың соңына дейiн тұтынушылардың топтары бойынша сараланған тарифтерді енгiзуi жоспарлануда.

Кәріз желiлерінің жалпы ұзындығы 624,6 шақырым, оның ішінде


555,2 шақырымы (88% ) коммуналдық меншiкте.

Су тарату жүйесі желісімен имараттарының көпшiлiгi, дәл осылай сумен қамту нысандары осыдан 20 жыл бұрын пайдалануға берілген немесе 20 жыл бұрын күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізілген. Негізінен сенімді пайдалану нормативтік мерзімі 25 жыл болғанымен, желілердің 66%-ы күрделі жөндеуді немесе оларды толық алмастыруларды талап етеді.

Өнеркәсіптік кәсіпорындардың ағаба сулары көлемі бойынша (жеке қалалар бойынша 24%-на дейін), бастапқыда өнеркәсіптік ағаба суларын тазартуға басым есептелмеген қалалық тазарту имараттарына келіп түседi. Көптеген су тазарту имараттары пайдалану қорын істеп шығарды және олар ауыстыруды талап етеді.

2010-2012 жылдарға өнiмдiлiгi тәулігіне 3000 текше м. Құлсары қаласында кәріз тазарту имаратының құрылысы жоспарлаған.


Газбен қамту

Мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі табиғи энергетикалық ресурстарды ұтымды пайдалану, халықты арзан және қолжетімді отын түрімен қамтамасыз ету болып табылады. Табиғи газды өңдеу пункттерінен тұтынудың өнеркәсіптік орталықтарына дейін өндіру мен тасымалдаудың барлық өсіп отырған рөлі соңғы жылдары Атырау облысының елді мекендерін газдандыруға мүмкіндік береді, өйткені табиғи газ тиімділігі жоғары энергия тасымалдағыш болып табылады және халықтың еңбек және тұрмыс жағдайларын жақсартуды, сондай-ақ қоршаған ортаның ластануын төмендетуді қамтамасыз ете алады.

Атырау облысын газдандыру республикалық маңызы бар Орта Азия Орталық және Мақат-Солтүстік Кавказ магистральдық газ құбырларынан жүзеге асырылады. Облысты газбен жабдықтайтын кәсіпорындар «ОблТрансГаз» КМК, «АтырауГазИнвест» ЖШС, «ҚұлсарыГаз» ЖШС.

Облыс бойынша газ құбырларының жалпы ұзындығы 7520,9 шақырым құрайды, оның ішінде апатты жағдайда 2256,2 шақырым немесе 30 %.

Атырау қаласының газ тарату желілері екі бөлікке Жайық өзенінің оң жағалау және сол жағалауына бөлінген. Қаланың оң жағалау бөлігін газбен жабдықтау «Финская» автоматтандырылған газ тарату станциясынан (АГТС) жүзеге асырылады, Атырау қаласының оң жағалау бөлігі, жалпы халық саны 23612 адамнан тұратын қала маңындағы елді мекендер: Алмалы, Ракуша, Ракуша-2, Еркінқала, Еркінқала-2, Береке, Рембаза, Жұмыскер, Жұмыскер-2, селолары, Лесхоз-2, Сарықамыс-2, Атырау-2, Нұрсая, Нұрсая-2 ықшам аудандары, Ескі аэропорт ауданы, Әлиев-Құрманғазы көшелерiнiң бұрышы тұрғын үй массиві.

Қаланың сол жағалау бөлігін газбен жабдықтау «Урожай-10» АГТС-нан жүзеге асырылады. АГТС-нан таратушы газ құбырлары Атырау қаласының сол жағалау бөлігін және Талғайраң, Ақжар, Ақжар-2, Ақсай, Ақсай-2, Бірлік, Бірлік-2, Бесікті, Томарлы, Томарлы-2, Геолог, Геолог-2 жалпы тұрғындар саны 26941 адамнан тұратын қала маңындағы елді мекендерді қамтиды.

Мұнан басқа, «ЖылуЭлектр Орталығы» АГТС-1-нен тұрғындарының жалпы саны 39799 адам болатын Дамбы, Құрманғазы, Жаңаталап, Атырау, Көкарна, Ақжайық, Тасқала, Водников, Водников-2, Балықшы елді мекендерін, Құрсай, Құрсай-2 ауылдарын, Ет комбинат ауданын, Мирный поселкесін, оң және сол Перетаски ауданын, Сельстрой ауданын газбен қамту жүзеге асырылады.

Жылыой ауданының халқын табиғи газбен «Құлсарыгаз» ЖШС қамтамасыз етеді, тұрғындарының жалпы саны 72 343 адам.

«2008-2010 жылдарға арналған Атырау облысының елді мекендерін газдандыру» өңірлік бағдарламасы Атырау облысының халқы мен кәсіпорындарын табиғи газбен қамтамасыз ету үшін жасақталған. Бағдарламада қолданыстағы газ құбырларын жаңарту және облыстың газдандырылмаған елді мекендерін газдандыру көзделеді. Бағдарламада апатты газ құбырларын жаңғырту, полиэтилен құбырларын қолдана отырып, жаңа газ құбырларының құрылысын іске асыру және өндірістен алынған жабдықтарды (ГТПШ, ГСГО, ГТС) неғұрлым қуатты, осы заманғы технологиялар талаптарына жауап беретін жабдықтарға ауыстыру жөніндегі шұғыл шаралар көрсетілген.

Қазіргі уақытта облыстың 178 елді мекенінің табиғи газбен 47 селосы қамтылмаған. Олардың ішінде 25 елді мекеннің газбен қамтылуы мақсатқа сай емес, 8 елді мекені халқы аз болып саналады. Соңғы 10 жылда 19 364 шақырымнан астам газ құбырларының желілерінің құрылысы салынды, осылайша тұрғындарды табиғи газбен қамтамасыз ету деңгейі 2000 жылғы 24,5%-дан 2010 жылы 95% -ға дейін өсті.

Ағымдағы жылда Атырау облысының Қызылқоға ауданын (2 - сызық) 134 шақырым ұзындықты және Қызылқоға ауданының 5 елді мекенін 200 шақырымды ұзындықты магистральдық газ құбырының құрылысы басталған. Сонымен бiрге Атырау облысының жаңа шағын аудандарында газ құбырларының құрылысы қайта жасақталып жүзеге асады, олардың iшiнен: Құрманғазы ауданының 14 елді мекені, Исатай ауданының жаңа көшелері мен Махамбет ауданының Өткел ықшам ауданын газдандыратын болады.

Атырау облысы әкімдігінің 2009 жылғы 25 қарашадағы №279 «Атырау қаласы мен Атырау облысының елді мекендерін газдандырудың өңірлік бағдарламасы туралы» қаулысына сәйкес, бағдарлама әкімгері Атырау облысы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы облыстың елді мекендерін газдандыру бойынша жұмыстар жүргізді. Бүгінгі күні облыс халқының 95%-ы табиғи газды пайдаланады. Облыс халқын табиғи газбен 100% қамтамасыз ету мақсатында 2015 жылға қарай Атырау облысының елді мекендерін газдандыру бойынша жұмыстар жалғасатын болады.



Жылумен қамту жүйесі

Атырау қаласының жылумен қамту көзі АтырауЖЭО болып табылады. Оң жағалаулы, сол жағалаулы жоспарлы аудандар және Оңтүстік-Шығыс өндiрiс ауданы орталықтандырылған жылумен қамту аймақтарына кіреді.

Барлығы 480,852 шақырым жылу желiлерi бар, соның iшiнде
9,652 шақырым (84%) - коммуналдық меншiктегi және жеке меншiктегi 435,2 шақырым, 36 шақырым - иесiз. Олардың iшiнен 30%-ы қызмет мерзiмiнiң нормасының шамасы 25 жылдан астам немесе нормативтік қызмет мерзімінен жоғары . Тозу 75 пайызды құрайды, 8, 045 шақырым күрделі жөндеуді талап етеді. Қуаттылығы сағатына 100 Гкал дейінгі қазандықтардың жалпы саны 8 бірлікті құрайды.
Тұрғын-үй секторы

2009 жылы Қазақстан Республикасы статистика жөніндегі Агенттiгінің ақпараты бойынша облысы бойынша тұрғын-үй секторының жалпы алаңы 7,3 млн. шаршы метрді құрайды, оның ішінде 7,1 млн. шаршы метр немесе тұрғын үй 97,2%-ды жеке меншікте.

Тұрғын үйлерді басқару мақсатында облыс бойынша 1342 тұрғын үйге қызмет көрсететін 65 пәтер иелері кооперативі (КСК) бар. Демек, көп пәтерлi тұрғын үйлерге жататын бүгiнгi күнге тұрғын-үй қорының 32%-ы жөндеудiң жеке түрлерiнiң өткiзуi, 37.4 мың шаршы метр (240 үй) апатты болып табылады, яғни бұзуға жатады.

Топырақтың тұздылығы ғимараттардың және тұрғын-үй қорының инженерлiк қамтамасыз етуi жүйелерiнiң құрастырушылық элементтерiне теріс әсер етеді. Тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық негiзгi қорларын иелер ретінде коммуналды кәсіпорындар бұл қорларды жаңғырту және жетілдіру бағдарламаларын өткiзуi үшiн қаражаттарды қақтығатын коммуналдық қажет етуі. Шектелген жергiлiктi бюджеттердің қаражаттары қажетті жағдайда тұрғын үй қорын сақтау алмайды, осыған байланысты жыл сайын коммуналдық сектордағы кәсіпорындарда ескірген өндірілгін қорлардың көлемі артуда, инженерлік желілер жарамсыз, ұсынылатын қызметтер сапасы төмендеуде, олардың қалыпқа келуіне шығындар көбеюде.

Бөлінетін қаражаттардың толық емес көлемі коммуналдық сектордың объектілерін жаңғыртуға толық мүмкiндiк бермейдi.

Коммуналдық кәсiпорындардың күрделi қаржылық жағдайы, көбіне қызметтердің өндірісіне нақты шығыстардың тарифтермен сәйкес келмеуіне негізделген. Бар тарифтер коммуналдық сектордың қызметін шығынсыз қалыптасуына жол бермейді.

Салқын судың есепке алу құралдарымен жарақтану - 76,2%, ыссы су - 81,6 %, жылу энергиясы - 7, 1%, электр энергиясы - 99 %.

Инженерлiк инфрақұрылымды тұрғын-үй қорының қамтылуы: су құбыры - 80,0%, кәріз - 62,3%, орталық жылыту - 42,1%, ыссы сумен қамту 43,9%-ды құрайды.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының энергия ресурстарын негізгі тұтынушылардың бірі болып табылатындығын ескере отырып, тұрғын үй секторында, сондай-ақ, бюджеттік және әлеуметтік сала ғимараттарында көрсетілген стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу мақсатында жоғарыда аталған көрсеткіштерге қол жеткізуді қамтамасыз ететін іс-шаралар кешенін өткізу қажет, атап айтқанда:

1 ) тұрғын үй қорының нормативтiк мазмұнын қамтамасыз ету;

2 ) кондоминиумның объекттерiмен басқарудың формаларын жетiлдiру;

3 ) Әлеуметтік сала тұрғын үйлері мен объектілерін терможетілдіру бойынша өңірлік жоспарларды құру және энергия үнемдеу жөніндегі тұрпатты ұсынымдарды әзірлеу үшін әр түрлі климатты аймақтарда және әр түрлі конструктивті орындауда тұрмыстық қор және әлеуметтік сала объектілерінің энергетикалық аудитін жүргізу;

4) кондоминиум объектілерін қалпына келтіру және терможетілдіру бойынша жобалар үй жайлары мен пәтерлер меншік иелерін жинақтаумен ортақ қаржыландыру және бюджеттік қаражаттармен қайтымды қаржыландыру кестесін әзірлеу;

5) кондоминиум объектілерін терможетілдіру үрдісінде пәтерлер меншік иелерін тарту және тұрмыстық қорды сақтау үшін бұл қызметке ҮЕҰ партиялық ұйымдар мен және басқа да қоғамдық бірлестіктерді тарта отырып, халық арасында кондоминиум объектісінде жалпы мүлікті ұстау және күту, құқықтық жауапкершілік сезімін өзгерту және энергия үнемдеуді насихаттау жөнінде іс–шаралар өткізу қажет;

6) тұрғын үйлерде энергиялық тиімді құрал-жабдықтарды қондыру және терможетілдіру бойынша жобаларды іске асыру, сондай-ақ тұрғын үйлерде және әлеуметтік сала объектілерінде жылу тұтынуды реттеудің автоматтандырылған жүйесін қондыру жөніндегі іс-шараларды өткізу үшін ЭСКО (энергия сервистік компаниялар) құру және қызметінің тетігін жасақтау қажет;

7) кондоминимум объектілерін терможетілдіру бойынша пилоттық жобалар қатарын және көп пәтерлі үйлер басқармасына кәсіби басқарушы компанияларды тартуды іске асыру.



Қатты - тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) іске жарату

Облыста қатты - тұрмыстық қалдықтарды (әрі қарай - ҚТҚ) әкетумен 9 ұйым, оның 5 – уі жеке кәсiпкерліктің субъектілері, 4-уі коммуналдық болып келеді. «WEST DALA» ЖШС-ң қоқыс өңдеу зауыты бар.

Облыста жыл сайын 500 мың тонна қалдық шығады, оның ішінде 300 мың тонна коммуналдық және 200 мың тонна өнеркәсіптік. Атырау қаласы қатты - тұрмыстық қалдықтардың орталықтандырылған - жүйелi жиынымен қамтылған. Қатты - тұрмыстық қалдықтарды қоймалау және сақтаудың негізгі орындары болып Атырау қаласының полигондары мен елді мекендерде қоқыстың ұйымдастырылған үйінділері болып табылады.

Қатты - тұрмыстық қалдықтарды (бұдан әрi - ҚТҚ) басқару жүйесi бiрнеше мақсаттарды көздейді:

қоршаған ортаға әсерін азайту;

алынатын материалдарды екiншi рет пайдалануға қайтару;

үйдiң айналасындағы аумақтардың мәдениетiн жоғарылату.

ҚТҚ перспективті басқару жүйесінің негiзгi компоненті болып терең өңдеумен олардың жиналу орындарында ҚТҚ бөлек жинауды ұйымдастыру болып табылады.

Бөлек жинауды дамытудың табыстылығы, ақпараттық-түсіндірме жұмысының сапасымен сөзсіз анықталады. Атырау қаласы және аудандар әкімдіктері өкілетті органдармен бірлесіп, қоқысты бөлек жинауды насихаттау және түсіндіру бойынша тұрғындармен жұмыс жүргізетін болады.

Қойылған міндеттерді іске асыру әкімшілік жауапкершілікті күшейту және муниципалдық қалдықтарды рұқсатсыз көміп тастауды бақылау, ҚТҚ бөлек жинау бойынша ұсынымдар және ереже жасақтау, жаңа құрылыстағы қоқыс жинау бойынша жер асты контейнерлерін енгізуге бағытталған ережелерді әзірлеу бөлігінде заңнамалық және нормативтік-құқықтық базаның әрі қарай дамуына ықпалын тигізеді.

Жергілікті құрамды дамыту мақсатында қоқыс жіктейтін желілерді және ҚТҚ тасымалдау және жинау үшін контейнерлер өндіру бойынша жобалар бастамашыларына жәрдемдесу керек.
Тұрғын үй-коммуналдық саладағы электр тиімділігін арттыру

Отандық экономика үдемелі әртараптылығының ҚР 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарымен анықталған бағыттары 2015 жылы ЖІӨ энергия сыйымдылығының 2009 жылғы көрсеткіш деңгейінен 10% - дан кем емес төмендеуін көздейді.

Коммуналдық сектордағы жаңа объектілер құрылысын салуға және жаңғыртуға бағытталған іс-шараларды өткізуде ЖІӨ-ң энергия сыйымдылығын төмендету бойынша стратегиялық міндеттерге жету үшін, энергия үнемдеуде ынталандыру әдістерін экономикалық ықпалшаралар және энергия ресурстарын ұтымсыз пайдалануда жауапкершіліктің басқа да заңды түрлерімен қосып, энергия үнемдеуде ынталандыру мәселелерін шешу қажет.

Жылу және электр энергиясын тиімді қолдануға ынталандыратын экономикалық иінтіректерді құру үшін келесi іс - шаралардың орындалуы керек:

инвестициялардың қайтарылуын қамтамасыз ететiн қаржы тетіктерін жетiлдiру;

энергия тұтынуды бақылау және есепке алу ережелерiн жетiлдiру;

есепке алу құралдарын барлық жерде орнату;

коммуналдық қызметтер коммерциялық есебінің автоматтандырылған жүйесін құру және енгізу;

энергия аудит және энергия мониторинг жүйелерін жетiлдiру;

энергияны үнемдеуде қаржы салу үшін жағдай жасау.

Тұрғындар арасында энергия үнемдеуді насихаттау бағдарламаның табысты iске асыуына негіз болып табылады және өзіне келесі негiзгі іс-шараларды енгізеді:

ағарту және арнайы әдебиеттерді тарату және таралымдандыру;

өңірлерде семинарларды, көрмелерді және конференцияларды ұйымдастыру;

теледидарда және БАҚ-та қоғамдық акциялар және жарнамалық мекемелер өткiзуi.

Нәтижесінде, көп пәтерлі тұрғын үйге және энергияға деген ұқыпты шаруашылық қарым-қатынас құрылу керек.

Қазіргі уақытта облыста 2010-2012 жылдарға арналған энергия үнемдеудің кешенді жоспары жасақталды, онда энергия үнемдеу саясатын дамыту бойынша іс-шаралар көзделген.


Абаттандыру

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық кәсіпорындары қызметінің негізгі бағыттарының бірі – елді мекендерді абаттандыру болып табылады.

Жыл сайын облыс бойынша 500 мың тонна қалдықтар пайда болады, соның ішінде 300 мың тонна коммуналдық және 200 мың тонна өндірістік қалдықтар. Атырау қаласы қатты-тұрмыстық қалдықтарды орталықтандырылған - жүйелі жинаумен қамтылған. Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау мен сақтаудың негізгі орны Атырау қаласындағы полигондар және селолық елді мекендердің ұйымдастырылған қалдық орындары болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет