Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің



Дата11.06.2016
өлшемі469.5 Kb.
#128377


Қазақстан Республикасы   
Ауыл шаруашылығы министрінің

20 жылғы « »  


№ бұйрығымен бекітілген



Етті тұқымды тұқымдық бұқаларды ұрпақтарының сапасы

бойынша тексеру мен бағалауды және етті тұқымды бұқашықтарды

өз өнімділігі бойынша сынауды өткізу қағидасы
1. Жалпы қағидалары
1. Осы Етті тұқымды бұқаларды ұрпақтарының сапасы бойынша тексеру мен бағалауды және етті тұқымды бұқашықтарды өз өнімділігі бойынша сынауды өткізу қағидасы (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Заңының 20-бабына сәйкес әзірленген, Қазақстан Республикасы аумағында етті тұқымды тұқымдық бұқаларды ұрпақтарының сапасы бойынша тексеру мен бағалауды және етті тұқымды бұқашықтарды өз өнімділігі бойынша сынауды өткізу тәртібін анықтайды.

2. Осы Қағидада келесі түсініктер қолданылады:

бұқашық – тұқымдық бұқаның 18 айлық жасына дейінгі еркек ұрпағы;

тайынша – тұқымдық бұқаның 18 айлық жасына дейінгі ұрғашы ұрпағы;

сиырлар-қыздары – тұқымдық бұқаның төлдеген ұрғашы ұрпағы;

сиыр – бірінші төлдегеннен кейінгі

ауыл шаруашылығы жануарларын белгілеу – ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруге және шығу тегін тіркеуге мүмкіндік беретін, дамуын, физиологиялық жағдайын, өнімділігін, түсімдерін, орнын ауыстыруын және шығып қалуын, зоотехникалық және асыл тұқымдық тіркеуін жүргізуге негіз болатын шартты белгімен немесе санмен белгілеу;

түсі- жануардың бояуы;

туылған жері – жануар туылған елі мен шаруашылық;

мәрмәрлігі – бұлшықет талшықтарындағы май қабатшаларының таралуы;

шежіресі – асыл тұқымды жануардың шығу тегі туралы мәлметтер;

туылған кездегі тірілей салмағы – жаңа туған бұзаудың алғашқы 24 сағат өміріндегі тірілей салмағы, кг-мен көрсетілген;

енесінен айырғандағы тірілей салмағы – бұзаудың енесінен айырғаннан кейінгі тірілей салмағы, кг-мен көрсетілген;

12 айдағы тірілей салмағы – бұзаудың 365-күндегі түзетілген жасының тірілей салмағы, кг-мен көрсетілген;

ұмасының орамы – бір жылдық бұқашықтардың ұмасының ең жуан жерінен алынған өлшем, сантиметрмен көрсетілген;

бір күндік орташа өсім – жануардың белгілі бір уақыт кезеңіндегі денесінің тірілей салмағының өзгеруінің орташа мәні; граммен көрсетілген;

ұрық – еркегінің жыныстық мүшелері өндіретін жыныстық жасушалары бар секрет немесе ұрықтық сұйықтық;

ұрық алу – тиісті әдіспен эякулятты жинау;

бағыныңқы жыныстық бездердің секреті – бағыныңқы жыныс бездерінен бөлінетін заттар;

балғын ұрық –жаңадан алынған ұрық;

ұрық қабылдағыш – ұрықты алу кезіндегі эякулят жинайтын түтік;

ұрықты бағалау – ұрықтың морфологиялық, биологиялық, физико- химиялық және ветеринарлық-санитарлық көрсеткіштерін анықтау;

ұрықтардың қозғалғыштығы – ұрықтардың тіп-тік - үдемелі, манеждік, айналу және тербелу қимылдарын жасауға қабылеттілігі;

ұрықтардың тіп-тік – үдемелі қозғалысы – ұрықтардың тіп-тік басымен алға белсенді қозғалысы;

ұрықтардың шоғырлануы – ұрық көлемінің бірлігіндегі ұрықтар саны,

бұқашықты өз өнімділігі бойынша тексеру куәлігі – бұқашықтың берілген Қағидаларға сәйкес өз өнімділігі бойынша тексерілгенін және тиісті кешенді индекс алғанын растайтын құжат;

ДНҚ (дезоксирибонуклеинді қышқыл) – тірі организмдердің жасушаларының ядроларындағы болатын жоғары полимерлі табиғы байланыс, гистондар ақуыздарымен бірге хромосом затын түзеді, ДНҚ – генетикалық ақпараттарды тасымалдаушы, оның бөлек аумақтары белгілі бір гендерге сәкес келеді;

ген – тірі организмдердің тұқым қуалаушылығының құрылымдық және қызметтік бірлігі. Ген белгілі бір полипептидтің немесе қызметтік РНҚ-ның бірізділік тізбегін беретін ДНҚ –ның аумағы болып табылады;

локус – хромосоманың бір ген алып жатқан сызықтық аумағы;

микросателлиттер – (қарапайым қысқа (тандемдік) қайталау) – ұзындығы 1 ден 6 –ға дейінгі негіз жұптар қайталанушы көріністерден тұратын ядролық ДНҚ мен органеллалар ДНҚ – сындағы (митохондрий және пластид) түрлендіруші аумақтар (локустар);

ДНК-маркерлер – белгілі бір генге немесе хромосоманың кез келген бір аумағына әртүрлі генотиптерді, особьтарды, тұқым, сорт, сызықтарды салыстыру кезінде ДНҚ –ның нуклеотидтік тізбегі деңгейінде молекулярлық биология әдісімен айқындалатын полиморфтық белгі;

ДНҚ – типтендіру – геномдардың полиморфтық локустарын (микросателлиттік және минисателлиттік ДНҚ) оқып-білуге негізделген молекулярлық – генетикалық зерттеу;

бірнуклеотидті полиморфизм (SNP, Single nucleotide polymorphism) –геномдағы (немесе басқа бір салыстырмалы тізбектегі) бір түрдің өкілдері немесе гомологиялық хромосомалардың гомологиялық аумақтары арасындағы бір нуклеотид (A, T, G немесе C) өлшеміндегі ДНҚ тізбегінің айырмашылығы.

3. Етті тұқымды тұқымдық бұқаларды ұрпақтарының сапасы бойынша тексеру мен бағалау және етті тұқымды бұқашықтарды өз өнімділігі бойынша сынау осы Қағидаға сәйкес, әкесі бойынша ДНҚ тестілеумен расталған нақты расталған шығу тегі бар, тек бірінші категориядағы жануарлар жіберіледі.

ДНҚ тестілеу үшін биологиялық үлгіні іріктеу генетикалық сараптама жүргізген зертхана талабы бойынша жүргізіледі.

Жануардың шығу тегін бақылау кезінде ДНҚ полиморфизмін (Single Nucleotide Polymorphism) анықтау тәсілі ретінде, сондай және микросателлит ДНҚ локустары пайдаланылады.

4. Етті тұқымды тұқымдық бұқаларды ұрпақтарының сапасы бойынша тексеру мен бағалау және етті тұқымды бұқашықтарды өз өнімділігі бойынша сынау осы Қағидаға сәйкес, екі кезеңде өтеді – тұқымдық бұқаларды ұрпақтарының сапасы бойынша тексеру мен бағалау кезеңі мен қоралық және қоралық-жайылымдық күтіп-бағу жағдайында бақылау өсіру кезінде бұқашықтарды өз өнімділігі бойынша сынау кезеңі.

5. Бақылау өсіру кезінде бұқашықтарды өз өнімділігі бойынша сынау әдісімен етті тұқымды тұқымдық бұқаларды ұрпақтарының сапасы бойынша тексеру мен бағалауды өткізу бойынша жағдайлар болмағанда, тұқымдық бұқаларды ұрпақтарының сапасы бойынша алдын ала бағалау мақсатында, жалпы шаруашылық жағдайында бұқашықтар мен тайыншаларды өсіру кезінде жаппай асылдандыру есебінің мәліметтерін қолдануға жол беріледі.

Жалпы шаруашылық жағдайында бұқашықтар мен тайыншаларды өсіру кезінде жаппай асылдандыру есебінің мәліметтері бойынша тұқымдық бұқаларды ұрпақтарының сапасы бойынша тексеру мен бағалауды өткізу кезінде мәліметтер есебі осы Қағиданың 1-қосымшасында келтірілген нысан бойынша жүргізіледі. Бұл әдіс тек алдын ала бағалау болып табылады, және де алынған мәліметтер тек нақты шаруашылық жағдайында қолданылады және осы Қағиданың 2, 3, 4, 5-қосымшаларында келтірілген нысан бойынша тұқымдық бұқаларды ұрпақтарының сапасы бойынша тексеру мен бағалау және бұқашықтарды өз өнімділігі бойынша сынау куәлігін беру үшін негіз болып табылмайды.

6. Тұқымдық бұқаларды ұрпақтарының сапасы бойынша тексеру мен бағалау және бұқашықтарды өз өнімділігі бойынша сынау малды асылдандырушы орталықтардың, сонымен қатар асыл тұқымды мал зауыттардың және малды асылдандырушы шаруашылықтардың өз табынын өз төлі есебінен толықтыру үшін қалдырылған, ал олардың бұқашықтары мен тайыншаларын асыл тұқымдық мақсатта сату жоспарланған тұқымдық бұқалар үшін өткізіледі.

7. Малды асылдандырушы орталықтар толық құнды азықтандыру үшін азықтық қоры және күтіп-бағу жағдайы бар асыл тұқымды мал зауыттарында, малды асылдандырушы шаруашылықтарда және тауарлы шаруашылықтарда тұқымдық бұқаларды ұрпақтарының сапасы бойынша тексеру мен бағалауды және бұқашықтарды өз өнімділігі бойынша сынауды өткізеді.

8. Асыл тұқымды мал зауыттары мен малды асылдандырушы шаруашылықтар оларда азықтық қоры және күтіп-бағу жағдайы болғанда, тұқымдық бұқаларды ұрпақтарының сапасы бойынша тексеру мен бағалауды және бұқашықтарды өз өнімділігі бойынша сынауды өткізеді.

Етті тұқымды бұқашықтарды өз өнімділігі бойынша сынау, азықтық базасы және өткізуге жағдайы бар басқа шаруашылықта өткізуге рұқсат етіледі. Мұндай жағда йда, бұқашықтарды өз өнімділігі бойынша сынауды жүргізуге шаруашылықтар өзара келісім-шарт жасайды.

9. Бұқашықтарды өз өнімділігі бойынша сынау арқылы ұрпақтарының сапасы бойынша тексерілетін және бағаланатын тұқымдық бұқалардың асыл тұқымдық сапасы туралы нақты мәліметтер алу мақсатында, бір уақытта сыналатын бұқашықтардың жас айырмасы 60 күнен аспауы қажет, топтағы ең үлкені мен ең кішісінің арасы. Сонымен қатар, жалпы бір шаруашылықтың және тұқымның аясында алынған нәтижелерін салыстыру үшін, сыналатын бұқашықтарды оңтайлы және бірдей азықтандыру және күтіп-бағу жағдайында өсіру қажет.

10. Тексерілетін және бағаланатын тұқымдық бұқалардың бұқашықтарын бақылап өсіру кезінде алынған, тұқымдық бұқаларды ұрпақтарының сапасы бойынша тексеру мен бағалауды және бұқашықтарды өз өнімділігі бойынша сынауды өткізу нәтижесі, типтердің нәтижелігін және ата-аналық жұптарды іріктеп алу нұсқасын талдау үшін негіз болып табылады. Кросстарда анықталған тұқымдық желілердің ең жақсы үйлесімдерін нақты тұқым малдарының өнімділік деңгейін арттыру бойынша келешектегі селекциялық жұмыстарда қолдану ұсынылады.

11. Етті тұқымды тұқымдық бұқаларды ұрпақтарының сапасы бойынша тексеру мен бағалауды және бұқашықтарды өз өнімділігі бойынша сынауды өткізудің алдында, жеке және заңды тұлғалар кемінде он жұмыс күні бұрын:

тиісті тұқым бойынша республикалық палатаға;

шаруашылық орналасқан, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық аумақтық инспекциясының немесе аудандық асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі инспекторына;

шаруашылық орналасқан, тиісті ауданның мал шаруашылығы мәселелеріне жетекшілік ететін аудан әкімдігінің бөліміне жазбаша түрде хабарлайды

2. Асылдандыру есебінің мәліметтері бойынша тұқымдық

бұқаларды ұрпақтарының сапасы бойынша тексеру мен бағалау
12. Жалпы шаруашылық жағдайында өсірілген бұқашықтары мен тайыншаларының асылдандыру есебінің мәліметтері бойынша тұқымдық бұқаларды ұрпақтарының сапасы бойынша тексеру мен бағалауды, нақты зоотехникалық және асылдандыру есебін жүргізетін шаруашылықтарда өткізуге жол беріледі.

13. Жалпы шаруашылық жағдайында өсірілген бұқашықтары мен тайыншаларының асылдандыру есебінің мәліметтері бойынша тұқымдық бұқаларды ұрпақтарының сапасы бойынша тексеру мен бағалауды олардың 15-18 айлық жасына дейінгі барлық бұқашықтары және тайыншаларының өсу көрсеткіштері, сондай-ақ тірі салмағы, сүттілігі, сырт пішіні және сиырлар-қыздарының кластық бағасы бойынша өткізеді. Осындай бағалау тұқымдық бұқаның 15 кем емес бұқашықтары және тайыншалары болған жағдайда өткізіледі.

14. Жалпы шаруашылық жағдайында өсірілген бұқашықтары мен тайыншаларының асылдандыру есебінің мәліметтері бойынша тұқымдық бұқаларды ұрпақтарының сапасы бойынша тексеру мен бағалау жүргізілген кезде, келесі көрсеткіштер ескеріледі:

бұқашықтары мен тайыншаларының туғандағы, 6, 8, 12, 15, 18 айлық жасындағы орташа тірі салмағы және әр өсіру кезеңдері бойынша орташа тәуліктік қосқан салмағы;

сиырлардың 3, 4, 5 және одан ересек жасындағы тірілей салмағы;

сиырлар-қыздарының сүттілігі – бұзаудың 6 айлық жасындағы тірі салмағы бойынша есептеледі.

Төлдердің өсуі мен дамуы, және де сиырлардың өнімділік көрсеткіштері айтарлықтай дәрежеде азықтандыру және күтіп-бағу деңгейіне байланысты болғандықтан, мәліметтерді өңдеуді малдардың туған жылдары және малдарды қолдану бойынша жеке жүргізу қажет.

Толық жастағы сиырлардың шартты көрсеткіштерін есептеу үшін, жас сиырларды тірі салмағы және сүттілігі туралы мәліметтерді ауыстыру кезінде тұқымдықтарды бағалау жүргізілетін, табын бойынша есептелінген, түзету коэффициенттерін қолдану қажет.

Сиырларды тірілей салмағы бойынша бағалау кезінде, сиырлардың толық жасына аударылған шартты тірі салмақтарын шығару қажет, ол үшін 3 жастағы сиырдың салмағын 1,2 және 4 жастағы – 1,08 коэффициентіне көбейтеді.

Сүттілік көрсеткіштерін аудару үшін сиырлардың толық жасына бірінші бұзаулаған сиырлардың бұзауларының тірі салмағын 10 пайызға, екінші бұзаулаған сиырлардың 5 пайызға көтереді.

Кешенді белгілері бойынша белгілі бір немесе басқа класқа жатқызылған сиырлар-қыздарының санын тұқымдық бұқаны бағалау өткізілген жалпы сиырлар-қыздары санына пайыздық қатынасын жазады.

Барлық көрсеткіштер абсолюттік мөлшерде және құрдастарының көрсеткіштеріне пайыздық қатынаста шығарылады.

Жалпы шаруашылық жағдайында өсірілген бұқашықтары мен тайыншаларының асылдандыру есебінің мәліметтері бойынша тұқымдық бұқаларды ұрпақтарының сапасы бойынша тексеру мен бағалауды өткізуде алынған мәліметтер, нақты шаруашылық жағдайында тұқымдық бұқаның асыл тұқымдық құндылығы туралы алдын ала қорытынды алу үшін негіз болып табылады және басқа шаруашылықтар үшін қолданылмайды.

3. Тұқымдық бұқаларды ұрпақтарының сапасы бойынша тексеру

мен бағалау бір уақытта бұқашықтарды өз өнімділігі бойынша

сынау арқылы
15. Шаруашылықта қолданылатын сиырлардың төлдеу маусымына байланысты, тұқымдық бұқаларды ұрпақтарының сапасы бойынша тексеру мен бағалауды бір уақытта бұқашықтарды өз өнімділігі бойынша сынау арқылы қоралық немесе қоралық-жайылымдық төмендегі келесі әдістермен өткізіледі:

тұқымдық бұқаларды ұрпақтарының сапасы бойынша тексеру және бағалауды бір уақытта бұқашықтарды өз өнімділігі бойынша сынау арқылы қоралық тәсілмен 8 ден 15-айлық жасында өткізіледі;

тұқымдық бұқаларды ұрпақтарының сапасы бойынша тексеру және бағалауды бір уақытта бұқашықтарды өз өнімділігі бойынша сынау арқылы жедел тәсілмен тірі кезіндегі еттің сапасы және шәуетөнімі сапасымен қоралық күтіп-бағу әдісімен 8 ден 13 айлық жасында жүргізеді;

тұқымдық бұқаларды ұрпақтарының сапасы бойынша тексеру және бағалауды бір уақытта бұқашықтарды өз өнімділігі бойынша сынау арқылы қорадалық-жайылымдық әдісімен 8 ден 18 айлық жасында жүргізеді.

16. Тұқымдық бұқаны ұрпақтарының сапасы бойынша тексеру мен бағалауды және бұқашықтарды ұрпақтарының сапасы бойынша сынауды өткізу әдісін таңдау, тұқымдық бұқаларды ұрпақтарының сапасы бойынша тексеру мен бағалауды және бұқашықтарды өз өнімділігі бойынша сынауды өткізетін малды асылдандырушы орталықтың, асыл тұқымды мал зауытының және малды асылдандырушы шаруашылықтың басшысымен анықталады.

17. Малды асылдандырушы орталық тұқымдық бұқаларды ұрпақтарының сапасы бойынша тексеру мен бағалауды және олардың бұқашықтарын өз өнімділігі бойынша сынауды асыл тұқымды мал зауытының, малды асылдандырушы шаруашылықтың, тауарлық шаруашылықтың жағдайында өткізетін болса, малды асылдандырушы орталық Қазақстан Республикасының қолданыстағы азаматтық заңнамасына сәйкес, олармен тұқымдық бұқаларды ұрпақтарының сапасы бойынша тексеру мен бағалауды және бұқашықтарды өз өнімділігі бойынша сынауды өткізу туралы келісім-шарт жасайды.

18. Тұқымдық бұқаларды ұрпақтарының сапасы бойынша тексеру мен бағалауды және бұқашықтарды өз өнімділігі бойынша сынауды өткізу әдісін таңдау кезінде бұқашықтардың жасы маңызды талаптардың бірі болып табылады. Қоралық күтіп-бағу кезінде сыналатын бұқашықтар сынақ соңына қарай 13 айлық жастан асып кеткен жағдайда, сынақ оларды жайылымға шығармастан, қоралық әдіспен жалғасады. Ауыстырудың мақсатқа сайлығы туралы шешімді осы Қағиданың 14 және 15-тармақтарына сәйкес басшысы қабылдайды.

§ 1. Бұқышықтарды өз өнімділігі бойынша қоралық
күтіп-бағу жағдайында 8 ден 15-айлық жасында сынау
19. Бұқашықтарды өз өнімділігі бойынша сынауды қоралық күтіп-бағу жағдайында 8 ден 15-айлық жасында өткізгенде келесі көрсеткіштерді ескереді:

1) 8-ден 15 айлық жасына дейін өсіру және бордақылау кезеңіндегі өсу қарқынын;

2) 8-ден 15 айлық жасына дейінгі кезеңдегі 1 килограмм (бұдан әрі – кг) өсіміне жұмсалған азық шығынын;

3) 15 айлық жасындағы тірі салмағын;

4) 15 айлық жаcындағы еттілік формасын.

20. Ұрпақтарының сапасы бойынша тексеру мен бағалауға жатқызылатын әр тұқымдық бұқаға ұқсастық қағидасы бойынша таза тұқымды, жоғары қанды, жетінші төлдеуден ересек емес, 1 және одан жоғары клас талаптарына сай келетін, 50-ден кем емес сиыр (оның қыздары болып табылмайтын) бекітеді.

21. Бір жастағы бұқашықтар және тайыншаларды алу мақсатында барлық іріктеліп алынған сиырлар бір, ең көбі екі ай аралығында ұрықтандарылады. Ұрықтандыруды жүргізудің ең қолайлы кезеңі – мамыр-маусым айлары. Осы айларда ұрықтандыруды жүргізу бұқашықтарды қоралық ұстау әдісімен сынауға, өз өнімділігі бойынша сынау нәтижесінде іріктелген жақсыларын шағылыстыруға жіберуге және келесі жылы оны ұрпағының сапасы бойынша бағалауға мүмкіндік береді. Бұл жүйе кезінде тұқымдық бұқалар 3-3,5 жасында өз өнімділігі және ұрпақтарының сапасы бойынша екі кезеңді генотиптік бағалаудан өтеді.

22. Алынған төлдер 7-8 айлық жасына дейін енелерімен бірге толық емізуде өсіріледі. Төлдерді сиырлардан айырған соң, әр бағаланатын тұқымдық бұқадан 15-тен кем емес қалыпты дамыған бұқашықтарды іріктейді. Нақты немесе басқа да себептермен өсімі бойынша артта қалған (жалпы дамуы бойынша 1 класс талаптарын қанағаттандырмайтын) бұқашықтар сынауға алынбайды.

23. Ұрпақтарының сапасы бойынша тексерілетін және бағаланатын тұқымдық бұқалардың бұқашықтарын өз өнімділігі бойынша сынау кезінде, ұрпақтарының сапасы бойынша тексеру мен бағалауға жатпайтын немесе ұрпақтарының сапасы бойынша тексеру мен бағалаудан өткен тұқымдық бұқалардың бұқашықтарын өз өнімділігі бойынша сынаған жөн. Бұл тұқымдық бұқалардың құрамын тек қана алдын ала өз өнімділігі бойынша бағалаудан өткен бұқашықтар есебінен іріктеуге мүмкіндік береді.

24. Сиырлардан айырып алған соң, іріктеп алынған барлық бұқашықтарды, оларды жеке азықтандыруға және азықтың пайдаланылу есебін жүргізуге мүмкіндік беретін бөлімдермен жабдықталған, жеке торлары бар қораға ауыстырады. Қора жанынан бұқашықтарға азықтандыру және суару ұйымдастырылған серуен алаңын қарастырады.

25. Өз өнімділігі бойынша сыналатын бұқашықтарды жеке ұстау және азықтандыру үшін торлы қоралар болмағанда азықтың пайдаланылуының топтық есебін жүргізе отырып қоралық күтіп-бағу жағдайында өз өнімділігі бойынша сыналатын бұқашықтарды бақылап өсіруді жүргізуге жол беріледі. Бұл орайда бір топтың бұқашықтары, басқа топтың азықтарын пайдалануына мүмкіндік берілмеуі тиіс. Бұл жағдайда азықтарды пайдалану есебі, жалпы топтық және жеке мәліметтер бойынша анықталады.

26. Бұқашықтарды өз өнімділігі бойынша сынауды өткізу уақытында қарқынды өсіруді 15 айлық жасына дейін жүргізеді. Сыналатын бұқашықтардың азықтандыру деңгейін және рационын, сыналатын бұқашықтардың сынау кезеңінің соңында тірі салмағы элита-рекорд класы талаптарынан төмен болмауы есебімен құрастырады. Бұл нәтижелерге қол жеткізу, өз өнімділігі бойынша сыналатын бұқашықтар тәулігіне 1000 грамм (бұдан әрі – г) кем емес тірі салмақ қосқан жағдайда мүмкін.

27. Азықтандыру рационы құрамына сапалы азықтар – пішен, пішендеме (немесе сүрлем) және құнарлы азықтар, үлес салмағы сәйкесінше жалпы құнарлылығынан ірі және шырынды азықтар 20-25 пайыз (бұдан әрі – %) және құрама жем 50 % болу қажет. Қоралық кезеңде өз өнімділігі бойынша сыналып жатқан бұқашықтарды азықтандыру рационының үлгісі осы Қағиданың 3-қосымшасында көрсетілген. Бұқашықтарды суару үшін жылдың суық мезгілінде суды жылытумен автосуғарғыштарды немесе топтастырылған суарғыштарды қолданады.

28. 8-ден 15 айлық жасына дейін бұқашықтарды өз өнімділігі бойынша сынауды өткізу кезеңінде келесі көрсеткіштерді анықтау қажет:

тірі салмағын – әр айдың соңында, ертеңгі азықтандыру алдында жекелей өлшеу жолымен, ал 15 айлық жасында – қатарынан екі күн өлшеп, орташа салмағын есептеу арқылы;

8-ден 15 айлық жасына дейінгі орташа тәуліктік қосқан салмағын;

пайдаланылған азық мөлшерін – берілген және қалдық азықты (қатарынан екі күн) өлшеу арқылы;

15 айлығындағы еттілік формаларының жетілуін, 60 балдық шкаламен.

29. Өз өнімділігі бойынша сыналып жатқан бұқашықтардың 15 айлық жасындағы еттілік формалары осы Қағиданың 4-қосымшасының 1 кестесінде келтірілген мәліметтерге сәйкес бағаланады.

30. Еттілік формаларын бағалау өз өнімділігі бойынша сыналып жатқан бұқашықтардың сырт пішінің өлшемдерін алумен жалғасады және алынған көрсеткіштермен, және де сәйкесінше дене бітімінің индекстерімен түзетіледі.

31. Өлшемдердің абсолюттік көрсеткіші топ бойынша орташа көрсеткіштерден төмен болса, нақты немесе басқа дене мүшесін жоғары балмен бағалауға жол берілмейді. Дене мүшелерін бағалауды жоғарылату оның кеңдік, ұзындық, тереңдік өлшемдерінің көрсеткіштері жоғары болғанда мүмкін.

32. Тұқымдық бұқаларды және бұқашықтарды бағалау келесі селекциялық белгілермен жүргізіледі:

1) 8-ден 15 айлық жасындағы орташа тәуліктік қосқан салмағы:

5 балл – 1000 г және жоғары х;

4 балл – 850 г төмен емес;

3 балл – 700 г төмен емес;

2 балл – 700 г дейін.

х – галловей тұқымының орташа тәуліктік салмағының стандарты 10 % төмен.

2) бұл белгінің бонитировкалау класына байланысты 15 айлық жасындағы тірі салмағы:

5 балл – тірі салмағы элита-рекорд класынан төмен емес;

4 балл – тірі салмағы элита класынан төмен емес;

3 балл – тірі салмағы I класынан төмен емес;

2 балл – тірі салмағы II класынан төмен емес.

3) 8-ден 15 айлық жасындағы 1 кг қосымша салмаққа жұмсалған азық:

5 балл – 7 азық өлшеміне дейін;

4 балл – 8 азық өлшеміне дейін;

3 балл – 9 азық өлшеміне дейін;

2 балл – 10 азық өлшеміне дейін.

4) тірі кезіндегі еттілік сапасын (еттік формасын) бағалау:

5 балл – еттілік формасын бағалауда 54 балл;

4 балл – еттілік формасын бағалауда 48 балл;

3 балл – еттілік формасын бағалауда 42 балл;

2 балл – еттілік формасын бағалауда 36 балл.

33. Ұрпақтарының сапасы бойынша тексеру мен бағаланудан өтіп жатқан тұқымдық бұқаның сыналатын бұқашықтарының және жеке бұқашықтардың орташа тәуліктік қосқан салмағы, азық шығыны, тірі салмағы және еттілік формасы көрсеткіштері бойынша алған бағалары осы Қағиданың 4-қосымшасының 2 кестесіне сәйкес, тұқымдықты ұрпақтарының сапасы бойынша және сыналып жатқан бұқашықтарды кешенді бағалау үшін қолданылады.

34. Тұқымдық бұқаның ұрпақтарының сапасы бойынша кластық бағасын осы Қағиданың 4-қосымшасының 3 кестесінде келтірілген мәліметтерге сәйкес, оны бағалау кезінде кешенді класын анықтау үшін қолданады.

35. Тұқымдық бұқалардың ұрпақтарының сапасы бойынша және бұқашықтардың өз өнімділігі бойынша кешенді класы осы Қағиданың 4-қосымшасының 4 кестесінде келтірілген мәліметтерге сәйкес, өткізілген бағалау нәтижесі бойынша анықталады.

36. Өз өнімділігі бойынша сынау нәтижесінде алынған бұқашықтың кешенді бағасы тірі салмағы, сырт пішіні және конституциясы бойынша жиынтық бағасына қосылады және бағалау кезінде кешенді класын шығаруда қолданылады.

37. Өз өнімділігі бойынша бұқашықтарды сынау деректері осы Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес, мал шаруашылығының ақпараттық-талдамалық жүйесіне (www.plem.kz) және өз өнімділігі бойынша бұқашықтарды бағалау куәлігіне енгізіледі.

§ 2. Бұқашықтарды өз өнімділігі бойынша жедел тәсілмен

тірі кезіндегі еттің сапасы және шәуетөнімі сапасын зерттеу

тәсілімен 8 ден 13 айлық жасында сынау жүргізу
38. Бұқашықтарды өз өнімділігі бойынша жедел тәсілмен тірі кезіндегі еттің сапасы және шәуетөнімі сапасын зерттеу тәсілімен қоралық күтіп-бағу жағдайында 8 ден 13 айлық жасында сынау жүргізу кезінде келесі көрсеткіштер есеке алынады:

1) 8 ден 13 айлық жасындағы тірі салмағы;

2) барлық бақылауда өскен кезеңіндегі орташатәуліктік өсімі;

3) 8 ден 13 айлық жас аралығындағы барлық кезеңде 1 кг өсімге азық шығыны;

4) бұқашықтың бір жасындағы ұмасының орамы;

5) бұлшық ет көзінің алаңы;

6) тері астындағы май қалыңдығы;

7) еттің мәрмірлілігі;

8) араластырылмаған жаңа алынған шәуеттің сапасы (сыртқы реңі, концентрациясы, шәуеттің қозғалысы);

9) биологиялық нұсқаны таңдау, әкесін анықтау және ДНҚ-типирлеу.

39. Біржастағы ұрпақтарды алу үшін жоғарыөнімді сиырды тұқымдық бұқаларға бекіту, бұқашықтарды таңдау, күтіп-ұстау талаптары осы Қағиданың 18, 19, 20, 21, 22 және 23 тармақтарына сәйкес жүргізіледі.

40. Бұқашықтарды өз өнімділігі бойынша жедел тәсілмен тірі кезіндегі еттің сапасы және шәуетөнімі сапасын зерттеу тәсілімен сынауды өткізу уақытында қарқынды өсіруді 13 айлық жасына дейін жүргізеді. Сыналатын бұқашықтардың азықтандыру деңгейін және рационын, сыналатын бұқашықтардың сынау кезеңінің соңында тірі салмағы элита-рекорд класы талаптарынан төмен болмауы есебімен құрастырады. Бұл нәтижелерге қол жеткізу, өз өнімділігі бойынша сыналатын бұқашықтар тәулігіне 1000 г кем емес тірі салмақ қосқан жағдайда мүмкін.

41. Бұқашықтарды азықтандыру және суару осы Қағиданың 25 тармағындағы талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.

42. Бұқашықтарды өз өнімділігі бойынша жедел тәсілмен тірі кезіндегі еттің сапасы және шәуетөнімі сапасын зерттеу тәсілімен қоралық күтіп-бағу жағдайында 8 ден 13 айлық жасында сынау жүргізу кезінде келесі көрсеткіштер есеке алынады:

тірі салмағын – әр айдың соңында, ертеңгі азықтандыру алдында жекелей өлшеу жолымен, ал 13 айлық жасында – қатарынан екі күн өлшеп, орташа салмағын есептеу арқылы;

8-ден 13 айлық жасына дейінгі орташа тәуліктік қосқан салмағын;

желінген азық мөлшері – берілген азықты және оның қалдығын ай сайын өлшеу арқылы (қатарынан екі күн);

тірі кезіндегі еттің сапасы 12 айлықтан кіші емес жаста (бұлшық ет көзінің алаңы, тері астындағы май қалыңдығы, еттің мәрмірлілігі) – 12 және 13 қабырғалары аралығындағы деңгейден өлшем алу жолымен ультрасонограф немесе аталған зерттеуді анықтай алатын басқа құрал-жабдықпен анықталады.

ұмасының орамы – 12 жастан жас емес бұқашықтардың ұмасының ең жуан жерінен алынған өлшем таспасы арқылы;

араластырылмаған жаңа алынған шәуеттің сапасы (сыртқы реңі, концентрациясы, шәуеттің қозғалысы);

биологиялық нұсқаны таңдау, әкесін анықтау және ДНҚ-типирлеу.

43. Асыл тұқымды бұқашықтардың дамуын және өсу қарқынын бақылау әр 28 күнде дүркін-дүркін өлшеу арқылы жүзеге асырылады. Өлшеу азықтанудағы күн тәртібін бұзбастан, таңертең азықтандыру алдында жүргізіледі. Өлшеу нәтижесі бойынша бұқашықты еркін түрде өлшеу актісі жасалып және қолдарымен расталады.

Барлық бағалау кезеңіндегі орташатәуліктік өсім (ОӨ) 1 формуламен анықталады:

 (1),

мұндағы: Мн – бағалаудың бірінші күніндегі тірі салмағы, кг;

Мк – бағалаудың соңғы күніндегі тірі салмағы, кг;

Дн – бағалаудың бірінші күні өлшенген күн, кг;

Дк – бағалаудың соңғы күні өлшенген күн, кг;
Әр бұқашық жөнінде 1 формула бойынша алынған тірі салмағының орташа тәуліктік өсім мәліметтері, осы Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бұқашықты өз өнімділігі бойынша сынау туралы Куәлігіне енгізіледі.

Малды 210 (СМ210) күнде енесінен айырған кездегі түзетілген тірі салмағы орташатәуліктік өсім негізінде және 2 формула бойынша саналады:


 (2),
мұндағы: Мр – туған кездегі тірі салмағы, кг;

Мо – енесінен айырған кездегі тірі салмағы, кг;

Др – туған сәтте өлшеген күні;

До – енесінен айырған сәттегі өлшеген күні.


Малды 365 (СМг) күнде енесінен айырғаннан бір жасқа дейінгі кездегі түзетілген тірі салмағы орташатәуліктік өсім негізінде және 3 формула бойынша саналады:
 (3),
мұндағы: Мг – бір жасындағы тірі салмағы, кг;

Мо – енесінен айырған кездегі тірі салмағы, кг;

Дг – бір жаста өлшеген күні;

До – енесінен айырған сәтте өлшеген күн;

СМ210 – 210 күнде түзетілген тірі салмағы, кг.
44. Күнде немесе ай сайын қатарынан екі күн, таратар алдында және желінбей қалғанын өлшеу арқылы сынау кезеңі бойында азық шығыны есебін жүргізеді.

Азық шығынын азық түрі бойынша жеке есептейді. Желінген азық мөлшерін азықтық немесе энергетикалық бірліке аударады. Бұқашықтарды өз өнімділігі бойынша бағалаған кезде азық жиынын, әр малдың жегенімен анықтайды.

Бағалау кезеңіндегі 1 кг тірі салмақ өсіміне шыққан шығындар азықтық немесе энергетикалық бірліктерде 4 формула бойынша есептейді.

 (4),

мұндағы:  – азықтық немесе энергетикалық бірліктер, түрі бойынша желінген азық мөлшері;



 – тірі салмағының абсолюттік өсімі, кг.

45. Бұқашықтарды өз өнімділігі бойынша сынау барысында тірі кезіндегі еттілік сапасын және шәуетөнімінің сапасын жеделдетілген зерттеу тәсілмен тірі кезіндегі еттілік сапасын - бұлшық ет көзінің алаңы, тері астындағы майының қалыңдығы, еттің мәрмәрлілігі көрсеткіштері анықталады.

Бұлшық ет көзінің алаңы 12 және 13 қабырғалары аралығындағы деңгейден өлшем алу жолымен ультрасонограф (1 сурет) немесе аталған зерттеуді анықтай алатын басқа құрал-жабдықпен анықталады. Бұлшық ет көзінің алаңы шаршы сантиметрмен көрсетіледі. Бұлшық ет көзінің алаңы өлшемін алу нәтижесі бойынша еркін нысанда тірі кезіндегі еттілік сапасының өлшемін алу актісі әзірленеді және қолмен расталады.

Тері астындағы майының қалыңдығы да сондай-ақ 12 және 13 қабырғалары аралығындағы деңгейден өлшем алу жолымен ультрасонограф (1 сурет) немесе аталған зерттеуді анықтай алатын басқа құрал-жабдықпен анықталады. Тері астындағы майының қалыңдығы миллиметрмен көрсетіледі. Тері астындағы майының қалыңдығы өлшемін алу нәтижесі бойынша еркін нысанда тірі кезіндегі еттілік сапасының өлшемін алу актісі әзірленеді және қолмен расталады.

Еттің мәрмәрлілігі де сондай-ақ ультрасонограф немесе аталған көрсеткішті анықтай алатын басқа құрал-жабдықпен анықталады. Тері астындағы майының қалыңдығы миллиметрмен көрсетіледі. Еттің мәрмәрлілігі өлшемін алу нәтижесі бойынша еркін нысанда тірі кезіндегі еттілік сапасының өлшемін алу актісі әзірленеді және қолмен расталады.

46. Ұманы өлшеммен қамту ұмасының ең жуан жерінен алынған өлшем таспасы арқылы анықталады. Бұл рәсімдерді кез-келген адам жүзеге асыра алады, ол үшін аккредиттелген маманның қажеті жоқ.

Бұқашық жасының ұмасының орамы өлшемін алу үшін 300 ден 400 күнге дейін аралық рұқсат етіледі. Бұқашық жасы 365 күн толуы бойынша өлшем жүргізген лазым.

Ұмасының орамы өлшемін алу нәтижесі бойынша еркін нысанда бұқашық ұмасының орамы өлшемін алу актісі әзірленеді және қолмен расталады.

47. асыл тұқымды бұқашықтан жаңа алынған шәует алу үшін және оны одан ары зерттеуге дала жағдайында ұрық іріктеуге арналған электроэякулятор пайдаланылады.

1 сурет – Ултрадабылдық сканерлеу жүргізу орыны

Электроэякулятор өздігінен жүйкелік окончанияларға электр тоғын жүргізіп тұрған, еркегінің жыныстық органына жақын орналасқан, эрекция және экуляция рефлекстерімен байланысқан қалыпты білдіреді. Бұл электроэякуляторды асыл тұқымды бұқашықтың 20-25 см тереңдіктегі нысабынан тазаланған тік ішегіне енгізумен қол жеткізіледі. Қалыптағы оңтайлы жұмыс электр қуаты 12 айдан жас жас емес жастағы асыл тұқымды бұқашықтан шәуетөнімін алу үшін 50 герц және 0,2 амперге дейін тоқ күші кезінде 3 тен 9 вольтта орнатылады.

Жасы 12 айдан кем емес асыл тұқымды бұқашықтардан жаңа алынған шәуетті жасанды қынапқа немесе ұрық қабылдағышқа іріктейді.

Асыл тұқымды бұқашықтардан жаңа алынған шәуеттерді келесі көрсеткіштер бойынша анықтайды: сыртқы түсі (ГОСТ 20909.5), шәуеттер қосылымы, млн./мл (ГОСТ 20909.5), шәуеттердің қозғалысы, балл (ГОСТ 20909.4).

Жаңа алынған шәуеттер, тайыншаларды және сиырларды қолдан ұрықтандыруға арналған, 1 кестеде көрсетілген талаптарға және нормаларға сәйкес келуі қажет.

1 кесте – Қолдан ұрықтандыру үшін шәует көрсеткіштері

Көрсеткіш атауы

Нормасы және сипаттамасы

Сыртқы түсі

Біркелкі, сары немесе жасылдау реңді түсімен ағарған-ақ, кілегей сияқты тұтқыр сұйықтық, қан және жапалақ қауызды қосындыларсыз

Шәуеттер қосылымы, млн./мл, кем емес

800

Шәуеттердің қозғалысы, баллдан кем емес

7

1 кестеде көрсетілгеннен аз шәует көрсеткіштері бар, тайыншалар мен сиырларды еркін және қолдан ұрықтандыру үшін ұсынылатын асыл тұқымды бұқашықтар.

Жаңа алынған шәуетті бағалау және алу нәтижесі бойынша еркін нысанда бұқашық шәуетін бағалау және алу актісі әзірленеді және қолмен расталады.

48. Өз өнімділігі бойынша бұқашықтарды сынау деректері ақпараттық-талдамалық жүйесіне (www.plem.kz) және осы Қағиданың 4-қосымшасына сәйкес өз өнімділігі бойынша бұқашықтарды бағалау куәлігіне енгізіледі.



§ 3. Бұқашықтарды қоралық-жайылымдық

күтіп-бағу жағдайында сынау
49. Етті тұқымды ірі қара малдың, онтогенездің қолайлы кезеңінде сақталынатын, жайылып семіру сапасын анықтау және интенсивті өсетін дарақтарын анықтау үшін, қоралық-жайылымдық күтіп-бағу жағдайында тұқымдық бұқалардың ұрпақтарының сапасы бойынша тексеру мен бағалауды және бұқашықтарды өз өнімділігі бойынша сынауды өткізуді 18 айлық жасына дейін қарастырады.

Қоралық-жайылымдық күтіп-бағу жағдайында сынауды өткізгенде, қоралық кезеңінде күтіп-бағу жағдайы осы Қағиданың 25 немесе 26 тармақтарына сәйкес келуі қажет. Жайылымдық кезеңінде өз өнімділігі бойынша сыналатын бұқашықтарды бір табында және бір жайылымда ұстайды, және де сыналатын бұқашықтарды құнарлы азықпен азықтандыру жағдайында сыналатын топ бойынша олардың бөлінуін және пайдаланылуының бөлек топтық есебінің енгізілуін қамтамасыз етуі қажет.

50. Бұқашықтар белгілерін бақылау өсірудің қоралық-жайылымдық жүйесі кезінде балдық бағалау төмендегі талаптарға сәйкес өткізіледі:

1) 8-ден 18 айлық жасына дейін орташа тәуліктік қосқан салмағы өсімін бағалау осы Қағиданың 4-қосымшасының 5 кестесінде келтірілген мәліметтерге сәйкес анықталады;

2) Осы белгінің бағалау класына байланысты 18 айлық жасындағы тірі салмағы:

5 балл – тірі салмағы элита-рекорд класынан төмен емес;

4 балл – тірі салмағы элита класынан төмен емес;

3 балл – тірі салмағы I класынан төмен емес;

2 балл – тірі салмағы II класынан төмен емес.

3) 8-ден 18 айлық жасындағы 1 кг тірі салмағы өсіміне жұмсалған азық шығынын бағалау осы Қағиданың 4-қосымшасының 6 кестесінде келтірілген мәліметтерге сәйкес анықталады;

4) Тірі кезіндегі еттілік сапасын (еттілік формасын) бағалау 18 айлық жасында;

5 балл – еттілік формасы 54 балдан төмен болмауы керек;

4 балл – еттілік формасы 48 балдан төмен болмауы керек;

3 балл – еттілік формасы 42 балдан төмен болмауы керек;

2 балл – еттілік формасы 36 балдан төмен болмауы керек.

51. Тұқымдық бұқаның және бұқашықтың класы осы Қағиданың 7-қосымшасының 3 кестесінде келтірілген мәліметтерге сәйкес, балдардың жиынтығы бойынша белгіленеді.

52. Бұқашықтарды өз өнімділігі бойынша қоралық-жайылымдық сынау кезінде олардың жайылымда болуы кем дегенде 6 айды құрайды. Бұл кезеңде олар тек жайылымдағы азықпен ғана қоректенеді, жайылым өсімдіктерінің өсіп-жетіле қоймаған кезінде, жайылымның алғашқы айында жетіспейтін қоректік заттарды құнарлы азықтармен толықтыру ұсынылады. Пайдаланылған азықтың есебі жанама зоотехникалық әдісі арқылы бұқашықтың орташа тәуліктік қосқан салмағы бойынша кері есептеу, осы Қағиданың 7-қосымшасының 7 кестесінде келтірілген нормативтерге сәйкес өткізіледі.

53. Жайылымдық кезеңде пайдаланылған азықтың мөлшерін анықтау үшін, ай сайын бұқашықтардың салмағын өлшеуді жүргізу қажет. Белгілі бір уақыт аралығында алынған бұқашықтың қосымша тірілей салмағын азық өлшемімен алынған азық шығыны нормасына көбейтеді және жұмсалған азық өлшемінің мәні алынады. Қорытынды көрсеткіш, сол кезеңдегі азық өлшемі шығынын көрсетеді. Бұл саннан пайдаланылған құнарлы азықтың мөлшері есептелінеді, алынған айырмашылыққа жайылымдық шөптің құнарлылығына қатысты азық шығыны нақты түрде анықталады.

Пайдаланылған жайылымдық азықты есептеуге мысал:

Норма бойынша 12-18 айлар кезеңінде 1 кг қосымша салмаққа 10,6 азық өлшемі жұмсалады;

бұл кезеңдегі алынған қосымша салмақ – 140 кг;

пайдаланылған азықтың қоректілігі – 140 х 10,6 = 1484 азық өлшемі;

пайдаланылған құнарлы азық – 300 кг (300 азық өлшемі);

пайдаланылған жайлымдық азық – 1484-300 = 1184 азық өлшемі;

жайылымдық азықтың қоректілігі – 0,24 азық өлшемі;

пайдаланылған нақты жайылымдық азық 1184: 0,24 = 4933 кг.

54. Өз өнімділігі бойынша бұқашықтарды сынау деректері осы Қағиданың 5-қосымшасына сәйкес, мал шаруашылығының ақпараттық-талдамалық жүйесіне (www.plem.kz) және өз өнімділігі бойынша бұқашықтарды бағалау куәлігіне енгізіледі.

4. Ең жақсы тұқымдық бұқаларды ұрпақтарының
сапасы бойынша тексеру мен бағалау
55. Тұқымға, әсіресе аталық із басы немесе оның ізін жалғастырушылар ретінде іріктелініп алынған, ұрпақтарының сапасы бойынша тексерілген және бағаланған тұқымдық бұқаның препотенттілігін (тұрақты тұқымқуалаушылығын) анықтау мақсатында, оның ерекшелігі ұрпағына қандай шекте берілетінін білу қажет. Тұқымдықтың препотенттілігін анықтау әдісі оның бұқашықтары мен тайыншаларында белгілердің өзгергіштік деңгейін анықтауға негізделеді. Препотентті тұқымдық бұқалар белгілерінің дамуы бойынша біркелкі бұқашықтар мен тайыншалар береді. Тұқымдық бұқаның препотенттілігін анықтау кезінде, оның бұқашықтары мен тайыншаларының өнімділік көрсеткіштерін топаралық ерекшелік нақтылығы деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін вариациялық статистикалық әдіспен өңдейді.

56. Ет өнімділігін, сойыс шығымын, ұша және ет сапасын барынша нақты анықтау үшін ұрпақтарының сапасы бойынша тексерілген және бағаланған тұқымдық бұқалардан алынған өз өнімділігі бойынша сыналатын бұқашықтардың ішінен бақылау сою жүргізеді.

57. Бақылау союға жасы бойынша біркелкі және өз тобына сай 15 немесе 18 айлық жастағы үш бұқашық жатқызылады. Бақылау сою әсіресе жаңадан құрылған тұқымдық желінің аталық ізін және олардың ізін жалғастырушыларын бағалау кезінде қажет.

58. Бұқашықтарды союды 24 сағат аштықта ұстағаннан соң өткізеді. Бақылау союды өткізу кезінде сою алдындағы тірі салмағын, сойыс салмағын, сойыс шығымын (ұша және іш майы) анықтайды. Ұша сыртқы түрі бойынша бағаланады, кейін ет пен сүйектің абсолютті және үлес салмағын анықтау үшін бөлшектеуге түседі. Сойыс көрсеткіштерін анықтаған соң, еттің химиялық құрамын және энергетикалық құндылығын анықтау үшін талдау жүргізеді.

59. Бақылау сою кезінде еттің өнімділігі сойыс шығымы және сойылған малдың сапасы бойынша төменде келтірілген талаптарға сәйкес бағаланады.

Ұшаның сойыс шығымын бағалау:

55,0 пайыздан жоғары – 5 балл;

53,0-55,0 пайыз – 4 балл;

51,0-53,0 пайыз – 3 балл;

49,0-51,0 пайыз – 2 балл.

Оценка убойного выхода туш: 

выше 55,0 процент - 5 баллов;

53,0 - 55,0 процент - 4 балла; 

51,0 - 53,0 процент - 3 балла;

49,0 - 51,0 процент - 2 балла.

Ұшаның сапасын балдық бағалау төмендегі талаптарға сәйкес жүргізіледі:

5 балл – ұшаның еті өте жақсы дамыған, еттің сыртқы қабатындағы майы біркелкі;

4 балл – ұшаның еті жақсы дамыған, еттің сыртқы қабатындағы майдың жоқ жері аз;

3 балл – ұшаның еті қанағаттанарлық дамыған, еттің сыртқы қабатындағы майы біркелкі емес, майы жоқ жерлері кездеседі;

2 балл – ұшаның еті қанағаттанарлық дамыған, ұшаның сыртқы қабатында май жоқ.

Ең жоғары баға өте майлы емес, 1 кг сүйекке келетін жұмсақ еттің үлесі көп ұшаға беріледі.

Бақылау союды жүргізгенде, тұқымдық бұқаны ұрпақтарының сапасы бойынша кешенді бағалау осы Қағиданың 7-қосымшасының 8 кестесінде келтірілген шкала бойынша жүзеге асырылады.

Тұқымдық бұқаның ұрпақтарының сапасы бойынша кешенді бағасы осы Қағиданың 7 қосымшасының 8 кестесінде берілген мәлімет бойынша, осы Қағиданың 7 қосымшасының 3 кестесінде ұсынылған талаптарға сәйкес тұқымдық бұқаның ұрпақтарының сапасы бойынша класын анықтау үшін қолданылады.

5. Асыл тұқымдық санатының индексін анықтау және ұрпақтарының
сапасы бойынша тексерілген және бағаланған тұқымдық бұқаларды
және өз өнімділігі бойынша сыналған бұқашықтарды қолдану
60. Ұрпақтарының сапасы бойынша тексерілген және бағаланған тұқымдық бұқалардың және өз өнімділігі бойынша сыналған бұқашықтардың асыл тұқымдық санатын анықтау мақсатында, сонымен қатар әртүрлі шаруашылықтарда немесе бір шаруашылықта, тек әр түрлі жылдары тұқымдық бұқаларды ұрпақтарының сапасы бойынша тексеру мен бағалауды және бұқашықтарды өз өнімділігі бойынша сынауды өткізу барысында алынған нәтижелерді салыстыру үшін селекциялық индекстерді есептеуді жүргізеді.

61. Ұрпақтарының сапасы бойынша тексерілетін және бағаланатын тұқымдық бұқаның әр сыналған бұқашығының және сыналған бұқашықтар топтарының селекциялық индекстері 15 (немесе 13, немесе 18 айдағы тірі салмағы, 8 немесе 15 (немесе 13, немесе 18) ай аралығы кезеңіндегі орташа тәуліктік қосқан салмағы, азықты өтеу және еттілік формасы бойынша – бір мезгілде сынаудан өткен бұқашықтардың орташа көрсеткіштеріне пайыздық қатынасы жолымен анықталады. Сонымен қатар, барлық белгілер бойынша кешенді (орташа арифметикалық) индексі есептелінеді. Егер де бұқашық өз өнімділігі бойынша сыналса, класын белгілеген соң, ол «А» әріпінен кейін, егер тұқымдық бұқа ұрпақтарының сапасы бойынша тексерілген және бағаланған болса «Б» әріпінен кейін қойылады.

62. Егер шаруашылықта 2-3 тұқымдық бұқаны ұрпақтарының сапасы бойынша мүмкіндігінше бір мезгілде тексеретін және бағалайтын мүмкіндік болса, онда олардың индексін есептеу қажет етілмейді. Қағидадағы сияқты, үш бұқадан бір-бірден жақсартушы, нашарлатушы және бейтарап шығады. Сондықтан да, шаруашылық ішінде тек өзінің өнімділігі бойынша бағаланып жатқан бұқашықтардың селекциялық индексін анықтау қажет. Ұрпақтарының сапасы бойынша тексерілетін және бағаланатын тұқымдық бұқалар үшін «Б» индексін сәйкес каталогты құрастыру кезінде жалпы тұқымға қатысты анықтау қажет.

63. Белгілі бір шаруашылықта өз өнімділігі бойынша сыналған әр бұқашық үшін анықталған «А» индексі көлемінің мәні, салыстырмалы түрінде популяция шеңберінде салыстырмалы түрде малдың асыл тұқымдық құндылығын дұрыс сипаттай бермейді. Ең жоғарғы көрсеткіш алынған шаруашылықтағы индекс мөлшері, төменгі көрсеткішті шаруашылықтан төмен, немесе керісінше жоғары болуы мүмкін. Сондықтан, ұрпақтарының сапасы бойынша тексерілген және бағаланған тұқымдық бұқалардың және өз өнімділігі бойынша сыналған бұқашықтардың каталогтарында, тексеру мен бағалау нәтижелерін жинақтау барысында, барлық ұрпақтарының сапасы бойынша тексерілген және бағаланған тұқымдық бұқаларға және өз өнімділігі бойынша сыналған бұқашықтарға қатысты салыстырмалы түрде индекстеу көзделген. Бірінші кластың талабы – жалпы бөлімге тұқым стандарты қабылданады.

64. Тұқымдық бұқаларды ұрпақтарының сапасы бойынша тексеру мен бағалау және бұқашықтарды өз өнімділігі бойынша сынау кезінде әр бағаланатын белгі және олардың кешені бойынша селекциялық индекстерін шығару төменде берілген 5, 6 ,7 формуламен орындалады:

 П       

Ас = ---- (5),

      М         






           П      

Аn = ---- (6),

       St       






           П

Бn = ---- (7),

St

Ас – табын шеңберінде сыналған бұқашықтың селекциялық индексі;

Аn – популяция шеңберінде сыналған бұқашықтың селекциялық индексі;

Бn – популяция шеңберінде ұрпақтарының сапасы бойынша бағаланған тұқымдық бұқаның селекциялық индексі;

П – бұқашықтың (тұқымдық бұқаның) өнімділігі;

М – шаруашылықта сынақтан өткен барлық бұқашық құрдастарының орташа көрсеткіші;

St – селекцияланған белгінің тұқымдық стандарты, осы Қағиданың 7-қосымшасының 9 кестесіндегі мәліметтерге сәйкес.

65. Бір класпен бағаланған ұрпақтарының сапасы бойынша тексерілген және бағаланған тұқымдық бұқалардың және өз өнімділігі бойынша сыналған бұқашықтардың ішінен, әр белгінің нақты көрсеткіштерін есепке ала отырып, барынша жоғары кешенді индексті малдарға көңіл аудару қажет.

66. Тұқымдық бұқаларды ұрпақтарының сапасы бойынша тексеру мен бағалау және бұқашықтарды өз өнімділігі бойынша сынау нәтижесінде кешенді индексі 100-ден төмендерін асыл тұқымды мал зауыттарында және малды асылдандырушы шаруашылықтарда асыл тұқымды ұрпақ алу үшін қолданбайды, оның ішінде қолдан ұрықтандыру үшін де.

67. Асыл тұқымды мал зауыттарында және малды асылдандырушы шаруашылықтарда өз табынын толықтыруға индексі 100-ден жоғары ұрпақтарының сапасы бойынша тексерілген және бағаланған тұқымдық бұқаларды және өз өнімділігі бойынша сыналған бұқашықтарды қалдырады.

68. Тұқымдық бұқаларды ұрпақтарының сапасы бойынша тексеру мен бағалауды және бұқашықтарды өз өнімділігі бойынша сынауды өткізгеннен кейін кешенді индекстері 100-ден төмендерін тек тауарлы шаруашылықтарда және жеке қосалқы шаруашылықтарда қолдануға жол беріледі.

69. Ұрпақтарының сапасы бойынша тексерілген және бағаланған, және де оның нәтижесінде барлық селекциялық белгілері бойынша ең жоғары баға алған тұқымдық бұқалардан асыл тұқымды орталықтарда құнды генетикалық қор құру үшін және оның ет бағытындағы мал тұқымын жақсартуда кеңінен қолданылуы үшін ұрық жинақталады.

70. Табын және популяция шеңберінде ұрпақтарының сапасы бойынша тексерілген және бағаланған тұқымдық бұқалардың және өз өнімділігі бойынша сыналған бұқашықтардың асыл тұқымдық санатын анықтау үшін индекс мөлшерлерінің нормативтері осы Қағиданың 7 қосымшасының 10 кестесінде келтірілген.



6. Селекцияланушы тұқымдық желінің аталық із тобын
бастаушыларына және оның ізін жалғастырушыларына
қойылатын талаптар
71. Тұқымдық желінің болашақ аталық із тобын бастаушылары және оның ізін жалғастырушылары әдетте өз өнімділігімен сыналған, бір мезетте онымен қоса сыналған құрдастарына қатысты жақсартушы ретінде танылған, кешенді селекциялық индексі «А» 110-нан кем бұқашықтардан іріктеледі.

72. Тұқымдық желінің болашақ аталық із тобын бастаушыларына және оның ізін жалғастырушыларға олардың дене бітімінің тұқымға сай келуі және фенотиптік көрсеткіштері бойынша элита-рекорд класынан төмен болмауы бойынша талаптар қойылады.

73. Аталық із тобын бастаушыларға және оның ізін жалғастырушыларға үміткер тұқымдық бұқалардан бұқашықтар мен тайыншалар алған соң, генотипі бойынша қорытынды бағалау жүргізіледі, оның нәтижесі кейіннен жаңа тұқымдық желінің селекциясында қолдануға негіз болып табылады.

74. Тұқымдық желінің аталық із тобын бастаушыларын және оның ізін жалғастырушыларын сұрыптау үшін олардың бұқашықтарына: тәуліктік өсу интенсивтілігі бойынша 1000 г-нан жоғары, тірі салмағының өсуіне – 7,0 азық өлшемінен кем, басқа белгілері бойынша элита-рекорд класының стандарттарынан жоғары болуы талаптары қойылады. Міндетті талаптар – препотенттілік (тұрақты тұқымқуалаушылық) көрсеткіші ұрпақтарында белгілерінің біркелкігі болып табылады.

75. Тұқымдық желінің болашақ аталық із тобын бастаушыларына және оның ізін жалғастырушыларына бұқашықтарды іріктеу кезінде әкесі тарапынан да және шешесі тарапынан да ата-тегі барынша жоғары өнімді арғы тегімен толыққан болуы қажет.

76. Тұқымдық желінің болашақ аталық ізі және оның ізін жалғастырушылары негізінде дарақтарды іріктеу үшін қолданылатын тұқымдық желі ішіндегі құрылым (зауыттық тармақтар) құрылады.



7. Тұқымдық бұқаларды ұрпақтарының сапасы бойынша

тексеру мен бағалауды және бұқашықтарды өз өнімділігі бойынша сынауды өткізу нәтижелерін рәсімдеу тәртібі

77. Тұқымдық бұқаларды ұрпақтарының сапасы бойынша тексеру мен бағалауды және бұқашықтарды өз өнімділігі бойынша сынауды алғашқы зоотехникалық және асылдандыру есебі жақсы жүйеге қойылған шаруашылықтарда өткізеді.

78. Бастапқы зоотехникалық есеп негізін келесі жағдайлар құрайды:

1) малдың анық бірдейлендіру таңбасы;

2) әкесінің және енесінің шыққан тегінің нақтылығы;

3) жеке төлдің ай сайынғы салмағын өлшеу;

4) жыл сайынғы асылтұқымды табындарды бағалау;

5) аналық малдардың қолдан ұрықтандырылуын және төлдеуін тіркеу.

79. Тұқымдық бұқаларды ұрпақтарының сапасы бойынша тексеру мен бағалауды және бұқашықтарды өз өнімділігі бойынша сынауды өткізу есебін жүргізу осы Қағиданың 8-қосымшасына сәйкес нысанда, Тұқымдық бұқаларды ұрпағының сапасы бойынша тексеру мен бағалауды және бұқашықтарды өз өнімділігі бойынша сынауды өткізу есебін жүргізу журналында жүргізіледі.

80. Тұқымдық бұқаларды ұрпақтарының сапасы бойынша тексеру мен бағалауды және бұқашықтарды өз өнімділігі бойынша сынауды өткізу барысында осы мақсатқа әзірленген компьютерлік бағдарламалардың көмегімен, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен келісілген соң, есеп жүргізуге рұқсат етіледі.

81. Тұқымдық бұқаларды ұрпақтарының сапасы бойынша тексеру мен бағалауды және бұқашықтарды өз өнімділігі бойынша сынауды өткізу аяқталғаннан соң, осы Қағиданың 9-қосымшасына сәйкес нысанда тұқымдық бұқаларды ұрпақтарының сапасы бойынша тексеру мен бағалауды және (немесе) бұқашықтарды өз өнімділігі бойынша сынауды өткізу нәтижесі туралы есеп рәсімделеді. Тұқымдық бұқаларды ұрпақтарының сапасы бойынша тексеру мен бағалауды және (немесе) бұқашықтарды өз өнімділігі бойынша сынауды өткізу нәтижесі туралы есепті толтыру үлгісі осы Қағиданың 10-қосымшасында берілген.

82. Тұқымдық бұқашықтарды өз өнімділігі бойынша сынауды өткізу аяқталғаннан соң, осы Қағиданың 11-қосымшасына сәйкес нысанда тұқымдық бұқашықтарды өз өнімділігі бойынша сынауды өткізу нәтижесі туралы тиісті есеп рәсімделеді.

83. Тұқымдық бұқаларды ұрпақтарының сапасы бойынша тексеру мен бағалауды және бұқашықтарды өз өнімділігі бойынша сынауды өткізу нәтижелері туралы есепке қолдары қойылады:

шаруашылық (кәсіпорын) басшысының;

шаруашылықтың (кәсіпорынның) бас зоотехнигінің;

малдардың асыл тұқымдық құндылығын бағалау бойынша қызмет көрсеткен бағалауды өткізген жеке немесе заңды тұлғаның.

Есеп сынақ жүргізілген шаруашылықтың мөрімен расталады.

84. Осы Қағиданың сәйкес тұқымдық бұқаларды ұрпақтарының сапасы бойынша тексеру мен бағалауды және бұқашықтарды өз өнімділігі бойынша сынауды өткізу мәліметтерінің нақтылығын дәлелдеу мақсатында, осы Қағиданың 8-қосымшасына сәйкес нысанда Тұқымдық бұқаларды ұрпақтарының сапасы бойынша тексеру мен бағалауды және бұқашықтарды өз өнімділігі бойынша сынауды өткізу нәтижелерін және құжаттарының нақтылығын тексеру Актісі (бұдан әрі – Акт) осы Қағиданың 12 –қосымшасына сәйкес нысанда толтырылады.

85. Тұқымдық бұқаларды ұрпақтарының сапасы бойынша тексеру мен бағалауды және (немесе) бұқашықтарды өз өнімділігі бойынша сынауды асыл тұқымды малдарды өсірумен айналысатын жеке және заңды тұлғалармен және асыл тұқымды орталықтармен өткізу нәтижелерін тексеру және Акт толтыруды, тұқымдық бұқаларды ұрпақтарының сапасы бойынша тексеру мен бағалауды және бұқашықтарды өз өнімділігі бойынша сынауды өткізген шаруашылық орналасқан, Облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы (одан әрі - Басқарма) басшысының бұйрығымен құрылған комиссия жүзеге асырады.

86. Толтырылған Акт негізінде, Басқарма тұқымдық бұқаларды ұрпақтарының сапасы бойынша тексеру мен бағалауды және (немесе) бұқашықтарды өз өнімділігі бойынша сынауды өткізу нәтижесін бекіту туралы бұйрық шығарады.

Тұқымдық бұқаларды ұрпақтарының сапасы бойынша тексеру мен бағалауды және (немесе) бұқашықтарды өз өнімділігі бойынша сынауды өткізу нәтижесін бекіту туралы Басқармамен шығарылған бұйрықтың және Актінің бір данасы Iрi қара мал тұқымдары жөніндегі республикалық палатаға жолдануы қажет.

Асыл тұқымды құндылығын бағалау жөнінде қызмет көрсету бойынша, бағалауды жүргізген жеке немесе заңды тұлғалар, осы Қағиданың 2, 3, 4, 5-қосымшаларында келтірілген нысан бойынша ақпараттық-талдамалық жүйесі арқылы тұқымдық бұқаларды ұрпақтарының сапасы бойынша тексеру мен бағалау Куәлігін және (немесе) бұқашықтарды өз өнімділігі бойынша сынауды өткізу Куәлігін беруді жүргізеді.



3, 4, 5-қосымшаларында келтірілген нысан бойынша бұқашықтарды өз өнімділігі бойынша сынауды өткізу Куәлігі тек 100 және одан да жоғары кешенді индексі бар малдарға берілуі қажет.




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет