Кітапхана тарихы



Дата24.02.2016
өлшемі51.76 Kb.
#13536
Кітапхана тарихы


Деркөл кентіндегі «Деркөл»-мәдени демалыс орталығының ғимаратында М.Горький атындағы қалалық кітапхананың №3 кітапхана-филиалы орналасқан. Көлемі 97,2м2

1969 жылы 6 мамырда іргесі қаланып қазірге дейін жұмыс жасап келеді.


Алғашқы кітапхана меңгерушілері:






1969 жылы кітапхана ашылғанда

меңгерушісі болып Захарова Вера

Александровна бекітілген.

1986 жылдан 1991жылға аралығында

Мясникова Ида Владимировна қызмет етті.


1997 жылдан 2008 жылға дейін

Логашкина Наталья Николаевна

басшылық жасады.

1991жылдан 1997 жылға дейін

Баулина Зоя Владимировна

кітапхана меңгерушісі болды.
2007 жылы ғимарат күрделі жөдеуден өтеді. Жаңадан жарықтандырылып, қажетті құралдар жаңаланып, ауыл тұрғындары жарық та, таза, жайлы кітапханаға оқырман болып келе бастады.


Жыл

Кітап қоры

Берілім саны

Оқырмандар

Келім саны

2003

36998

42688

1537

12955

2004

37283

34925

1639

12944

2005

37418

34709

1659

11844

2006

37058

34292

1670

10080

2007

37038

13687

1062

4191





2008 жылы кітапхананың

меңгерушісі Тастлекова

Айғаным Макановна

тағайындалды.

№3 кітапхана-филиалы «Деркөл» кенттік аймақтағы тұрғындарға мәдени-ағарту, ақпараттық білім беру және тәрбиелік жұмыстар жүргізетін орталық.

Өз жұмыстарында Елбасының «Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарламасын, жыл сайынғы Елбасының Қазақстан халықтарына арналған Жолдауын, оқырмандарға патриоттық, елжандылық тәрбие беру бағыттарында, мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасын, «Халыққа білім беру», «Тіл туралы» заңдарды және «Құқықтық тәртіпті сақтау» заңдарын негізге ала отырып жұмыстар атқарады. Рухани дүниенің ұлылығын танытатын, кітапқа деген қызығушылығын оятатын, әрқашан маңызын жоймайтын шығарманы насихаттауда «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында түрлі мәдени шаралар оздырылды. Сонымен қатар, кітаптың адам өмірінде алатын орнын көрсету және ұлы жазушының еңбектерінің құндылығын дәріптеу мақсатында өткен халықаралық «Біз Мұхтар Әуезовті оқимыз» акциясы, жыл сайын ұйымдастырылып тұратын қалалық Абай оқулары, облыстық «Ақжайық өңірінің оқитын отбасы -2013» байқауы, осымен екі жыл қатарынан ұйымдастырылып келген «Балаларға соғыс туралы оқимыз» атты акция т.б. көлемді мәдени шаралар бағытында және аталып өтілетін белгілі ақын-жазушылардың шығармашылығын оқырмандар арасында насихаттау бағыттарында жұмыстанады.

Оқу залы

Уақыт өткен сайын оқырмандар талап - тілегі өсіп отырады, сол сияқты оған сәйкес кітап қоры да өзінің мазмұны мен сапасы жағынан өсіп келеді. Оқу залы барлық оқырмандарға, ұстаздарға, қызметкерлерге, студентерге, ардагерлерге қызмет көрсетіп кереді. Оқу залында білімнің барлық саласы бойынша кітап қоры жинақталған. Оқырмандарға жаңа түскен әдебиеттерді таныстыру мақсатында «Жаңа кітаптар» атты кітап тардың тұсаукесері ұйымдастырылып, сонымен қатар, мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізіліп тұрады. Қазіргі заман талабына сай оқырман сұранысын қанағаттандыруда тәжірибесі мол кітапханашы Елена Николаевна қызмет атқарады.



Абонемент

Оқырманның оқуға деген сұранысы қанағаттандырылып, әрі қарай оқуына жетекшілік ететін- кітапханашы. Кітапханашы белгілі бір жүйесіз, мақсатсыз оқитын оқырманға ықпал ету арқылы, белгілі бір білім саласы бойынша оқуына көмектесіп, ой-өрісінің дамуына әсер етеді.

Абонемент бөлімінің оқырмандарының құрамы әр түрлі. Олар: студенттер, зейнеткерлер, ұстаздар, оқушылар және түрлі саладағы қызметкерлер. Бүгінгі таңда 570-ден астам оқырмандар абонемент бөлімінің қызметін пайдаланады, кітап берілімінің саны күн санап өсуде.Ауыл тұрғындары мен оқушылар кітапхананың абонемент бөлімінен кітап алып, оқи алады.

Кітапханашы Мұхамбетова Шынар кітап қорын оқырмандар арасында кеңінен насихаттап, әртүрлі қызықты тақырыптық кештер, танымдық кештер, оқырмандар конференциясын ұйымдастыруда. Сан ғасырлар бойы адамзатты білім нәрімен сусындатып келген рухани қазына ордасы – кітапхана оқырмандарына жаңа дәуірдегі жаңа дәстүрде қызмет етіп, өздерінің жұмыс процестеріне жаңа ақпараттық технологияларды кеңінен ендіруде.

Кітапхана ұжымы мәдени-көпшілік іс шараларды.

Кітапхана ұжымы Деркөл кентінде орналасқан №12 ЖОББМ, «Деркөл» мәдени-демалыс орталығы, «Калакольчик» балабақшасы, №1 өнер мектебімен тығыз байланыста жұмыс жасап келеді.

Кітапханада сонымен қатар екі клуб жұмыс жасайды. Бірі - «Поиск» өлкетану клубы. Мақсаты: өлкені танып білу, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру, өлке тарихы жайлы мәлімет беру, адамның мәдениет пен өлкеге деген көзқарасын қалыптастыру. Клуб жетекшісі Нежданова Елена Николаевна.

«Өнерліге өріс кең» өнер клубы. Клубтың мақсаты: дүниені, адам өмірін, қоршаған ортаны, көркемдік-эстетикалық тұрғыдан игеру. Өнердің эстетикалық қызметі арқылы танымдық табиғаты мен тәрбиелік сипатын айқындау.

Жетекшісі Мұхамбетова Шынар Жолдыгалиовна.

Жетістіктері

2012 жылы Орал қаласының әкімдігі «Мәдениет қызметкерлерінің күніне» орай қаланың мәдениет және өнер саласының дамуына үлес қосқаны үшін №3 кітапхананың меңгерушісі Тастлекова Айғаным Мақанқызына алғыс білдіреді.

Айғаным Маканқызы және Елена Николаевнаны 2011 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай белсенділік танытып, жас ұрпақты отансүйгіштік рухта тәрбиелеудегі қабілетіңізбен қалтқысыз қызметтеріңізге шын ризашылығын білдіріп, алғыс хаттармен марапатталған.

«М.Горький атындағы Орал қалалық кітапханасының» директоры БыковскаяТ.Н көп ұлтты Қазақстанның Мәдени мұрасын насихаттауда белсенді жұмыс жүргізгені үшін №3 кітапхана филиалының ұжымы марапатталады.



Жыл сайынғы өтетін «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында 2011жылы Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» рроманы «Қазақ әдебиетінің есімі өшпес ұлы тұлғасы» атты ауызша журналды жақсы деңгейде өткізгені үшін және 2012 жылы Оралхан Бөкейдің мұрасын оқыпмандар арасында насихаттау бағытында мазмұнды шара оздырғаны үшін «М.Горький атындағы Орал қалалық кітапханасы» ММ директоры Г.Д.Акашаевадан III дәрежелі дипломмен марапатталды.

2014 жылы өткен «Земля нам и потомкам» атты республикалық жас суретшілер байқауына балаларды жақсы дайындағаны үшін С.Бегелин атындағы мемлекеттік балалар кітапханасынан алғыс хатпен марапатталды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет