Ақтөбе қаласының білім бөлімі бойынша БҰйрық Ақтөбе қаласы №643 14 желтоқсан 2009 ж



Дата12.07.2016
өлшемі30.58 Kb.
#193625
Ақтөбе қаласының білім бөлімі бойынша

БҰЙРЫҚ

Ақтөбе қаласы № 643 14 __желтоқсан___2009 ж.
Білім беру мекемелерінде

өрт қауіпсіздігінің типтік

ережелерін орындау туралы

16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесіне және Жаңа жыл мерекесіне орай оқу орындарында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуді қатаң бақылау жүргізу мақсатында Ақтөбе облысының білім басқармасының 08.12.09 жылғы №762 бұйрығы негізінде


БҰЙЫРАМЫН:
1. Барлық қалалық білім бөлімдерінің бастықтарына, білім беру мекемелерінің жетекшілеріне;

1.1. Оқу орындарының пайдалану жобасы мен ережесінде көрсетілмеген ғимараттарында электр приборларын орнатуға тиым салынсын;

- өртке қарсы күрес ережелерінің талаптарын орындау қамтамасыз етілсін, жұмыс орындарындағы барлық қызметкерлердің өрт қауіптілігін болдырмаудағы жеке жауапкершіліктері күшейтілсін;

- жұмысшылар мен оқушыларды оқыту мен ңұсқау беруді жақсартып, жұмыстарды және оқытуды қауіпсіздікпен жұргізудің мәселелері шешелетін болсын;

- оқу шеберханасында, қазандықтарында, жұмыс орындарында санитарлық жағдайлар жүйелі тексеріліп тұратын болсын;

- компьютерлік және көбейткіш техникалар орналасқан орындарға, кабинеттер мен қоймаларға өрттен қорғанудың белгі беретін жабдықтары орнатылсын.

1.2. Техникалық пайдалану ережелеріне сәйкес қазандықтардағы электр жабдықтарына өрт қауіпсіздігіне жауапты адамдарды кезекшілікке және бекітілген кестесімен тағайындалсын.

1.3. Жоғарыда көрсетілгендерден қорытынды шығару үшін барлық ілім беретін бағынышты мекемелерде электр жабдықтарының қауіпсіздігін сақтайтын, кейінге қалдырмайтын қатаң шараларын алу белгіленсін.

1.4. Еңбек заңдылығының ережелерімен нормаларын, өрт қауіпсіздігінің нұсқауларын бұзған адамдар мен лауазым иелері белгіленген тәртіпте жауапкершіліктерге тартылатын болсын.

1.5. Өрт қауапсіздігінің ережесін бұзған фактілер туралы білім бөліміне тездетіп хабарлансын.

2. Осы бұйрықтың орындауын қадағалау бақылау білім бөлімі бастығының орынбасары Р.Тастанбаеваға жүктелсін.
Ақтөбе қаласы білім

бөлімінің бастығы А.Арынғазиева

14.12.09ж. Мектеп басшыларына!

ҚР АШМ АӨК МИК қалалық аумақтық инспекциясы төмендегі жағдайды хабарлайды.

«Ветеринария туралы» Қазастан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңы 5 бабының 6-тармақшасына сәйкес Қазақстан республикасының Үкіметі 2009 жылғы 04 қарашада «Кейіннен өткізуге арналып ауыл шаруашылығы жануарларын союды ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» №1754 қаулысын қабылдады.

Осы Ережеде ауыл шаруашылығы жануарларын сою тек қана Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген тәртіппен берілетін есептік нөмерлері бар сою пунктерінде, сою алаңдарында (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарында) және етті қайта өңдеу кәсіпорындарында жүзеге асырылуы талап етілген.

Сонымен қатар, жоғарыдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдаған Ереже талаптарын орындау мақсатында ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы С.Сүлейменовтің 2009 жылғы 12 қарашасындағы №08-02-8/2602 хатында мал сою пунктерінде, мал сою алаңдарында, етті қайта өңдеу кәсіпорындарында сойылмаған ет ұшаларын ішкі сауда нысандарында сатуға тыйым салынған.

Күні бүгінге қала аумағында «Есік» ЖШС, «Айбек» АТК, «Тандем-W» ЖШС және Благодарный селолық округі К.Нокин ауылында «Анвар» ЖШС мал сою пунктері жұмыс жасауда. Қалған селолық округтерде мал сою пункттері немесе мал сою алаңдары жоқ. Жоғарыдағы көрсетілген мал сою пункттері шошқа малынан басқа ауыл шаруашылық малдарын союға арналып салынған.



Сондықтан қала әкімшілігі тарапынан:

  • Селолық округтерде төрт елді мекеннен мал сою пунктін салуға;

  • Мектеп, балалар бақшасы, аурухана, әскери бөлімшелер асханалары,түрме және басқа әлеуметтік мекемелерде қоғамдық темақтандыруға байланысты ет және ет өнімдерін сатып алуда мемлекеттік сатып алуды өткізу кезенде, мал сою пунктерінде, мал сою алаңдарында, етті өңдеу кәсіпорындарында сойылып, ветеринариялық – санитарлық сараптаудан өткізілген ет және ет өнімдері дайындалуына,

  • Ет және өнімдерін мемлекеттік сатып алу кезінде әлеуетті қатысушылардан ауыл шаруашылығы малдарын осы Ережеге сай анықталған орындарда міндетті түрде союға ықпал етуіңізді сұрайды.


Л.Конарбаева

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет