Аудан әкімі А.Қ. Османғалиевтің 2013 жылдың қорытындысы бойынша ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуы және 2014 жылға қойған міндеттері туралы есепті баяндамасы



Дата07.07.2016
өлшемі95.5 Kb.
#182817
Аудан әкімі А.Қ.Османғалиевтің 2013 жылдың қорытындысы бойынша ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуы және 2014 жылға қойған міндеттері туралы есепті баяндамасы
Ауданымыздың экономикасы бірқалыпты дамып келеді, жаңадан өндіріс орындары іске қосылып, әлеуметтік сала нысандары мен инфрақұрылым жүйелерінің құрылыс жұмыстары жалғастырылуда.

Ауданда өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі қолданыстағы баға бойынша 177 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың қорытындысымен салыстырғанда физикалық өлшем көлемінде 109,3 пайызды құрайды. Жыл басынан Дөң тау-кен байыту комбинаты бойынша хром кенін өндіру көлемі 4400 мың тоннаны құрады, оның ішінде концентрат 3700 мың тоннаны құрады. Тұтынушылардың сұранысына байланысты, хром концентратын өндіру көлемі өткен жылдың салыстырмалы кезеңінен 105,1 пайызға артты. «Восход Ориел» ЖШС-де өткен жылмен салыстырғанда хром рудасы 41,7 мың тоннаға және концентрат 39,1 мың тоннаға артқандығы байқалады. «Ақтөбе мыс компаниясы» және «Коппертекнолоджи» кәсіпорындары арқылы мыс рудасын өндіру қарқынды дамып келеді. Сондай-ақ қызыл кірпіш өндіру көлемі 31,7 мың куб.м құрады және өткен жылдың салыстырмалы мезгілінен 1,6 мың куб.м артығымен өндірілді. Және де есепті мерзімде қиыршық тас салыстырмалы кезеңінен 128,5 пайызға артығымен және 108 мың текше метр құрылыс материалдары өндірілді.

Үкімет тарапынан қолға алынып, ойдағыдай жүзеге асырылып жатқан «Үдемелі индустриалды-инновациялық даму картасы» бағдарламасы бойынша «Ақтөбе нан өнімдері комбинаты» ЖШС арқылы тәулігіне 10,0 мың дана нан және бөлке өнімдерін өндіретін зауыт іске қосылып, жаңадан 20 жұмыс орны ашылды.

«Ақтөбе мыс компаниясы» ЖШС арқылы мыс-мырыш өндіретін «Весенне-Аралчинское» кен орнының құрылысы жүргізілуде және «Лиманное», «Кундыздинское» кен орындарын игеру мақсатында инвестициялық жобалары қолға алынып әзірленуде. Абай, Тассай, Қызылсу, Тасөткел селолық округтерінде қиыршық тас өндірісі және Дөң селолық округінің аумағында құм өндіру қолға алынып жүргізілуде.

Ауданда ауыл шаруашылығы өндірісінен түскен өнімнің жалпы көлемі 8700 млн. теңге құрады, өткен жылдың салыстырмалы мезгілімен салыстырғанда, өнім өндіру көлемі 99,8 пайызға орындалып отыр.

Есепті мерзімде Қопа ауылында «Ақтеп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арқылы ет өндіру бағытында репродукторлық фермасы ашылды. Үстіміздегі жылға «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 143 бас тауарлы және 26 бас асыл тұқымды ірі қара мал басы сатып алынды. Абай селолық округіне қарасты «Жантізер» ШҚ 900 бас ірі қара малға және Бөгетсай селолық округіне қарасты «Бекарыс» ШҚ 400 бас ірі қара малға арналған бордақылау алаңдарын іске қосты. Шаруа қожалықтары мен жұртшылық шаруашылықтары табындарындағы аналық мал бастарына асыл тұқымды бұқалар қосу жұмыстары жүргізіліп, 54 бас асыл тұқымды бұқалар қоғамдық табындарға қосылды. Есепті мерзімде мемлекет тарапынан шаруашылықтарға ойдағыдай қаржылай қолдау көрсетілді.

Ветеринария саласы бойынша негізгі бағыт эпизоотияға қарсы ветеринарлық-профилактикалық шаралар мен мал өнімі қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында іс шаралар жоспарланып, жүзеге асырылды. Есепті мерзімде аса қауіпті және жұқпалы мал мен құс ауруларына қарсы ветеринарлық-профилактикалық шаралар жүргізуге үкімет тарапынан 46,5 млн. теңге көлемінде қаражат бөлініп, толығымен игерілді.

Жылдың қуаңшылығына байланысты 56,0 мың га жер орылып, орташа 3,0 ц/га түсімімен 16463 тонна өнім алынды. 2013 жылдың көктемгі-егіс және жинау жұмыстарын жүргізуге ауданның ауылшаруашылығы тауар өндірушілеріне қажетті арзандатылған жанар-жағар май және басқа да тауарлық материалдық құндылықтарды сатып алуларына, егін шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жұмсалатын шығындарды ішінара өтеу үшін бөлінген 58,0 млн.теңге (82 ауылшаруашылығы құрылымдарына) субсидия игерілді.

Есепті мерзімде ауылшаруашылығы саласында 1130,9 млн. теңге көлемінде инвестиция игерілді. «Хромтау-Агро» несие серіктестігі есепті мерзімде 5 ауылшаруашылығы құрылымдарына мал және техника сатып алуға жалпы 43,3 млн.теңге көлемінде несие берілді.

Аудан халқын ауылшаруашылығы өнімдерімен толық қамтамасыз ету мақсатында, аудан аумағында астықты қайта өңдейтін 1 диірмен, макарон цехы, 8 наубайхана (оның ішінде 4-еуі ауылдық жерде) жұмыс жасайды. Аудан тұрғындарын ауылшаруашылығы өнімдерімен тұрақты қамтамасыз ету мақсатында жыл басынан кестеге сәйкес Хромтау қаласында 48 рет ауылшаруашылығы жәрмеңкесі өткізілді.

Ауданда алдын ала есеп бойынша, есепті мерзім ішінде 22 млрд. 240 млн. теңге көлемінде инвестиция игерілді. Дөң тау-кен байыту комбинатында өз қаржылары есебінен, алдын ала есеп бойынша 11млрд. 679 млн теңге көлемінде инвестиция игерілді. Комбинат бойынша есепті мерзімде «Донской» руднигінде қуаттылығы 35,0 млн. текше метр, жалпы құны 9840 млн. теңге көлемінде «Южный» карьері іске қосылды. Және де «Қазақстан Тәуелсіздігінің 10 жылдығы» атындағы шахтаның 1-ші, 2-ші ширетінің құрылысы жалғастырылуда. «Восход Ориел» және «Восход-Хром» ЖШС арқылы есепті мерзім ішінде 1479 млн. теңге инвестиция игерілді.

«Автомобиль жолдары» мемлекеттік бағдарламасын орындау мақсатында, ауылдық жерлердің автокөлік жолдарын қысқы және жазғы уақыттарда бір қалыпты ұстау мақсатында, аудандық бюджеттен 14,0 млн.теңге қаралды, игерілуі 100,0 пайыз.

Үстіміздегі жылы Көктау селосындағы Ор өзені арқылы өтетін көпір өткелінің құрылысын жүргізілді. «2011-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасын» ауданда жүзеге асыру мақсатында Хромтау қаласында 7 көпқабатты тұрғын үйлерді жөндеуден өткізуге тұрғындардан келісім алынды. Жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткізілді. Хромтау қаласында көпқабатты үйлердің аумағында 5 спорттық алаңдар орнатылды.Тасөткел ауылында 60 орындық және Некілтау ауылында 150 орындық орта мектептердің құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілді.

Республикалық бюджет арқылы 22 кварталдағы тұрғын үйлер газ жүйелерімен қамтамасыз етілді. Бүгінгі күні 214 участке толық газдандырылды және 539 учаскенің жобалық-сметалық құжаттары дайындалуда. Моделдік ГРП қондырылды. Хромтау қаласында арендалық коммуналдық тұрғын үйлердің құрылысы аяқталды. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша аудандағы селолық округтер орталықтарында жарықтандыру, абаттандыру, тазалық жұмыстарын жүргізілді. «2013-2015 жылдарға арналған Хромтау қаласын дамытудың кешенді жоспары» бойынша М.Әуезов көшесіндегі ұзындығы 0,7 км арақашықтықтағы автожолға, «Абай», «Жеңіс» даңғыларындағы автожолдарға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді, мектептер мен балабақшалардың жылу жүйелеріне күрделі жөндеуден өткізіліп, көп қабатты үйлердің аумағында балалар ойнайтын 8 алаң мен 5 спорт алаңы орнатылды.

«Тұрғын үй құрылысы» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес ауданда есепті мерзімде аумағы 10063 шаршы метрлік тұрғын үй пайдалануға берілді, оның ішінде жеке тұрғындар арқылы 10602 шаршы метр.

Аудандағы шағын және орта кәсіпкерлікте 2032 тұлға тіркелген, оның ішінде заңды тұлғалар саны - 56. Аталған салада 3702 адам қамтылды. Есепті мерзім ішінде салық комитетінде 77 жеке кәсіпкер тіркелген.

«2013-2015 жылдарға арналған моноқалаларды дамыту Бағдарламасы» арқылы Хромтау қаласының 2 кәсіпкері: Нағашыбаев Нұрболат – жарнамалық бұйымдарды әзірлеу және Ізтілеуова Бағила – құрылыс кірпіштерін шығару мақсатында 6,0 млн.теңге көлемінде мемлекеттік грантқа ие болды.

Есепті мерзімде салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсімі 19015,5 млн. теңгеге болжанса, нақты түскені 20402,7 млн.теңге. Республикалық бюджетке 14570,2 млн. теңге, аудандық бюджетке 2553,8 млн. теңге түсім түсті.

Ауданда жергілікті атқарушы органдармен қабылданған іс шаралар халықтың жұмыспен қамтылуына және мүгедектерді оңалту аймақтық Бағдарламасының жүзеге асырылуына, мемлекет қолдауына мұқтаж адамдар мен жұмыссыз азаматтар санының төмендеуіне оң ықпалын тигізуде. Жаңадан 459 жұмыс орындары ашылды. 492 адам тұрақты жұмыс орындарына орналасты. Қоғамдық ақылы жұмыстарға 150 адам қатысты. «Әлеуметтік жұмыс орындары» бағдарламасы бойынша 17 адам және 21 адам «Жастар» тәжірибесі бағдарламасы бойынша жұмыс атқаруда.

ҰБТ қорытындысында 70,2 балға қол жеткізіліп, өткен жылмен салыстырғанда 1,1 балға кеміген. 2013 жылы «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында Ақжар орыс, Табантал, Тассай, Майтөбе орта мектептеріне күрделі жөндеу жасалды. «2013-2015 жылдарға арналған моноқалаларды дамыту» бағдарламасы аясында және меморандум қаржысына Хромтау қаласындағы №1,3,4 орта мектептердің және № 3,4 балабақшалардың жылыту жүйелеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Есепті мерзімде учаскелік терапевттер мен балалар дәрігерлері жалпы дәрігерлік тәжірибеден өткізу мақсатында қайта даярлықтан өтті.

Ауданның медициналық мекемелерінің материалдық-техникалық базасын оңтайлы қаржыландыру нәтижесінде, аудандық орталық аурухананың емдеу-алдын алу бөлімінде демографиялық көрсеткіштер мен аудан тұрғындарының әлеуметтік қауіпті аурулармен шалдығуы азайды. «Денсаулық саласын реформалау және дамыту Бағдарламасына» сәйкес ауданда күндізгі стационарлық және үйден стационарлық емдеу жетілдіріліп, дамуы қолға алынды. Есепті мерзімде аудандық аурухананың материалды-техникалық базасының нығаюы мақсатында оңтайлы жұмыстар жүргізілді, республикалық бюджет арқылы рентген кабинетіне сандық аппарат алынып орнатылды және облыстық бюджет қаржысы арқылы 2 «жедел жәрдем» автомашинасы алынды.

2013 жыл мәдениет саласына да бірқатар табыстар әкеліп, ауданда мәдени-ағарту жұмыстары жүргізілді.

Ауданда 89 спорттық құрылым жұмыс жасайды, оның ішінде 32 спортзал, 35 спорттық алаңдар, 1 стадион және бассейн, тренажер және дене шынықтыру кешені бар. Ауданда спорттың 25 түрі дамыған. Есепті мерзімде ауданның спорттық құрама командасы көптеген облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

Есепті мерзімде аудандық ішкі істер бөлімімен, есепті жылға бағытталған міндеттерді орындау мақсатында, яғни құқықтық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті сақтау, жол полициясының қызметін одан әрі жетілдіру, есірткі бизнесіне қарсы күресті күшейту, жалпы қылмысты, әсіресе ауыр және ерекше ауыр қылмыстардың алдын алу және олармен күресуге, жазалау принципін қамтамасыз ету мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылды.

Аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері ауданда тәртіптік, сақшылық жұмыстарын нығайтып, қылмыс түрлерінің кемуіне аянбай қызмет етулері қажет.

Хромтау ауданының 2014 жылға әлеуметтік-экономикалық салаларды дамыту мақсатында алға қойған жоспарлары:

1. Қызылсу ауылында су құбырының құрылысын жүргізу

2. Никельтау ауылында кәріздер жүйесін қайта жаңғырту

3. Абай ауылындағы Абай орта мектебіне модельдік қазандық құру

4. Хромтау қаласында 280 орындық балабақша құрылысының жобалы сметалық құжаттарын дайындау

5. «Жұмыспен қамту -2020» бағдарламасы бойынша, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту

6. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша ауылдық жерлерді көркейту

7. «2012-2020 жылдарға арналған бір салалы қалаларды дамыту бағдарламасы» бойынша:

а) Хромтау қаласындағы «22 кварталды» электрлендіру

б) Хромтау қаласындағы «Жеңіс» және «Абай»даңғылдарындағы көше жарықтарын қайта құру

в) «Жеңіс» және «Абай»даңғылдарындағы жолдарды қайта құру

г) Хромтау қаласындағы автомобиль жолдарын қайта құру

д) Хромтау қаласындағы аудандық ішкі істер бөлімінің әкімшілік ғимаратының 4-5 қабаттарын пәтерге ауыстыру мақсатында қайта құру

Өткен жыл ішінде көптеген игі істер атқарылды. Келер жылда табысқа жету үшін орасан зор мүмкіндіктерміз бар.








Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет