50
Басыңқы гиперпротекцияда, ата-ана баланың əрбір қадамына бақылау жасап отырады,
оның əрбір істеген іс-əрекетіне мəн беріп, тіпті баланың артынан аңдуға дейін барады. Бұл
дұрыс емес тəрбиелеу түрі- акцентуацияның психоастеникалық, сенситивті жəне
астеноневротикалық түрлеріне əсер етеді. Жасөспірімнің өз бетімен
жұмыс істеу қабілеті
дамымайды, қоршаған ортада өзін сенімді ұстай алмайды, шешім қабылдауға қиналады жəне
өзінің құқықтарын қорғай алмайтын күйге жетеді. Ересек шақтарында бұл тым күрделі жағдай
болады, себебі адам есейген сайын өмір олардан өз бетімен өмір сүруді талап ете бастайды [4,
253 б.].
Дұрыс емес тəрбие берудің келесі стилі –
еркімен жіберу гиперпротекция басқа
стильдерден ерекше. Себебі ата-ана жасөспірімге «отбасының кумирі» ретінде қарайды. Ата-
ана баласын қадағалаудан бас тартпайды, бірақ оны кез келген қиындықтан, жалықтыратын
жəне жағымсыз міндеттерден босатады. Олар əрдайым балаларының кішкентай таланттары
жайлы
асыра айып, оның шынайы қабілеттерін шамадан тыс жоғары бағалайды. Балалық
кезден бастап бала зор сүйініш, мақтаулар арасында өседі, бұл оның эгоцентрлік ықыласының
тым артып кетуіне алып келеді, яғни ол əрқашан қоршаған ортаның назарында болуды қалап
отырады. Бұндай тəрбие нəтижесінде жасөспірімнің бойында акцентуацияның истероидті типі
көрінуі мүмкін. Тəрбиелеудің
эмоционалды шеттетілген түрінде жасөспірім əрдайым өзін
отбасында артық сезінеді, көбінесе бұл жағдай отбасында
бірнеше бала болған кезде
байқалады. Жасөспірім өзін ата-анасына масылдық жасап отырғандай, оның жоқ болғаны
отбасы үшін жақсы болатындығы жайлы ойлайды. Гипертимді жəне эпилептоидты
акцентуация типіне жататын жасөспірімдерде эмансипация реакциясы айқын көрінеді:
гипертимді жасөспірімдер өзбетімен болуға жəне ата-анасынан бостандық алуға талпынады,
ал эпилептоидты жасөспірімдер – мүліктік құқыққа ұмтылады. Бұндай жағдайда истеройдты
типті жасөспірімдер оппозиция реакциясын көрсете бастайды: ұрлық жасау, алкогольға деген
демонстративті қызығушылық, демонстративті суицидке əрекет жасау жəне т.б. əрекеттер –
ана-анасының назарын аударуға жасалған сигнал ретінде қабылданады.
Кейбір истероидты
жасөспірімдер өзіне ата-ана назарын аудару тəсілдерінен нəтиже болмағандықтан, махабатты,
жылулықты, назарды сырттан іздей бастайды. Шизоидтар бұндай ситуацияға өзіне кетумен
əрекет жасайды, фантазия əлеміне жүгініп, шеттен назар іздей бастайды. Тұрақсыз типтегі
жасөспірімдер жақындарының эмоционалды шеттетуі жайында уайымдамайды,
себебі олар
қандай жағдай болмасын жасөспірімдік топтарға қосылып, жұбанышты сырттан іздейді.
Дұрыс емес тəрбиелеудің бұл типі
қатал өзара байланыс шарттары стилімен тығыз
байланысты. Бірақ бұнда қатаң қатынас ашық түрде орнатылады – кез-келеген кішігірім дұрыс
емес əрекеттер үшін жазалауға дейін барады, сонымен қатар басқаларға келген ашуды балаға
шығарады. Бұндай дұрыс емес тəриелеу стилі эпилептоидты жəне конформды типтерге аса
қауіпті болып табылады, себебі осы типетерде эпилептоидты
тип бойынша психопатиялық
даму басталуы мүмкін [4, 254 б].
Достарыңызбен бөлісу: