Кызылорда жоғары медициналық колледжі
РЕФЕРАТ
«Міндетті медициналық қарап тексеруді өткізу қағидаларын бекіту туралы
№ 128 бұйрығы »
Орындаған: Қараумбетова Ф
2019 жыл
Жоспар:
Кіріспе
Жалпы ережелер
Зиянды және (немесе) қауіпті заттармен және өндірістік факторлармен байланыста жұмыс істейтіндерді міндетті (алдын ала және мерзімдік) медициналық тексеріп-қарауларды жүргізу тәртібі
Халықтың декреттелген тобына міндетті медициналық қарап-тексеруді өткізу тәртібі
Кіріспе
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 24 ақпандағы № 128 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 8 сәуірде № 10634 тіркелді.
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 155-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Міндетті медициналық қарап тексеруді өткізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 03.09.2018 № ҚР ДСМ-9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Осы Міндетті медициналық қарап тексеруді өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) міндетті медициналық қарап тексеруді өткізудің тәртібі мен кезеңділігін айқындайды. Осы Қағидаларды жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ ведомстволық қатыстылығына және меншік нысанына қарамастан денсаулық сақтау субъектілерінің орындауы міндетті.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылды:
1) алдын ала медициналық тексеріп-қараулар – жұмысқа тұру немесе оқуға түсу алдында кәсіп немесе оқу бойынша міндеттерін орындауға жарамдылығын анықтау, сондай-ақ жалпы және кәсіптік аурулардың алдын алу мақсатында жүргізілетін міндетті медициналық тексеріп-қараулар;
2) мерзімдік медициналық тексеріп-қараулар –денсаулық жағдайына динамикалық қадағалауды қамтамасыз ету, аурулардың бастапқы белгілерін уақтылы анықтау, жалпы, кәсіптік, инфекциялық және паразиттік ауруларды таратпауды қамтамасыз ету мақсатында жүргізілеін міндетті медициналық тексеріп-қараулар;
3) халықтың декреттелген тобы – айналасындағыларға инфекциялық және паразиттік ауруларды жұқтыруы үшін барынша қауіп төндіретін қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін адамдар;
4) жеке медициналық кітапша – халықтың декреттелген тобы өкіліне берілетін, міндетті медициналық тексеріп-қараулар нәтижелері жазылатын жұмысқа рұқсат туралы белгісі бар дербес құжат.
Зиянды және (немесе) қауіпті заттармен және өндірістік факторлармен байланыста жұмыс істейтіндерді міндетті (алдын ала және мерзімдік) медициналық тексеріп-қарауларды жүргізу тәртібі
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 03.09.2018 № ҚР ДСМ-9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3. Міндетті медициналық тексеріп-қарауларды (алдын ала және мерзімдік) зертханалық және функционалдық зерттеулердің толық көлемін жүзеге асыру үшін білікті мамандармен және материалдық-техникалық ресурстары бар медициналық ұйымдар жүргізеді.
4. Авиациялық персоналды (оқуға түсетін және ұшқыштарды даярлау жөніндегі авиациялық оқыту орталықтарында оқитын адамдар, әуе қозғалысына қызмет көрсететін авиадиспетчерлер, ұшқыштар, бортинженерлер (бортмеханиктер), штурмандар, авиадиспетчерлер, бортжолсеріктер, бортоператорлар, әуесқой ұшқыштар (ұшақ немесе тікұшақ), жеңіл авиация ұшқыштары, бортрадистер) міндетті медициналық тексеріп-қараулар осы Қағидалардың 10-тармағы, 13-тармағының 4-тармақшасы және 14-тармағының талаптарын сақтай отырып, "Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында медициналық куәландыру және қарап-тексеру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 5 маусымдағы № 324 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 15325 болып тіркелген) сәйкес жүргізіледі.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 03.09.2018 № ҚР ДСМ-9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Параграф 1. Зиянды және (немесе) қауіпті заттармен және өндірістік факторлармен байланыста жұмыс істейтіндерді алдын ала медициналық тексеріп-қарауларды жүргізу тәртібі
5. Міндетті алдын ала медициналық тексеріп-қарауларды жүргізуге қатысатын медициналық ұйымдардың медициналық қызметкерлері қызметкерді тексеріп-қарауды жүзеге асырады және тексерілушіні зертханалық зерттеуге жібереді.
6. Міндетті алдын ала медициналық тексеріп-қараулардың деректері қызметкердің орындайтын жұмысқа (өндірістік практикаға) денсаулық жағдайының сәйкестігі немесе сәйкессіздігі туралы қорытындыны ресімдей отырып, амбулаторлық пациенттің Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде № 6697) тіркелді (бұдан әрі - № 907 Бұйрық) бекітілген 025/е нысан бойынша медициналық картасына енгізіледі.
7. Міндетті алдын ала медициналық тексеріп-қарауларды өткен және зиянды өндірістік факторлары бар жұмысқа жарамды болып танылған тұлғаларға № 907 Бұйрықпен бекітілген 086/е нысан бойынша медициналық анықтама беріледі.
8. Денсаулық жағдайының жұмысты орындау үшін, оның ішінде оқитындардың оқу кезеңін өндірістік практикасында көзделген қажетті талаптарға сәйкестігі туралы қорытындыны оқу орындарында медициналық ұйым басшысының бұйрығымен тағайындалған жауапты медициналық қызметкер қабылдайды.
Параграф 2. Зиянды және (немесе) қауіпті заттармен және өндірістік факторлармен байланыста жұмыс істейтіндерді міндетті мерзімдік медициналық тексеріп-қарауларды жүргізу тәртібі
9. Міндетті мерзімдік медициналық тексеріп-қарауларды жүргізу кезеңділігі: жыл сайынғы медициналық тексеріп-қарау жылына 1 рет.
10. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы (оның ішінде көліктегі) мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері:
1) міндетті медициналық тексеріп-қараулармен толық қамтуға, сапасына және уақтылы өткізуге бақылауды жүзеге асырады;
2) жұмыскерлердің міндетті медициналық тексеріп-қараулары нәтижелерін қорытындылауға қатысады;
3) медициналық ұйымның сұрауы бойынша еңбек жағдайының санитариялық-эпидемиологиялық сипаттамасын ұсынады.
11. Орындалатын жұмысқа қарсы айғақ болып табылатын инфекциялық немесе паразиттік аурулар диагностикаланған, инфекциялық аурулардың қоздырғыштарын тасымалдаушылық анықталған жағдайда медициналық ұйымның жауапты медицина қызметкері халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органдарына ведомствасының аумақтық бөлімшесіне шұғыл хабарлама жібереді және науқасты емделуі үшін тұратын жері бойынша тиісті емдеу-профилактикалық ұйымына жібереді.
12. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы (оның ішінде көліктегі) мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері тұлғаларды міндетті медициналық тексеріп-қарауды өтпеген жағдайда жұмыстан шеттетеді.
13. Медициналық ұйым:
1) Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомстволарымен келісілген міндетті мерзімдік медициналық тексеріп-қарауға жататын контингенттердің тізімдерін алған кезде міндетті мерзімдік медициналық тексеріп-қарау өткізу үшін комиссия құрады және дәрігерлік комиссия құрамын, әсер ететін зиянды өндірістік факторлардың ерекшеліктерін есепке ала отырып зертханалық және басқа да зерттеулердің түрі мен көлемін, дәрігерлік комиссия жұмысының уақыты мен мерзімін айқындайтын күнтізбелік жоспар құрады. Міндетті мерзімдік медициналық тексеріп-қараулар өткізетін медицина қызметкері болмағанда және жеткіліксіз болғанда қажетті зерттеулер қызметтің аталған түріне лицензиясы бар басқа медициналық ұйымдарда жүргізіледі. Жоспар ұйымның әкімшілігімен (жұмыс берушімен) келісіледі;
2) медициналық ұйымның басшысы дәрігерлік комиссия құрамын бекітеді, комиссияның төрағасы кәсіптік патология бойынша кәсіби қайта даярлығы және маман (кәсіптік патолог) сертификаты бар және міндетті мерзімдік медициналық тексеріп-қарау жүргізуге жауапты болып табылатын дәрігер-кәсіптік патолог болып табылады. Дәрігерлік комиссия құрамына өз мамандықтары шеңберінде кәсіптік патология бойынша даярлықтан өткен терапевт, хирург, невропатолог, отоларинголог, офтальмолог, дерматовенеролог, гинеколог, рентгенолог, функционалдық диагностика бойынша дәрігер, дәрігер-зертханашы медицина қызметкерлері кіреді. Дәрігерлік комиссияның жұмысына қажет болған жағдайда өз мамандықтары шеңберінде кәсіптік потология бойынша даярлықтан өткен басқа мамандар да (тіс дәрігері, кардиолог, аллерголог, эндокринолог, фтизиатр, гематолог) тартылады. Міндетті мерзімдік медициналық тексеріп-қарауларға қатысатын медицина қызметкерлері жұмыс беруші ұсынған кәсіптік қызметінің сипаттамасымен және жұмыскерлердің еңбек жағдайымен танысуы тиіс;
3) тоқсан сайын міндетті мерзімдік медициналық тексеріп-қарауларды өткізу бойынша медициналық ұйымның жұмысы туралы жиынтық есепті осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы (оның ішінде көліктегі) мемлекеттік орган ведомствасының аумақтық бөлімшесіне ұсынады;
4) міндетті мерзімдік медициналық тексеріп-қараулар аяқталған соң ауыр жұмыстарда, зиянды (өте зиянды) және (немесе) қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейтін жұмыскерлердің нәтижелерін қорытындылайды және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 5 данада қорытынды акт жасайды, оны өткізілген міндетті мерзімдік медициналық тексеріп-қараудан кейін күнтізбелік 30 күн ішінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы (оның ішінде көліктегі) мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесіне ұсынады. Актіге қосымшаларда басқа жұмысқа ауысу ұсынылған, стационарлық және санаториялық-курорттық емдеу, диеталық тамақтану, динамикалық бақылау көрсетілген адамдардың аты-жөні жазылған тізім беріледі. Қорытынды актілер қол қойылғаннан кейін орындалуы үшін ұйымның әкімшілігіне, кәсіподақ комитетіне, бақылау үшін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы (оның ішінде көліктегі) мемлекеттік орган ведомствасының аумақтық бөлімшесіне, жұмыс үшін жұмыс берушінің орналасқан орны бойынша аумақтық медициналық ұйымдарға беріледі, бір данасы міндетті мерзімдік медициналық тексеріп-қарау өткізген медициналық ұйымда қалады;
5) міндетті мерзімдік медициналық тексеріп-қарау деректері денсаулық сақтау саласындағы № 907 Бұйрығымен бекітілген 025/е нысан бойынша амбулаториялық пациенттің медициналық картасына және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша амбулаториялық пациенттің медициналық картасына тіркелген қосымша параққа енгізіледі. Бұл ретте, міндетті мерзімдік медициналық тексеріп-қарауға қатысатын әрбір медицина қызметкері кәсіптік жарамдылық туралы өз қорытындысын береді. Амбулаториялық пациенттің медициналық картасының қосымша парағына кәсіптік бағдардың деректері енгізіледі. Жұмыстан шығу және басқа ұйымға ауысу кезінде амбулаториялық пациенттің міндетті медициналық тексеріп-қараулар деректері бар медициналық картасы жаңа жұмыс орны бойынша медициналық ұйымға беріледі. Міндетті мерзімдік медициналық тексеріп-қарау амбулаториялық пациенттің тұратын жері бойынша медициналық картасы немесе оның көшірмесі болған жағдайда жүргізілуі тиіс;
6) медициналық қарап тексеру түріне қарамастан, тұратын жерінің медициналық құжаттамасын есепке ала отырып, дәрігерлік комиссияның кәсіптік жарамдылық туралы сараптамалық қорытындысын ресімдейді. Бұл ретте зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істеуге қарсы айғақ болған адамдарға дәрігерлік комиссияның қорытындысы берілмейді. Сараптама қорытындысы үш жұмыс күні ішінде зиянды өндірістік факторлармен жұмыс істеуге қарсы айғақ болған адам бір мезгілде хабардар етіле отырып, жұмыс берушіге жіберіледі.
Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық экономика министрінің 23.11.2016 № 485 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
14. Жұмыс беруші:
1) 1 желтоқсаннан кешіктірмей, кейіннен халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы (оның ішінде көліктегі) мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерімен келісе отырып, осы Қағидаларға 3-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 175 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10987 болып тіркелген) Міндетті медициналық қарап тексеру өткізілетін зиянды өндірістік факторлардың, кәсіптердің тізбесін басшылыққа ала отырып міндетті медициналық қарап тексеруге жататын адамдардың тізімін жасайды;
2) өз қаражаты есебінен мерзімдік медициналық тексеріп-қарау өткізуді ұйымдастырады;
3) кәсіпорынға қызмет көрсететін медициналық ұйыммен немесе жұмыс берушінің орналасқан жері бойынша аумақтық медициналық ұйыммен бірлесіп, кәсіптік аурулармен ауыратын және оларға күдікті адамдарды терең зерттеу және кәсіби патология орталықтарына емдеу үшін медициналық ұйымға уақтылы жіберуді қамтамасыз етеді;
4) кәсіпорынға қызмет көрсететін медициналық ұйыммен немесе жұмыс берушінің орналасқан жері бойынша аумақтық медициналық ұйыммен бірлесіп, жыл сайын халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы (оның ішінде көліктегі) мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшесімен келісілген, анықталған науқастарды сауықтыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлейді.
Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық экономика министрінің 23.11.2016 № 485 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
15. Кәсіпорынға қызмет көрсететін медициналық ұйымның немесе жұмыс берушінің орналасқан жері бойынша аумақтық медициналық ұйымның міндетті мерзімдік медициналық тексеріп-қарау нәтижелері бойынша кейін жұмыскердің диспансерлік топтардың біріне тиесілілігін анықтай отырып және кәсіптік аурулардың және әлеуметтік маңызды аурулардың профилактикасы бойынша ұсынымдарды ресімдей отырып – одан әрі бақылау, емдеу және оңалту бойынша:
1) оңалтуды қажет етпейтін дені сау жұмыскерлер;
2) әртүрлі ағзалары мен жүйелерінде тұрақты емес функционалдық өзгерістері бар, іс жүзінде дені сау жұмыскерлер;
3) жалпы аурулардың бастапқы түрлерімен ауыратын жұмыскерлер;
4) мамандығында жұмысын жалғастыруға қарсы айғақ болып табылатын, сонымен қатар қарсы айғақ болып табылмайтын жалпы аурулардың айқын түрлері бар жұмыскерлер;
5) организмге зиянды өндірістік факторлар әсерінің белгілері бар жұмыскерлер;
6) кәсіптік аурулардың белгілері бар жұмыскерлер топтар құрылады.
16. Жұмыс берушінің орналасқан жері бойынша аумақтық медициналық ұйым кәсіпорынға қызмет көрсететін медициналық ұйым болмаған жағдайда одан әрі диспансерлік тексеру үшін жұмыскерлердің тұратын жері бойынша медициналық ұйымдарға диспансерлік тексерудің қалыптасқан топтарынан тұлғалардың тізімдерін жібереді.
Кәсіпорынға қызмет көрсететін медициналық ұйымда немесе жұмыс берушінің орналасқан жері бойынша аумақтық медициналық ұйымда міндетті мерзімдік медициналық тексеріп-қарау нәтижелері бойынша диспансерлік тексеруге әртүрлі ағзалары мен жүйелерінде тұрақты емес функционалдық өзгерістері бар, іс жүзінде дені сау жұмыскерлер, жалпы аурулардың бастапқы түрлерімен ауыратын жұмыскерлер; мамандығында жұмысын жалғастыруға қарсы айғақ болып табылатын және қарсы айғақ болып табылмайтын жалпы аурулардың айқын түрлері бар жұмыскерлер жатады.
17. Мамандығында жұмысты жалғастыруға қарсы айғақ болып табылатын және қарсы айғақ болып табылмайтын жалпы аурулардың айқын түрлері бар жұмыскерлер емдеу-оңалту бейініндегі медициналық ұйымдарға оңалтуға жіберіледі, содан кейін оларға қатысты кәсіптік жарамдылыққа сараптау жүргізіледі. Медициналық оңалту кезеңінен кейін еңбекке жарамды деп танылған жұмыскерлер жалпы аурулардың алғашқы түрлері бар адамдар тобында диспансерлік бақылауға жатады.
18. Организмге зиянды өндірістік факторлардың әсер ету белгілері және кәсіптік аурулар белгілері бар жұмыскерлер аурудың мамандықпен байланысын белгілеу бойынша қызметті жүзеге асыратын медициналық ұйымға жіберіледі.
19. Кәсіптік аурулармен ауыратын адамдар өнеркәсіптік кәсіпорынға қызмет көрсететін немесе тұратын жері бойынша медициналық ұйымның кәсіптік патологында диспансерлік есепте тұрады.
20. Міндетті мерзімдік медициналық тексеріп-қарау нәтижелері бойынша жұмыскерлерді емдеуге жатқызу мынадай үш негізгі кезеңнен тұратын кезеңдік оңалту қағидалары негізінде жүзеге асырылады:
1) бірінші кезең: өнеркәсіптік кәсіпорындар жанындағы денсаулық сақтау пункттерінде, санаторий-профилакторийлерде іс жүзінде дені сау жұмыскерлерде аурулардың профилактикасы бойынша іс-шаралар;
2) екінші кезең: "тәуекел тобы" адамдарын: суық тиіп жиі және ұзақ ауыратын, әртүрлі функционалдық бұзылулары бар, жалпы аурулардың алғашқы түрлері бар, кәсіптік аурулардың клиникаға дейінгі белгілері бар адамдарды диспансерлік бақылауды және санаториялық-курорттық сауықтыру кезеңін міндетті түрде қоса отырып, амбулаториялық және стационарлық жағдайларда тұрақты профилактикалық емдеу жолымен медициналық оңалту;
3) үшінші кезең: кәсіптік аурулары бар науқастарды, оның ішінде осы аурулардың салдарынан мүгедек болған адамдарды аурудың мамандықпен байланысын белгілеу бойынша қызметті жүзеге асыратын медициналық ұйым жағдайларында, қызметтің осы түріне лицензиясы бар санаторийлік-курорттық сауықтыру орындарында оңалту.
21. Кәсіпорындардағы науқастарды, жұмыскерлерді емдеуге жатқызуды және медициналық оңалтуды бақылау аумақтық медициналық ұйымдарды және кәсіпорындарға қызмет көрсетуді жүзеге асыратын медициналық ұйымдарды тарта отырып, облыстық (қалалық) кәсіптік патология кабинеттеріне жүктеледі.
22. Кәсібі бойынша міндеттерді орындауға жарамдылықты анықтау кезінде жалпы медициналық қарсы айғақтарды денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
Халықтың декреттелген тобына міндетті медициналық қарап-тексеруді өткізу тәртібі
Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 03.09.2018 № ҚР ДСМ-9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
23. Міндетті медициналық тексеріп-қарауларды, зертханалық зерттеулерді көрсетілген медициналық қызмет түрлеріне арналған мемлекеттік лицензиясы бар медициналық ұйымдар жүргізеді.
24. Жұмысқа рұқсатты міндетті медициналық тексеріп-қарауларды жүргізуге арналған мемлекеттік лицензиясы бар ұйымдар береді.
25. Міндетті медициналық тексеріп-қарауларды жүзеге асыратын ұйым басшысының бұйрығымен міндетті медициналық тексеріп-қарауларды жүргізуге, жұмысқа рұқсат беруге жауапты тұлға (терапевт дәрігер) тағайындалады.
26. Міндетті медициналық тексеріп-қараулардың және зертханалық зерттеулердің нәтижелері жеке медициналық кітапшаларды беру, есепке алу мен жүргізу тәртібін Кодекстің 155-бап 10-тармағына сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган бекіткен медициналық кітапшада жазылады.
27. Инфекциялық немесе паразиттік аурулар диагностикаланған, сондай-ақ жұмысты орындауға (іріктеуге) берілетін рұқсатқа қарсы айғақ болып табылатын инфекциялық аурулар қоздырғыштарын тасымалдау анықталған жағдайда рұқсат беруге жауапты тұлға науқасты емдеу үшін тұрақты мекенжайы бойынша тиісті емдеу-профилактиткалық ұйымына жібереді.
28. Декреттелген тұлғаларға жеке медициналық кітапшаларға жұмысқа рұқсат беру белгісі қойылған соң жұмыс істеуге рұқсат етіледі.
29. Жұмыскерлердің жеке медициналық кітапшалары жұмыс орнында сақталуы тиіс.
30. Жауапты тұлға және зертхана мамандары медициналық тексеріп-қараулардың, зертханалық зерттеулердің растығы мен сапасын, сондай-ақ инфекциялық, паразиттік аурулар мен бактерия тасымалдау диагнозы қойылған жағдайда халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствасының құрылымдық бөлімшесіне шұғыл хабарлама жіберуді қамтамасыз етеді.
32. Міндетті медициналық тексеріп-қарауларға жататын жұмыскерлердің тізбесі, сондай-ақ эпидемиологиялық маңызды объектілерде жұмыс істейтін тұлғаларды зертханалық және функционалдық зерттеулердің жиілігі мен көлемі осы Қағидаларға 4-қосымшада көрсетілген.
33. Алып тасталды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 23.11.2016 № 485 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
34. Әкімшілік шаруашылық қызметтің жұмыскерлері: бухгалтер, күзетші, аула сыпырушы, күзет қызметі, қызметтік-әкімшілік үй-жайларды жинайтын техникалық персонал халықтың декреттелген тобының тізбесіне кірмейді.
Ескерту. 3-тарау 34-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 23.11.2016 № 485 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
35. Эпидемиологиялық маңызды объектілерде жұмыс істейтін тұлғалардың зертханалық және функциялық зерттеулерінің жиілігі мен көлемі осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |