АҚТӨбе облысы ырғыз ауданының азаматтық бюджеті



Дата23.02.2016
өлшемі38.21 Kb.
#8323
АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ ЫРҒЫЗ АУДАНЫНЫҢ

АЗАМАТТЫҚ БЮДЖЕТІ
Ырғыз ауданы әкімінің веб-сайтына қош келдіңіздер!

Сіздерге Ырғыз ауданының бюджеті туралы ақпаратты, салықтық түсімдердің және бюджет қаражатының қайда жұмсалатынын «Азаматтық бюджет» айдарынан біле аласыздар.

Қазіргі уақытта Ырғыз аудандық қаржы бөлімінің басымды міндеттерінің бірі бюджет шығыстарының тиімділігін арттыру және олардың ысырапшылдығын төмендету болып отыр.

«Азаматтық бюджет» атты құрылған айдар мынандай бөлімнен тұрады:

- 2013 жылғы жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есеп.

2013 жылғы жергілікті бюджеттің кірісі 2 975 852,0 мың теңге, шығысы 2 975 852,0 мың теңге болып бекітілді. Есепті кезеңге 6 рет нақтыланып, кірісі 3 001 345,0 мың теңге, шығысы 3 027 137,4 мың теңге болды. Жыл басындағы бюджет қалдығы 25792,4 мың теңге бюджеттің тапшылығын қаржыландыруға бағытталды. Жыл ішінде республикалық бюджеттен бөлінген трансферт 114365,4 мың теңгеге көбейтіліп, облыстық бюджеттен бөлінген трансферт 88876,6 мың теңгеге азайтылды.

2013 жылғы жергілікті бюджеттің кірісі 3 001 345,0 мың теңге болып жоспарланып, 3 028 573,8 мың теңге болып немесе 100,9 пайызға орындалды. Оның ішінде салықтық түсімдер 203 011,0 мың теңге болып жоспарланып, 225 215,8 мың теңге болып немесе 110,9 пайызға, салықтық емес түсімдер 1 708,2 мың теңге болып жоспарланып, 4 757,0 мың теңге болып немесе 278,5 пайызға, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 2 500,0 мың теңге болып жоспарланып, 4 475,2 мың теңге болып немесе 179,0 пайызға орындалды.

2013 жылғы жергілікті бюджеттің шығысы 3 027 137,4 мың теңге болып жоспарланып, 3 026 318,6 мың теңге болып 100 пайызға орындалды.

Атқарылған шығысты функционалдық топ бойынша талдағанда жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер көрсету тобының шығыны 189 589,6 мың теңге болып нақтыланып, 189 584,8 мың теңге болып, қорғаныс функционалдық тобы 4 817,3 мың теңге болып нақтыланып, 4 813,9 мың теңге болып, білім беру тобы 2092466,9 мың теңге болып нақтыланып, 2092464,5 мың теңге болып, әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру тобы 152509,0мың теңге болып нақтыланып, 152 505,1 мың теңге болып, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық тобы 184 654,2 мың теңге болып нақтыланып, 183 862,6 мың теңге болып, мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік тобы 133 894,4 мың теңге болып нақтыланып, 133 892,0 мың теңге болып, ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары тобы 89 739,7 мың теңге болып нақтыланып, 89 739,1 мың теңге болып, өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі тобы 8 088,9 мың теңге болып нақтыланып, 8 088,7 мың теңге болып, көлік және коммуникация тобы 108798,5 мың теңге болып нақтыланып, 108 798,4 мың теңге болып, басқалай функционалдық тобы 23 265,9 мың теңге болып нақтыланып, 23 265,6 мың теңге болып, трансферттер тобы 39 308,8 мың теңге болып нақтыланып, 39 308,8 мың теңге болып 100 пайызға орындалды.

Жалпы шығыстың ішінде республикалық бюджет трансферті есебінен жыл ішінде 507005,9 мың теңге нақтыланып, 506 367,2 мың теңге шығыс атқарылды. Оның ішінде мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға 50 271,0 мың теңге, жетім баланы және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған баланы күтіп ұстауға асыраушыларына ай сайынғы ақшалай қаражат төлемдеріне 2 812,0 мың теңге, мектеп мұғалімдеріне және мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілеріне біліктілік санаты үшін қосымша ақыға 12 689,0 мың теңге, үш деңгейлі жүйе бойынша біліктілігін арттырудан өткен мұғалімдерге еңбекақыны көтеруге 4972,0 мың теңге, үйде оқытылатын мүгедек балаларды жабдықпен, бағдарламалық қамтыммен қамтамасыз етуге 352,7 мың теңге, негізгі орта және жалпы білім беретін мемлекеттік мекемелердегі физика, химия, биология кабинеттерін оқу жабдығымен жарақтандыруға 4 096,9 мың теңге, «Жұмыспен қамту -2020» бағдарламасы аясында жастар практикасына қатысушыларға 8037,3 мың теңге, жалақысын ішінара субсидиялауға (әлеуметтік жұмыс орнына) 12 477,6 мың теңге, біліктілік арттыруға 151,3 мың теңге, қайта даярлауға 1299,6 мың теңге, жұмыспен қамту орталық қызметін қамтамасыз етуге 8228,4 мың теңге, эпизоотияға қарсы іс шаралар жүргізуге 62 978,0 мың теңге, инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту, жайластыру немесе сатып алуға 14 999,9 мың теңге, мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін жобалау, салу және сатып алуға 39 724,5 мың теңге, «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының екінші бағыты шеңберінде жетіспейтін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту мен жайластыруға 7 365,6 мың теңге, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы щеңберінде өңірлердің экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыру үшін ауылдық округтерді жайластыруға 11 217,5 мың теңге, ауылдық елді мекендер саласының мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын іске асыруға 6983,2 мың теңге, ауылдық елді мекендердің әлеуметтік саласының мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін бюджеттік кредиттерге 16 283,4 мың теңге, аудандық және елді-мекендердің көшелерін маңызы бар автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеуден өткізуге 99 999,9 мың теңге, «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша ауылдық елді мекендерді дамыту шеңберінде объектілерді жөндеуге 81 980,7 мың теңге, жергілікті атқарушы органдардың штатын ұлғайтуға 6029,8мың теңге, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімді жан басына шаққандағы қаржыландыруды сынақтан өткізуге 53416,8 мың теңгенің шығысы атқарылды.



Сонымен қатар облыстық бюджет трансферті есебінен 472 173,4 мың теңге нақтыланып, 472 019,3 мың теңге болып шығыс атқарылса, оның ішінде Құтикөл, Құйлыс, Жайсаңбай елді мекендерінде мектеп құрылысын салуға 411 049,3 мың теңге, аудан әкімі аппаратын материалды-техникалық жарақтандыруға 4 600,0 мың теңге, білім беру ұйымдарын ұстауға 30 000,0 мың теңге, Ұлы Отан соғысы мүгедектері мен қатысушыларға біржолғы жәрдемақыға 50,0 мың теңге, елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыруға 3 621,0 мың теңге, мемлекеттік коммуналдық тұрғын-үй қорының құрылысына жобалық-сметалық құжат әзірлеуге 1699,9 мың теңге, инженерлік- коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту, жайластыру немесе сатып алуға 10 062,8 мың теңге, «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы шеңберінде елді мекендерді дамытуға 8 986,3 мың теңгенің шығысы атқарылды.
Ырғыз аудандық қаржы

бөлімінің басшысы Ә.Аяпберген

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет