Ақтүйесай селолық округінің әкәмә Ж.С.Сұнғатовтың
2010 жылы атқарылған жұмыстары және әлеуметтік-экономикалық даму қортындылары мен алға қойылған міндеті туралы есебі
Құрметті жиналған қауым!
Бүгін біз жыл сайынғы есептік кездесуде кездесіп отырмыз.
Өткен 2010 жыл еліміз бен ауданымыздың өміріндегі маңызды оқиғалармен аталып өті.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев тәуелсіздіктің 19 жылдығына арналған салтанатты жиналыстағы өзінің құттықтау сөзінде республиканың осы жылдар ішіндегі дамуының негізгі қорытындыларын түйіндеді.
Бәріміз көптен күткен Астана Саммиті өз мәресіне жетті. Осы арқылы еліміздің әлемге әйгілі Ұйымға төрағалық ету, оның талай жылдардан бері шақырылмаған Саммитін ұйымдастыру жөніндегі жұмысы да негізінен қорытындыланды. Бұл - Қазақстан төрағалығының табысы, еліміздің жасампаздық жолындағы жаңа жарқын жеңісі.
Бұл біздің аса көрнекті ізгі жетістігіміз.
Өткен 2010 жылдың округіміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары жайлы баяндауға рұқсат етіңіздер.
Ақтүйесай селолық округі үш елді-мекенінен тұрады:
Ақтүйесай селосы, Қондыбай ауылы, Күзексай селосы. Тұрып жатқан тұрғындардың саны 1602 адам, соның ішінде:
Ақтүйесай селосында - 883 адам, Қондыбай ауылында - 533 адам,
Күзексай селосында - 186 адам. Округ көлемінде 160 зейнеткер, 52 мүгедектер, 60 студенттер, 302 оқушы тұрып жатыр.
Жыл басынан бері 21 бала дүниеге келді.
Аграрлық сектордың дамуы.
Өткен жылы Ақтүйесай селолық округінде жалпы егістігі мен жалпы бидай өнімінің құрамы 37925 гектар болды, оның ішінде бидай – 32519 гектар, арпа 409 гектар, майлы дақылдары - 5000 гектар. Картоптың жалпы егістік көлемі 2010 жылы 50,7 гектарды құрады. Былтырғы жылмен салыстырғанда бидай өнімінің 2500 гектарға жалпы егістік көлемнің көтерілуі округтегі қызмет атқарып жүрген ауыл шаруашылық құрылымдарының арқасында деуге болады. Бұл «Қызылту-Астық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және «Бекбаев» шаруа қожалығы. Ауыл шаруашылық ұжымдарының бидай өнімдерінің ең жоғарғы сапасын алуға округте көп іс-шаралар өткізілді.
Егін ору жұмыстарын қорытындылай келе, мынаны айтуға болады - округ бойынша егістіктің өнімі 13,1 ц\га болды. 2010 жылы селолық округтегі ауыл шаруашылық құрылымдарымен алынған субсидияның көлемі 17037000 (он жеті млн. отыз жеті мың) теңге.
Ауыл шаруашылығы саласын барынша дамытуға назар аударудамыз. Бүгінгі күнде селолық округте ірі қара малдың саны - 2462 басты құрайды, соның ішінде сиырлар - 1145 бас, қойлар - 3211, одан аналық қойлар - 1128 бас, жылқы -1648 бас, соның ішінде биелер - 681 бас, шошқа - 315 бас, соның ішінде торайлар - 39 бас, құстар саны - 6900.
Малдардың және құстардың санының көбеюі арқылы мал шаруашылығының азық-түлік өндірісінде өткен 2010 жылда 62 тонна ет өндірілді, өткен жылмен салыстырғанда 5 тоннаға арта түсті, 111 тонна сүт сауылды, өткен жылмен салыстырғанда 3 тоннаға артты.
Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру қарқынын сақтау және жергілікті тұқымды жақсарту мақсатымен Ақтүйесай және Күзексай селосында 2 жасанды ұрықтандыру пункттері жұмыс істейді. Бұл жұмыстарды жалғастыру үшін жұмыссыз үш адам Есіл колледжына оқуға жіберіліп шаштараз, жасанды қолмен ұрықтандыру технологы бойынша, аспазшы-кондитер мамандығы бойынша куәліктерін алды. Бүгінгі күнде селолық округ әкімінің аппаратына ветеринар мамандығы бойынша бір адам жұмысқа тағайындалды, аумақтық инспекциясы, басқадай мүдделі органдармен бірлесіп округтің елді мекендерінде ветеринарлық сала және денсаулықты сақтау сұрақтары бойынша жұмыстарды жүргізіп жатыр.
Еліміздің Президенті Нұрсултан Әбішұлы Назарбаевтың Жолдауында әлеуметтік серіктестік туралы баса айтылғандай, бүгінгі күнде округте орналасқан ауыл шаруашылықтары мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері де әлеуметтік саланы дамытуға және округтің алға дамуына өз үлестерін қосуда. Атап айтқанда, «Қызылту Астық» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігінің басшысы - Кашаев Кенжебай Әбілқажымұлына, «Бекбаев» шаруа қожалығының басшысы - Бекбаева Клара Қабдошқызына, «Медерес»- ШҚ-ның басшысы Құсайынова Рысалдыға, «Ташмаков» шаруашылығының басшысы - Ташмаков Тоқтар Ысқақұлына, «Нұржан»- ШҚ-ның басшысы- Аткенов Нұрлыбекке, «Искаков» өндірістік серікстестіктің басшысы - Искаков Қосман Бақытұлына ШҚ «Выбор» Мурай Виктор Андреевичке үлкен алғысымызды білдіреміз.
Өнеркәсіп.
Бүгінгі күні басты бағыттардың бірі – шағын және орта бизнестің дамуы. Округ бойынша Ақтүйесай селосында өткен 2010 жылда жеке кәсіпкер Сыздыкова Майра өз қаржы есебінен шағын наубайхана ашты, күніне 160 бөлке нан пісіріледі. Ел тұрғыны Шайсултанов Хабиболла жаңадан жеке меншік азық түлік дүкенін салды.
Көркейту саласы.
Округте Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Серік Сұлтанғазыұлы Біляловтың бастамасы бойынша елді мекендерді көгаландыру акциясы, таза және әдемі ауыл үшін, біздің балалардың болашағы үшін «Жас өркен» бағдарламасын орындау аясында жұмыстар атқарылып жатыр. Биыл округ абаттандыру бойынша 200 түп ағаш егілді. Елді мекендерді абаттандыру, бойынша мал қорамың аумағында тазалау жұмыстары жүргізілді.
Әлеуметтік қорғау.
Ел басымыз Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқының әлеуметтік ахуалына аса көңіл аударуда, біз де осы тұрғыдағы жұмысты нақты орындап отыруға тырысудамыз. Округ көлемінде 2008-2010 жылдарға арналған халықты жұмыспен қамту бағдарламасы жүзеге асырылады. Оның ішінде жаңа жұмыс орындарын ашу, экономикалық белсенді тұрғындарды жұмысқа тарту жөнінде жұмыс айқындалды.
2010 жылдың қорытындысы бойынша халықты жұмыспен қамту жоспары келесі көрсеткішпен орындалды:
- жұмысқа орналастыру - (56-адам) соның ішінде тұрақты жұмыс орындарына -28 адам орналасты, қоғамдық жұмыстарға жіберілгені - 28 адам.
- жұмыссыздарды кәсіби оқыту және қайта оқыту- 10адам.
Қоғамдық жұмыстарға 2010 жылы- 28 адам тартылды, оған 1.131.911 /бір миллион жүз отыз бір мың тоғыз жүз он бір теңге /бөлініп, игерілді..
2010 жыл ішінде 18 жасқа дейінгі мемлекеттік жәрдем ақы-100 жанұяға, соның ішінде:
170 балаға - 2млн 878.516 / екі миллион сегіз жүз жетпіс сегіз мың бес жүз он алты мың теңге көлемінде қаржы тағайындалып, төленді.
Атаулы әлеуметтік көмек- 20 жанұяға, соның ішінде алушыларға-1.316.845/ бір миллион үш жүз он алты мын сегіз жүз қырық бес/ теңге төленді.
2010 жылы бірде бір жұмыскері жоқ отбасылар саны округ бойынша -23 отбасыны құрады, барлығына атаулы әлеуметтік көмек және 18 жасқа дейінгі мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төленеді.
Жыл ішінде олардың тарапынан төлемді қоғамдық жұмыстарға және
кәсіби оқуға жіберіп отырдық. Кәсіптік оқуға жыл ішінде жіберілгендердің саны -10, соның ішінде аспазшы мамандығының куәлігін алған - 4 адам, дәнекерлеуші мен жүргізушілер - 4 және 1 - электр монтажшы. Біздің округ бойынша 2 Ұлы Отан соғыс ардагерлеріне көмек көрсетіліп отырады. Уәлиханов ауданыңын әкімі Уәхитов Еслям Болатұлы көмегімен ардагер Алдабергенов Осіп атаға 200,0 /екі жүз/ мың теңге көлемінде үй жөңдеу және үйдің сыртын кірпішпен қалауға әлеуметтік көмек көрсетілді. Уәлиханов ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен жалғыз басты зейнеткерлер Кусаинова Нурия және Бауэр Мина апайларға 10,0 /он мың/ теңгеден қысқы мерзімге отын ағаш алуға әлеуметтік көмек көрсетілді.
Әлеуметтік-мәдени саланың дамуы. Білім беру.
Округте 3 селолық кітапхана жұмыс істейді -Ақтүйесай, Күзексай, Қондыбай ауылдарында, 2 мәдениет ошағы жұмыс істейді –Күзексай мен Қондыбай ауылдарында.
Білім беру саласында округте 2 орта мектеп Ақтүйесай, Қондыбай ауылдарында және 1 негізгі толық емес мектеп - Күзексай ауылында балаларға дәріс беруде.
Білім саласында 302 оқушы, 76 маман қамтылған. Ақтүйесай және Кондыбай орта мектептеріне «Интернет» жүйесі қосылған. Мектеп ұстаздары аудандық байқау, сайыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. 2010 ж Күзексай селосында және Қондыбай ауылында мектеп жасқа дейінгі балаларға шағын орталығы ашылды. Барлық округ бойынша балалардын саны - 60 бала.
Спорттық объектілер, залдар мектептерде орналасқан.
Спорт саласында биылғы жылы облыс және аудан көлеміндегі өткізілген спорт жарыстарына жастарымыз үзбей белсенді қатысып отыр. Мектептердің спорт залдарында үзбей жастар арасында волейбол, баскетбол, теннис, тағы басқадай спорт түрлерін жарыстары ұдайы өтіп тұрады.
Кеңес Одағы әскерлерінің ауған жерінен шығарылғанына 21 жыл толуына орай шайбалы хоккейден аудандық жарыс Ақтүйесай селосында өткізілді. Кішкенекөл селосында Қазақстан Республикасының Тәуілсіздік күніне және «Нұр Отан» халықаралық демократиялық партиясының сыйлығына өткізілген ерлер арасындағы волейбол жарысында Ақтүйесай командасы 1 орынға ие болды.
Денсаулық сақтау саласы.
Округ бойынша 2 ФАП/ фельдшерлік акушерлік пункт/ (Қондыбай, Кузексай ауылдарында), 1-селолық дәрігерлік амбулатория (Ақтүйесай селосында) мекемелер жұмыс істеуде.
Денсаулық сақтауды дамыту және реформалау бағдарламасының табысты жүзеге асырылуы саланың даму қарқынын жеделдетуге мүмкіндік берді.
Бұл тұрғындардың денсаулығын сақтау саласындағы біздің жұмысымыздың дұрыстығы мен тиімділігін дәлелдеді.
Жалпы алғанда ауыл халқы кейбір уақытша қиыншылықтарға қарамастан Елбасының Республиканың даму жоспарына өте жоғары баға бере отыра, оған зор сенімділік білдіріп отыр.
«Жол картасының» бір тармағында жастар тәжірибесі жөнінде айтылған. Осыған орай оқу бітіріп, елге оралған ел жастары еңбек етіп жүр. Округ бойынша 26 жас мамандар жастар тәжірибесін өтті, соның 9 жас маманы тұрақты жұмысқа орналасты.
Округ көлеміндегі мешіттің жұмысының негізгі бағыттары салауатты өмір салтын сақтау қоғамдық құндылықтарды насихаттау, қайырымдық шараларға қатысу, жастарды жақсылыққа тәрбиелеу болып табылады.
Елді-мекендерде санитарлық тазалық жұмыстары-ойдағыдай жүргізілуде. Алдымызда экономиканы жаңарту мен тұрғындардың тұрмыс сапасын көтеру жөнінде әлі де ауқымды жұмыстар атқару міндеті тұр.
Былтырғы, 2010 жылы, өткізілген округ әкімінің есепті кездесуіне
8 сұрақтар пен ұсыныстар түскен болатын.
Олардың қорытындылары бойынша аудан әкімі Еслям Болатұлы Уәхитовпен бекітіліп, бақылауға алынғаны
- 3 (үш) сұрақ, 2010 жылғы бақылауға алынған сұрақтың 2 (екеуі) шешілді.
1 сұрақ/ жәшіктен/:
-Күзексай ауылында «Хабар», «Ел арна», «Қазақстан» арналары көрсетуі нашар
Жауабы: «Солтүстік Қазақстан облыстық Радиотелехабар Тарату дирекциясы» АҚ-ның хатына сәйкес ел тұрғындары заводтық антеннаны сатып алып, жерден 6-7 метр биіктікте көтеріп, орнатып пайдаланулары қажет
2.Сұрақ: Жетібаев Серік, Ақтүйесай ел тұрғыны
- Селоның ішінде қанғыбас иттер өте көп, оларды атуды ұйымдастыруға бола ма?
Жауабы: Бұл сұрақ бойынша Кішкенекөл селосында тұратын жеке кәсіпкер Тілеген Сұлтанұлы Ахметовпен келісім шарт жасалып қанғыбас иттерді ату жұмыстары 2010 жылдың 15 сәуіріне дейін ұйымдастырды.
3.сұрақ: Смагулова Алтыншаш Ақтүйесай селосының тұрғыны
- Қызылту Астық ЖШС-нің басшылары 2009 жылдың жер үлесінің дивиденттерін төлемей жатыр. Дивиденттер бойынша қарыздарымызды
алуға көмек көрсетуінізді сұраймыз.
Жауабы: «Қызылту Астық» ЖШС-не 2010 жылдың 15 қаңтарында жазбаша түрде жолданған хатымызға, 2010 жылдың 2 тоқсанында халықтың жер үлестерінің дивиденттерімен есеп айырысты.
Қалған 5/бес/ сұрақтарға кездесу жиналысында түсініктеме берілді. Ол мына сұрақтар:
1 сұрақ: Шайсултанов Хабиболла, Ақтүйесай селосының ел имамы.
-
Ақтүйесай ауыл жастарына мәдениет ошағы керек.
Жауабы: Мәдениет ошағының құрылысына қаражат жоқтығынан мәселе шешілмей жатыр.
2.Сұрақ: Бегайдаров Кайрат, Қондыбай орта мектебінің мұғалімі
- Қондыбай орта мектебіне күрделі жөнеуі қажет, сонымен қатар мектептің ғимаратын толығымен жылыту қазандығына қосу қажет.
Жауабы: Мектеп ғимаратын толығымен жылыту қазандығы және күрделі жөндеу жұмысына дефектік акт жасалынды, техникалық тексеру және жобалау сметалық құжаттаманың жасалуына қаражат жоқтығынан мәселе барысы шешілмей жатыр.
3.Сұрақ. Латыпова Алма Маратовна, Қондыбай орта мектебінің директоры
- Көмірдің бағасын біркелкі қоюға болмай ма?
Жауабы: Көмірге жеке кәсіпкерлер нарықтық бағасын қояды. Жергілікті атқарушы органдар көмір бағасына мониторинг жасауды үнемі бақылауда ұстайды.
4.Сұрақ: /жәшіктен/
-Қондыбай орта мектебіне мектеп жасына дейінгі тәрбиелеу шағын орталығы қашан ашылады?
Жауабы: Қондыбай орта мектебінде 2010 жылдың 2 тоқсанында жоспар бойынша ашылды
5 сұрақ: Токимов Мереке Күзексай негізгі мектебінің директоры
-Күзексай селосында мектеп жасына дейінгі тәрбиелеу шағын оралығы қашан ашылады?
Жауап: Мектеп жасына дейінгі тәрбиелеу шағын орталығының ашылуы 2010 жылдың 2 тоқсанында жоспар бойынша ашылды.
Сөз соңында, тағы да атап көрсету қажет, аяқталған 2010 жыл біз үшін қол жеткізген қорытындысы баршамыздың бірлескен күш-жігеріміздің, барлық деңгейдегі біздің қолдауымыздың нәтижесі болып табылады. 2011 жылы жоспар бойынша Ақтүйесай селосында көше жарықтары орнатылады. Жоспар бойынша Қондыбай орта мектебінде төбе шатырын жөндеу жұмысы өткізіледі. Мал жығу цехын Ақтүйесай селосында ашуды жоспарлап отырмыз. Алдымызда экономиканы жаңарту мен тұрғындардың тұрмыс сапасын көтеру жөнінде әліде ауқымды жұмыстар атқару міндеті тұр.
Қойылған мақсаттардың бәріне қол жеткізуге болады! Біз барлық қиындықтарды еңсеретінімізге және Қазақстанымызды күшті, өркенді және әлемде құрметтелетін мемлекетке айналдыратынымызға сенімдіміз!
Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |