Нәресте реанимациясы Асфиксия кезіндегі көмек
Мақсаты: өздігінен адекватты тыныс алуы мен жүрек қызметін қалыпқа келтіру
Ресурстар: 1. реанимация жүргізілетін бөлме жылы (температурасы 250С төмен емес), жақсы жарықтандырылған, желдің болмауы керек;
2. Таза, жылы сүлгі немесе 2 жаялық; секундомерлі сағат;
4. реанимациялық шара жүргізу үшін беті тегіс, сәулелі жылу түсетін немесе жылытылатын реанимациялық үстел;
5. Амбу қапшығы, No0, No1 размерлі маска; Резин балон, катетер, электросорғыш, оттегі; стерильді резин қолғап; стерильді кіндік кесуге арналған құралдар жиынтығы;
Реанимацияны 2 медициналық қызметкер жүргізеді.
Іс-шаралар алгоритмі
«Бағала-Шешім қабылда-Әрект жаса» принципі бойынша нәрестеге көмек жасаңыз!!! Әрбір қадамның ұзақтығы 30 секунд.
1. Нәресте туған соң мына жағдайларды анықтаңыз
- Мерзімі жеткен жүктіліктен бе?
- Тыныс ала ма немесе жылағанда дауысы қатты ма?
- Бұлшық ет тонусы жақсы ма?
Егер бәрі қалыпты болса, анасымен қалдырып, құрғатып, тыныс жолдарын тазартып, жылы ұстап, динамикада жағдайын бағалаңыз.
Егер 3сұрақтың біреуіне жоқ деген жауап алсаңыз, реанимациялық шараларды бастаңыз.
2. Реанимациялық шаралар 4 қадамнан тұрады А, В, С, D. А блогы.
3. Нәрестені жылы, тегіс беткейге, дұрыс күйде (шалқасынан, иығының астына валик салып, басын сәл шалқайтып) жатқызып, жылы жаялықпен жабыңыз.
4. Резин балон немесе электросорғышпен бірінші ауызынан, сосын мұрынынан кілегейді сорыңыз.
5. Тез арада басы мен терісін жылы жаялықпен сорықтырып, құрғатып алыңыз.
6. Егер өз бетімен тыныс алу болмаса, табанына алақаныңызбен 2 рет соғыңыз немесе арқасынан сипаңызда, қайта дұрыс күйде жатқызыңыз.
7. Жағдайын бағалаңыз: тыныс ала ма, ЖСЖ және тері түсін.
В блогы
8. Егер нәрестеде апноэ немесе ЖСЖ<100 рет мин болса, өкпе
вентиляциясын бастаңыз. Амбу қапшығына қажетті размерлі масканы жалғап, оны нәрестенің мұрынын, ауызын, иегін жабатындай етіп орналастырыңыз.
9. Минутына 40-60 рет Амбу қапшығымен өкпе вентиляциясын жасаңыз. 10. 30 сек өткесін вентиляция нәтижелігін бағалаңыз: кеуде клеткасының экскурсиясың болуы, аускультацияда тыныс естілуі, ЖСЖ (жүректің соғу жиелігі) көбейуі, тері түсінің қызаруы. Егер өз бетімен тынысы болса, ЖСЖ 100 рет мин. жоғары, бірақ орталық цианоз болса, онда
оттегін беріп, терісінің түсін бақылаңыз.
С блогы
11.Егер өз бетімен тынысы болмаса, ЖСЖ 60 рет мин. аз болса, өкпе вентиляциясын жалғастырып, бір уақытта жүрекке компрессиясын бастаңыз. Әрбір 3 компрессиядан кейін, 1 рет жасанды тыныс алдыру (1 минутта 90 компрессия, 30 тыныс алдыру (3:1). Екі қолыңыздың бас бармағын төстің 1/3 ортаңғы бөлігіне, басқа саусақтарыңызды жауырын астында орналастырып, 1 – 1,5см тереңдікте компрессия жасаңыз.
12. 30 секундтан соң қайта бағалаңыз.
- Егер ЖСЖ 60 рет мин көп болса, компрессияны тоқтатыңыз, ЖӨВ
(жасанды өкпе вентиляциясы) жалғастырыңыз.
13. 30секундтан соң жағдайын бағалаңыз, ЖСЖ 100 рет мин. көп және өз бетімен тыныс алғанша жасанды тыныс алуды жалғастырыңыз.
D блогы
14. Егер вентиляция мен компрессия жасап бастағаннан 30 сек-тан соң өз бетімен тынысы болмаса, ЖСЖ 60 рет мин. аз болса, адреналин 0,001% ерітіндісін 0,1-0,3 мл/кг есебімен көк тамырға жіберіңіз.
15.Адреналин нәтижесіз болғанда, 3-5 мин-тан соң қайталаңыз.
16. 30 мин ішінде ЖСЖ адекватты, бірақ өз бетімен тынысы болмаса
интенсивті терапия бөліміне ауыстырылады.
17.Егер 10 мин ішінде тіршілік нышаны байқалмаса, реанимация
тоқтатылады.
100>
Достарыңызбен бөлісу: |