Күні: 16.02.2022ж
Сынып жетекшісі:Шаймаханова А
Сыныбы: 8 «Б»
Тақырыбы: «Экономика біздің өмірімізде»
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың алған білімдерін жүйелеу, білімге деген құштарлығын арттыру, зияткерлік қабілетін дамыту.
Оқушыларға рухани, интеллектуалдық жағынан тәрбие беріп, болашаққа деген көзқарасын арттыру.
Тәсілдері: ой қозғау, сұрақ жауап.
Көрнекілігі: Экономика туралы презентация.
Пәнаралық байланыс: Саясаттану, әлеуметтану, қазақстан тарихы, қазақ әдебиеті, информатика.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.
Сабақтың мақсатын хабарлап, оқушылардың назарын сабаққа аудару, экономикалық білімге деген қызығушылығын арттыру.
Мұғалімнің кіріспе сөзі
- Балалар, экономика дегеніміз материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастар. Қоғамның тиімді дамуына жол ашатын ғылым. Қоғам экономикасыз болмайды. Экономиканың негізгі қызметі - адамның өмір салтын жақсарту, оларға қажетті заттармен қамтамасыз ету болып табылады. Қарапайым түрде экономика дегеніміз өзіміздің тұрмысымыз. Мысалы, базарға шыққанда сіз кімнің тауарын аласыз, кімге сатасыз, қанша аласыз бәріне есептеу экономика. Экономиканы білмесек тұрмысымыз төмендей береді, ал егер жақсы білсек ол бізге пайда әкеледі.
Оқушы шығармашылығы
1. Экономика сабағында,
Үйренеміз үнемдеп.
Ақша,табыс, тауарлар да.
Бәрі-бәрі керемет,
Оқушылар бұл сабақта
Отырады керемет
2.Қазір заман өзгерді,
Өзгеше де,ақша да.
Табыс тауып,ақша алып,
Біз жетерсің мұратқа.
3.Қазіргі заман нарық,
Басталады парық.
Кезек келсе аласың,
Келмесе үйде қаласың.
Экономика қазіргі таңда өзекті мәселе. Енді осы экономика сөзін естігенде ойымызға не түседі, сол туралы пікірлеріңізді айсаңыздар.
Мұғалімнің түсіндірмесі. Ой-толғаныс.
Қазіргі уақытта экономика кең көлемде: өндіріс, тұтас халық шаруашылығы, жалпы өндірістің әр саласы, қаражат-ақша айналасы, т.б. байланысты айтылады. Біздер экономиканы кең көлемде, қоғамдық өндірістің жүйесі деп түсінеміз.
Өндіріс-қоғамның өмір сүруіне және дамуына қажетті материалдық игілікті жасайтын процесс. Жұмысшы күші-өндірістің адамдық факторы, ал өндіріс құралы-заттық фактор. Бұл факторлар өзінен-өзі ештеңе де өндірмейді. Тек оларды біріктіру ғана игілікті шығаруға жағдай жасайды, яғни өндірісті іске асырады. Жұмысшы күші, еңбек құралы мен еңбек тәсілінің арасында күрделі қатынас жүйесі пайда болады. Бұл қатынас пен адамның еңбек құралына әсер етуінің тәсілін технология дейміз.
Оқушылардың нақыл сөздері.
Экономикада барлығы да бір-бірімен байланысты.
«A Dictionary of Economic Quotations»
Экономика салық салу қуысы арқылы тыныс алады.
«Барри Брейсуэлл-Милнс»
Экономикада ештеңені түсінуге болмайды, алдымен басқаларының барлығын ұғынып алу шарт.
«A Dictionary of Economic Quotations»
Құлдырау — көршіңіз жұмысын жоғалтуы, дағдарыс — сіз қызметіңізден айырылу.
«Гарри Трумэн»
Шығармашылық жұмыс.
1.Экономика туралы қанатты сөздерді жазу.
2.Экономиканың пайда болу тарихын кестеге түсіру.
3.«Бизнес» туралы мағлұмат жазып келу.
Ойды түйіндеу.
Экономика адамның өз қажеттілігін қанағаттандыру үшін ресурстарды қалай бөлетінін зерттейтін ғылым. Қоғам экономикасыз болмайды. Экономиканың негізі қызметі адамдардың өмір салтын жақсарту, оларға қажетті заттармен қамтамасыз ету болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |