Ата – аналар жиналысының №1 хаттамасы
Күні: «23» қыркүйек 2024 ж.
Уақыты: 17:00
Өткізілген орны: №206 МГ, 112С кабинет Қатысқандар: 17
Қатыспағандар: 9
КҮН ТӘРТІБІ
1. Баяндама: Қазіргі кездегі отбасылық тәрбие мәселелері
2. 1 тоқсан қорытындысы туралы сынып жетекшісінің есебі;
3. Қауіпсіздік ережелерімен таныстыру
4. Мектептің ішкі ережесі А.Б.Рысбекова
5. Ата –аналар кеңесінің құрамын сайлау.
Тыңдалды:
2024-2025 оқу жылының басталуына орай, жаңа форматтағы «Баланың басты ұстазы ата-ана» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыста барлық ата-аналармен әр түрлі ойындар ойнау арқылы жиналысымды өткіздім. Атап өтетін болсақ, оқушының бас әріпінен басталатын баланың жақсы қасиеттерін айтып орындарына жайғасты. Одан кейін ата-аналарға «Гүлдер әдісі» деп аталатын әдісті көрсеттім. Оқушылардың оқу үлгерімі, тәртіптері жайлы айттым. Ата-аналарға сауалнама мен келісім шартты толтыртқыздым.
Тыңдалды: «Баланың басты ұстазы ата-ана» (баяндама б.р)
Сөйледі: сынып жетекші А.Б.Рысбекова
Бала тәрбиесі – игілікті іс берері де, сұрары да, жемісі де мол тәрбие, халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзей алмайсың»-деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейрімділік өз-өзіне сенімділікке тәрбиелеу отбасы мен педагогтар шешуші роль атқаратындығы белгілі.
Бүгінгі қыз – ертенгі ана ол шешеге қарап өсіп, бой түзейді. Балаға білім тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші ата-ана және қоғам.
Ертенгі ана бүгінгі қыздарды тәрбелеу ананың және баршаның борышы қыз баланы құрметтеу, олардың алдында дөрекі сойлемей ізетті болу халқымыздың игі дәстүрінің бірі.
Ал қазіргі таңда бала тәрбиесіне радио, теледидар,ұялы телефон, газет журнал мен дискатекалар жан – жақты әсер етіп оны тәрбиелеуде. Ата – аналар күн ұзақ жұмыста, бала тәрбиесіне бөлінетін уақыт аз. Сондықтан қыздарымыз өзңмен өзі қалып бара жатқан жайы бар.
Сондықтан әрбір қыз балаға ата-анасы, туыстары,ұстазды сыйлау, үлкенді қадірлеуді үйретсе болашақта халқын сүйетін өз шаңырағын атқаратын, қайратты жан, нәзік ару шығары сөзсіз деп сөзін аяқтап бейне ролик көруді ұсынды.
Тыңдалды: Мектеп ішкі ержесі
Сөйледі: сынып жетекші А.Б.Рысбекова
Бала тәрбиесі – мәңгілік мәселе, әрі қиын, әрі күрделі үдеріс. Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов «Ел басымын десең, бесігіңді түзе» дегендей ұрпақ тәрбиесі бесіктенбасталатыны баршаға аян. Өйткені бала өміріміздің жалғасы, ертеңі, жарқын болашағымыз, ел мен жердің иесә. Олай болса бала тәрбиесінде ата-ананың жауапкершілігі, міндеті көп. Ата-ана баланы оқытуға, сабаққа уақытында жіберуге, сабақтан кешіктірмеуге, себепсіз сабақтан алып қалмауға, ауырған жағдайда баланы дәрігерге қаратып, мектепке денсаулығы туралы анықтама анықтама әкелуге, бір жағдай болып баланы алып қалған жағдайда қол хат жазып, сынып жетекшісіне хабарлауға, баламын мектепке формамен жіберуге, Сабаққа әкеліп алып кетуге сабақтан соң міндетті екенін баса айтты.Сонымен қатар мектепке қымбат әшекей бұйымдар тағу болмйтындығы,ұялы телефон алып келмеу керектігі, алып келген жғдайда егер телефоны жоғалса мектеп әкімшілігі жауап бермейтіндігі ескертілді. Сонымен қатар арнайы ауыз судың жоқтығына байланысты әрбір оқушы өздерімен бірге құтыға құйып су әкелу керектігі айтылды.
Кешкі сағат 20.00 ден кейін ата-анасынсыз 18 жасқа толмаған балалар көшеге шығуға болмайтындығы, көңіл көтеретін орындарға бармау керектігі ата-аналарға ескертілді.
Тыңдалды: Ата-аналар кеңесінің құрамын сайлау Ата-аналар комитетінің төрайымы Коныратова Айжан
Сөйледі: Ата-аналар кеңесінің төрайымы Коныратова Айжан өз сөзінде өткен оқу жылында мектеппен тығыз байланыста болып, белсене араласқан ата-аналарға алғысын білдіріп, жаңа оқу жылына ата-аналар кеңесінің құрамын сайлау керектігін айтты.
Ата-аналар тарапынан бір ауыздан төмендегі ата-аналарды ұсынды.
Қорытынды:
Жиналыс барысында ата-аналар мен оқущылар арасындағы қарым-қатынасты жақсарту, мектептегі тәртіп пен білім беру сапасын арттыруғабағытталған маңызды мәселелер қаралды. Әрбір ата-анаға және оқушыға мектеп ережелерін сақтау және адал еңбек ету қажеттігі түсіндірілді.
Қаулы:
№1 ата-аналар жиналысы қызықты, әрі жоғары деңгейде өткізілді
Хатшысы: Коныратова Айжан
Достарыңызбен бөлісу: |