Атмосфераның экологиялық мәселелері және оны қорғау



Дата01.07.2016
өлшемі57.15 Kb.
#169990
Атмосфераның экологиялық мәселелері және оны қорғау.

Облыстың ауа бассейні екі түрлі жолмен ( табиғи және антропогендік) ластанады. Күшті шаңды борандар мен Маңғыстау жеріндегі тұздардың болуы ауада шаң және тұз түйіршіктері мен тозаңдарының болуын тұрақты етеді.

Антропогендік ластану өнеркәсіп пен көлік тасымалына байланысты. Әрбір автомобиль әрбір 1км-ге орта есеппен 40г зиянды заттар шығарады, ал облыс бойынша оның мөлшері жылына 100 мың тоннадан асып түседі.

Облыс бойынша ауаға ластағыш заттар шығаратын объектілердің саны 7 мыңнан асады, бірақ олардың басын көпшілігі ұсақ жылыту қазандары болып табылады, олардың әрқайсысы жылына орта есеппен 5-10 тонна ластағыш заттар шығарады. Атмосфераны ластайтын негізгі өнеркәсіп объектілері Ақтау, Жаңа Өзен қалаларының кәсіп орындары мен мұнай кәсіпшіліктері болып отыр. Ақтау қаласында осындай 26 кәсіпорын бар. 1980-87 жылдары облыс бойынша ластағыш заттардың мөлшері жан басына шаққанда 793кг-нан 948кг-ға, яғни 20%-ке өсті. Оның 90%-і мұнай кәсіпшіліктеріне тиесілі. “ Маңғыстау мұнай “ өндірістік бірлестігі бойынша 110-120 мың т ластағыш заттар шығарылды, ал Қазақ газ өңдеу заводында осындай көрсеткіш 23мың т жетеді.

Ақтау қаласындағы Каспий тау-кен металлургия камбинатына ( ПГМК- Каскор ) ластағыш заттардың 1/6 бөлігі тиеді. Осылардың қатарына камуналдық шаруашылық, асфальт зауаты, күкірт қышқылы зауаты, ет камбинаты, облыс жеріндегі ұлу тас және қиыршық тас карьерлерін жатқызуға болады.

Үнемді, толық пайдаланудың мүмкін болмауынан жыл сайын мыңдаған тонна ластағыш заттар шаң тозаң, газ күйінде атмосфераға кетіп жатады.

Мәселен, “ Маңғыстаумұнай “ бірлестігінің газ құбырларында 1987 жылы жүз миллион метр аса газ ( оның жартысы Бозащыда) бостан бос жағып жіберілді.

Маңғыстау облысының радияциялық ластануы жөнінде мәліметтер өте мардымсыз. Өлке жерінде аса ірі уран рудасы өндіретін кен-орны және радиоактивті отынмен жұмыс істейтін электр станциясының бар екенін ескерсек, радияциялық қауіптің бар екендігін сезінуге болады. 70-жылдары АЭС-тың пайдалану мерзімі бітуге таяу.

Сонымен қатар 1969-70 жылдары Үстіртте ядролық полигондар жұмыс істеп, 3 рет ядролық жарылыс болғанын естен шығаруға әсте болмайды.

Атмосфераның лсатауын тоқтату үшін ең алдымен ауа тазартқыш, түтін тұтқыш қондырғылар орнатылуын қамтамасыз ету қажет. Әзірге облыста ондай 40 жуық қондырғы бар.

Сондай-ақ еңбекті жаңа үздік үлгілерге сай ұйымдастырмайынша жаңа қазіргі заманға технологиялық әдістерді еңгізбейінше, ең ақыры адамның табиғатқа деген көзқарасы өзгермейінше, ауаның ластануын тоқтату мүмкін емес.

Өлке экологиясы, оны игеру қиыншылықтары.

ХХ ғасыр адам баласына орасан зор жетістіктермен қатар шешуді қажет ететін проблемалар жиынтығын алып келді, Бейбітшілікті сақтау және қарусыздану, айналадағы ортаны қорғау, халықтың көбеюі, энергия мен шикізатпен қамтамасыз ету, азық-түлікпен қамтамасыз ету, мұхитты пайдалану, артта қалған елдерге көмек, ғарышты бейбіт мақсатта игеру және т.б- осының бәрі жеке елдің емес,бүкіл адамзаттың ортақ мәселелеріне айналып отыр. Бұлар адам баласының тірі қалуына және жердің сақталуына ықпал етіп отыр. Ғаламдық проблемалар тікелей болсын, басқа нәрселер арқылы болсын біздің әрқайсысымызға да қатысты, өйткені кішкене ғана Маңғыстаудың өзінен аталған проблемаларға қатысты жетістік-тер мен қиыншылықтарды, “кіші” проблемаларды оңай табуға болады. Өйткені адам қанша жеке, қайталанбас болғанымен Дүние-бұртұтас, бір-бірімен байланысқан нәрселер жиынтығы болып табылады.

Адамзаттың барлық ғаламдық проблемаларын бір ғана жағынан, адам қоғамы мен табиғат арасындағы байланыс жағынан қарастыруға әбден болады.Адамзаттың іс-әрекеті табиғат заңдарына тәуелді. Табиғат адамды қажетті зат пен энергиямен қамтамасыз етеді. Адам табиғатты үнемі өзгертіп отырады белгілі бір шетке барғанда табиғат қарымта қайтара бастайды, өйткені қазіргі кезенднгі табиғат ресурстарын алудын, өндурудін жалпы өсуімен қатар, адам ала бастаған ресурстардың түрлері де көбейіп отыр. Сондықтан да табиғатқа түскен қысым өте күшті дәрежеге жетті және көптеген экологиялық проблемалар туындап отыр. Маңғыстау облысының табиғатына адамның тигереуінің күшеюі біздің алдымызға бірнеше мәселені қойғаны сөзсіз. Бүкіл адамзаттың алдындағы сияқты бізге де денсаулық сақтау, азық-түлікпен қамтамасыз ету, жерді сақтау жөніндегі қиыншылықтар таңсық емес. Табиғатты тиімді пайдалану мәселесі біз үшін әлі шешілмеген іс болып саналады.

Бұл қазіргі таңдағы ең негізгі мәселе болып отыр, өйткені құрғақшылық пен тұщы су көздерінің болмауы жағдайында суға деген сұраныс ерекше маңызға ие болады. Әзірге Маңғыстауды сумен қамтамасыз етудің жүзеге асырылып отырған үш жолы бар. Олар-жер асты суларын алу, теңіз суын тұщыландыру және су құбыры арқылы Еділ мен Амудариядан тасымалдау. Осы әдістермен суды ала беру, оны ұлғайту салдарын болжау өте қиын. Сырттан тасымалдау өте қынбатқа түсе, жер асты суларының қоры өте аз, жексіз емес, ал теңіз суын тұщыландыру арқылы судың өзіне жер асты суын қосу қажет. Содықтан жаңа су табу жолдары мен су өнемдеу әдістерін іздеу керек. Ол жол-атмосфералық жауын-шашынды пайдалану. Сондай-ақ мұнай, газ өңдіру, қиыршық тас пен ұлу тас алу облыстағы оңсыз да әлсіз экологиялық балансты бұзады, ауаның, жердің ластануы, шаңтозаң, т.б осының бәрі өңдіру өнеркәсібінің алдында “не адамнын денсаулығы мен табиғат, не ғылымды іс” деген талап қойып отыр.

Маңғыстаудың екі жағында орналасқан екі теңіздің бірінің тайыздануы екіншісінің көтеріле басталу да өлкеге қосымша проблемалар туғызып отыр. Каспий теңізінің көтерілуі бұрын теңіз асты болған 4 млн га жерінің ғана емес, одан да көп аймақтың теңіз астында қалу қауіпін туғызып отыр. Бұл- сор басқан бос жер емес, бірнеше ондаған мұнай кәсіп-шіліктері, малшыауылдары мен қыстаулары, темір жол,автомобиль жолдары, құбырлар, электр және байланыс линиялары және мал жайылымдары бар территориялар. Сонымен қатар Каспийдің деңгейінің өсуінің жер асты суларының тұздылығының артуына ықпал етуі ықтимал. Арал теңізі 2010 жылға таман өмір сүруін тоқтатады деп болжануда, ал оның Маңғыстау облысының шығыс шекарасынан алыс орналаспағаның білеміз. Қысқы мерзімде өлкеде оңтүстік-шығыс және шығыс желдердің үстем болуы Арал теңізінің құрғаған орнынан көтерілген 80 млн т тұзының біраз бөлігін Маңғыстау облысына, оның ішінде Бейнеу ауданының территориясында тасмалдап әкелетіні белгілі. Қазірдің өзінде Сам құны орналасқан аймақта Арал әсері айқын сезілуде, топырақтың тұзды тозаңмен қанығуы, жер асты суларының тұздануы Маңғыстау үшін тарихи-биологиялық құбылыс болса, енді Арал есебінен бұл процесс үдей түспек. Бұл соның біраз бөлігін құбыр арқылы Өзенге жеберіп отырған Сам үшін су табу мәселесін ушықтырса, 2-ден жайылымдарды істен шығарады деген сөз. Арал проблемассын- Қзақстанның, тіпті Орта Азияның ғана емес, дүние жүзінің проблемассы, өйткені тұтас бір теңіз жоғалғанда, ғаламдық климатты қандай өзгерістер болатының әлі ешкім анықтаған жоқ.

Адам экологиясы.

Аталған мәселелердің барлығы бір нүктеде қиылысады. Ол-Адам. Адам-биологиялық, сондай-ақ әлеуметтік тіршілік иесі. Адам табиғаттың құрамдас компоненті болып табылады. Табиғат, табиғи географиялық орта белгілі бір дәрежеде адамның өмір сүру образы, оның басты өмірлік кәсібін, яғни мәдени—шаруашылық типін анықтап береді. Мәдени-шаруашылық тип кез келген этностың мәдениеті мен өнерін, дүниетанымын, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін анықтайды.


Жоспар:

1. Кіріспе: Ауа алабының ластануы.

2. Негізгі бөлім:

а) Өлке экологиясы, оны игеру қиыншылықтары.

б) Сумен қамтамасыз ету және қорғау.

в) Арал мен Каспий.

3. Қорытынды: Адам экологиясы.

№16 орта мектеп



Тақырыбы: Экология ғылымы.

Орындаған: Асанов Мерей.

Тексерген: Айынова Жамиля.



Ақтау-2006 жыл.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет