Аудан әкімі Ә.Далбағаевтың аудандық мәслихат депутаттарының алдындағы 2014 жылдың І жарты жылдығында атқарған жұмыстары жөніндегі ЕСЕБІ
Құрметті аудандық мәслихаттың депутаттары және
сессияға қатысушылар!
2014 жылдың І жарты жылдығында мен өз қызметімді аудандағы мемлекеттік органдардың жұмысын Қазақстан Республикасының Заңдары мен Елбасының «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауында, сондай ақ, ауданның орта мерзімді әлеуметтік – экономикалық дамуының жоспары мен мемлекет басшысы, облыс әкімі жергілікті атқарушы органдарға берген тапсырмаларға сәйкес ұйымдастырып, бағыттадым.
Құрметті халық қалаулары!
Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 15 тамызындағы «Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» №615 Жарлығына сәйкес ағымды жылдың ақпан айында 2013 жылы атқарылған жұмыстарым туралы есепті кездесулерім 17 ауылдық округтерде және ауданда қорытынды есеп өтті.
Бұл кездесулерде тұрғындар тарапынан барлығы 9 ұсыныс түскен. Оның ішінде: тұрғын үй мәселесі – 1, ауыз су мәселесі – 1, жолдарды жөндеу – 2, аббаттанлыру – 1, басқа да экономикалық сипаттағы ұсыныстар – 4.
Ұсыныстарды орындау мақсатында аудандық іс-шаралар жоспары жасалып, аудан әкімі аппараты, ауылдық округ әкімдері аппараттары, тиісті аудандық қызметтер мен мекемелері бойынша жауапты қызметкерлер бекітіліп, ұсыныстардың орындалуы бақылауға алынды.
2014 жылдың 01 тамызына 9 ұсыныстың 4 ұсынысы толығымен іс жүзіне асса, қалған 5 ұсынысты орындау мақсатында жұмыстар басталып кетті. Айта кетсек: Құрақсу орта және Қарасу орталау мектебінде шағын орталықтар ашылған.
Ойтоған ауылындағы «Бұрған» каналынан Үлгілі ауылына су деңгейін көбейту үшін облыстық «Казводхоз» мекемесінің күшімен 8,5 шақырым канал 9 млн.теңгеге механикалық тазалаудан өтті.
«Алакөл асыл құрылысы» ЖШС-і Қаракөз ауылындағы «Қаратоған» каналының 19 шақырымын 35 млн. 192 мың.теңгеге механикалық тазалаудан өткізді.
Ал Сағабүйен ауылындағы ауыз су құбырларына қайта жаңғырту және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 190 млн.455 мың теңге бөлініп, жұмыстарды Текелі қаласының «Монолит» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізуде.
Жансүгіров ауылы Желтоқсан көшесінің бойында орналасқан 50 пәтерлі коммуналдық үйді қайта жаңартып, күрделі жөндеу жұмыстарын «Daik» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 245 млн. 413 мың теңгеге жүргізуде.
Аудан орталығындағы орталық алаңды аббаттандыруға 41 млн.теңге бөлініп, алаңды ағымды жөндеуден өткізіп, оны кеңейту, Желтоқсан көшесіндегі арбатты асфальттау, жарық шамдарын орнату, фонтанды жөндеу, гүлдерді отырғызу жұмыстарын «Ақсу көркейту» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі атқаруда.
Бұған қоса, қазіргі кезде бұрыннан бұзылып түрған жаздық кинотеатрдің жөндеуі қолға алынып, оны қайтадан қалпына келтіру және жаздық кафенің құрылыс жұмыстары қолға алынды. Сол сияқты, жаздық би алаңын жөндеу, оны роллерлік алаңға айналдыру жұмыстары жүргізілуде
Жансүгіров ауылы Шонай батыр және Желтоқсан көшелеріне күрделі және ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Құрметті депутаттар және сессияға қатысушылар!
Біздің жұмысымыздың басты өлшемі - халықтың берер бағасы. Сондықтан да, халықтың уәкілдері ретінде сіздердің алдыларыңызда жүзеге асырылған істер бойынша есеп беру дәстүр болып қалыптасты. Атқарған жұмысымызды саралап қана қоймай, алда тұрған міндеттерді межелейміз. Тұтасымен алғанда есепті мерзім әлеуметтік-экономикалық дамудың оңды қарқынымен аяқталды, ол келесідегі негізгі көрсеткіштермен сипатталады.
Өнеркәсіп:
2014 жылы өнеркәсіп өнімі көлемінің жоспары 3 млрд.38 млн. 200 мың теңге болса, есепті мерзімге 1 млрд. 369 млн. 500 мың тенге болып, жылдық жоспардың орындалуы 45,1 пайызды құрады.
Шағын және орта кәсіпкерлік саласы
Аудан бойынша шағын кәсіперлік субъектілерінің саны 2013 жылғы 01 шілдеге 3156 болса, биыл есепті мерзімге 3273 болды. Онда 7859 адам жұмыспен қамтылған. Өндірілген өнім, қызмет көлемі, барлығы 2013 жылғы 01 шілдеге 475 млн. теңге болса, биыл 538 млн. теңге болып, өсу темпі 113,3 пайызды құрады. Салық түсімдері 2013 жылы 24 млн.523 мың, 2014 жылы есепті мерзімге 26 млн.577 мың теңге немесе өсу темпі 108,4 пайызға жетті.
Инвестиция тартылуы
Ауданының шағын және орта мерзімді бағдарламасына сәйкес 2014 жылы негізгі капиталға тартылатын инвестиция көлемі 1 млрд. 301 млн. теңге, есепті мерзімге тартылған инвестиция көлемі 1 млрд. 449 млн. 259 мың тенге немесе 111,4 пайызға орындалды.
Сонымен қатар, шағын бизнестен бюджетке түскен салық көлемі жергілікті бюджеттің тек 7,5 пайызын құрады (облыс-19,0%):
Жыл басынан бері «Бизнестің жол картасы 2020» Бағдарламасы арқылы бірде-бір жоба енгізілмеген.
Өңдеу өнеркəсібінде инвестициялар тартылмады.
Жылдың аяғына дейін инвестиция тартуда, шағын және орта бизнесті, өнеркәсіпті дамытуда, бағаның өсуін тұрақтандыруда, ауданымызда қолға алынбай жатқан индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының жобаларын дайындауда нақты жұмыстар атқаруын әр саланы басқарып отырған орынбасарларыма, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Е.Нұрпеисовке және ауылдық округ әкімдеріне тапсырылады.
«Туыңды туған жеріңе тік» акциясы туралы.
Ауданның экономикасын дамыту үшін инвестицияны тарту жұмыстары мейлінше атқарылуы тиіс. Өкінішке орай, бұл жұмыстар ауданымызда әлі де болса өз деңгейінде жүргізілмей отыр. Ауылшаруашылығы, қайта өңдеу салаларына қаражат тарту жоқтың қасы. Осыған байланысты, өздеріңізге мәлім, өткен жылдың аяғында «Туыңды туған жеріңе тік» атты акция өткізу туралы бастама жасалынып, ол аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 21 желтоқсандағы сессиясында депутаттар мен аудан белсенділері тарапынан қолдау тауып мақұлданды.
Акцияның негізгі мақсаты – ауданның экономикасын одан әрі дамыту, халықтың әлеуметтік жағдайы мен мәдениетін барынша көтеру бағытында ауданға инвестициялар тарту көлемін барынша жеделдету және молайту, осы жұмысқа аудан аумағындағы белді кәсіпкерлер мен сырттағы ауданнан шыққан елге танымал іскер азаматтарды, ірі бизнес құрылымдары басшыларын өз үлестерін қосуға кеңінен тарту, азаматтар бойында қазақстандық отансүйгіштікті, елжандылықты, өздері туып-өскен атажұрты алдындағы азаматтық борыштарын өтеу сезімін қалыптастыру болып табылады.
Осы акция алғашқы нәтижелерін бере бастады. Атап айтсақ:
- Матай ауылының азаматы кәсіпкер Қолғанат Самбетов ауылда иесіз, қараусыз қалған нан зауытының ғимаратын өз жеке қаражаты есебінен қайта күрделі жөндеуден өткізіп, оны «ТОК-А-ШОК» атты спорт және ойын-сауық кешені ретінде пайдалануға берді. Үстіміздегі жылдың наурыз айының басында 300 орындық мейрамхананың құрылысы толық аяқталып, іске берілді. Атқарылған жұмыстарға 45 млн теңге көлемінде қаражат жұмсалды. Алдағы кезеңде тренажарлық жаттығу залы, роллерлік, квадрациклдік, футбол, баскетбол ойындары алаңдары, үстел теннисі мен шахмат ойындары бөлмелері жасалып жабдықталатын болады. Алдағы іске асырылатын жобалық жұмыстар көлемі 25 млн теңгеге есептеліп отыр. Одан арғы перспективада лимонад шығару және жүн тазалайтын, тағы басқа цехтар ашу көзделіп отыр.
- Аудан түлегі Сабыр Қадыров аудан орталығындағы Желтоқсан және Әуезов көшелерінің қиылысындағы көп жылдардан бері бұзылып тұрған 24 пәтерлік 2 қабатты және 36 пәтерлік 3 қабатты екі үйді қайта қалпына келтіріп, қайтадан қолданысқа бермекші. Пәтерлері аудан тұрғындарына арендалық, несиелік, сату жолдарымен берілетін болады. Жоба құны 380,0 млн тг. Құрылыс жұмыстарында 20-дан астам жергілікті тұрғындары жұмыс істеуде.
- Жеке кәсіпкер Н.Аманжолова өз қаражаты есебінен, аудан орталығы Жансүгіров ауылында жаңадан тұрмыстық қызмет көрсету кешенін (монша, химиялық тазалау, сауна, қонақ үй, шаштараз) салуды ұйғарып отыр. Жұмыстар құны 90 млн теңге көлемінде. Бүгінгі таңда қажетті құжаттары даярланып, құрылыс жұмыстары қолға алынды.
- «Тасымалдаушы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Жанат Жолдағұтованың ұйымдастыруымен Ойтоған – Алматы, Суықсай – Алматы елді мекен арасына автобус қатынасын жүргізді.
- Жеке кәсіпкер Арай Әкенайұлы Ақсу политехникалық колледжі цехында аудан аумағында баламалы энергия көздері қондырғылары - шағын қуатты жел генераторлары мен күн панельдерін орнату жұмыстарын қолға алды. Бүгінгі таңда осындай қондырғылар ауданның бірнеше мал қыстақтарында орнатылды.
- «Аксу Агрохолдинг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Сабыр Медетбеков 2012 жылдан Алтынарық ауылында егін дақылдарын өсірумен, олардың интенсивтік технологияларын енгізу жұмыстарымен, дақылдардың аудан климатына бейімделген жоғары өнімді тұқымдарын анықтау және дайындау мақсатында кешенді тәжрибелер жүргізумен айналысуда. Атап айтсақ: 80 гектарға картоп дақылының 14 сорты, оның ішінде Голландия мен Германиядан әкелінген 6 суперэлиталық сорты отырғызылды. 40 га жерге пияздың 8 сорты, сояның 5 сорты өсірілуде. Егіндіктерді тамшылатып суарудың Израилдық технологиясы қолға алынып, бүгіндері 15 гектарда пайдалануда, 3.0 мың тоннаға арналған бақша дақылдарын сақтау қоймасы құрылысы қолға алынды. Осы серіктестік арқылы жалпы құны 2013-2014 жылдары барлығы 378 млн.тенге инвестиция енгізілді.
- «Соқбаев М.М.» шаруа қожалығының төрағасы Марат Соқбаев аудан аумағында бірнеше бизнес жобаларды іске асыруды қолға алды. 1-ші жоба - Көкөзек ауылындағы 6,5 гектар көлемдегі көлде осетр, карп, форель балықтарын еттік бағытта өсіру және тағамдық уылдырық дайындау тауарлы фермасын құру. Жобаның 5 жылдан кейінгі жылдық қуаты 2 тонна қара уылдырық, 100 тонн карп балықтары және 20 тонна форель өндіру. Карп балықтары мен форельді тауарлы фермасы қаржыландыру басталғаннан кейін 2 жылдан кейін, ал уылдырық дайындау фермасы 4 жылдан кейін іске қосылатын болады. Жобаның толық өтелім уақыты 5 жыл. Қаржыландыру өз жеке меншік ақшалары және инвестициялар алу арқылы атқарылады.
Жобаны іске асыру өткен жылдан басталды. Көл қамыстардан, балдырлардан, қайыр батпақтан тазаланып, 150 000 шабақтар жіберілді. Көл маңына 1000 түп терек отырғызды. Көлге келетін жол жөнделіп, дамбысы көтерілді. Ауылдан 6 адамды жұмыспен қамтып отыр.
Одан ары көлдің тағы да 2 каскадын салу басталды және екі қабатты балық зауытының құрылысы басталады. Сол сияқты, жер телімдерін алып, соя тағы басқа балықтар азығын дайындау, адамдарға мәдени демалыс орнын ашу көзделген. Жобаның құны: 400 000 АҚШ доллары.
2-ші жоба - астық дақылдары мен сояны тазалау, тұқымдарын дайындауға арналған элеватор құрылысын салу. Элеватордың астықты тазалау мен кептіру қондырғылары орнатылған 25 х 12 шаршы метрлік 1000 тонн тазаланған тұқымға арналған бір жабық ангарының құрылысын биылғы, 2014 жылы аяқтау жоспарланып отыр. 2015 жылы қажеттілігіне қарай тағы 2 ангар салынатын болады. Жобаның 2015-2016 жылдарға арналған 2-ші кезеңі - элеваторды соя зауытына алмастыруға көзделген. Жоба құны: 500 000 АҚШ доллары.
3-ші жоба - пескоблок өндіретін цех құрылысын салу және іске қосу. Тәуліктік өнімділігі – 300 дана. Жылына 54 000 дана пескоблок өндіретін болады. Жоба құны – 10 000 АҚШ доллары.
- «Қазсушар» Республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Алматы филиалының директоры Сейілхан Мухамадиев акция шеңберінде өзіндік үлесі ретінде «Ойтоған» ауылына қарасты 1964 жылы іске қосылған, алайда кейінгі 20 жыл ішінде ешқандай жөндеу жүргізілмегендіктен әбден тозып, шайырлап қалған «Бұрған» магистралды тоғанына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізді. Тоғанның ұзындығы 43 шақырым, оған бекітілген жер көлемі 751 га. Жобалау сметалык құжат бойынша 13 шақырым механикалық жолмен тазалау жұмыстарына 13,5 млн. теңге, 3 дана гидротехникалық құрылғы салуға 5,0 млн. теңге жалпы 18,5 млн. теңге қарастырылды.
- Жеке кәсіпкер Анар Сқақбаева 15 млн.теңге инвестиция құю арқылы аудан орталығында «Мадина» қонақ үй комплексінің құрылысын биылғы жылдың маусым айында аяқтады. Комплексте қонақ бөлмелер, шағын мейрамхана, асхана, бильярд залы, жаздық алаңы бар.
- Жеке кәсіпкер Тілеухан Ешмұханбетова Жансүгіров ауылындағы өзінің жұмыс істеп тұрған дүкеннің жанынан кафе, жаздық алаңын 8 млн.500 мың теңгеге ашты. Нысанда 4 адам жұмыс істеуде.
- Арасан ауылының тумасы, жеке кәсіпкер Абай Енсебаев 15 млн.теңге инвестиция құю арқылы «Баянжүрек» тойханысының құрылысын аяқтап, қәзіргі заман талабына сай жергілікті тұрғындардан 10 адам қызмет ететін тойхананы ағымды жылдың 30-шы шілдесінде пайдалануға берді.
- Мал бордақылау алаңдары бағыты бойынша Қаракөз ауылдық округіндегі «Нұрмұханбетов» жеке кәсіпкерлігі сметалық жобасы 433,1 млн. теңгені құрайтын 3000 бас ірі қараға арналған бордақылау кешенінің құрлысын жүргізуде. Электр жарығын жүргізу үшін көршілес Көкжайдақ ауылынан кешенге дейінгі 15 шақырым жерге 15 млн.теңгеге электр желісі тартылды.
- Алажиде ауылында «жасыл экономика» бағдарламасы аясында биодизель зауытын ашу мақсатында қажетті жұмыстар жүргізілуде.
- Ауданда «Қамқор» әлеуметтік жоба қолға алынды. Жобаның негізгі мақсаты: мүгедектерге, жалғыз бастыларға, жетім балаларға, сәтсіз, көп балалы және әлеуметтік жағынан аз қамтылған жанұяларына құқықтық, психологиялық, әлеуметтік көмек көрсету, тұрмыстық жағдайларын жақсарту, олардың жағдайларына қоғамды, әсіресе бизнестік құрылымдардың назарын аудару болып табылса, міндеттері: аталған санаттағы адамдардың әлеуметтік, шаруашылық – тұрмыстық, экономикалық сұрақтарын шешу, патриоттық сезімді ояту, ұлтжандық қасиетті қүшейту, белсенді өмірлік қағиданы ұстау, қоғамға пайда келтіру үшін еңбек ету және салауатты өмір салтын, отбасылық құндылықтарды насихаттау болып табылады.
Жобаның құрылтайшылары мен серіктестіктері мемлекеттік органдар, жобаны іске асыруға тілек білдірген қоғамдық ұйымдар, коммерциялық ұйымдар, бизнестік құрылымдар болып табылады.
- Аудан орталығы Жансүгіров ауылының кіре берісіне жеке кәсіпкер Асхат Аманқұлов 20 млн.теңгеге қонақ үй, кафе, бассейннен тұратын ойын – сауық кешенін салуды жоспарлауда.
- Қызылағаш ауылында еліміздегі тігін тігу ісінің үздігі «Еркенұр» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Фарида Мерхамитқызы осы ауылда қамыс ұнтағын, қамыс матасын және қамыс қағазын шығаратын 3 шағын зауыт салу үшін 10 млн.АҚШ долларға бизнес – жоспар әзірленуде. Бизнес жоспар осы айда аяқталып, бекітілгеннен кейін қажетті жұмыстар жүргізіледі.
- Ауданымыздың басты өнеркәсіп орны болып келген Ақсу қант зауытын қайтадан іске қосу (модернизациялау) қолға алынды. Инвестор: “Агроспектр” СПК-сі, басшысы Мұса Ултанбаев. Жобалық құндары: модернизациялау -15 млн доллар, жаңбырлатқыш қондырғылар дайындау цехын ашу - 12 млн доллар, ауылшаруашылық техникаларын алу - 5 млн доллар. Зауыт іске қосылғаннан кейін негізгі жұмыс орындарында - 700, барлығы 1000 адамға дейін жұмысқа тартылатын болады.
Аталған шаралардың арқасында ауданға инвестиция тартылып, қосымша салық көзі және жаңа жұмыс орындары ашылады. Қолға алынған акция өз жалғасын таба бермек.
Бюджетке түсетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді жинау жоспары бойынша:
2014 жылдың І жарты жылдық болжамы 220 млн 75 мың.теңге болса, нақты бюджетке түскені 383 млн. 235 мың теңге немесе 174,1 пайызға орындалды. Оның ішінде жергілікті бюджет болжамы 184 пайызға орындалып, бюджетке түскені 350 млн.197 мың теңге, республикалық бюджет болжамы 111 пайызды құрап, нақты бюджетке түскені 33 млн. 38 мың теңге болды.
Бюджеттің кіріс, шығыс бөлігінің орындалуы.
Есепті кезеңге қаралған шығындар жоспары 1 млрд. 999 млн.585 мың. теңге, кассалық орындалуы 1 млрд.998 млн. 243 мың теңге. Орындалу пайызы – 99,9.
Ауданымыздың басты саласы ауылшаруашылығына келетін болсақ:
Ауыл шаруашылығыда өндірілген жалпы өнім көлемі 3 млрд. 585 млн. теңгені құрады, нақты өнім көлемі өткен жылдың сәйкес салыстырғанда 100,1 % құрады.
Биылғы жылы себілген 54 мың 910 гектарға ауыл шарушылық дақылдарының 30 мың 750 гектарына дәнді-дақыл, 250 гектарына қант қызылшасы, 12 мың 768 гектарына майлы дақылдар, 2226 гектарына картоп, көкөніс, бақша және 8 мың 916 гектарына мал азығы дақылдары себілген.
Сонымен қатар, күздік бидайға 9 мың 200 гектар жерге қара пар жыртылды.
Ауылшаруашылық техникасын алу
Жыл басынан «КазАгроҚаржы» АҚ арқылы 33 млн. 480 мың теңгеге 10 дана трактор және 1 дана астық оратын комбайндар лизингке алынса, 33 млн. 800 мың теңгеге 10 трактор шаруашылықтардың өз қаражатына сатылып алынды.
Мал шаруашылығының жалпы өнімін өндіру
Мал шаруашылығы өнімдері былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда ет 100,0 пайызға (4215 тонна), сүт 100,1 пайызға (13495 тонна), жұмыртқа 94,4 пайызға (1199 мың дана) өсті.
Мал басының өсуі
Ірі қара малы былтырғы жылмен салыстырғанда 84531 бас болып қалды (2013ж. – 84531 бас).
Қой-ешкі былтырғы жылмен салыстырғанда 101,6 пайызға немесе 376 122 басқа өсті (2013ж. – 370155 бас).
Жылқы былтырғы жылмен салыстырғанда 101,50 пайызға немесе 22 242 басқа өсті (2013ж. – 21913 бас).
Ұй құстары былтырғы жылмен салыстырғанда 46,7 пайызға кеміп 84 391 басқа дейін азайған (2013ж. – 180701 бас).
Мал азығын дайындау
Тапсырмаға сәйкес аудан бойынша 119 мың 500 тонна шөп дайындалуы тиіс. Бүгінгі күнге 50 мың тонна шөп немесе 42 пайызы дайындалды. Алда қылышын сүйретіп қыс келе жатыр. Шілде айында болған аптап ыстық қыс кезінде аязымен ерекшеленетіні белгілі. Сондықтан мал азығын жеткілікті деңгейде әзірлеп, қыстан мал басын шығынсыз алып шығу мәселесі жергілікті әкімдерді ойландыру керек.
Мал шаруашылығы саласын субсидиялау
«Асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдау» бағыты бойынша 22 млн. 512 мың теңге субсидия алу үшін 13 шаруашылықтың құжаттары және асыл тұқымды бұқа сатып алған 4 шаруашылық 1 млн. 062 мың теңге субсидия алу үшін құжаттары облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына өткізілді.
Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін арттыру жобасы үш бағыттан тұрады:
Бірінші бағыт аясында облыстық ауылшаруашылығы басқармасының бекітуімен 2015 жылға дейін «Сыбаға» бағдарламасы арқылы несие алып 1200 бас аналық малмен 40 шаруашылықты ИАС бағдарламасына тарту жоспарланса, бүгінгі күнге 35 шаруашылық несие алып 86 бас асыл тұқымды бұқа, 2026 бас құнажын барлығы 2112 бас мал сатып алынып ИАС бағдарламасына малдарын енгізді. 2015 жылға дейін берілген 1200 бас аналық малдың тапсырмасы 2013 жылдың қортындысымен 2026 басқа немесе 169 пайызға артығымен орындалды.
Екінші бағыт аясында 2013 жылы 200 бас аналықпен репродукторлық шаруашылық құру жоспарланса, бүгінгі күнге осы мақсатпен «Племенное хозяйства Ақсу» ЖШС-на Ойтоған ауылдық округінен 5000 гектар жер 49 жылға ұзақ мерзімді пайдалануға жалға берілді.
Үшінші бағыт бойынша 2015 жылға дейін сиымдылығы 1200 бас ірі қараға арналған бордақылау алаңдары салынуы жоспарланса, бүгінгі күнге 6 шаруашылықта 1400 басқа арналған алаңдар салынып іске қосылды.
Бүгінгі күнге Қаракөз ауылдық округінен «Нурмухамбетов» шаруа қожалығы 3000 басқа арналған мал бордақылау кешенінің құрылысын жүргізіп жатыр.
Ірі қара малдарын қолдан ұрықтандыру бойынша ауданда 23 қолдан ұрықтандыру пункттері жұмыс жасап тұр. Жылдық жоспар 10900 бас. Оның 8950 басы сүтті бағыт болса, 850 басы етті бағыт.
Бүгінгі күнге 4701 бас қолдан ұрықтандырылды. Бұл жылдық тапсырманың 43,1 пайызын құрайды.
Осыған қоса, ауылшаруашылығында да көптеген кемшіліктер мен түйіні шешілмей келе жатқан мәселелер кездесуде.
Қант қызылшасын себу жоспарының 68 пайызы орындалмады, жоспарланған 780 гектардың нақты – 250 га ғана себілді.
Құстар саны 96,3 мың басқа немесе 53,3%-ке төмендеді.
Етті мал шаруашылығын дамыту жобасын іске асыру аясында жоспар бойынша 300 басқа мал бордақылау алаңдарын құру мүлдем орындалмады.
Тамшылатып суару технологиясы 175 га қолданылады, бұл суармалы дақылдар көлемінің 7 пайызы ғана.
Қолданыстағы 3 жылыжай тоқтап тұр.
«Сыбаға» бағдарламасының жоспары 10 пайызы ғана орындалған.
Осы салыны дамытуға арналған инвестициялық жоба әзірленбеген
Аудандық ауылшаруашылық бөлімінің басшысы Ә.Жақыпбеков айтылған елеулі олқылықтарды ескере отырып, алда келе жатқан жиын-терін жұмысын ұйымдасқан түрде өтуіне, ауылшаруашылығы өнімдерін өндіруді арттыруға, мал азығын толығымен дайындауға, мал басын асылдандыру бағытында «Сыбаға» бағдарламасымен, субсидия тарату, жылыжай салу, жаңа ауылшаруашылық техникаларын алу жұмыстарына аса көңіл бөлу керек.
Ветеринариялық іс-шаралар
Аудан бойынша есепті мерзімге малдардың бруцеллез ауруының алдын алу және анықтау мақсатында 43 мың 108 бас - ірі қара, 173 мың 101 бас - ұсақ мүйізді малдардан қан алынып бруцеллезге тексерілді.
Тексеру нәтижесінде 25 бас - ірі қара және 658 бас - ұсақ мүйізді малдар бруцеллезге оң нәтиже көрсетті. Анықталған 22 ірі қара Талдықорған қаласына ет өңдеу цехына өткізілсе, 648 ұсақ мүйізді мал республикалық эпизоотияға қарсы отряд арқылы жойылып, тиісті іс-шаралар атқарылды.
5 ауылда (Аксу, Қарасу, Қарашілік, Суықсай, Арасан) 20 млн теңгеге мал өлекселерін тастайтын орындарды орналастыру жұмыстары жүргізілуде,
Алайда, бүгінгі күнге 6892 ірі қара бас мал бруцеллезге қарсы мүлдем тексерілмеген
Жоспарланған 21 мың бас мүйізді ірі қара мал бірдейлендірілген жоқ.
22 мың бас жылқының 6,5 пайызы ғана бірдейлендірілген.
Малды қолдан ұрықтандыру жоспарының 43,1 пайызы ғана орындалды.
Аудандық ветеринария бөлімінің басшысы С.Исапановқа мал арасындағы бруцеллезге қарсы шараларын күшейту, малды бірдейлендіру, бөлінген қаражатты тиімді, әрі мақсатты пайдалану мақсатында жұмысты ары қарай күшейтіп, жалғастыру тапсырылады.
Жер қатынастары
2014 жылы жер телімдерін пайдаланудан өз еркімен бас тартқан 31 шаруа қожалығының жалпы алаңы: 3952,9 гектар жерлері ауданның арнайы қорына түсті. Мұның ішінде: суармалы егістік- 241,85 гектар, тәлім егістік –324,55 гектар, шабындық -113,07 гектар, жайылым- 3273,43 гектар.
Пайдаланылмаған жер телімдерін мәжбүрлеп аудан қорына қайтару жұмысы барысында, 1 жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің («Boribek» ЖШС) жалпы алаңы 3000 мың гектар жайылым жері қайтарылды.
Бүгінгі күнде бөлім бойынша арнайы кесте жасалып, осы кестеге сәйкес, ауылдық округтерге арнайы комиссия шығып, пайдаланылмай жатқан жер телімдері анықталуда.
Қазіргі уақытта 8 ауылдық округтер тексерілді. (Матай, Егінсу, Молалы, Қызылағаш, Қарашілік, Есеболатов, Қарасу, Ойтоған) Пайдаланылмай жатқан жалпы 69 000 гектар жер телімдері анықталды.
Ондай жерлерді аудан қорына өз еркімен өткізу үшін, шаруа қожалығының басшыларына түсіндіру жұмыстары жалғасуда.
Жыл басынан жерге байланысты аудан әкімдігінің 93 қаулысы қабылданды. Жер қатынастарын реттеу комиссиясының 196 қортындысы шығып, жеке және заңды тұлғалардың сұраныстарына жауап берілуде.
Жердің толыққанды игерілуі мәселесіне дұрыс қарауымыз керек. Бұл мәселе үнемі назардан тыс қалдырылмайды, ауданның тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін біз барлық бос, иесіз жатқан жерді қолданысқа енгізілуін қамтамасыз етуге міндеттіміз. Игерілмей жатқан жер иелерімен қолданыстағы заңдылыққа сәйкес жұмысты жүргізу аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы М.Жұмағалиев қатаң бақылауда ұстау керек.
Автомобиль жолдарын жөндеу
Автомобиль жолдарын жөндеуге «Жұмыспен қамту -2020» бағдарламасы бойынша бөлінген 78 млн. 668 мың теңге:
- аудан орталығындағы 3 көшені (Шонай батыр, Пушкин, Желтоқсан) күрделі жөндеуге,
- Қопа ауылында Алтай көшесін орташа жөндеу жүргізуге бағытталды.
Жергілікті бюджеттен бөлінген 17 млн теңгеге аудан орталығында 6 көшеге (Желтоқсан, Бұхарбаев, Жансүгіров, Мұратбаев, Толғанбай, Тәуелсіздік) ағымды жөндеу жүргізілуде.
Жұмыстары ағымды жылдың қазан - қараша айларында аяқталады.
Ауыз сумен қамтамасыз ету
«Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша Алтынарық (80 млн теңге) және Сағабүйен (193,4 млн теңге) ауылдарында 2 жобаны жүзеге асыруға 273,4 млн теңге бөлініп, құрылыс - жөндеу жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде.
Алты елді мекенге (Суықсай-2,1; Қаракөз-18,8; Жаңалық-14,2; Арасан-9,5; Кеңғарын-4,8; Көшкентал-7 млнтг) сумен жабдықтау жүйесін дамыту жұмыстарына жобалық сметалық құжаттама даярлауға барлығы 56,5 млн теңге қаралды.
Құжаттары сараптамадан алынғаннан кейін қаржыландыру жоспарына сәйкес ұсынылады.
«Ақсу су құбыры» коммуналдық мекемесінің қаржылық жағдайы ағымдағы шығындарын өтеуге жеткіліксіз болып отыр. Бүгінгі күнге мекеменің қарыздары 12 млн теңгеге жеткен.
Аудан орталығында тұрғындардың ауыз суды жүйесіз жұмсауының нәтижесінде бірнеше көше тұрғындарына су 2 сағаттан ғана беріліп келеді.
Суды ысырапсыз пайдалануға жол бермеу үшін су өлшегіш құралдарын орнату қажет. Алайда, бүгінгі күнге 5766 абонентің 21 пайызына ғана құралдар орнатылған, 79 пайызына суы үйге кіргізілмегендіктен өлшегіш орнату мүмкін болмай тұр.
Тұрғындардан суға төлемдерінің 35-40 пайызы ғана жиналады.
Осындай қиыншылықтарға қарамастан «Ақсу су құбыры» мекемесі жұмыс сапасының деңгейі және үздік салық төлеушісі ретінде рейтингте республика бойынша 9 орынды, облыс бойынша 3 орынды жеңіп алды.
Аудандық жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары және аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлім басшылары Н.Кәкімбаевқа, міндетін атқарушы А.Рахмановқа аудандағы жөнделіп жатқан автокөлік жолдарының, ауыз су құбырларының, көше жарықтандару жұмыстарының сапалығына аса көңіл аудару тапсырылады.
Халықты жұмыспен қамту
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде жыл басынан тіркелген жұмыссыздар саны 497 адамды құрады.
Қоғамдық жұмысқа жұмыссыз азаматтар есебінен 218 адам жіберіліп, 356 адам жұмысқа орналастырылды. Жұмысқа орналастыру деңгейі 81 пайызды құрады.
Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесіне қатысқан 219 адамның 147 жұмысқа жолдама алды.
Сол сияқты, жастар практикасына 13 адам, әлеуметтік жұмыс орнын ашу ұйымдастырылып, 11 жұмыссыз азаматтар жіберілді.
Жыл басынан 350 жаңа жұмыс орны ашылды, оның ішінде шаруа қожалықтарында - 95, жеке кәсіпкерлікте – 197, білім беру, денсаулық сақтау саласында – 25, басқа салаларды – 33.
Жалпы жұмыссыздық деңгейі 0,1% төмендеп, 5,2 пайызды құрады.
Ауданда күн көріс деңгейі кедейлік шегінен төмен тұратын 28 адамға (7 отбасы) 858 мың теңгеге әлеуметтік көмек көрсетілді.
«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының 1 бағыты бойынша Жансүгіров, Қопа ауылдарының жолдарын жөндеу жұмыстарына 12 адам жолданды.
2 - ші бағыты бойынша «Ауыл шаруашылығын қолдау қорынан» 7 адам 13,5 млн теңге несие алып, 98 адамның құжаттары бағалануда.
54 адамға 100 млн теңге несие «Гоха и К» кредиттік серіктестігі арқылы берілді.
3 – ші бағыты бойынша 3 айлық қайта даярлау курстарына 25 адам, 8 шаруа қожалықтарына әлеуметтік жұмыс орындарына 16 адам жұмысқа жолданды.
Жастар практикасына 15 жас 6 айға мерзімге жұмысқа жолданды.
Бұл салада орын алып отырған кемшілік - жыл басынан оқытылған 28 адамның 50 пайызы ғана, яғни 14-і жұмысқа маусым айында орналасты. Есепті мерзімге тұрақты жұмысқа орналастыру деңгейі 33,9 пайызды (облыс-76,9%) құрап, аудан облыс бойынша 17 орында қалып отыр.
Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Қ.Бекбаланов, аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Б.Құрманғалиева қолдағы бар мүмкіншілікті пайдалана отырып, аудан тұрғындарын мейлінше жұмысқа тарту тетіктерін іске асыру керек.
Білім саласы
Аудандағы 41 жалпы білім беретін мектептердің 28-і орта, 7-і негізгі, 6-ы бастауыш мектептер.
Биылғы жылы маусым айында өткен Ұлттық Біріңғай тестілеудің қортындысы білім саласында әлі де кемшіліктер бар екендігін, тиісті жұмыстар өз деңгейінде жүргізілмей жатқандығын аңғартты. Мектеп бітіруші түлектердің 85 пайызы, яғни 352 бала қатысқан. Қатысу деңгейі өткен жылғыдан 6 пайызға кеміген, яғни 2013 жылы 91 пайыз болып, 476 оқушы қатысқан.
Орташа балл - 66,1 болып (обл. – 72 балл), өткен жылғы көрсеткіштен 4,6 баллға төмендеген (2013ж- 70,7).
«Алтын белгіге» 6 үміткерлердің 2-уі өз білімін ақтай алмаса, Үздік аттестатқа үміткер болмаған.
Кәмелетке толмағандар істері бойынша инспекцияда есепте 33 мектеп оқушылары тұр. Олардың арасында өткен жылы да, биыл да 2 қылмыс тіркелген.
Елбасымыз әрқашан еліміздің болашағы – білімді жастарда деп оларға үлкен сеніммен қарайды. Сондықтан да, аудандық білім бөлімінің басшысы А.Досмұханбетовке биыл өткізілген Ұлттық Біріңғай тестілеудің нәтижелеріндегі кемшіліктердің себеп-салдарын анықтау, мектептерді жоғарғы кадрлармен қамтамасыз ету, білім сапасын көтеру, төмен көрсеткіш көрсеткен мектептермен тиісті жұмыс атқару, жасөспірімдермен қылмыстың алдын алу, олардың бос уақытын тиімді пайдалану бағытындағы іс-шаралар жоспары белгіленіп, жүзеге асыру бағытында нақты іс-шаралар атқару, жаңа оқу жылында ұстаздардың оқушылар білімін нақты бағалануына бас көңіл аударып, білім беру сапасын көтеру туралы қатаң талап қойылады.
Денсаулық сақтау саласы
Аудан халқына бүгiнгi таңда медициналық қызмет көрсетіп отырған 48 мекеме бар, оның ішінде: 130 төсектік орталық аурухана, 50 төсектік Қапал, 20 төсектік Матай ауылдық ауруханасы, 14 ауылдық емхана, 31 медпункт бар.
Туберкулез ауруы 9-дан 12-ге, бруцеллез ауруы 10-нан 23-ке артқан.
Дүниеге келген нәрестелер саны 2013 жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда 48 балаға кеміп, бір жасқа дейінгі 2 бала шетінеген.
«Ақсу аудандық ауруханасы» мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына (Ә.Жұмагелдин), ауылдық округ әкімдеріне әлеуметтік маңызы бар жұқпалы туберкулез, бруцеллез, вирусный гепатит ауруларына шалдыққан адамдарды анықтау, оларды емдеу, туберкулезге шалыққандарға азық-түлікпен көмектесу, сонымен қатар, аталған аурудың одан әрі таралуын болдырмауға, үгіт-насихат жұмыстарын жандандыруға, ана мен бала өлімін болдырмау мақсатында барлық жүкті әйледер мен жаңадан дүниеге келген балалардың және олардың аналарының денсаулығын қатаң бақылауға алып қажетті профилактикалық, емдеу шаралардың мерзімінде қолдануы, демографиялық ахуалды жақсарту бағытындағы жұмыстарды күшейту тапсырылады.
Мәдениет саласы
Ауданда 22 мәдениет үйлері мен клубтар, 22 кітапхана, 2 мұражай бар. Онда 142 мәдениет қызметкері халыққа рухани-мәдени қызмет көрсетуде.
2014 жарты жылында аудан бойынша 2824 мәдени шара өткізіліп, 601370 теңгеге ақылы қызмет көрсетілді. Аудан бойынша 95 үйірмеге 1071 адам қатысуда.
«Мәдени мұра» бағдарламасы аясындағы жұмыстар, тарихи-мәдени ескерткіштер мен мұражайлардың жағдайы туралы аудандық мәслихаттың көпшілік тыңдауда талқыланып, тиісті жұмыстар атқарылуда.
Құрметті қауым! Ағымды жылы қыркүйек айында Алакөл, Сарқанд және өзіміздің мәдени күндеріміз құлагер ақынымыз І.Жансүгіровтың 120 жылдығы аясында ауданымызда өтеді. Ұлтымызға тән қонақжайлық танытып, көрші аудандарды жоғары деңгейде қарсы алып, ауданымыздың бай мәдениетін, шежіреге толы тарихын, елімізге талай белгілі азаматтарымыз Ақсу өңірінен шыққанын мақтанышпен айтып, мәдени, рухани, әлеуметтік, экономикалық саладағы жетістіктерімізді өз дәрежесінде көрсететіндігімізге сенімдімін. Оған осы жерде отырған бәрілеріңізді ат салысуға шақырамын.
Осы жұмыстарды үйлестіріп, өз дәрежесінде өткізу, сонымен қатар еліміздің ұлттық салт-дәстүрлерін насихаттауды, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мәдени мұра бағдарлама аясындағы жұмыстарды жан-жақты атқару аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы А.Елубаеваға тапсырылады.
Спорт, туризм саласы
Ауданымызда 26 спорт залы, 2 бассейн, 1500 орынды 1 стадион, 79 спорт алаңдары тұрғындарға қызмет көрсетуде.
Аудан командалары республикалық, облыстық деңгейдегі жарыстарға қатысып, жүлделі орындар алуда. Мемлекеттік қызметкерлер Спартакиадасында жалпы командалық есепте аудан ІІ - ші орынға ие болды.
Спортты шынайы бұқаралық деңгейге жеткізуге ауылдық округтердегі әдіскер - нұсқаушылар белсенді жұмыс атқарулары керек.
Елбасымыз өз Жолдауында «Халық денсаулығы – ол Қазақстанның өзінің стратегиялық мақсаттарына жетудегі табысының ажырамас құрамдас бөлігі. 30 пайызға дейінгі қазақстандықтар бұқаралық спортқа тартылуы керек деген тапсырмасын және туризм саласын аудан көлемінде іске асыру мақсатында тиісті жұмыстарды аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі (Б.Мейрембеков) атқару тиіс.
Қоғамдық тәртіпті сақтау
Аудан бойынша жалпы тіркелген қылмыс саны артып отыр. 2014 жылы 161 қылмыс тіркелген, өткен жылмен салыстырғанда 7 дерекке – 4,5 % өскен. (2013–154).
Ашылу көрсеткіші - 92,3 пайызды құрады. (2013ж-87,5%).
Бөтеннің мүлкін ұрлау қылмысының саны өткен жылғы 106 - дан 101 ге төмендегенімен барлық қылмыс деректерінің 62 пайызын құрап отыр.
Мал ұрлығы 53 пайызға төмендеген, өткен жылы 54 қылмыс, биыл 29 қылмыс тіркеліп, оның 54,5 пайызы ашылған.
Ауыр қылмыстар саны 7-ден 2-ге дейін төмендегенімен, ашылу көрсеткіші 50 пайызы ғана құрады.
Қылмыс санының өсуіне байланысты аудан әкімінің жеті сайынғы аппарат жиналыстарында аудан көлемінде қылмыс санын азайту, жұмыс сапалығы мен азаматтардың сенімін арттыруға бағыттылған жұмыстарды күшейту жөнінде аудандық ішкі істер бөліміне нақты ескертіліп, жан-жақты шараларды қабылдау жөнінде тапсырмалар беріліп отырады.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес
Қазақстан Республикасының Президенті «Нұр Отан» ХДП-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы форумында тиісті шараларды белгілеп, сыбайлас жемқорлықпен күресудің негізгі бағыттарын анықтап берді.
Бүгінгі таңда «Нұр Отан» ХДП-ның Ақсу аудандық филиалы, аудан бөлімдері,округ әкімдері, құқық қорғау органдардың басшыларымен бірге осы Жоспарды жүзеге асыру бойынша жұмыс атқаруда.
Ақсу ауданы әкімі аппаратының, аудандық бөлімдердің, поселкелік, ауылдық округтері әкімдері аппараттарының қызметшілері тарапынан Ар-намыс кодексі және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңының талаптарын бұзу деректері туралы хабарлау үшін аудан әкімінің аппаратында сенім телефоны орнатылған. Аталған хабарландыру «Ақсу өңірі» газетінде жарияланып тұрады.
Аудандық әкімшілік ғимаратының кіре берісінде 2 жәшік орналасқан: ғимараттың сыртында тұрғындардан келіп түскен шағымдарға, екіншісі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес сұрақтары бойынша комиссиясына арналған. Әкімшілік ғимаратының І-ші қабатына «Мемлекеттік қызметшінің «Ар-намыс кодексі» стенді орналасқан.
Тұрғындардың сыбайлас жемқорлықпен байланысты орын алған әрекеттерге төзбеу және мемлекеттік қызметшілерге қатысты мәселелер бойынша аудан әкімдігінің сайтында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы жарияланған.
Сайтта «Әкімге сұрақ» атты рубрикасы ашылған, сол рубрика арқылы тұрғындар туындаған сауалдарын аудан әкіміне қоя алады.
Ақсу ауданы әкімінің аппаратында құқықтық оқыту жұмыстары жүргізіліп отырады. Белгіленген жоспар бойынша аппарат қызметкерлерінің қатысуымен «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы курес туралы» және мемлекеттік қызметке байланысты заңдарды талқылау бойынша құқықтық сабақтар өтуде.
Аудан басшылығы кадрларды іріктеу және мемлекеттік қызметшілердің этика мәселелеріне, жағымды келбетін қалыптастыру мәселелеріне үнемі көңіл бөліп отырады.
Елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жан-жақты жүргізіліп, Елбасының өз бақылауында тұр. Сондықтан да, бұл өзекті мәселемен жұмыс атқару, оны жою осы отырған бәріміздің міндетіміз болып табылады.
Азаматтардан түскен арыз-шағымдармен жұмыс.
Ағымды жылдың басынан аудан әкімнің атына жеке және заңды тұлғалардан жалпы саны 329 түрлі өтініш түсті, олардың ішінде: ауылшаруашылығы жерлерін сұрау – 183, тұрғын үй сұрау және құрылысын жүргізу – 100, ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қамқоршылыққа алу жөніндегі - 5, басқа мәселелер бойынша – 41.
Есепті кезеңде аудан әкімінің атына түскен өтініштердің барлығы Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі» туралы заңында көзделген мерзімдер ішінде қаралып, уақытында жауаптары берілді.
Азаматтардың мұң-мұқтажын тыңдау, олардың арыз – шағымдарына уақытында жауап беру біздің басты міндетіміз. Сондықтанда орынбасарларыман, аппарат, бөлім басшыларынан, ауылдық округ әкімдерінен осы сұрақта ешқандай заң бұрмалаушылыққа жол бермеу талап етіледі.
Құрметті халық қалаулылары!,
сессияға қатысушылар!
Өздеріңіз көріп отырғандай, есепті кезеңде ауданда атқарылған жұмыстар көлемі аз емес, сонымен қатар, іске асырылуға тиісті жұмыстар, шешуді қажет етіп тұрған мәселелер одан да көп. Осыған байланысты өзіме жүктелген жауапкершілікті және барлық қиындықтарды туғызып отырған мәселелерді шешу, бір күннің ісі еместігін сезіне отырып, аудан экономикасын дамыту және аудан халқының әл ауқатын арттыру бағытындағы жұмыстар одан әрі де жалғасып, күшейе түсетіндігі туралы сендіргім келеді.
Ізет қойып, тыңдағандарыңызға рахмет!
262 -32 ашылмаған мал
Достарыңызбен бөлісу: |