Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар органдарының 2015 жылдың қаңтар – желтоқсан айларындағы жұмысы туралы Ақпарат



Дата25.02.2016
өлшемі46.3 Kb.
#22744



Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар органдарының 2015 жылдың қаңтар – желтоқсан айларындағы жұмысы туралы Ақпарат

Ақтөбе қаласының және аудандар әкімдіктердің ықпалымен 2015 жылдың қаңтар – желтоқсан айларында облыста 15891 жаңа жұмыс орны құрылды.

Жұмыссыздықтың өсуіне жол бермеу мақсатында, облыста халықты жұмыспен қамтамасыз ету бойынша 2015 жылға арналған Кешенді жоспар іске асырылуда, оның аясында 16151 адамды, соның ішінде 56,9% (12054 адам) жұмыссыздарды, 13,9% (4097 адам) өнімсіз өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды жұмылдыру жоспарланды.

2016 жылдың 1 қаңтарына халықты жұмыспен жұмылдыру бойынша Кешенді жоспардың жалпы орындалуы жоспардың 129,6%-ын құрады немесе 20925 адам. Соның ішінде жұмысқа орналастырылды:

- мемлекеттік және салалық бағдарламалар, өңірлерді дамыту бағдарламалары аясында 1135 адам (Нұрлы-жол (276 адам жоспар бойынша 274 адам), Агробизнес - 2020 (189 адам жоспар бойынша 312 адам), МҮИИДБ (43 адам), БЖК 2020 (55 адам жоспар бойынша 36 адам), Өңірлерді дамыту (411 адам жоспар бойынша 396 адам), Саламатты Қазақстан (16 адам жоспарда 6 адам), Аумақтарды дамыту (145 адам жоспарда 108 адам).;

- Жұмыспен қамту 2020 жол картасы – 2547 адам (бағдарламаның 1-бағыты бойынша - 241 адам, микрокредит – 454 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына – 881 адам, жастар тәжірибесіне – 921 адам, қайта даярлауға - 50 адам);

- Аумақтарды дамыту Бағдарламасы аясында – 17243 адам (әлеуметтік жұмыс орындары-1193 адам, жастар тәжірибесі-980 адам, қоғамдық жұмыстар-4156 адам, бос жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылды-10513адам, нәтижесіз жұмыспен қамтылған азаматтарды заңдастыру-401 адам).

Ағымдағы жылы ЖҚЖК 2020 бағдарламасын іске асыруға республикалық бюджеттен 1,6 млрд.теңге қаражат бөлінді, 2,7 мың адам жалпы қамтуымен (өткен жылдың жалғастырушылардың есебімен). 1,9 млрд.теңге қаражат игерілді.



Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы бағдарламасының 1-бағыты бойынша 39 жобаның жөндеу жұмыстары аяқталды, жоспар бойынша 38 жоба (үнемделген қаражат есебінен қосымша бір денсаулық сақтау нысанында күрделі жөндеу жүргізілді). Нақты құрылған жұмыс орындарына 431 адам жұмысқа орналастырылды, соның ішінде Жұмыспен қамту орталықтарының жолдамалары бойынша 241 адам немесе 55,9%.

Бағдарламаның 2-бағыты аясында есепті кезеңде сомасы 854,2 млн. теңгеге 454 ауыл тұрғындарына шағын несие берілді (қайтарылған қаражат есебінен – 159 адамға сомасы 302,4 млн. теңге). Өз ісін кеңейтуге 254және өз ісін ашуға 200 Бағдарлама қатысушысы шағын несие алды. Шағын несие алған бағдарлама қатысушыларымен қосымша 646 жұмыс орындары құрылды, онда жұмыспен қамту орталықтары арқылы 235 адам жұмысқа орналастырылды. 198 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқытылды.

Аталған бағдарламаның 3-бағыты бойынша оқуды жалғастырушылар есебімен кәсіптік оқумен 506 адам қамтылды (оның ішінде жаңа қабылдау 50 адам). Кәсіптік оқытуды аяқтаған 506 қатысушылар ішінен 450 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды немесе 88,9%.

Әлеуметтік жұмыс орындарына – облыстың 376 ұйымдарына 881 адам жұмысқа орналастырылды, әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыстарын аяқтағаннан кейін жұмысқа орналастыру деңгейі 69,0% құрайды.

Жастар практикасын өту үшін – 427 кәсіпорындарына және ұйымдарына 921 жұмыссыз жастар жіберілді. Жастар практикасын аяқтағаннан кейін жұмысқа орналастыру деңгейі 60,0% құрайды.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау органдарының есебінде тұрған мүгедектердің ішінен 222 адам қоғамдық жұмыстарға жіберілді, 313 адам - жұмысқа орналастырылды, 81 адам – әлеуметтік жұмыс орындарына және 20 адам Жастар тәжірибесіне бағытталды. 2013 жылдың 1 қаңтарына жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінде 33 мүгедек есепте тұр.

Облыста есепті кезеңде 66 бос жұмыс орындар жәрмеңкелері өтті. Өткізілген жәрмеңкерлердің нәтижесінде 2037 адам – жұмысқа орналасты, 656 адам – қоғамдық жұмыстарға жіберілді, 424 адам - әлеуметтік жұмыс орындарына, 310 адам Жастар тәжірибесіне және 2 адам кәсіби даярлауға бағытталды.

2016 жылдың 1 қаңтарына облыстағы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдарында тіркелген жұмыссыздардың саны 1161 адамды құрайды.

2016 жылдың 1 қаңтарына тіркелген жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді халықтың санынан 0,3 % құрайды.

Жергілікті атқарушы мен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдары аз қамтылған отбасыларды кедейшілік жағдайынан шығару жөнінде жұмыстарды жалғастыруда. Уәкілетті органдарға және ауылдық жерлердің әкімдеріне аз қамтылған отбасыларды анықтау және оларға атаулы әлеуметтік көмек көрсету үшін облыстың әрбір ауылдық округтарында 168 учаскелік комиссиялар құрылды.

2015 жылдың қаңтар – желтоқсан айларында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне құрамында 270 адамы бар 69 аз қамтылған отбасы өтініш жасады.

2016 жылдың 1 қаңтарға облыс халқының санынан аз қамтылған азаматтардың үлесі 0,02 % құрайды.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 69 отбасында тұратын 270 аз қамтылған азаматқа 7232,2 мың. теңге көлемінде тағайындалды.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылардың қатарындағы 18 аз қамтылған отбасы атаулы әлеуметтік көмекпен қоса тұрғын үй көмегін алады, оларға 553,8 мың. теңге көлемінде тұрғын үй көмегі тағайындалған.

3364 отбасына облыс бойынша тұрғын үй көмегінің жалпы мөлшері 53,7 млн.теңге құрады.

Табыстары азық-түлік себетінің құнынан төмен 6535 отбасының құрамындағы 18 жасқа дейінгі 18256 балаға 304,0 млн. теңге көлемінде жәрдемақы тағайындалды.

«Өрлеу» бағдарламасын іске асыру бойынша Ақтөбе қаласында, Мәртөк және Мұғалжар аудандарында 25 отбасында тұратын 123 азаматқа 3851,8 мың теңге көлемінде шарттай ақшалай көмек тағайындалды.

Ахуал топтарын қолдау үшін қосымша төлемдер және өтемақылар, әр түрлі жеңілдіктер 37699 азаматқа 1169,6 млн. теңге көлемінде тағайындалды.

Жалғыз басты қарттармен және мүгедектермен жұмыстар жүргізілуде. 2016 жылдың 1 қаңтарға облыс бойынша 23809 мүгедек есепте тұр, солардың ішінде 2620 жуық адам 16 жасқа дейінгі бала жастан мүгедек балалар.

2016 жылдың 1 қаңтарға мүгедектерді жеке оңалту бағдарламаларға сәйкес 5503 мүгедек 333,7 млн.теңгеге жеке көмекшінің, ымдау тілінің маманының қызметімен, гигиеналық жабдықтармен және сурдотифлотехникамен қамтамасыз етілді.

Мүгедектердің кіруіне жағдай жасау үшін 2015 жылы әлеуметтік инфрақұрылымдардың 103 нысанын бейімдеуден өткізу жоспарлануда, 2016 жылдың 1 қаңтарына 104 нысан бейімдеуден өтті.

Әлеуметтік көмек беретін бөлімшелер 1640 жалғыз басты және жұмысқа жар азаматтар, 203 – і - мүгедектер. Солармен бірге 504 мүгедек – балаларға үйде қызмет көрсетіледі.

2 интернат үйінде мемлекеттік күтуде 680 жалғыз басты қарт азааттар және мүгедектер тұрады. Белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған әлемуметтік бейімделу орталығында 2016 жылдың 1 қаңтарға 227 адам бейімдеуден өтті.

2016 жылдың 1 қаңтарына облыс бойынша құрамында 148 адамы бар 32 отбасы «оралман» мәртебесін алуға өтініш беріп, «оралман» мәртебесін алған.



Басқарма басшысы А.Әмірғалиев

Орындаушы: Э.Сүйіншалина



тел: 54-54-33



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет