Ақтөбе облысында мал
шаруашылығын дамытудың
кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 18 ақпандағы № 103 қаулысымен бекітілген Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидаларының 4, 5-тармақтарына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100%-ға дейін өтеуге арналған субсидиялар нормативтері;
2) жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер жеткізушілерге қойылатын өлшемдер мен талаптары;
3) асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға субсидиялар көлемдері;
4) мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға субсидиялар көлемдері бекітілсін.
2. «Актөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыны «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.М.Тағымовқа жүктелсін.
2
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Облыс әкімі А.Мұхамбетов
Келісілді:
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі А.Мамытбеков
«____»__________ 2014 жыл
3
Облыс әкімдігінің
2014 жылғы ____ ___________
№ _____ қаулысымен бекітілді
Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100%-ға дейін өтеуге арналған субсидиялар нормативтері
Субсидиялау бағытының атауы
|
Өлшем
бірлігі
|
1 басқа субсидия нормативі,
теңге
|
Қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру
|
бас
|
5 000
|
4
Облыс әкімдігінің
2014 жылғы ____ ___________
№ _____ қаулысымен бекітілді
Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер жеткізушілерге қойылатын
өлшемдер мен талаптар
1) Зоотехникалық және ветеринарлық-санитарлық талаптарға сәйкес келетін және жарақталған қолдан ұрықтандыру пунктерінің болуы;
2) Қолдан ұрықтандыру бойынша арнайы дайындық курста өткен және тиісті құжаттары бар, асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің реестрінде тіркелген техник-ұрықтандырушы маман-кадрлармен қамтамасыз етілуі;
3) Дистрибьютерлік орталықтармен аталық бұқалардың ұрықтарын сату-сатып алу жөніндегі келісім-шартының болуы;
4) 400 бастан кем емес аналық мал басын қолдан ұрықтандыру бойынша жұмысты сапалы өткізуді қамтамасыз ету;
5) Аналық мал басын, жақсартатын тұқымдардың аталық бұқаларының ұрығымен қолдан ұрықтандыруды жүргізу.
«Ақтөбе облысында мал шаруашылығын дамытудың кейбір мәселелері туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің қаулы жобасына
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
№
|
Жобада көрсетілуге тиісті мәліметтердің тізбесі
|
Әзірленуші мемлекетті органның ақпараты
|
1.
|
Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган
|
Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы
|
2.
|
Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 18 ақпандағы № 103 қаулысымен бекітілген асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидаларының 4, 5-тармақтарына сәйкес қаулы жобасын қабылдау қажет.
|
3.
|
Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдар
|
Қаулының жобасын қабылдау жағымсыз әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға әкеліп соқтырмайды
|
4
|
Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар
|
2014 жылға арналған бюджеттік бағдарламаға сәйкес 4 282 567,0 мың теңге
|
5
|
Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары,күтілетін нәтижелердің мерзімі мен болжанатын тиімділігі
|
Заңға тәуелді құқықтық актілерді қолданыстағы заңнамаға сәйкестендіру
|
6
|
Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президеттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілерді және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер
|
Жоқ
|
7
|
Заңнаманы кейін жобаға сәйкес келтіру қажеттігі
|
Қажет етілмейді
|
8
|
Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржы және басқа да) сараптама жүргізілген жағдайда оның нәтижелері
|
Жоқ
|
9
|
Өзге де мәліметтер
|
Жоқ
|
Ақтөбе облысының
ауыл шаруашылығы
басқармасы басшысы М.Жұмағазиев
2014 жылдың 4 наурызы
Достарыңызбен бөлісу: |