Ақтөбе облысы, Алға ауданы



Дата26.02.2016
өлшемі187 Kb.
#26797
Ақтөбе облысы, Алға ауданы,

Алға қаласы

№4 Алға орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі




Ашық тәрбие сағаты
Мақсаты: Ұлы Отан соғысындағы Қазақстандықтардың ерлігі және Ақтөбе облысы бойынша ,Алға қаласындағы соғысқа қатысқан батырлар туралы толық мағлұмат беру.Әр жылдардағы соғыс атаулары мен батырларын ажырата алуға мәлімет беру. Балалардың өз отанына деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық тәрбие беру.

Оқушылардың өзіндік көзқарасы мен пікірін қалыптастыру. Ұжыммен жұмыс жасай білуге, ержүректілікке баулу.



Сабақтың көрнекілігі: Батырлар туралы суреттер,тірек сызба нұсқалар, соғыстың 67 жылдығына арнап салған плакат. Оқушылардың «Мен соғысты жек көрем» , «Бейбітшілік» тақырыбына салған суреттері,өлеңдері,шығармалары.

Сабақтың жүрісі:

1. Ұйымдастыру

Балаларды 3 топқа бөлу. Әр топқа ат қою. «Бейбітшілік», «Жеңіс» ,

« Тыныштық»
Музыка ырғағымен « Қырқыншы жылдар» өлеңі оқылады.

Жұлып кеткен тыныштықты арнадан,

Даусы бар әлі күнгі зарлаған.

Қырқыншы жылдар десе бір адам,

Тас болса да елең етпей қалмаған.

Өтті деме сол бір кездер ағып бір,

Кетті деме сол бір кездер қауіпті

Әлі күнге қаншама адам жаралы,

Әлі күнге қаншама адам қаралы.

Қырқыншы жылдар атқан қаншама оқ,

Денелерде , кеуделерде бар әлі...


  • Балалар бүгінгі тәрбие сағатымыз қандай тақырыпты қамтиды деп ойлайсыңдар?

  • Жеңістің 70 жылдығына арналады.

  • Соғыс туралы не айталасыңдар? Балалар «Соғыс» өлеңін оқиды.

  • «Мен соғысты жек көрем»

  • Соғыстың бірнеше түрлері бар. Кім біледі?



  • 3 топқа 1941-45 ж 1700 ж 1986 ж

  • Әлия Молдағұлова Абылай хан Қайрат Рысқұлбеков

  • Бауыржан Момышұлы Қабанбай Ләззат Асанова

  • Рақымжан Қошқарбаев Бөгенбай Сәбира Сыпатаева

Мәншүк Мәметова Наурызбай



  • батырларын айтып ажырату./қағазға жазу – тақтада./

  • «Сұм соғыс» өлеңі оқылады.

  • Кімдерді айырмадың баласынан,

  • Қанша бала айырылды баласынан

  • Қыршын қиып өмірін талай жастың,

  • Талайларды айырдың панасынан.

  • Оқушылар өздері дайындап келген батырлар туралы деректерінен сөз алады.

  • - Әлия Молдағұлова

  • – Мәншүк Мәметова

  • Нұрхан-

  • Рақымжан Қошқарбаев туралы 107 жыл толуына.

Өлең «Кекті бала»

  • 3 топқа Отан туралы мақал айтудан сайыс




  • Әр топтан «Мен бейбітшілікті қалаймын» атты тақырыпқа шығармаларын оқып түсіндіру.




  • Мұғалім: Соғысқа қатысқан адамдар туралы деректерден мәлімет.

Ұлы Отан соғысы (1941-1945)

Фашистік Германия 1941 жылы 22 маусымда соғыс жарияламастан, тұтқиылдан КСРО-ға шабуыл жасады. Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысы басталды.

Тарихта Ұлы Отан соғысындай қасіретті соғыс болған емес. Соғыста 27 миллионнан астам кеңес адамы қаза тапты. Соның ішінде 410 мыңы қазақстандықтар болатын.

Фашистік Германия Кеңес Одағының астанасы – Мәскеуді бірнеше апта ішінде басып аламыз деп жоспарлады. Бірақ Мәскеу түбіндегі шайқаста Қызыл армия ентелеп келе жатқан фашист басқыншыларын тоқтатып, өздері қарсы шабуылға шықты. Бұл жеңісте қазақстандықтардың үлесі зор болды.

1941 жылы Алматыда генерал И. В. Панфилов 316-атқыштар дивизиясын жасайды. Осы дивизияны 28 панфиловшы-батырлары Мәскеу қаласын қорғауда өшпес ерлік көрсетті.

Волоколомск жолын қорғаған 28 панфиловшының 22-сі қазақстандықтар еді. Мәскеу түбіндегі шайқаста 316-атқыштар дивизиясы ( кейін 9-гвардиялық атқыштар дивизиясы) командирі, Кеңес Одағының Батыры Бауржан Момышұлы болған.

Төлеген Тоқтаров Мәскеу түбіндегі Бородино селосы үшін шайқаста неміс штабына ең бірінші болып кіріп 5 неміс офицерін жойып қаза болған. Кеңес Одағының Батыры

1941 жылдың қыркүйегінен бастап соғыстың соңына дейін фашистік күштерден Отанды қорғау борышын абыроймен атқарады. Аға политрук болады. Майданда И. В. Панфилов атындағы 8-гвардиялық дивизияда жауға қарсы шайқасады. 1942 жылы Новгород облысына қарасты Холм қаласының маңында болған ұрыста Мәлік солдаттардың біразына басшылық етеді. Ол басқарған сарбаздар фашистердің тісіне дейін қаруланған әскеріне тойтара соққы береді. Кескілескен ұрыстың нәтижесінде жаудың екі таңкісін гранатамен жарып, жаудың 12 солдатын тұтқынға алады. Ұрыс кезінде Мәлік Ғабдуллин жарақат алады. алайда алған жарақатына қарамастан жауға қарсы оқ боратады. Осы ерлігі үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен (№ 1035) Мәлікке 1943 жылдың 30-қаңтарынан бастап Кеңес Одағының Батыры атағын береді. Бұл атақпен қоса Ленин ордені және «Золотая Звезда» медалі де қоса марапатталады.

Гитлердің басқыншылары 1941 жылдың қырқұйегінде Ленинградқа жетті, қаланы толық қоршауға алды. Ленинград үшін ауыр блокада күндері басталды. 900 күн мен түн басқыншылар Ленинградты әуеден, ауыр зеңбіректермен оқ жаудырды. Ленингрдаты азат етуде қазақ сарбаздары да ат салысты.

Нұркен Әбдіров 267 әуе дивизиясының 808-ші шабуылшы полкы құрамында майданға аттанды. Барлығы 17 рет әуе шайқасына қатысқан Нұркен жаудың 18 танкісін, 46 жүк машинасы мен көлігін, оның ішінде оқ дәрі тасыған 18 керуенді, жанар май құйған 3 цистернаны талқандап, зенит қондырғыларының бесеуін, бірнеше жабық атыс ұясын, талай жау әскерін құртты. Нұркен Әбдіровке 1943 жылғы наурыздың 31-де еліміздегі ең мәртебелі атақ – Кеңес Одағының Батыры атағы берілген еді

Сұлтан Баймағамбетов 1939 жылы әскер қатарына шақырылып, сол жақтан ұрыс даласына аттанады. Өзінің табандылығы, өжеттігімен көзге түскен Сұлтан 147-атқыштар полкінде батальон комсоргі болады. 23-тегі қыршын жас 1943 жылы Ленинград майданындағы шайқаста амбразураны өз кеудесімен жауып, Отан үшін қаза тапты. Осы ерлігі үшін оған 1944 жылы Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.


  • 9 мамыр 1941-45 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Кеңес Одағы халқының фашистік Германия мен оның одақтастарына / Венгрия , Италия, Румыния , Финляндия/ қарсы азаттық жолында Жеңіске жеткен күні. Қазақстан құрамаларының әскери жорығы Москва түбінен 1941 жылы басталып 1945 жылдың көктемінде Берлинде аяқталды. Олар Ленинградты қорғауға, Сталинград түбіндегі, Курск доғасындағы шайқасқа, Днепрден ұрыс салып өтуде,Украйнаны, Беларуссияны, Малдованы және Балтық елдерін, Европа елдерін фашистік езгіден азат етуге қатысты.

Қазақстанда соғыстың алдында 6,2 миллион адам өмір сүрген.
Ұлы Отан соғысына барлығы 35 000 000 адам қатысқан

Соның ішінде қазақтар 1 700 000 адам барған

601 000 нан астамы көз жұмған.
Өлең «Ақ көгершін»

Алға қаласы бойынша деректер:

1941-45 – ші жылдары Отан қорғауға аудан бойынша 11479 адам қатысып , 2763 азамат қан майданда қаза тауып, бірқатарлары хабар –ошарсыз кетті.

1552 жерлесіміз ғана елге аман есен оралды.

1995 – ші жылдың мамырына, ауданымызда 496 Ұлы Отан соғысының ардагерлері болса, биылғы жылдың сәуіріне 21 ғана қалды, олардың 14- қаламызда, 7-ауылдық жерлерде тұрып жатыр.

Қан төгіскен ұрыстарда алғалықтар ерліктің үлгісін көрсетіп, орден медальдармен марапатталды.

Соғысқа байланысты Қазақстан химия өндірісінің тұңғышы-химия комбинатында шығарылатын өнімдердің түрлері де өзгерді.

Қысқа мерзім ішінде майданға қажетті мина т.б .шығару жолға қойылды. Жылы киім,азық түлік жеткізілді.


«Мен бейбітшілікті қалаймын»- сурет көрмесін таныстыру. / оқушылар орындаған/

Өлең « Әрқашан күн сөнбесін»


БЕЙБІТШІЛІК/ топтау/

Мамыр

Асқақ ән көңілді тербесін,



Тұтпасын күн қара пердесін.

Бақытпен көз ашқан балалар,

Бүлікшіл соғысты көрмесін.
Ынтымақ бар елде гүлдесін,

Адамдар араз боп жүрмесін.

Қызықпен көз ашқан балалар,

Қанқұйлы соғысты көрмесін.


Қара бұлт күн көзін шалмасын,

Қуаныш жер көкті шарласын.

Сәбилер шаттанып ұшырған,

Ақ кептер аспанда самғасын.


Ғалам жасыл,далам жасыл- түгел көк,

Мамыр кейпін біте алмаспын түгендеп.

Бейбітшілік тілегі боп баршаның,

Дәріптеліп жатыр бүгін Ұлы еңбек.


Әспеттеген халықтардың бірлігін,

Арайыңды шаша бергін нұрлы күн.

Ұйтқысы боп ұлыстардың, ұлттардың,

Тыныштықты тірек етсін тірлігім.


Мамырымда ынтымақ бар, бірлік бар,

Бейбіт таңға болмас дейсің кім құштар?



Тыныштықты бесігінде тербетіп,

Құшақтасып бара жатыр құрлықтар!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет