Қатты пайдалы қазбаларды қайта өңдеу бойынша жұмыстарды жүргізетін қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары


- параграф. Сорбция, десорбция, регенерация және электролиз бөлімдері



бет3/5
Дата09.06.2016
өлшемі373.5 Kb.
#125042
1   2   3   4   5

3- параграф. Сорбция, десорбция, регенерация және электролиз бөлімдері
160. Жұмыс үй-жайларының атмосферасына жоғары улы заттардың түсуінің алдын алу үшін бөлім жабдығы (пачуктар, колонкалар, електер) толық герметизициаланады, ал газдарды сору тікелей жабындардан жүзеге асырылады.

161. Десорбция және регенерация процестерін бақылау және басқару автоматтандырылуға жатады.

Сорбция, десорбция, регенерация, реагенттерді сақтау және дайындау үй-жайлары жұмыс орындарында синиль қышқылы буларының шекті рұқсат етілетін шоғырлануы артылғаны туралы құлақтандырытын белгі жүйесімен (дыбыс, жарық) бұғатталған ауа ортасын үздіксіз қолданыстағы автоматтандырылған бақылау құралдарымен жабдықталады.

162. Десорбция, регенерация және электролиз үй-жайындағы жұмыс үздіксіз жұмыс істейтін жалпы айналымдық желдету кезінде ғана жүзеге асырылады. Желдету жүйесі істен шыққан жағдайда қызмет көрсететін қызметкерлер құрамы дереу үй-жайды босатады. Үй-жайға кіру жалпы айналымдық желдету жүйесін жаңартылғаннан және үй-жайлардың атмосферасындағы зиян қоспалардың құрамын шекті рұқсат етілетін шоғырлануға дейін төмендеткеннен кейін жүзеге асырылады.

163. Шайырды колонкалар бойынша тасымалдау кезінде колонкалардың қарау терезелері мен қақпақтары қатты жабылады.

Шайырлы ортаның (сілтілі ортадан қышқыл ортаға және кері) өзге құрамы бар колонкаға тасымалдау процесінде ерітінділер толық бөлінеді. Ерітінділерді шайырмен бірге тасымалдауға жол берілмейді.

164. Колонкалардан шайыр мен ерітінділердің сынамалары қақпақтардағы люктер арқылы немесе колонкалар бүйіріндегі есіктер арқылы ғана алынады. Колонкалар қақпақтарын сынама алу үшін ашуға жол берілмейді.

165. Цианисті процеске десорбция және регенерациялаудың қышқыл жуу ерітінділерін қайтаруға оларды алдын ала сілтілермен (әктас, ащы натриймен) бейтараптандырылғаннан кейін ғана жол беріледі.

166. Тауар регенератының электролиз үй-жайы жалпы айналымдық және авариялық желдету жүйелерімен және ауада қышқыл мен сутек буларының құрамы шекті рұқсат етілетін шоғырланудан артылғаны туралы белгі беретін құралдармен жабдықталады.

167. Электролизерлерде катод блоктарын ауыстыру бойынша жұмыстар кезінде жұмысшылар резеңкеден жасалған арнайы киімді: етіктерді, алжапқыштарды, қолғап пен қорғау көзілдірігін киеді.



4- параграф. Құмды байыту
168. Конвейерлік-скрубберлік жуу аспаптарында жұмыс істеу кезінде қызмет көрсететін қызметкерлер құрамы (оператор, бункерші және сорғы станцияның машинисі) арасында екіжақты және қайталынатын байланыс қамтамасыз етілуі қажет.

169. Жуу құралы конвейерлік таспасынан қойтастарды лақтыру үшін арнайы науашалармен жабдықталады.

Қойтастарды жинайтын орын қоршалуы тиіс.

170. Өндірістік құрал бункерлеріндегі кептелулерді түзетуді арынды су ағысымен немесе арнайы құрылғылармен жүргізу қажет.

Бункерден қойтастарды жинауды кран немесе арнайы құрылғылардың көмегімен, тек қана қоректендіргіш пен конвейер тоқтатылғаннан кейін ғана жүзеге асыру қажет.

171. Гидромониторшының жұмыс орны құмды дезинтеграциялау орнын, гидровашгердті науашаны, малта тас үйіндісі мен гидроэлеваторға жақын орналасқан жабдықты жақсы шолуды қамтамасыз етілетіндей етіп орналасады.

172. Қысқы жағдайлардағы жұмысқа арналған жылытылған өндірістік аспаптар үшін, олардың пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ететін әрбір жеке жағдайда іс-шаралар көзделеді.

8. Реагенттік бөлімдерді және реагенттер қоймаларын пайдалану

кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі
1- параграф. Өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жалпы талаптары
173. Реагенттерді сақтау жүргізілетін немесе олармен жұмыс істелінетін үй-жайлар, осы үй-жай атмосферасында зиян заттарды рұқсат етілетін шекті мөлшерден артпайтын деңгейде ұстауды қамтамасыз ететін желдеткішпен жабдықталады. Реагент үй-жайынан жойылатын ауаны атмосфераға шығармас бұрын тазартуға және бейтараптандыруға тартылу қажет.

174. Реагенттік бөлімде желдеткіш жұмысының тоқтатылғандығы туралы хабарлайтыншы жарықты және дыбыстық белгі беру орнатылады.

Желдеткіш қондырғысы тоқтап қалғанда немесе ауа ортасындағы зиян заттардың құрамы шекті рұқсат етілген мөлшерден жоғары болғанда, үй-жайлардағы жұмыс дереу тоқтатылады, ал жұмыскерлерді таза ауаға шығару қажет.

Үй-жайға кіру жалпыауыстырғыш желдету жұмысын қайта қалпына келтіргеннен және жұмыс аймағы ауасындағы зиянды заттардың құрамын шекті рұқсат етілетін мөлшер деңгейіне дейін төмендетілгеннен кейін ғана жол беріледі.

175. Реагенттерді түсіру орны үй-жайлары жалпы желдетуден басқа ыдыстар мен шөлмектердің ашылуы (сұйықтық електері, тұндырғыштар және басқалар) тығыз және сорғыштармен жабындылары бар жергілікті сорғыш қондырғылармен жабдықталады.

176. Реагенттермен жұмыс істеу кезінде олардың шашырау, тозаңдану және топыраққа, еденге, жабдыққа, ыдысқа және киімге төгілу мүмкіндігін ескертетін шаралар қабылданады.

Еденге немесе аппаратқа тиіп кеткен реагенттер технологиялық регламентпен сәйкестікте дереу жиналады және сумен әбден жуылады.

Реагенттерді сақтау, тиеу және түсіру орындарында төгілген немесе шашылған реагенттерді зарарсыздандыру үшін жеткілікті көлемде қажетті құралдардың міндетті түрде болуы қажет.

Реагентті бөлімшелерде терінің бетінен химикаттарды тез арада жою үшін авариялық душ немесе суы бар астауларды орнату көзделген, көзді жууға арналған кіші фонтандармен жабдықталады. Көрсетілген қондырғылар тек тікелей мақсаты бойынша пайдаланылады.

177. Жөндеу жұмыстарын жүргізуді, желдету жүйелерін және реагент құбыржолдарын және реагент бөлімшелері мен қоймалардағы сыйымдылықтарды қарауды, тазалауды және зарарсыздандыруды жүктелім-рұқсатнама бойынша орындау қажет.

Реагенттер сақталатын және олармен жұмыс жасалатын үй-жайларда бөтен адамдардың болуына жол берілмейді.

178. Орындарда пайдаланылған сүрту материалдарын қалдыруға болмайды. Барлық пайдаланылған сүрту материалдар жиналып, жойылады.

179. Реагенттермен үй-жайларда жеке киімдер мен азық-түлікті сақтауға, шылым шегуге және қызметкерлер құрамының тамақтануына жол берілмейді.

180. Ерітінділерді сақтауды, әзірлеуді, флотореагенттерді тасымалдауды және пайдалануды технологиялық регламентке сәйкес жүзеге асыру қажет.

181. Пайдалануға жарамсыз, реагенттер мен реагенттік бөлімше ағындарының ластанған қалдықтарын химиялық тазалауды немесе зарарсыздандыруды басқа технологиялық цикл жайларынан оңаша тұрған жайларда жүзеге асыру қажет. Бұл үй-жайларға бөтен адамдарды кіргізуге жол берілмейді.

Олар әсерлескенде улы заттар немесе құбыржолдарды ластайтын ерімейтін тұнбалар пайда болатын ағындардың қосылуына жол берілмейді.



2-параграф. Реагенттер қоймасы
182. Реагенттерді арнайы нұсқаулықтарға сәйкес жабық қойма тәрізді үй-жайларда немесе қалқалар астында сақтау қажет. Аэрофлоттарды, майларды, тұз қышқылын, натрий сульфогидратын, керосинді, оксальды (Т-80) қоршалған реагентті қойма аумағында металл резервуарларда және тікелей күн сәулесінен және атмосфералық жауын-шашыннан қорғайтын қалқа астындағы цистерналарда сақтауға рұқсат етіледі.

Ашық қоймаларда тұз қышқылын бөтелкелерде және сұйық шынының силикат-үйінділерінде сақтауға рұқсат етіледі.

Бір қоймада бір-бірімен әрекетке түстетін реагенттерді бірге сақтауға жол берілмейді.

Қоймаларда зақымданған ыдыста реагенттерді сақтауға жол берілмейді. Реагенттерді қайта орауды, қабылдауды және беруді арнайы бөлінген алаңдарда жүргізу қажет.

183. Сұйық реагенттерді сақтауға арналған ыдыстар және олармен байланысты коммуникациялар реагенттерді толық алып тастау үшін құрылғылармен жабдықталады.

Жұмыс өткелдерінің астына және жұмыс орындарына агрессивті (қышқылдар, сілтілер) және улағыш реагенттерді тасымалдауға арналған коммуникацияларды орналастыруға жол берілмейді.

184. Ксантогенат, күкіртті натрий және цианид қоймаларына арналған үй-жайларда 25°С жоғары болмайтын температура сақталады. Қатты әсер ететін улы заттар арнайы үй-жайларда жеке сақталады. Улы реагенттер мен сөндірілмеген әктасты басқа реагенттермен бірге сақтауға жол берілмейді. Сөндірілмеген әктасты сақтау үшін әктас пен судың қосылуын болдырмайтын үй-жай бөлінеді.

185. Жарылу қаупі бар газдар мен буларды бөлетін, улағыш әсері немесе жағымсыз иісі бар реагенттерді сақтауға арналған үй-жайларда тұрып қалу аймақтарын болдырмау мақсатында сору үй-жайдың төменгі және жоғарғы аймақтарында жүргізіледі.

186. Реагенттер қоймалары мен реагенттік шаруашылықтың барлық үй-жайларының едендері, қабырғалары және салмақ түсетін құрылыс конструкциялары тиісті химиялық қорғауды жағуға жатады.

Қабырғалар мен төбелерді әрлеуде шаңдар мен булардың жиналуын және сіңуін болдырмайды және олардың беткі қабаттарын тазалау және жуу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Еденде жырашық құрылғылары және оған бейтараптандыратын ерітінділерді жеткізе отырып, дренажды зумпфқа суды ағызу және бұру үшін еңіс көзделеді.

187. Аэрофлоттарды, натрий сульфогидраттарды, аммиакты және басқа да қатты иісі шығатын реагенттерді тек қана металл тығындармен тығыз жабылатын жарамды цистерналарда немесе металл бөшкелерде тасымалдау және сақтау қажет.

Ұйым аумағы бойынша сұйық, агрессивті және улылығы жоғары реагенттерді тасымалдау арнайы жабдықталған көлікте және химикаттардың жойылу мүмкіндігін болдырмайтын ыдыстарда жүргізілуі тиіс.

Бөтелкелер сақталатын сабан, жаңқа және ағаш ыдысқа хлорлы мырышты немесе күкірт қышқылды натрий ерітіндісі сіңірілуі тиіс. Сұйық реагенті бар бөтелкелерді тығындау қажет, бірақ бітеу емес.

188. Реагенттер қоймасына сору желдеткіші 10 минут ішінде алдын ала үздіксіз жұмыс істегеннен кейін ғана кіругежол беріледі. Желдеткіш тоқтағанда жабық қоймаларда реагенттердің жұмыс жасауына жол берілмейді. Желдеткіштің қосқыш құрылғысы қойманың сыртқы есігінде орналастырылады.

Желдеткіштің ақауы болған жағдайда қоймаға оны жөндеу үшін газқағар киген кемінде екі адам бір уақытта кіреді.

189. Әрбір реагентті қоймалау орны сақталатын реагент атауы бар жазумен анықталады. Реагенттерді сұрыпталмаған күйінде сақтауға жол берілмейді.

190. Қышқылдарды, аммиакты суды, аэрофлоттарды, натрий сульфогидратын және басқа сұйық флотореагенттерді цистерналардан түсіру механикаландырылған тәсілмен жүргізіледі.

Цистерналардан сұйық реагенттер ағызылғаннан кейін олардың қалдықтары ажыратылатын және сумен шайылатын шлангіден жойылады.

Цистерналардан жанатын реагенттерді ағызған кезде құбырлар мен цистерналар жерге тұйықталады.

Сұйық флотореагенттерді және химикаттарды ауыстырып құю алдында ыдыстың толу деңгейін бақылау жүйесінің сенімділігі тексеріледі.

191. Қоймадағы және жарылу қаупі бар реагенттер қоймасы маңындағы, сорғылар үй-жайындағы дәнекерлеу жұмыстарын рұқсат беру наряды бойынша жүргізу қажет. Бұл ретте барлық тез ұшатын химикаттар алдын ала қоймадан жойылады.

192. Реагенттер қоймаларын мыналармен:

1) жалпы алмастырғыш және жергілікті сорғыш желдеткіш жұмысының тоқтатылғаны туралы хабар беретін дыбыс және жарық белгімен. Мұндай белгі улы емес реагенттер мен жарылу қаупі бар булардың қоймалары үшін міндетті емес;

2) ұйым басшылығымен, өрт сөндіру күзетімен және медициналық пунктпен немесе ұйым операторы (диспетчері) арқылы тікелей телефон байланысымен;

3) сұйық реагенттерді сақтауға арналған стационарлық ыдыстарда деңгей өлшеуіштермен жарақтау қажет.

Цианидтермен бөшкелерді ашу процестері механикаландырылады.

Қатты әсер ететін улы заттармен байланысты барлық жұмыстар, оның ішінде ерітінділерді дайындау қол еңбегін қолданусыз жүргізіледі.

3-параграф. Реагенттерді дайындау бөлімі
193. Суда немесе еріткіштерде сұйық және қатты химиялық өнімдерді еріту, шығыс банкаларына әзірленген ерітінділерді тұндыру және беру жүргізілетін реагентті бөлімшелер ұйымның басқа барлық объектілерінен (бөлімшелерінен) оқшауланады.

194. Реагенттерді дайындау бөлімшелеріндегі және олардың жекелеген үй-жайларындағы температуралық режим реагенттердің физикалық-химиялық қасиеттерін ескере отырып орнатылады.

195. Зиянды газдар маңызды көлемде кенеттен бөлініп шығуы мүмкін реагентті бөлімшелерде авариялық сору желдеткіші орнатылады және ауысымдағы ең жоғары тізімдік жұмыскерлер құрамынан 50 % жоғары санды құрайтын газқағар қорын сақтау қамтамасыз етіледі.

196. Ерітінділі күбілер мен тұндырғылар, олармен байланысты коммуникациялар реагентті бөлімшелерде көзделген авариялық ыдыстарға олардың құрамында бар реагенттерді толық жоюға болатындай етіп орналастырылады.

Реагентті бөлімшелерде дыбыс немесе жарық белгімен ерітуші күбілердің толу деңгейін автоматты түрде бақылау орнатылады.

197. Органикалық, өрт қаупі бар, жарылу қаупі бар заттарды ерітуге арналған аппаратура ұшқынның пайда болуын тудырмайтын орындауда пайдалануға жатады.

198. Цианид ерітінділерін дайындауға арналған үй-жай реагентті бөлімшенің басқа үй-жайларынан оқшауланады және үнемі жабық күйінде болады, ал олардан шығатын ағынды сулар мен қалдықтардың дренажы басқа реагенттер бөлімшелерінің дренаждарынан оңаша жабдықталады.

199. Цианид бар бөшкелерді ашуға, бункерге тиеу және ерітуші күбілерді, дайын ерітінділерді ерітуге және сақтауға арналған барлық аппаратура мен қондырғылар мұқият жабылады және тығыздалады, оның резервті желдеткіш қондырғысымен бұғатталған сору желдеткішінің жергілікті сорғылары орнатылады.

200. Әрбір реагентке арналған күбілер мен тұндырғылар реагент атауы бар нақты жазуды көрсетумен, құятын құбырлармен және деңгей өлшеуіштермен жабдықталады.

201. ҚР СТ МЕМСТ Р 12.4.026-2002 «Дабылды түстер, қауіпсіздік белгілері және дабылды белгі. Жалпы техникалық шарттар мен қолдану тәртібі» сәйкес барлық құбырлар мен ыдыстар символикалық бейнелері мен қауіпсіздік таңбаларында түсіндірілетін жазулары бар шартты түстерге боялады.

202. Барабандарды ашу, ірі кесектерді майдалау, оларды ерітуші бактарға тиеу кезіндегі қауіпсіздік шаралары технологиялық регламентпен айқындалады.

203. Флотореагенттер ерітіндісін дайындау кезінде жергілікті жарықтандыру үшін кернеуі 12 В аспайтын тасымалды шамдарды пайдалануға жол беріледі.

204. Реагентті бөлімшенің жұмыс үй-жайларында ыдыстарды сақтауға жол берілмейді. Ыдыстарды зарарсыздандыру және қоймаға тапсыру технологиялық регламентпен белгіленеді.

Цианид қосылыстарына арналған ыдыстар дереу зарарсыздандырылады және басқа ыдыстардан бөлек қоймаға тапсырылады.



9. Қалдық шаруашылығында өнеркәсіптік қауіпсіздікті

қамтамасыз ету тәртібі
205. Қалдық қоймасын жобалау, салу және пайдалану өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес жүргізілуі тиіс.

206. Адамдардың қалдық қоймасының аумағында қозғалуына осы үшін арналған жаяу жүргінші жолдар, өтпелер, баспалдақтар мен алаңшалар бойынша ғана жол беріледі.

207. Құрылыстарды, аумақтарды және үйінділерді шаю кезінде топырақты салу орындары қауіп-қатер туралы ескертетін және жұмыс аймағына бөтен адамдардың келуіне тыйым салатын тұрақты белгілермен қоршалады.

208. Су жинау және су ағызу құрылыстарын тексеріп қарау және жөндеу рұқсат беру наряды бойынша жүзеге асырылады.

209. Қалдық қоймасынан ашық су айдындарына (өзендер, көлдер, тоғандар) суды тиісінше тазартпай жіберуге жол берілмейді.

10. Агломерация және кесектеу, кептіру бөлімдерінде әктасты

күйдіру кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі
1- параграф. Агломерация және кесектеу
210. Энергияны тасымалдаушыларды, жоғары температуралы операцияларды қолдануға, , факторлардың қауіпсіздігі бойынша қолайсыз газ бен шаңды бөлудің болуына байланысты кендер мен концентраттарды кесектеу әдісінің нақты жағдайлары үшін нақтылайтын агломерациялау және кесектеу процестерін жүргізу технологиялық регламентке сәйкес келуі тиіс.

211. Бастапқы шикізат бункерлері, шихта, кері қайтару мен төсеніш, тиеу орындары шаң бөлінуін, бу бөлінуін және газдың бөлінуін болдырмайтын аспирациялық қондырғылармен жабдықталады.

Бункерлердің ойықтарын көлемі 200 х 200 мм ұяшықтары бар торлармен жабу және биіктігі 1,0 м кем емес қоршаумен жабдықтау қажет.

212. Шаңды тұндыру құрылғыларынан шаңды тазалау гидро-пневмокөлікпен жүргізілу қажет. Шаңды тұндыру құрылғыларынан гидро немесе пневмокөлік жүйесіне жіберу тәсілі оны қағып жіберу және қоршаған кеңістікке оның таралу мүмкіндігінің болмауын қарастырады.

213. Адамдарды араластырғыш барабандарға және оларды тазалау және жөндеу кезінде салқындатқыш барабандарға жеткізуге арналған люк есіктері барабанның ашық есікпен (жергілікті немесе қашықтықтан басқару кезінде) жұмысты бастауын болдырмайтын бұғаттағышпен жабдықталады.
Араластырғыш жұмыс істеп тұрған кезеңде барабаннан тікелей сынамаларды іріктеуге жол берілмейді. Сынамаларды іріктеу барабаннан кейін шихта ағынынан автоматты сынама іріктегіштердің көмегімен, ал жекелеген жағдайларда қолмен жүргізіледі.

214. Жентектеушілерді кесектеу машиналары керіктерінің оттықтарына газды және буды қабылдауды өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес жүргізу қажет.

Көріктердің газды оттығын жағу және сөндіру тәртібі, бақылаудың орындары мен параметрлері, қауіпсіздіктің қажетті шаралары технологиялық регламентте келтіріледі.

215. Кесектеу машиналарын (агломерациялау машиналары мен күйдіру шекемтас машинасы) шұғыл және жоспарлы тоқтатқан кезде шихтаны, газды және ауаны беру тоқтатылады. Бұл ретте газ оттықтары газдың келіп түсуін болдырмайтын автоматты бұғаттағышпен қамтамасыз етіледі.

Тартып үрлейтін машиналарды (эксгаустерлерді, желдеткіштерді, түтін сорғыштарды) тоқтату машинада отын толығымен жанып болғаннан кейін жүргізіледі.

216. Коллекторлар мен оттықтардың тиектеріне қызмет көрсету үшін оларға ыңғайлы қолжетімділік қамтамасыз етіледі. Магистральді сұқпа жапқыштарды басқару оператор орнынан қашықта жүргізіледі, сондай-ақ ыңғайлы қолмен басқару мүмкіндігі де қарастырылады.

217. Күйдіргіш машиналардың тұтандырғыш ошақтарының қабырғалары мен жинақтары жылуды оқшаулағышпен жарақтандырылады. Сыртқы жабын температурасы 45°С жоғары көріктер астында ғимараттың ең биік бөлігінен 1-2 м биік шығарылған және дефлекторлармен жабдықталған керме құбырлары бар қолшатырлар орналастырылады.

Тұтандырғыш көрікке тығыз жалғасқан агломерациялық машинаның маңында жабын болмаған жағдайда шихтаның қызған бетін толық экранға түсіруді қамтамасыз ететін салқындатқыш перделермен жабдықталады.

218. Ұйымның газ шаруашылығына қызмет көрсетететін адамдар арнайы бөлінген орындарда сақталатын және жүйелі тексеруден өтетін қажетті газдан қорғайтын аппаратурамен қамтамасыз етіледі.

219. Шихтаны жағу үшін сұйық отынды пайдаланатын кесектеу қондырғысын пайдалану ҚР ҚНжЕ 4.02-08-2003 «Қазандық қондырғылар» талаптарына сәйкес жүргізіледі.

220. Төсеніш пен шихталарды арбаларға тиеу орындарындағы агломерациялық және күйдіргіш машиналардың жұмыс алаңының аймағы, шығыршықты қалаушының шығыршықтар жетектері мен машиналардың бөренеленген бөлігі жұмыс істеп тұрған машинада оттықтарды ауыстыру үшін

жұмыс тармағына арбаның шығатын ауданына қызмет көрсететін персоналдың қолжетімділігін болдырмау үшін қоршалады.

Бұл орындарға қолжетімділік күйдіргіш машина тоқтағаннан кейін және тиісті бұғаттағыш қосылғаннан кейін қамтамасыз етіледі.

221. Ұйымдардың барлық кесектеу жұмыс орындары жарықты-дыбыстық белгімен және телефон байланысымен жабдықталады.

222. Шихтаны қыздыру үшін ыстықты кері қайтаруды пайдалануға жол берілмейді.

223. Агломератты біріктіру технологиясы кері қайтару бункерінде тоқтап қалуды болдырмайтын кері қайтаруды қамтамасыз етеді.

Бункерде ыстықты кері қайтару тоқтап қалған жағдайда, оның құлатылуы арнайы құралдармен жүргізіледі.

Кері қайтару материалын бункерде салқындатуға жол берілмейді.

Бункер конструкцияларын және електі сумен салқындату қажет болғанда кері қайтарудан босатылған бункер болғанда ғана және қосымша қауіпсіздік шараларын қолданған кезде ғана жүргізіледі. Ыстықты кері қайтару бункерлерін жылумен оқшаулау қажет.

224. Ыстықты қайтаруды тасымалдау үшін галереяның бу шығаруын төмендету мақсатында ағызу-сору желдеткішімен жабдықталады, ал суық кездерде берілетін ауа алдын ала қыздырылады.

225. Тиеу орындарында және кері қайтаруды салқындату кезінде будың пайда болуын болдырмау үшін материалды түсіру орындарында салқындатқыш барабан аспирациялық жүйелермен жабдықталады.

226. Кері қайтару машинасы бункерінің астынан науашаны тазалау тек керек-жарақтар көмегімен арнайы алаңдарда жүргізуге жол беріледі.

227. Ыстықты кері қайтаруды таспалы конвейермен тасымалдаған кезде оны беру алдын ала конвейер таспасына салынған шихтаның қабатына жүргізіледі.

Кері қайтаруды беру және конвейерде суық шихтаның болуы автоматиканың арнайы жүйесімен қамтамасыз етіледі.

228. Вагондарға шекемтастарды (агломераттарды) тиеуге арналған темір жолдар шатырмен (қолшатырмен) жабылады, оның астынан шығарындыларды шаңнан тазарта отырып, шаң болған ауаны желдеткішпен сору қамтамасыз етіледі.

229. Шекемтастарды (агломераттарды) тиеу орындарындағы темір жолдар механизацияланған тазалауға жатады.

230. Шекемтастар сынамасын іріктеу арнайы орындарда автоматты сынама іріктегіштермен, ал шекемтастарды конвейермен беру болмаған жағдайда теміржол вагондарынан көпір кранының грейферімен жүргізіледі.

231. Шекемтастарды (агломераттарды) салқындату процесі 140°С төмен болмайтын олардың калориметрлі тәсілмен анықталатын температурасының төмендеуін қамтамасыз етеді.

232. Дайын шекемтастарды електеу үй-жайлары күйдіру корпусынан ғимараттың барлық биіктігі бойынша қабырғамен бөлінеді. Електеу бөлімшесіне және түсіру алаңына кіруге арналған есіктер тығыз жабылады.

233. Шекемтастарды (агломераттарды) ұйымның күкіртті кенінен өндіру кезінде кесектеу күкіртті ұстайтын қондырғылармен жабдықталады.

234. Шығып жатқан газ бен рециркуляция және рекуперация жүйелерінің газды-әуе коллекторлары, үй-жайларда орналасқан шаңды жинауға арналған оның бункерлері жылудан оқшауланады. Жылуды оқшаулау бетінің шаңнан кезеңді тазалануы көзделеді.

235. Күйдіру корпустарында күйдіру машиналарының тартып үрлеу қондырғылары жеке корпуста (аралықта) немесе күйдіру корпусының құрамына кіретін тұтас қабырғалармен оқшауланған үй-жайда орналастырылады.

Тартып үрлейтін қондырғылардың үй-жайы дыбысты естіртпейтін кабинада орнатылған телефон байланысымен және жарықты-дыбыстық белгімен күйдіру бөлімшесімен хабарласады.

236. Тартып үрлейтін жабдыққа дейінгі немесе одан кейінгі шығып жатқан газдар мен рекуперация газдарының коллекторларында орнатылған тиектерді басқару механикаландырылады және электрленеді.

237. Күйдіру машиналарының конструкциясымен пайдалану процесінде газдарды қағуды және үй-жайға шекемтастардың қыздырылған қабатымен жылудың сәулеленуін болдырмау мақсатында «керіктер – күйдіргіш арбалар» торабында тиімді тығыздау қамтамасыз етілуі қажет.

238. Күйдіру машинасы желдеткішінің түтін сорғышы авариялық тоқтаған жағдайда мыналар:

1) отынды беру және білте тиегін ашуды дереу автоматты түрде тоқтату;

2) күйдіру машинасын автоматты түрде тоқтату жүзеге асырылады.

Жұмыс істеп тұрған тартып үрлейтін қондырғылар отын толығымен жанып біткенге дейін жұмыс істеуін жалғастырады.

2-параграф. Әктасты күйдіру
239. Әктасты күйдіру және әктасты дайындауға арналған қондырғыларды пайдалануды технологиялық регламент талаптарына сәйкес жүргізу қажет.

Әктасты күйдіру және агломерациялық шихтаны әзірлеудің қондырғыларында шаңды басу құралдары қолданылады.

240. Әктасты бөлу үшін суды қолдануға технологиялық регламентте белгіленген қауіпсіздік шараларын қабылдаған жағдайда жол беріледі.

241. Әктасты тасымалдау оның шаңдануын болдырмаған жағдайларда жүргізіледі.

Жеткіліксіз немесе бүлінген желдеткіште әктасты күйдіру бөлімшелерінде жұмыс жасауға жол берілмейді.
3-параграф. Кептіру бөлімдері
242. Кептіру қондырғылары қолданылатын отынның түріне қарай өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына және технологиялық регламентке сәйкес пайдаланылады.

243. Жоғары температураға дейін қыздырылатын кептіру қондырғысының барлық беттері жылудан оқшауланады немесе қоршалады, ал жұмыс орындары әуе душтарымен жабдықталады.

244. Олар бойынша материал кептіру пештеріне берілетін науалар мен құбырлар шаңның пайда болуын болдырмау үшінтығыз жабылады.

245. Кептіру қондырғылары мен пештер газды шаңнан және зиянды қоспалардан тазалауды қамтамасыз ететін құрылғылары бар газды сору жүйесімен жабдықталады.

246. Тартып үрлейтін жүйе тоқтаған кезде кептіру қондырғысының (пештің) жұмыс істеуіне жол берілмейді. Тартып үрлейтін қондырғылардың жұмысы жұмыс үй-жайына газдың кіру мүмкіндігін болдырмауын көздейді.

247. Кептіру қондырғысын қосу және тоқтату технологиялық регламент талаптарына сәйкес жүргізу қажет.

248. Мазутты ағызуға арналған ыдыс бүлінген немесе авариялық толған жағдайда от құрылғыларының жұмыс жасауына жол берілмейді.

249. Өндірістік үй-жайларда кептіру қондырғысын жағуға арналған мазут қоры бір тәулікке қажет мазут көлемінен артық болмауы тиіс. Бұл мақсаттар үшін мазутты сақтау орны жобалау құжаттамасымен белгіленеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет