Ауда Б. Сыздықов



бет7/11
Дата21.06.2016
өлшемі5.08 Mb.
#151990
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Тұрғын үй секторы
Аудан бойынша 27 дана көп қабатты үй бар. Жарамсыз 1 дана Қарақоңыр ауыл округі Ш.Қаладаяқов ауылында орналасқан. Жарамды 26 көп қабатты үй бар (17788,8м2). Оның 25 данасы кондоминиум нысаны ретінде әділет басқармасына тіркелген.

Оның ішінде:

  1. Шәуілдір ауыл округі Шәуілдір ауылында – 23 дана 2 қабатты (тіркелген);

  2. Талапты ауыл округі Көкмардан ауылында – 1 дана 2 қабатты (тіркелген);

  3. Шілік ауыл округі Ескі Шілік ауылынлда – 1дана 2 қабатты (тіркелген);

  4. Қоғам ауыл округі Мыңшұқыр ауылында – 1 дана 3 қабатты (тіркелмеген себебі нысан 2014 жылы пайдалануға берілген).

Күрделі жөндеуден өткені

Отырар ауданы бойынша 2012 жылы Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы аясында 9 дана көп қабатты тұрғын үйлердің (Алтынбеков көшесі №13,15,17; М.Әуезов көшесі №3,5,7; Жібек жолы даңғылы №31,35,39) күрделі жөндеуден өткен.

«Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында 2015 жылы Шәуілдір ауылындағы 5 дана көп қабатты тұрғын үйлерді (Жібек жолы даңғылы №4а/б, №6а/б, №10, №17, 18а ) күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жалпы құны 23 732,56 мың теңге болатын 5 үйдің жобалық сметалық құжаттары жасалынып, ОҚО тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі басқармасына ұсынылды.
Абаттандыру
Облыс әкімдігінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы №381 «Оңтүстік Қазақстан облысы елді мекендерін көгалдандырудың 2014-2016 жылдарға арналған» Жасыл аймақ іс-шара жоспарын» бекіту туралы қаулысына сәйкес Отырар ауданы әкімдігінің 2014-2016 жылдар аралығына 539 га ағаш көшеттерін отырғызу үшін іс-шара жоспары бекітілген, 2014 жылы – 300 га жерге 126000 дана көшет, орындалғаны - 100 %.

Абаттандыру бойынша облыстағы негізгі жұмыстарға көшелерді, жолжиектерін тазалау, көшелерді жарықтандыру, субұрқақтарды, ескерткіштерді және т.б. нысандарды күтіп ұстау, аулаларды көркейту мен көгалдандыру, елді мекендердегі санитарлық тазалықты қамтамасыз ету жатады.

Елді мекендердің аумағын кеңейтумен байланысты тиісінше тазалайтын көшелердің саны артты, егер 2011 ж. аудан бойынша 120 шқ көше тазаланса, 2015 ж. 600 шқ құрап отыр.

Келешек ұрпаққа қолайлы жағдайлар туғызу үшін 2011 ж. 2 данадан 2015 ж. 10 данаға дейін балалар алаңшалары ретке келтірілді.

Жүргізілген түсіндіру-насихаттау жұмыстарының нәтижесінде тұрғындар арасында берекетсіз қоқыс орнының саны 2011 ж. 36 данадан 2015 ж. 25 данаға немесе 30,5 %-ға азайды.

Өсіп келе жатқан ағаштарды және қайта отырғызылған көшеттерді сақтау үшін 2011 жылы 170,0 мың данасы әктелсе, 2015 ж. олардың саны 270,3 мың бірлікті құрады.


SWOT-талдау:

Күшті жақтары (S):

  • Оңтайлы географиялық орналасу – ауылшаруашылық өнімінің ірі нарықтарына жақын орналасу;

  • Көліктік инфрақұрылымның дамығандығы;

  • Энергетиканың баламалы көздерінің болуы;

  • Ақпараттық қоғамның дамуы.

Мүмкіндіктер (O):

  • Негізгі транзиттік дәліздер арқылы транзиттік ағымдардың өсуі;

  • Энергия тиімділігін арттыру;

  • Инженерлік инфрақұрылымды жаңарту және қалпына келтіру;

  • Өңір тұрғынадарының ақпараттық технологияларды пайдалануға мүдделілігі.

Әлсіз жақтары (W):

  • Жалпы пайдаланымдағы жол бойындағы сервистің жеткіліксіз дамуы (кемпингтер, эстакадалар, автокөлік құралдарының тұрақтары, мотелдер, жедел жәрдем көрсету бекеттері және т.б.);

  • Сумен қамту, электрмен қамту желілерінің жоғары тозуы;

  • ТКШ объектілерінің жоғары тозуы;




Қауіптер (T):

  • Өңірдің энергия тапшылығының бұдан әрі күшеюі;




Бағыт бойынша мәселелер:

Автокөлік жолдары

- үлкен жүк көліктерімен зақымдалатын жол жабындарының көтергіш қасиетінің үдемелі жойылуы;

- жалпы қолдануға арналған жолдардың бойындағы сервис желілерінің жеткіліксіз дамуы (кемпингтер, эстакадалар, автокөлік құралдарының тұрақтары, мейманханалар, жедел жәрдем көрсету пункттері және т.б.);

- жобалау-сметалық құжаттамаларда зертханалық жұмыстарды жүргізу үшін қаражаттың болмауы зертханалық талдау сапасына әсер етеді;

- облыстық маңыздағы автокөлік жолдарын жалға беруге рұқсат ететін құқықтық базаның болмауы.

Автомобиль көлігі

- тұрақты ауданаралық және облысаралық бағдар бойынша заңсыз тасымалдар;

- автотасымалдаушыларды, әрі автокөлік құралдарының иелерін ластаушы заттардың шығарындыларын азайту қажеттілігінен шығатын мақсатқа жету бойынша ынталандырудың болмауы;

- автокөлікті табиғи газбен жұмыс істейтін етіп қайта жабдықтау үшін экономикалық тартымды шарттардың болмауы;

- тұрақты жолаушылар бағдарын бөлу бойынша конкурс өткізу кезінде табиғи газбен жүретін автокөліктері бар тасымалдаушыларға арналған артықшылық жүйесінің болмауы;

- жол полициясының облыстық басқармасы жанынан автокөлік құралдарын бақылаумен шұғылданатын, экологиялық нормаларды бұзатын автокөлік құралдарын пайдаланып жүрген иелерді анықтау, жол бермеу және оларға әкімшілік жазаларды қолдану құзыреті бар экологиялық бөлімшенің жоқтығы;

Теміржол көлігі

- темір жол вокзалының кассаларында жаз-күз кезеңінде биллеттердің болмауы.



Сумен қамтамасыз ету

  • ауданның Көксарай, Бестам, Жанкел, Ызакөл, Арыс, Қостерек, Сырдария, Ақкөл елді мекендерінде су құбыры желілерінің болмауы;

  • Желілерді ауызсу шығындары;

Су бұру:

  • Магистралдық кәріз жүйесі құрылысы 2012-2013 жылдары және 2015 жылы ішкі кәріз жүйесі құрылысы жүргізілген. Тозығы жоқ.

Жылумен қамтамасыз ету

  • Жылу желілерінің құрылысы 2011 жылы жүргізілген. Жарамсызданған жылу жүйелері ағымдағы жөндеу жұмыстарымен қалыпқа келтірілуде;

  • Желілердегі үлкен шығындар.

Электрмен қамтамасыз ету

- электр қуатының тапшылығы;

- коммуналдық желілер тозуының жоғары болуы.

Абаттандыру:

- кем тұстары ретінде ауданның кейбір елді мекендерінде жарықтың нашарлығын, көше жарығын толық қамтылмауын атап өтуге болады;

- елді мекендердегі тазалықты қамтамасыз ету ісінде арнаулы техниканың тапшылығы мен қолда бар техника жағдайының қанағаттанарлықсыз күйі;

- қолданыстағы контейнерлік алаңшаларды жаңарту немесе салу және қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға арналған контейнерлерді жаңарту.



БАҒЫТ: Экология және жер ресурсы

Экология

Оңтүстік Қазақстан облысында Шымкент және Түркістан қалаларында атмосфералық ауаның сапасын «Казгидромет» МҚК атқарады. Негізгі критерийлер елді мекендердің ауасындағы шектелген зиянсыз концентрация (бұдан әрі – ШЗК) мәндері болып табылады.

Атмосфералық ауаға ластағыш заттар шығарылуын төмендету мақсатында Отырар ауданын газбен қамтамасыз ету үшін магистралды газ құбырының 2012-2014 жылдары жобалау сметалық құжаттары жасалып, мемлекеттік сараптамадан өтті. 2015 жылдар бастап құрылысы жүргізілуде. Қазіргі таңда 17 шақырымына газ құбыры жүргізіліп қысымдаудан тексеріліп топырақпен көмілді. Нысан өтпелі.

Атмосфералық ауаның сапасын жақсарту, өнеркәсіптік кәсіпорындармен және автокөлікпен ластағыш заттардың шығарылуын азайту елдің «жасыл экономикаға» көшуінің маңызды құрамдауышы болып табылады.



Жер ресурстары және қалдықтарды орналастыру
Аудан көлемінде Шәуілдір, Отырар ауыл округтерінен басқа 11 ауыл округтің 21 елді мекен аумағынан көлемі 5 га жерден қатты тұрмыстық қалдықтар тастайтын полигонның мемлекеттік актілерін алынып эмиссиялық рұқсаттарының құжаттары толығымен рәсімделген. Қазіргі таңда қатты тұрмыстық қалдықтарға шыққан аудан әкімдігінің қаулысы облыстық жер қатынастары комиссиясында қаралып, «Отырар ауданы елді мекендерінің тұтыну қалдықтарын орналастыру жөніндегі объектілерді салу үшін жер учаскелерін беру туралы» облыс әкімдігінің 16 ақпан 2012 жылғы №45 қаулысы қабылданды. Ауданның барлық ауыл округтері бойынша санитарлық тазалық жұмыстарымен айналысатын СТК-лар құрылған. СТК-ның міндеті сол ауыл округіндегі көшелердің тұрғын үйлерден, мекемелерден шығатын күл-қоқыс қалдықтарын тазалап, арнайы полигондарға төгу жұмыстары жүргізуде. 2009 жылы Темір, Отырар және Шәуілдір ауылынан жиналатын күл-қоқыстар тастайтын Темір ауыл округінен 8,0 гектар жер бөлініп, орталықтандырылған құны 34,2 млн теңге болатын типтік полигон жайы салынып пайдалануға берілген. Қазіргі таңда Шілік ауыл округінің полигонына 25871,0 мың теңге және Балтакөл ауылдық округі Балтакөл ауылындағы полигонға 26119,0 мың теңге 2013 жылы облыстық бюджеттен бөлініп жаңа типтік полигон жайын салу жұмыстары толығымен атқарылып, пайдалануға берілді. Сонымен қатар Талапты ауыл округі Көкмардан ауылындағы полигонға 2014 жылы облыстық бюджеттен 25000,0 мың теңге бөлініп жаңа типтік полигон жайы салынып пайдалануға берілді.

ОҚО табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасына Отырар ауданына қарасты 2 ауыл округке (Аққұм, Маяқұм) жаңа типтік полигон салу үшін жобалық сметалық құжаттарын жасауға сәулет жоспарлау тапсырмасы әзірленіп ұсынылды.




Күшті жақтары (S):

  1. Қоғамдық көлікті газ отынына көшіру;

  2. ҚТҚ полигондарын жаңарту және жөндеу;

  3. Елді мекендердің газбен қамтылғандығы

Мүмкіндіктері (O):

  1. Қалдықтарды қайта өңдеуді енгізу;

  2. Жасыл экономикаға көшу




Әлсіз жақтары (W):

  1. Көптеген елді мекендерде қатты тұрмыстық қалдықтарды залалсыздандыру үшін жаңа типтік полигондардың жетіспеушілігі.

Қатерлер (T):

3. Көптеген елді мекендерде қатты тұрмыстық қалдықтарды залалсыздандыру үшін жаңа типтік полигондардың жетіспеушілігінен зиянды заттардың пайда болуы;


Облыстың жер қорының жалпы құрылымындағы ауылшаруашылық

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы
Саладағы негізгі проблема инфрақұрылымның тозуы болып табылады. Келешекте саланың дамуы ТКШ объектілерін жаңарту және автоматтандыруды енгізуге бағытталатын болады.

Мақсат – Тұтынушыларды сапалы коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету
- ауылдық елді мекендерде сумен қамтамасыз ету объектілерін қалпына келтіру және салу;

- жылу энергиясы, су-электр тұтынуды есептеу және бақылау жабдықтарын орнату бойынша іс шаралар аяқталатын болады;

- кондоминиум нысандарын тіркеу бойынша жұмыстардың аяқталуы;

- Көппәтерлі үйлерді күрделі жөндеу;



Бағыт: Экология және жер ресурстары

Ауданымыздың ұзақ мерзімді экологиялық саясаты табиғи жүйелердің тұтастығын және тұрақты даму үшін олардың тіршілік ету функцияларын ұстап тұру, халық денсаулығын нығайту және облыстың экономикасының бәсекеге қабілеттілігінің және аумақтың экологиялық тартымдылығының артуын қамтамасыз ете отырып аумақтың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етілуін ұстап тұру болып табылады.



Мақсат – Қоршаған ортаны сақтау, қалпына келтіру және сапасын жақсарту бойынша жағдайлар жасау



Бағыт: Ауылдық аумақтарды дамыту, экология



Нысаналы индикаторлар/тікелей нәтижелер көрсеткіштері

Бір.өлш

2016 ж

2017 ж

2018 ж

2019 ж

2020 ж




Көрсеткіштердің болжауы




51

51

Стационарлық көздерден шығатын анықталған зиянды заттарды азайту

%

10

15

20

25

30




51.1.

Стационарлық көздерден шығатын зиянды заттардың атмосфераға шығуы

тонна

1195

1200

1235

1240

1245



51.3.


Қоршаған ортаға эмиссия үшін алынған жергілікті бюджетке түсетін кірістерге қоршаған ортаны қорғау іс-шараларына бағытталған шығындардың арақатынасы

%

4,9

10

15

20

25




51.4.

Тұрмыстық қатты қалдықтардың жалпы көлемінің ішіндегі тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеудің үлесі

%

0,2

0,3

0,4

0,5

0,5




51.5.

Аудан тұрғындарынан қалдықтарды жинау және тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтермен қамту

%

20,86

25

30

35

50




51.6.

Санитариялық қағидалар талаптарына сәйкес келетін ТҚҚ полигондарының үлесі (көму орындарының жалпы санынан)

%

19,04

23,8

28,57

38,1

47,6





Қол жеткізу жолдары:

  • Қатты тұрмыстық қалдықтар үшін полигондарды салу және жөндеу;

  • Қатты тұрмыстық қалдықтардың екінші рет өңдеуін дамыту;

  • Аудан аумағында «тарихи ластануларды» жою;

  • Өндіріс қалдықтарын өңдеу және кәдеге жарату бойынша нысандар және құрылғылар салу;

  • Халықта жиналатын ҚТҚ көлемін есептеу статистикасын жетілдіру;

  • Аудан аумағындағы елді мекендердің орталықтарында ҚТҚ заманауи полигонын салу;

  • Тәулік бойы мониторинг, атмосфералық ауаны ластаушыларға талаптарды қатайту және жазаларды қолдану;

  • Санитарлық-қорғау аймақтарын қалпына келтіру жоспарын іске асыру;


Бағыт: Мемлекеттік қызметтер

Мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару жүйелері

Билік институттарының қызметін талдау, мемлекеттік қызметтерді тұтынушылар алдында міндеттемелердің төменгі орындалу тиімділігімен сипатталынатын, әкімшілік ресурстарының жеткіліксіз нәтижелілігі туралы қорытынды жасауға мәжбүрлейді. Бұл медициналық қызметтердің ұсынылуының тиімділігінің төмендігімен (жас сәби және ана өлімдерінің өсімі, әлеуметтік-маңызды аурулармен ауырудың өсімі), білім беру қызметтерінің ұсынылуының тиімділігінің төмендігімен (орта кәсіби білім беру мекемелерінің жеткіліксіздігі, бұл мекемелерде кәсіби білім беру шеберлерінің жеткіліксіздігі, техникалық мамандықтардағы жұмысшылар еңбек ресурстарының тапшылығы), ауданды дамытудың аймақтық бағдарламаларының жүзеге асырылуының төмендігімен көрінеді. Осы себептермен қатар мемлекеттік қызметтерді тұтынушылар алдында міндеттемелердің орындалуын қаржыландырудың жеткіліксіздігі орын алады.



SWOT талдау

КҮШТІ ЖАҚТАРЫ

ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ

- Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылау

- жерлерде электронды қызметтермен қамту деңгейінің төмендігі

- «ЭҮ» порталы арқылы мерзімінен кеш көрсетілген қызметтер санын азайту

- қызмет алушылардың мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі туралы нашар хабардарлығы (21%)

- Халықты мемлекеттік қызметтермен қамту жоғарылығы

- мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бақылау және бағалау әдістемесінің жетілдірілмегендігі

- мемлекеттік қызметті көрсету процедураларын оңайлатуға бағытталған АЖ болмауы

- «ЭҮ» порталы және ХҚО арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді пайдаланушылардың аз үлесі (2014 ж. – 0,4%)




- Мемлекеттік басқару салаларын мониторингілеуге бағытталған АЖ болмауы

ҚАУІПТЕР

МҮМКІНДІКТЕР

- мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерінің бұзылуының көбеюі

- сапа, жеделдік, қолжетімділікті жетілдіруге бағытталған шаралар




- мемлкеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін уақытында ұстану бойынша шаралар




- мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін қысқарту бойынша шаралар




- тұрғындар тікелей пайдаланатын қызметтерді жақсарту бойынша жүйелі шаралар


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет