Ақтөбе облыстық мәслихатының
Ш Е Ш І М І
Ақтөбе қаласы №14 2012 жылғы 25 қаңтар
«Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкаларын арттыру туралы» облыстық мәслихаттың 2010 жылғы 13 желтоқсандағы №337 шешіміне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 3 желтоқсандағы №505-IV Заңының 1-бабының 4-тармағына, «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық Кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы №99-IV Кодексiнің 495-бабының 9-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңының 6-бабының 5-тармағына сәйкес облыстық мәслихат Ш Е Ш І М Е Т Т І:
1. «Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкаларын арттыру туралы» облыстық мәслихаттың 2010 жылғы 13 желтоқсандағы №337 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3349 тіркелген, 2011 жылғы 6 қаңтардағы «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінің №1-2 жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
шешімнің 1-тармағының 2 абзацы, «6» санынан кейін «6-1» сандарымен толықтырылсын;
шешімге қосымшадағы:
6-тармақтың 1.3.7 тармақшасы - алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
«6-1. Күкіртті орналастырғаны үшін төлемақы ставкалары бір тонна үшін 7,54 АЕК-ті құрайды».
2. Мәслихаттың осы шешімі алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихаттың Облыстық
сессия төрағасы мәслихаттың хатшысы
Қ.ЕЛУБАЕВ С.ҚАЛДЫҒҰЛОВА
Достарыңызбен бөлісу: |