Аудан әкімі А. И. Тохтасуновтың Ұйғыр ауданының 2014 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2015 жылғы дамуының негізгі бағыттары туралы баяндамасы



Дата22.02.2016
өлшемі188.29 Kb.
#1480
Аудан әкімі А.И.Тохтасуновтың Ұйғыр ауданының 2014 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2015 жылғы дамуының негізгі бағыттары туралы

БАЯНДАМАСЫ
Өздеріңізге белгілі Қазақстан Республикасы Президентінің 15 тамыз 2013 жылғы номері 615 Жарлығына сәйкес ауданның 2014 жылғы әлеметтік-экономикалық дамуының барысы мен жергілікті атқарушы органдарының қызметі жайлы, 2014 жылы атқарылған және биылғы жылы атқарылатын жұмыстар туралы хабардар ету үшін бүгін бас қосып отырмыз.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауында елдің ілгері басу жолдары көрсетіліп, жаңа экономикалық саясат айқындалды.

Қысқа мерзімді перспективадағы негізгі бағыттар көліктік - логистикалық, индустриялық, энергетикалық, тұрғын үй, сумен және жылумен қамту жүйелерін жаңғырту болып табылады.

Жылдағы аудан әкімінің есеп беру кездесулері: ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын түсіндіруге, жергілікті билік пен халықтың қарым-қатынасын жақындатуға, еліміздегі жаңа реформалар жайлы хабар беріп, атқарушы органдардың жауапкершілігін асыруға бағытталған.

Аудан әкімінің 2014 жылғы есепті кездесуінде тұрғындар тарапынан айтылған өзекті мәселелер бойынша 10 бөлімнен тұратын іс-шара жасалынып, бекітілген болатын. Бекітілген іс-шараның орындалуы жөнінде ақпарат аудандық газеттерде жарияланды.



Оның ішінде: таза су мәселелері бойынша 4, құрылыс жұмыстары және жолдарды жөндеу – 3, білім беру нысандарын жөндеу – 1, елді мекендерді электрмен қамтамасыз ету – 1, басқа мәселелер – 1 болған.

Аудан әкімі жұмысының маңызды бөлігі азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеу болып табылады. Жыл бойы аудан әкімінің қабылдауында 107 адам болып, барлығына түсініктеме берілді.

Өткен уақыт ішінде аудан әкімі аппаратына аудан жұртшылығынан 448 өтініш түсті, барлық өтініштер өз мезгілінде қаралып лайықты жауаптар берілді.

Іс жүргізуді толықтай мемлекеттік тілге көшіру бағытында мақсатты жұмыстар жүргізілуде. Мемлекеттік тілдің қолдану көрсеткіші 99,9 пайызды құрайды.

Бүгінгі таңда аудандағы 63 мың 275 тұрғынның экономикалық белсендісі 35210 адам, оның 33425-сі, яғни 95,0 пайызы жұмыспен қамтылып отыр.

Заман талабына сай аудан халқы 2014 жылы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына өзіндік үлесін қосты. Елбасының Жолдауындағы шараларды жүзеге асыру нәтижесінде ауданымыздағы экономиканың барлық саласында дамудың оңды қарқыны сақталып келеді.

Атап айтқанда, жыл ішінде бюджетке түсетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді жинау болжамы 117,3 пайызға орындалып, бюджетке 1 млрд. 476 млн. 460 мың теңге түсім түсті.

Оның ішінде республикалық бюджетке 184 млн. 809 мың теңге, жергілікті бюджетке 1 млрд. 291 млн. 651 мың теңге түсіп, болжам 120,4 пайызға орындалды.

2014 жылға бюджет шығындары 5 млрд. 741 млн. 902 мың теңгені құрап, оның кассалық орындалуы 5 млрд. 690 млн. 574 мың теңге болып, 99,1 пайызды көрсетті.

Аудандағы кәсіпорындарда жұмыс істеушілердің орташа жалақысы 66171 теңгеге жетіп, өсім 110,8 пайызды құрады.



2015 жылға бекітілген бюджет көлемі 6 млрд. 063 млн. 799 мың теңгені құрап, бұл көрсеткіш былтырғы жылдың бекітілген бюджетіне қарағанда 1 млрд. 400 млн. 656 мың теңгеге өсті.

2014 жылдан бастап барлық ауылдық округтер өз бюджеттеріне ие болып, оның мақсатты жұмсалуына жауапты болды.

14 ауылдық округтерге бөлінген 436,0 млн. теңге ауылдарды көркейтуге, көгалдандыруға, жарықтандыруға, жол жөндеу және басқа да жұмыстарға мақсатты түрде пайдаланды.

«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы аясында 6 округке бөлінген қаржыны игеру барысында 37 жаңа жұмыс орындары ашылды

Ауылшаруашылығы бойынша

Ауданымызда азық-түліктің тұрақты мөлшерін жасаудың негізі - суармалы жерлерді тиімді пайдалану. Осыған сәйкес барлық егілген егістік жерлер 22315 гектар, оның ішінде дәнді-дақылдар 12312 гектар, күнбағыс 963 гектар, картоп, бақша, көкөністер 1442 гектар және мал азығы 7598 гектарға егілді.

Егіс алқаптарынан 66547 тонна дәнді дақыл, 7012 тонна картоп, 24463 тонна көкөніс, 1251 тонна күнбағыс, 1170 тонна бақша, 9917 тонна жеміс-жидек, 1413 тонна жүзім өнімі алынды.

Аудан халқын сапалы әрі арзан ауылшаруашылық өнімімен қамтамасыз ету мақсатында ауданда 14840 шаршы метрлік 10 жылы-жай жұмыс жасауда. Оның ішінде: «Өнік» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде (ТОО) бес жылыжайда 13000 шаршы метр, барлық жылыжайдың 87,6 пайызын құрайды. (Дардамтыда 6–13140, Шарында 2-112, Бахарда 2-580 шаршы метр, басқа бірде-бір ауылдық округте жылыжай жоқ )

Ауданда жыл басынан 17 дана әр - түрлі маркалы тракторлар, 1 жүгері сепкіш, 6 соқа, 5 басқа техникаларды 69 млн. 618 мың теңгеге сатып алды. (Шарында 21 -72,4 пайыз, Шонжыда 6- 20,6 пайыз, Аватта, Сүмбеде бір-бірден 7,0 пайыз)

2014 жылы шаруа-қожалықтары өз қаражаттарына 1242 тонна минералды тыңайтқыштарын алып қолданды. Егіс алқаптарына 30,0 мың тонна органикалық тыңайтқыштар төгілді.


Үкіметтің қаулысына сәйкес жалпы ауылшаруашылық құрылымдарына 1 млрд. 069 млн. 877 мың теңге, оның ішінде егістік көлеміндегі дақылдар өсірушілерге 161 млн. 066 мың теңге, малды селекциялық асылдандыруға, тауық етін өндіруге және сатып алынған асыл тұқымды бұқаларға 908 млн. 812 мың теңге өтем ақы төленді. Оның ішінде: 862,6 млн.теңге өндірілген құс етіне төленген, яғни 95,0 пайызды құрайды, бұл өте ойланарлық жай.

68 га жаңадан отырғызылған алманың «Апорт» сортына 36 млн. 682 мың теңге, тамшылатып суғару әдісімен отырғызылған 6,5 га абрикос бағына 3 млн. 342 мың теңге өтемақы төленді.

Жалпы мал шаруашылығы бойынша 2015 жылдың 1 қаңтарына ірі-қара - 61500 бас, қой-ешкі - 204188 бас, жылқы – 13840 бас нақты қалып отыр. Өткен мерзімде 38050 тонна ет, 21130 тонна сүт, 562 тонна жүн, 9 млн. 810 мың дана жұмыртқа өндірілді.

Мүйізді ірі-қара мал етінің экспорттық әлеуетін арттыру мақсатында жасалған «Сыбаға» бағдарламасы негізінде (төрт жыл ішінде 26 шаруа қожалықтары 169 млн. 720 мың теңге несиеге 880 бас сиыр, 48 бас асыл тұқымды бұқа сатып алды) 2014 жылы Ават, Ақтам, Шонжы, Кіші Дихан ауылдарынан 4 шаруа қожалығы 43 млн. 100 мың теңге несие алып 200 ана бас сиыр, 10 бас асыл тұқымды бұқа сатып алды.



Аудан бойынша өтем ақы алуға үміткер 67 фермерлік шаруа қожалығында 3713 бас сиырға 143 бас бұқа сатып алынып, 100 пайыз бұқамен қамтамасыз етілді.

Жалпы 61500 бас ірі қараның 32297-сі ана бас, 259-зы асыл тұқымды ірі қара, оның ішінде 116 бас сиыр, 143 бас бұқа.

Бұл өте төмен көрсеткіш.

«Алтын асық» бағдарламасы бойынша Сүмбе ауылдық округінен «Ақжол М» шаруа қожалығы 11 млн. теңге несие алып 356 бас қой, 10 асыл тұқымды қошқар алды. Бұл бағдарламамен 1 ғана шаруашылық айналысуда. Алдағы міндет мемлекет тарапынан көрсетілген «Сыбаға» және «Алтын асық» бағдарламасын тиімді пайдалану.

2014 жылы эпизоотияға қарсы іс-шараларға 105 млн. 598 мың теңге бөлініп, толығымен игерілді.

Мал бордақылау алаңдары бойынша Шарын ауылдық округіндегі «Вин» шаруа қожалығы есептік нөмірін алып 100 басқа бордақылау алаңын ұйымдастырды. «ҚазМалы» серіктестігі 250 басқа арналған бордақылау алаңының құжаттарын рәсімдеу жұмыстарын аяқтауда.

Біз аграрлық секторды дамытуда мемлекеттік бағдарламаларды толық пайдалануымыз (игеруіміз) қажет. Ол үшін егін шаруашылығын ғылыми негізде дамыту, көкөніс, жеміс-жидек өсірудің тиімді жаңа технологияларын батыл меңгеру (жылыжай, тамшылатып суғару т.б.). Сондай-ақ етті, асыл тұқымды мал басын барынша көбейту. Оның өнімдерін өңдеу мен сату. Осы салаларға мемлекет тарапынан берілетін көмекті дер кезінде пайдалана білу керек.

Аудандағы барлық егістік көлемі суармалы жерде болғандықтан, ауылдардағы 627 шақырым каналдардың бүгінге 402 шақырымына жер актілерін жасатуға өткізілді. (Оның ішінде Шарындағы 4 канал, Тасқарасудағы 2 канал және Рахат ауылындағы бір канал). Бұл каналдар ауылшаруашылық бөлімінің есебіне алынады.

Нәтижесінде барлық каналдар мен дренаж желілері Республикалық «КазВодхоз» басқармасына өткізіліп беріледі. Олар арқылы қаражат бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізіледі деп күтілуде.

Өнеркәсіп бойынша 5 млрд. 937 млн. теңгелік өнімі өндіріліп, «Казросбройлер» акционерлік қоғамының тауық етін өндіру көлемі 8 мың 122 тоннаға азаюына байланысты 2013 жылмен салыстырғанда өнімнің нақты индексі 77,7 пайызды құрады.

Жалпы өнеркәсіпте 2014 жылы 2 жаңа нысан іске қосылып, 7 жаңа жұмыс орындар ашылды.

2015 жылға өнеркәсіп өндірісінде барлығы 6 млрд. 980 млн. теңгенің өнімін өндіру жоспарлануда.

Аудан экономикасының маңызды бөлігін құрап отырған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны бүгінге 4713 болып (100 шағын, 1880 жеке тұлға субъектілері мен 2733 шаруа қожалықтары), бұл салада жұмыспен қамтылғандар саны 6849 адамды құрайды. Бұл экономикалық белсенді халықтың 20,0 пайызы. Осы салада 5 млрд. 891 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, бюджетке 148,9 млн. теңге қаржы құйылды.

Сауда-саттық және қызмет көрсету салаларын дамыту үшін үстіміздегі жылы ауданда 17 сауда және қызмет көрсететін нүктелері іске қосылып, жаңадан 60 жұмыс орны ашылды.

2014 жылы салық басқармасында 103 жаңа сауда объектілері тіркеліп, патент алды.

Шағын және орта бизнесті дамыту және қолдау бағытында «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ арқылы, екінші деңгейдегі банктер, шағын несие беретін ұйымдар «МКО «КMF» несие филиалы, «Шарын» несие серіктестігі және «Ауыл шаруашылығы қолдау қоры» арқылы жалпы аудан бойынша 2227 адамға 722 млн. 229 мың. теңге несие берілді.

Ауданда тауар айналымы 2014 жылы 3 млрд. 260 млн. теңгені құрап, 2013 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 129,5 пайызға, немесе 742,0 млн.теңгеге көбейген.

2014 жылы ауданға тартылған инвестиция көлемі 9 млрд. 711 млн. теңгеге жетіп, қаржыландыру көздері бойынша негізгі капиталға республикалық және жергілікті бюджеттен 1 млрд. 630 млн. теңге, жеке қаржы есебінен 2 млрд. 450 млн. теңге, несие қаржы 5 млрд. 631 млн. теңге болды. Бұл жерде жеке қаржы есебінен тартылған инвестиция былтырғыдан 927,0 млн. теңгеге артық болып, 165 пайызды құрады.

Алдағы уақытта инвестициялық қызметтегі басым бағыттар ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу, энергетика, байланыс, көлік салаларындағы жобаларды жүзеге асыру болып қала бермек. Оның ішінде аудан аумағында халықаралық маңызы бар инвестициялық жобалардың бірі «Батыс Европа – Батыс Қытай» автокөлік жолының ауданнан өтетін 67 шақырымның құрылысы мен Іле өзеңіне салынатын көпірдің құрылысы.


Аталған жобалардың жүзеге асуы және жаңа өндіріс орындарының іске қосылуы есебінен ауданға келетін қаржылар көлемі 2015 жылы 7 млрд. 447 млн.теңге инвестиция тартылады деп күтілуде.

Инфрақұрылым саласы бойынша «Тұрғын үй» бағдарламасын орындауда бірқатар жұмыстар атқарылды. Ауданда жалпы алаңы 4988 шаршы метр болатын 57 тұрғын үй қолданысқа берілді. Сондай-ақ 40 пәтерлі екінші үйдің қайта жаңғыртуына 192 млн. 993 мың теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілуде. Шонжы ауылының оңтүстік-батыс жағалауында тұрғын үй құрылысы үшін инженерлік-коммуникациялық желілерін жүргізуге 586 млн. 955 мың теңге бөлініп, игерілді.

Бүгінде сол жерге 12,3 шақырым жол жүйесі, 10,3 шақырым кәріз су құбыры, 10,0 шақырым су құбыры, 17,8 шақырым әуе электр жүйесі мен 1,3 шақырым кабельді жүйелер тартылды. Үстіміздегі жылы бұл жұмысты жалғастыруға (3 кезең) 80 млн. 305 мың теңге бөлінді.

Төртінші кезеңі бойынша Шонжы ауылының солтүстік-батыс жағалауына 174 гектар жерге инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жайластыруға жобалау-сметалық құжаттарын дайындауға 43 млн. 714 мың теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілуде.

Ауыз су саласы жайлы

Аудандағы 25 елді мекенде «Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында 8 елді мекенде бүгінгі күннің талабына сай су құбыры салынды. (Шонжы, Тасқарасу, Сұнқар, Кіші-Дихан, Кетпен, Тиірмен, Ақтам, Шошонай). Таза сумен қамтылу көрсеткіші 54 пайызды (35,5 мың адам) құрайды.

Өткен жылы аталған бағдарлама бойынша Дардамты, Кіші Дихан, Долайты, Добын, Шарын ауылдарына бөлінген 188 млн. 516 мың теңге 95,7 пайызға игерілді (Дардамты 6 млн.225 мың, Кіші Дихан1 млн.820 мың теңге.).

Үлкен Ақсу, Қырғызсай, Кіші Ақсу, Ардолайты, Үлкен Дихан, Кепебұлақ ауылдарындағы су жүйелерін қайта қалпына келтіру мен құрылысына жобалау-сметалық құжаттарын даярлауға жалпы 47 млн. 708 мың теңге бөлініп, қаражат толық игерілді.

(2015 жылға ауыз су жүйелерін қайта жаңғырту мен құрылысына қосымша Добын ауылына 140 млн. 432 мың теңге, Долайты ауылына 237 млн. 211 мың теңге бөлініп отыр).
Аудандағы 8 ауылдың су құбырларына «Ұйғыр су құбыры» мекемесі қызмет көрсетуде. Мекемеге былтырғы жылы 3 жүктегіш трактор (экскаватор), 4 МТЗ маркалы трактор 3 тіркемесі мен 3 (САК) дәнекерлеу агрегаты және 3 дана полиэтилен дәнекерлеуші аппараты алынып, техникалық паркі жаңартылды.

Жол саласы бойынша 2014 жылы бюджеттен барлығы 442 млн. 258 мың теңге бөлініп, жалпы Республикалық, облыстық және жергілікті маңызы бар жолдардың ағымдағы жөндеуге жұмсалды.

2014 жылы ауданның ауылішілік жолдарын жөндеу жұмыстарына «Жұмыспен қамту-2020 жол қартасы» бағдарламасы бойынша Шонжы ауылының ішкі жолдарына 50,0 млн. теңге, Қырғызсай, Үлкен Ақсу, Тиірмен, Кіші Дихан, Қалжат, Шарын ауылдарындағы көшелеріне 109 млн. 951 мың теңге қарастырылып, ағымдағы жөндеуден өтті.

2015 жылға елді-мекендерді жарықтандыруға, көшелерді тазарту, абаттандыру және көркейту жұмыстарына 104 млн. 289 мың теңге бөлінді, оның ішінде Шонжы ауылына 74 млн. 600 мың теңге, сондай-ақ бұл жерде жаңа 132 бірлік шамдарды орнатуға 11,5 млн.теңге берілді.

Шонжы, Тасқарасу, Сүмбе, Ақтам ауылдарының ішкі жолдарын жөндеуге 123 млн. 367 мың теңге бөлінді.

Шонжы ауылындағы К.Исламов атындағы көшенің күрделі жөндеу жұмыстарына жобалау-сметалық құжаттарын даярлауға 17 млн. 500 мың теңге, және Шонжыдағы 11 көшенің орталау жөндеу жұмыстарына жобалау-сметалық құжаттарын даярлауға 15,0 млн. теңге бөлініп, конкурстер жарияланды. Шонжы ауылының кіреберіс жеріне 4 қақпа (арка) орнатуға 28 млн. 100 мың теңге қарастырылды.

Білім саласына 2014 жылы 3 млрд. 324 млн. теңге бағытталып, 99,1 пайызға игерілді. (Қалжат және Искандеров атындағы орта мектептерінің күрделі жөндеу жұмастары аяқталмауы себеп. Қалжат 21 млн.381 мың, Искандеров 6 млн.245 мың).

2014-2015 жаңа оқу жылында аудан мектептерінде 728 сынып тобы бойынша оқитын балалар саны 11117.

2013-2014 оқу жылында 11 сыныпты 585 оқушы аяқтап, олардың 274 Ұлттық Бірыңғай тестілеу сынағына қатысып, 5 пәннен орташа балл 71,14 пайыз болып, ал 4 пән бойынша орташа балл 57,4 пайыз көрсеткішті көрсетті. Аудан бойынша 1-11 сыныптар арасында 1397 оқушы үздік (отличник), 2835 оқушы екпінді (ударник) оқып, білім сапасы 43,0 пайызды құрайды. Үлгерім 100 пайыз.

«Алтын белгіге» 9 үміткердің 6-уы өз білімдеріне лайықты екендігін дәлелдеді.

Бітірушілердің 78-і грантқа, 86-і ақылы жоғарғы оқу орнына, 235-і колледжге, оның ішінде 85-і грантқа, 2 бала әскерге алынып, 173-і еңбекке орналасқан, 11-рі жұмыссыз .

2014 жылы Шонжы ауылында жалпы 100 балаға үш жеке балабақша ашылды. Барлығы 8 балабақша мен 23 шағын орталықтарда 1618 бала тәрбиеленіп, мектеп жасына дейінгі мекемелермен қамтылу көрсеткіші 67,2 пайызды құрады. (ауданда 3 пен 6 жастағы 2405 бала бар).

Ауданда 108 оқушыға тасымалдау жұмыстары ұйымдастырылған. 23 мектепте 9784 оқушы ыстық тамақпен қамтылған, ал 2 мектепте 302 оқушыға буфет қызмет көрсетеді (Тиірмен қазақ, Шошонай ОМ).

Жергілікті бюджет есебінен жалпыға бірдей (фонд всеобуча) міндетті білім беру қорына 64 млн. 827 мың теңге қаражат бөлініп, мектеп бойынша жетім, жартылай жетім, аз қамтылған 1803 бала киім-кешекпен, 678 оқушы ыстық тамақпен қамтылуда.


2015 жылға осы бағдарлама бойынша 16 млн. 402 мың теңге 1-4 сынып оқушыларына бал сатып алуға бөлінді.

Білім беру мекемелерінде жаңа модификациялы 14-физика, 12 - химия, 9 - биология, 15 - лингафонды - мульдимедиялық оқу кабинеттерімен және 29-интерактивті тақталармен жабдықталған.

2014 жылы 33 мектепке 100 дана жаңа компьютер алынды, жалпы компьютерлер саны 945 болып, әр 7 оқушыға бір компьютерден келіп отыр.

Республикалық электрондық оқыту жүйесі аясында құрылған «e-Iearning» электронды оқыту жүйесіне №1 №4 Шонжы, И.Молутов (Бахтия), Ж.Құдайбергенов атындағы орта мектептері қосылған. Қалған 29 мектеп бұл жүйеге қосылмады.



Үстіміздегі жылы Сүмбе орта мектебі мен №1 Шонжы орта мектебін күрделі жөндеуге жобалау-сметалық құжаттар даярлауға, Шонжы ауылында 280 орынды жаңа балабақша салуға жобалау-сметалық құжаттарын даярлауға қаражат бөлініп, конкурс жарияланды.

Денсаулық сақтау саласында «Саламатты Қазақстан» 2011-2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру үшін тұрғындар арасында барлық сырқат түрінен профилактикалық қараудан өту, пациентте ауру анықталған жағдайда тиісті мамандандырылған медициналық мекемелерге жіберу, тұрғындарға ақысыз медициналық-санитарлық көмектер көрсету негізгі мәселелер болып тұр.

Бүгінгі күнде аудан тұрғындарына 95 дәрігер, 339 арнаулы орта білімді медициналық мамандар қызмет көрсетеді. 2014 жылы 10 жас маман аудандық орталық ауруханаға және ауылдық емханаларға жұмысқа қабылданды. Алайда, дәрігер тапшылығы бар: лор -1, балалар дәрігері -3, терапевт -5, сурдолог-1, фтизиатор -1, ренгенолог -1, реанематолог -2, тіс дәрігері-2, эндокринолог -1, барлығы 17 дәрігер қажет.

Жалпы 2014 жылы барлық ауруханалар мен дәрігерлік емханаларда 246 мың 600 сырқаттарға қызмет көрсетілді.

Балалар өлімінің көрсеткіші 2013 жылмен салыстырғанда 2 жағдайға өсіп, 24 бала өлімі тіркелген.

Сары ауру, бруцеллез ауруымен аурырғандардың саны азайғанымен туберкулез ауруымен ауырғандар саны 34-ге жетіп, былтырғы жылға қарағанда 12 сырқатқа өскен.

Бүгінгі күнде аудандағы 25 дәрігерлік ғимараттардың 10-ы жарамсыз және жаңа ғимарат салуды талап етеді.

Жалпы инвестициялық бағдарлама бойынша 2015-2017 жылдарға дейін Кетпен, Үлкен Ақсу, Қырғызсай және Қалжат ауылдарында медициналық мекемелерінің жаңа ғимараттарын салу жоспарлануда.

Оның ішінде биылғы жылы Кетпен ауылындағы дәрігерлік амбулаторияның ғимаратын салуға 130,0 млн. теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары басталады.



Мәдениет саласындағы 21 мәдениет үйлері мен клубтар, 18 кітапхана халыққа қызмет етеді. Мәдениет қызметкерлері облыс, республика көлемінде өткізіліп жатқан мәдени шараларға белсене қатысуда. Жыл басынан бері ауданымызда әдеби және өнер өкілдерінің шығармашылық кештері мен әр түрлі іс-шаралар өткізіліп, көпшіліктің көңілінен шықты. Жалпы ауданның мәдениет саласындағы жетістіктері мәдениет күндерінде айқын көрініс тапты.

Аудан кітапханаларында кітап қоры – 192,0 мың бірлікті құрайды. Халық сұранысына қажетті түрлі шығармашылық материалдар мен кітаптар жеткілікті.

Ауданның қоғамдық-саяси өмірін, әлеуметтік-экономикалық бағытын насихаттайтын «Қара дала тынысы-Қара дала нәпәси» және «Іле өңірі - Или тәвәси» газеттері аптасына бір рет шығарылып келеді.

Аудандағы үкіметтік емес ұйымдарға үнемі қолдау көрсетілуде. 2013 жылы қоғамдық ұйымдарды қолдауға 2,0 миллион теңге бөлінсе, биылғы жылы 4,5 миллион теңге бөлінді. Бұл қаржы «Мемлекеттік сатып алу» Заңына сәйкес электрондық сатып алу жолымен игеріліп, бекітілген жоспарға сәйкес шаралар ұйымдастырылды.

Қоғамдық бірлестіктердің жетекшілері ауданда құрылған «қоғамдық келісім кеңесінің» құрамына енгізілген. Қоғамдық келісім кеңестері барлық ауылдық округтерде құрылып, жоспарлы жұмыс атқарады.

Этносаралық қарым-қатынастарды нығайтуға аудандағы ұйғыр этно-мәдени орталығы аудан әкімдігімен, ішкі саясат бөлімімен, ауылдық округтермен бірлікте бірлесе шараларды жүзеге асырады.

Ауданда 14 пен 29 жас аралығында 16180 жас бар. Олардың 106-і мемлекеттік қызметте, 575-сі бюджеттік мекемелерде, 137-і жеке кәсіпкер, оқушы 4699, студенттер 2746, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар 7150, әскерде 113, жұмыссыз 247.

Спорт саласында дене тәрбиесін және спортты дамытуға 1 стадион, 31 спорт зал, 100 ден астам спорт алаңдарында жұмыстар тұрақты жүргізіліп келеді. Дене тәрбиесі және спортпен барлығы 15617 адам шұғылданып, бұл аудан халқының 23,4 пайызын құрайды.

2014 жылы аудан көлемінде мектеп оқушыларымен ауыл жастары арасында спорттың 14 түрінен 24 рет жарыстар өткізіліп, оларға 4800-ден астам адам қатысты.

Республикалық және облыстық жарыстарға қатысудың нәтижесінде 1 халықаралық спорт шебері, 22 спорт шеберіне үміткер, 62 спортшы 1 разряды, 256 адам бұқаралық спорт разряд нормаларын орындады.

Әлеуметтік бағдарламалар бойынша бөлінген 248 млн. 593 мың теңге атаулы әлеуметтік көмекке, әлеуметтік жәрдемақыларға, тұрғын үй көмегіне, облыс әкімінің гранттарына және бір жолғы әлеуметтік жәрдемақы мен басқа төлемдерге толығымен төленді.

Ауданда жұмысқа орналасуға өтініш білдірген 1032 адамның 939, яғни, 91 пайызы жұмысқа орналастырылып, 420 адам қоғамдық жұмысқа тартылды. 60 адам кәсіби оқуға жіберіліп, 5 түрлі мамандықтан өтті. 11 адам әлеуметтік жұмыс орнына, 23 жас маман жастар практикасы бойынша мекемелерге жіберілді.

Аудан бойынша бүгінгі күнде 3152 мүгедек бар (жалпы халық санының 4,9%), оның 1 және 2-ші топтағылар - 1773, 3-ші топтағылар 1379, олардың ішінде 16 жасқа дейінгі мүгедектердің саны - 454. Мүмкіндіктері шектелген 186 бала үйде оқытылып, тәрбиеленеді, асыраушысы жоқ 95 қартқа үйде әлеуметтік қызметтер көрсетіледі.

Былтыр жұмысқа өтініш білдерген 160 мүмкіндігі шектеулі азаматтың 73-і тұрақты жұмысқа, 32 –сі ақылы қоғамдық жұмысқа, 11-і әлеуметтік жұмыс орындарына, 16 азамат қайта даярлау курстарына жіберілді.

Мүгедектердің әлеуметтік инфрақұрылым обьектілеріне кіріп шығу үшін аудан бойынша 295 пандустар орнату жоспарланған. Бүгінгі күнде 109 нысанда пандустар орнатылып, 37 пайызды құрады

Жыл басынан 720 жаңа жұмыс орны ашылып, бұл бағдарлама 100,6 пайызға орындалды.

Биылғы жылы әлеуметтік бағдарламалар бойынша бөлінген атаулы әлеуметтік көмектер мен әлеуметтік жәрдемақылар көлемі 327 млн.149 мың теңгені құрап, былтырғыдан 78,6 млн. теңгеге артық, оның ішінде Ұлы Отан Соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне 15 автокөлік сатып алуға 27 млн. 200 мың теңге, екі адамға - үй сатып алуға 12 млн. 600 мың теңге және іс-шараларын өткізуге 20 млн. 655 мың теңге бөлінді (оның ішінде әр бір соғыс ардагеріне 100,0 мың теңгеден, әр бір тыл ардагеріне 25,0 мың теңгеден көмек беріледі).

Құқық қорғау саласы бойынша

Ауданда қоғамдық тәртіпті сақтау саласында 2014 жылы барлық салалар бойынша тіркелген қылмыстың саны 413 болып, 2013 жылмен салыстырғанда 47 қылмысқа өскен (2013-366 қылмыс). Оның ішінде 2014 жылы 262 қылмыстық іс аяқталған болса, 2013 жылы 176 қылмыстық іс аяқталып 46,7 пайыз болды, ал 2014 жылы қылмыстардың ашылуы 58,0 пайызды құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда 11,3 пайызға көтерілді. Сондай-ақ жасөспірімдер арасындағы қылмыс 2013 жылы 6-у болса, ал 2014 жылы 10 қылмыс тіркелді.

Ауданда қылмысқа қарсы күресті күшейту және заңдылық пен қоғамдық тәртіпті нығайту мақсатында бірқатар жұмыстар жүргізіліп, соның нәтижесінде өткен мерзімде аудан көлемінде ұлтаралық және жаппай тәртіпсіздік фактілері байқалмады.
Құрметті ағайын!
Біздің алдағы негізгі міндетіміз-Елбасымыздың Жолдауында айтқан тапсырмаларын басшылыққа ала отырып, ауданның 2014-2018 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасын жүзеге асыру, сонымен қатар қол жеткізген жетістіктеріміз бен жіберген кемшіліктерді саралап, оларды алдағы уақытта болдырмау үшін іс-шаралар жоспарын жасап, бірлесе жұмыс істеу.

Сондықтан, ауданның жергілікті атқару органдарының басшылары аудан әкімінің тұрғындармен есептік кездесулерінде айтылған сын-ескертпелер мен ұсыныс пікірлерін өз салаларында ескеру, жіберілген кемшіліктерді жою жұмыстарын жүргізуі тиіс. Бұл жұмысты жүзеге асыруды қатаң бақылауға алуды аудан әкімінің аппараты жүзеге асыратын болады.

Халқына сенген қиындықтан қорықпас, ауыр сыннан торықпас деген. Бірлігі мен ынтымағын, еңбекқорлығын талай мәрте дәлелдеген аудан халқы жоғарыда аталған ауқымды міндеттерді толығымен орындап шығатынына сенім білдіріп жаңа 2015 жылда үлкен табыстарға бірге жетуге шақырамын.


Қадірменді аудан тұрғындары!
2015 жыл айтулы даталарға толы жыл болмақ.

Біріншіден, Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл. Қазақ елінің ер бабалары Керей мен Жәнібек бастаған жұрт осыдан 550 жыл бұрын дербес хандық құра білді.

Ұлан-ғайыр алқапты ұрпаққа мирас етудің және мемлекет болып қалыптасудың алғашқы іргетасын қалады. Ал бүгінде Елбасының жүйелі де жігерлі саясатының арқасында әлем мойындаған еліміз, төрткүл дүниеге танылған жеріміз бар. Демек бұл той ел тарихын тағы бір мәрте әлемге әйгілер тәуелсіздік пен теңдіктің, ынтымақ пен елдіктің тойы болмақ.
Екіншіден, бүгінгі ұрпақ кешегі бабалар мен аталар алдында қарыздар. Олар 1941-45 жылдардағы Ұлы Отан соғысында ерліктің үлгісін көрсетті. Сондықтан біз олардың ерлігін ұлықтап, ал бүгінгі тірілерін құрметке бөлеуіміз қажет. Яғни Ұлы Жеңістің 70 жылдығында ұлтжандылық пен батылдықтың, ізет пен құрметтің ізі көрінуі қажет.

Үшіншіден, биыл тәуелсіз Қазақстанның Ата заңының – 20 жылдығы. Конституция–тәуелсіздік пен мемлекеттіліктің негізгі тірегі. Конституция арқылы біз жаңа қоғам, жаңа мемлекет құра алдық. Ата заң абыройымызды асырды. Барлық этностың бір шаңырақ астына жиналуына мүмкіндік тудырды. Сол ұлттар өзінің тілін, ділін, мәдениетін, салт-дәстүрін дамытты. Ендеше Конституцияның 20 жылдық мерейтойы еркіндік пен теңдіктің және әділдіктің тойы.

Төртінші, тәуелсіз Қазақстан жүзден аса ұлт пен ұлыстың қасиеті Отанына айналды. Ұлтты ұйыстыра, елді елдестіре білуде Елбасының еңбегі ұшан-теңіз. Бір тудың астына, бір шаңырақтың аясына жұмылдыра білді. Осыдан келіп әлемдік деңгейде жоқ Қазақтан Халқы Ассамблеясы дүниеге келді. Ассамблея ортақ Отанымыздың гүлденуіне бір атаның баласындай үлес қосуға үндеді. Демек, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдық тойы ынтымақ пен бірліктің, береке мен тірліктің тойы.

Бесінші, биылғы жыл аудан халқы үшін де ерекше жыл.

Ол – ауданның құрылғанына 80 жыл толуы. 80 жыл бойы жұмыла жұдырық бола білген аудан халқының берекесі мен ауызбірлігін, тындырымды тірлігін бүгінгі жастың санасына сіңіре білсек, аға буынның арманының орындалғаны деп түсінем.

Ендеше ауданның 80 жылдығы даму мен өркендеудің, ынтымақ пен ырыстың мерекесі.


Құрметті жерлестер!
Қазақ «Топтанып ұшқан торғайға, тұрымтай да бата алмас» дейді. Демек жылдар бойы тек бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарған бабалар жеңіске жетті. Ынтымақ пен ырысқа кенелді. Ендеше ел тарихында елеулі рөл атқаратын айтулы мерекелерді бірлесе отырып, жоғары деңгейде атап өтелік. Қазыналы қарттарымыз салған сара жол бізге өнеге. Сол себепті мен аудан жұртшылығын ауызбіршілікке, ынтымаққа шақырыман.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев ел тізгінін өз қолына алған күннен бері ұлы көшті түзу жолдан тайдырған емес. Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуі, Еуразиялық-экономикалық одақты құруға бастамашы болуы, әлемдік дін басшыларының елімізде басқосуы, әр дайым өткізілетін «Нұр Отан» партиясының съездері, 2050 жылға дейінгі стратегиялық бағдарламаның халыққа жол тартуы, бәрі-бәрі Мәңгілік еліміздің мерейін үстем ету жолында жасалған игі бастамалар. Ендеше осындай кемеңгер басшымыздың болғанына мақтана да, марқая отырып, әрқайсысымызға жасап отырған қамқорлығын құрметтеп, Мәңгілік еліміздің игілігі үшін еңбек етуге шақырамын.








Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет