Аудандық ән-би байқауының ережесі бүлдіршіндер арасындағы «балдаурен»



Дата18.01.2023
өлшемі19.43 Kb.
#468522
БАЛДӘУРЕН БАЙҚАУЫ..


Аудандық ән-би байқауының ережесі
бүлдіршіндер арасындағы «БАЛДАУРЕН»

1. Жалпы ереже
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялауына орай «Балдаурен» атты аудандық ән-би байқауы 2022жылдың қазан айының 31 –не өткізіледі.
1.2. Байқаудың мақсаты:
- балалар бойындағы шығармашылыққа деген талпынысты арттыру, олардың дамуына қолдау көрсету, дәстүрлі ән мен ұлттық күйді дәріптеп, би өнерінің кең ауқымда өрбуіне ат салысу;
- өскелең ұрпаққа рухани байлығымызды дәріптеу, ұлттық тәлім-тәрбиені жастардың бойына сіңіре отырып, эстетикалық сана-түйсінігінің терең қалыптасуына, ізгілік пен адамгершілікке баулу;
- ұлтымыздың мәдени өнер саласындағы жетістіктерін насихаттап, оның өркендеуіне ықпал жасау.
1.3. Байқаудың міндеттері:
балалардың бойында музыкалық-эстетикалық тәрбиені жетілдіру, олардың шеберлігін арттыру.
- Дарынды бүлдіршіндерді қолдау шығармашылығын дамыту;
- Жас таланттың бойындағы өнердің көзін ашу;
- Өнерге деген құштарлығын арттыру, сахна құдіретін сезіне білуге үйрету.
2. Байқаудың өткізу шарттары
2.1. Байқау үш жанр бойынша өтеді:

  • Эстрадалық вокал;

  • хореография;

2.2. Байқауға қатысушылардың жас ерекшіліктері:
3 жастан 6 жасқа дейін;
2.3. «Эстрадалық вокал» жанрында қатысушылар эстрадада еркін тақырыпта орындайды. Ән тірі дауыста айтылуы қажет. ( топпен немесе жеке) орындау
2.4. «Хореография» жанры бойынша еркін тақырыпта. ( тобының атауы міндетті түрде көрсетілуі қажет)

2.5. Бағалануы:
Вокалдық ерекшеліктері, музыканың кәсіби деңгейде өңделуі, актерлік шеберлігі, сахналық киім үлгісі, саханада өзін-өзі ұстауы, би қозғалысының ритмикасы мен синхрондығы.
Барлық қатысушылар өз мини-дискілеріне, СД - дискилеріне және флешкаларына орындаушының аты-жөнін, әннің реттік номерін, жанрының атын жазып көрсетулері қажет.
3. Қорытынды жасау, жеңімпаздарды марапаттау.
3.1. Қазылар алқасының құрамында арнайы мамандар болады.
3.2. Қазылар алқасы байқауға қатысушылардың өнерін 10 ұпайлық жүйе бойынша бағалайды. Жинаған сан ұпайы бойынша жас орындаушылар қатарынан байқаудың жүлдегерлері анықталады.
3.3. Байқаудың қорытындысы әр жанр бойынша марапаттау беріледі:
Бас жүлде ( «эстрадалық вокал»,«хореография» ) жанрлары бойынша - лауреат дипломы және арнайы сыйлық.
І орын - лауреат және сыйлық
ІІ орын - лауреат және сыйлық
ІІІ орын - лауреат және сыйлық

Арнайы дипломдар:«Әртістік дарындылығы үшін»; «Көрермендер көзайымы»; «Ең жас қатысушылар».
Байқауға қатысқан өнерпаздар мақтау қағаздарымен марапатталады. Байқауға қатысушыларды дайындаған педагоготар білім бөлімінің алғыс хаттарымен марапатталады.
4. Байқаудың өткізілетін орны мен мерзімі
4.1. Өткізілетін орны 2022 жылдың 31 қазан күні Арай мәдениет үйінде
4.2. Байқаудың өтетін уақыты: 31қазан , сағат 09:00-10:00-ге дейін қатысушылардың тіркелуі;
10:00-да байқаудың салтанатты ашылу рәсімі, өнерпаздардың өнер көрсетуі және әділқазылардың бағалауы
4.3. Байқауға қатысу үшін ұйымдастыру комитетіне 2022 жылдың 26 қазанға дейін өтініш-саулнамаға оқушының аты-жөні, репертуары, шығарманың авторы, жетекшісінің аты-жөні, телефон номері, мекеме атауы туралы мәліметтер жазылып, eshpahova7474@mail.ru электронды почтаға жіберілсін.
Байқауға қатысушының тапсырысы

Қатысушының аты-жөні


Жасы




Мекен-жайы




Қатысатын номинациясы




Орындайтын шығармасы



Шығарманың авторлары




Қатысушының жетекшісі




Жетекшісінің телефон нөмірлері








Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет