Айнабұлақ ауылдық округ әкімі М.Бәзіловтың 2013 жылғы 9 ай бойынша атқарған жұмысымен міндеттері туралы тұрғындар алдындағы есепті баяндамасы
Округ аймағында 4 елді мекен орналасқан: олар Айнабұлақ бекеті, Подхоз ПЧ-45, Тауарасы және Көпір разъезі. Жалпы жер көлемі -10495 га оның ішінде ауылшаруашылық жері - 8818 га, суғармалы жер -165 га, шабындық жер –жоқ, жайылымдық жер - 8594 га.
Айнабұлақ бекетінде -201 аула, 731 адам, Подхоз ПЧ-45 - 73 аула, 358 адам, разъезд Көпірде – 9 аула ,40 адам, разъезд Тауарасында -8 аула, 39 адам тұрады.Барлық аула саны – 291, тұрғындар саны -1168 адам.
Зейнет жасындағы - 91 адам, мүгедектігі бойынша -15 адам, Чернобыльда еңбек еткен -1 адам, Ауған соғысына қатысқан 2 адам, ардақты аналар 8-адам зейнет ақыларын алуда.
Ауылдық әкімшілікте – әкім, 2-бас маман,1 – еден жуушы,1 күзетші,1 көлік жүргізуші жұмыстарын атқаруда.
Ауылдық округ әкімі аппаратының қызметкерлерінің өзара жұмыс бөлісу қызметтік міндеттері ауыл әкімімен бекітілген,сол бөлінген міндеттер бойынша әр маман өздерінің жұмыстарын атқаруда.
Ауыл тұрғындарының 7 жазбаша, 16 ауызша өтініші тіркеліп, жауаптары уақытында беріліп, 81 анықтама тіркелді.
Ауыл әкімі негізгі қызмет бойынша 13 өкім, жеке құрам бойынша – 12 өкім қабылдады. Жыл басынан жоғарғы органдардан 103 келіп түскен, жөнелтілген -169 құжат тіркелді. Ауыл тұрғындарымен ауыл әкімі – 9 жиын өткізді.
Бүгінгі таңға штат бірлігі беріліп, 1 бас маман, 1 жетекші маманға бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс жарияланды, үміткерлер аттестатциядан өткенен кейін жұмысқа қабылданады.
ПЧ-45 теміржолында 105 адам жұмыспен қамтылған.
Транс телекомда -2 адам,кезекшілік станциясында – 5 адам жұмыс атқарады.
140 теміржол байланыс телефоны,16 аудандық терминал нүктесі орнатылған.
Округке ҚХР-нан 21 отбасы, 97 адам көшіп келген, қазіргі кезде барлығы мал шаруашылығымен айналысуда.
Тұрғындар өсімі : жыл басынан 13 адам қайтыс болды, 16 бала дүниге келді.
Денсаулық сақтау саласы бойынша: Округте денсаулық қорғау мекемелері барлығы 2, 1- дәрігерлік амбулатория, 1- медпункт. Ауылдық ауруханада – 1 фельдшер, 1- акушерка, 1- лаборант, 1 әлеуметтік жұмысшы, 2 медбике ауыл тұрғындарына қызмет көрсетуде. Дәрігерлік амбулатория және медициналық пункт құрал – жабдықтармен , компьютермен қызметтік телефонмен, жедел жәрдем автокөлігімен қамтамасыз етілген.
Инфекциялық аурулардың алдын – алу мақсатында егу жұмыстары белгіленген кесте бойынша жүргізіліп тұрады.Округ бойынша ана мен баланың денсаулығын қадағалау мақсатында округке қарасты ауыл, отгон учаскелерін аралап тұрғындар мен малшылардың денсаулығын тексеріп, үнемі дәрігерлік кеңестер беріліп отырады.
Білім саласы бойынша: Мектепте 30 мұғалім, 28 техникалық қызметкерлер жұмыстарын атқаруда. Оқушы саны барлығы 186 бала, ҰБТ-леудін нәтижесі бойынша 6 бала грантқа оқуға түсіп мектебіміздің мәртебесін көтеруде.2014 оқу жылына ҰБТ-ге қазірден бастап дайндық жұмыстары жүргізілуде.
Тамыз айының 1-нен « Мектепке жол» акциясы басталып, көмекті қажет ететін балалар анықталды. Округ бойынша жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала, 9 жартылай жетім, 14 аз қамтылған, 42 көп балалы отбасының балалары анықталып, оларға қажетсінетін көмектер тағайындалды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес үшін сенім жәшіктері мектепте және округ әкімшілігінің ғимаратында орнатылған.
Ауыл шаруашылық саласы бойнша:
29 шаруа қожалықтары және 3 жеке кәсіпкер жұмыстарын атқаруда.
Биыл қыс айларының қатты болу болжамы туралы шаруа қожалықтарына, ауыл тұрғындарына мал азығын молынан жинауға үгіт насихат жұмыстары жүргізіліп, жиын өткізілді.Округ бойынша 260 тонна шөп, 110 тонна сабан дайындалып, мал азығын дайындау жұмыстары жүргізілді.Барлық малдарға екпе жұмыстары жүргізіліп, 769 бас ірі қарамалдан 4030 бас ұсақ мүйізді малдан, 20 бас жылқыдан, 16 бас иттен қан алынды. Жыл басынан ірі қарамалды қолдан ұрықтандыру бойынша тапсырма 230 бас болса ,қазіргі кезде ұрықтандырылғаны 199, қалған 31 басты берілген уақытқа дейін аяқтаймыз.
Дақылдар түрі
|
Жоспар , га
|
Жалпы түскен өнім
|
Көлем га
|
Орындалғаны, га
|
Күздік бидай
|
Жоспар га
|
Орташа өнім, ц/га
|
|
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
Күздік арпа
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
Жаздық бидай
|
50
|
12
|
60
|
50
|
12
|
60
|
Жаздық арпа
|
43
|
17,2
|
74
|
43
|
17,2
|
74
|
картоп
|
35
|
184
|
644
|
|
|
|
Көкөніс
|
15
|
309
|
464
|
|
|
|
Мал басы:
р/с
|
Округ атауы
|
Ірі қара
|
Қой,ешкі
|
жылқы
|
құс
|
|
|
барлығы
|
сиыр
|
барлығы
|
барлығы
|
барлығы
|
1
|
Айнабұлақ а/о
|
1686
|
530
|
5600
|
180
|
1500
|
Салық:
р/с
|
Салық түрлері
|
Тапсырма
9 айлық қортынды бойынша
|
Нақты орындалғаны
|
Орындалған пайыз
|
1.
|
Мүлік салығы
|
13000
|
13000
|
100 пайыз
|
2.
|
Жер салығы
|
32000
|
32000
|
100 пайыз
|
Ауыз су бағдарламасы бойынша : Округта 1 су қоймасы жұмыс істейді, оған «Теміржол су – Алматы» қызмет көрсетеді. Ауылда су жүйесінің ұзындығы -14 км, барлығы Айнабұлақ бекетінде 3 колонка бар,оның біреуі ғана жұмыс істеп тұр.Подхоз ПЧ-45 ауылында 2 колонка бар, оның екуіде істен шығып тұр. 40 үйге су кіргізілген.
Ауыз су жүйесіне қызмет көрсетуге 3 адам жұмылдырылған.Ауыз суға тарифтің көлемі 1 адамға жалпы калонкадан 57 теңгеден, үйінің ішінде су болса 80 теңгеден төленеді.
Су құбырлары барлығы тозығы жеткен, биыл ауыз су бағдарламасы бойынша жобалық смета жасау үшін бюджеттен 106 миллион, 200 мың тенге бөлініп,оның 99 миллион теңгесі су құбырларын тартуға жоспарланып тұр.
Әлеуметтік сала бойынша
Аталуы
|
Жоспар бойынша
|
орындалғаны
|
Орындалған пайызы %
|
Ақылы қоғамдық жұмысқа тартылатындар
|
14
|
12
|
81.4
|
Кәсіптік оқуға жіберілетіндер
|
1
|
1
|
100
|
Тұрақты жұмыспен қамтылатындар
|
21
|
13
|
61.9
|
Жаңа жұмыс орындарын ашу
|
15
|
2
|
13.3
|
Қазақстан Республикасының « Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек» және
«Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Заңдарына және «Табысы аз отбасыларына /азаматтарға/ тұрғын үй көмегінің ережесіне сәйкес, Алматы облысы әкімдігінің 2009 жылғы 25 мамырдағы туралы № 99 Қаулысын орындау мақсатында 18 жасқа дейінгі әлеуметтік көмекті алғандар 12 отбасы 36 балаға 265644 теңге төленді.
Тұрғын үй көмегі 2 отбасына тағайындалды.
Мәдениет және спорт саласы бойынша: Жұмыстар бекітілген жоспар бойынша жүргізілуде. Биылғы Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың дәстүрлі «Қазақстан -2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты бойынша Жолдауын халық арасында насихаттау мақсатында елді мекендерде ақпараттық насихаттау топтары 4 елді мекенде жиын өткізді.
Ауыл тұрғындары ауылда өткізіліп жатқан барлық іс-шара ұйымшылдықпен ат салысуда мысалы жаңа жыл мерекесі, 8-наурыз халық аралық әйелдер күні, 22-наурыз, 1-мамыр, ыңтымақ, бірлік күні, 9- мамыр Жеңіс күні, 1- маусым балаларды қорғау күні, Рәміздер күні, астана күні т.б
Округте салауатты өмір салтын насихаттау барысында жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Спорт саласында да біраз жетістіктерге қол жеткіздік. Аудан көлемінде волейбол, баскетбол, тоғызқұмалақ, шахматтан өткен спорттық шараларға белсене қатысып, жүлделі орындарға ие болдық.
Ауыл әкімінің елді мекендерде ауыл тұрғындары өкілдері алдында есеп беру кездесулерінде айтылған талаптар мен ұсыныстарды іс жүзінде асыру жөнінде Айнабұлақ ауылдық округі бойынша төмендегідей сұрақтар мен ұсыныстар айтылған:
-
Айнабұлақ бекеті Кемертоған көшесінің көлік қатынайтын үлкен көпірдің су шайып кеткен, жан жағына тас құм төгіп беру;
-
Туменова Эльмира жұмыссыз болғандықтан , қоғамдық жұмысқа тарту жөнінде;
-
Көкебаева Құралай шаштараз ашу жөнінде;
-
Билайн байланыс жүйесі нашар болғандықтан антена орнату жөнінде:
Жоғарыда айтылған мәселелердін барлығы қазіргі таңда шешім тапты.
Жыл басынан ауылдың санитарлық тазалығын қадағалау мақсатында қоғамдық жұмысшылардың жұмысы ұйымдастырылған. Ауыл әкімдгінің қызметкерлеріне көшелер бекітіліп үнемі тазалығын қадағалауда.
Мамыр айында аудандық тұрын-үй шаруашылығынан 2 күнге қоқыс тиейтін және жүк тасйтын тракторлар бөлініп тұрғындардың ауласындағы көп жылдан жиналған қоқыстарын шығаруда үлкен көмек көрсетті. Ауыл сыртында қоқыс төгетін арнайы орын белгіленген.
Алдыға қойылған жоспарлар:
-қысқы маусымға округтегі мекемелердің қазандығын отын суын дайындықтарын қадағалау;
-шаруа қожалықтарын және ауыл тұрғындарын қысқы мерзімге жем шөпттерін жеткілікті дайындауын бақылау;
Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |