Ауданның 2013 жылдың 3 айындағы әлеуметтік – экономикалық дамуының қорытындысы туралы анықтама



Дата23.02.2016
өлшемі27.16 Kb.
#5670


Ауданның 2013 жылдың 3 айындағы әлеуметтік – экономикалық дамуының қорытындысы туралы анықтама
Өнеркәсіптің өндірілген өнім көлемі 344,8 млн. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті деңгейінен 2,7 есеге артты. Облыстық жоспар-тапсырма болжамы 367,5 млн. теңге, орындалу пайызы 93,8% құрады. Көрсеткіштің төмендеуінің негізгі себебі – статистикалық есептің методикасы бойынша бағаның өзгеруі.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі аудан бойынша 1284,3 млн теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 24,3 пайыз жоғары, нақты көлем индексі 106,8 пайызға жетті.

Жалпы аудан бойынша 1182,2 тоннада тірі салмақтағы ет (өсім 11,8%), сүт – 8262,9 тоннада (өсім 3,5%) өндірілді, алынған жұмыртқа 378,6 мың дананы құрап (өсім 0,7%) жетті.

Жылқы саны 16457 басқа дейін жетіп, 1,1% артық орындалды, қой және ешкі – 218046 басқа дейін жетіп, 0,3% артық орындалды.

Ірі қара мал саны 66302 басты құрап, 0,5 пайызға өсті.

2012 жылдың қорытындысы бойынша сиырлардың 100 аналыққа төл өнімі 82 басты құрап, 2011 жылдың деңгейінде қалды.

2013 жылдың 3 айында сиырлардың 100 аналыққа төл өнімі 35 басты құрап, былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1 басқа немемсе 2,9% артты. Жыл көлемінде 90 басқа жетеді деп күтілуде.

2012 жылы саулық қойлар мен ешкілердің 100 аналыққа төл өнімі 86 басты құрап, 2011 жылмен салыстырғанда 2 басқа төмендеді.

2013 жылдың 3 айында саулық қойлар мен ешкілердің 100 аналыққа төл өнімі 34 басты құрап, былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1 басқа немемсе 3% артты. Жыл көлемінде 95 басқа жетеді деп күтілуде.

Негізгі капиталға инвестиция көлемі 310,8 млн.теңге құрады, былтырғы жылдың сәйкес кезеңінің деңгейінен 56,4% жоғары.

Нақты секторға тартылған инвестиция көлемі 2013 жылдың қаңтар-наурыз айында 123,7 млн. теңгені құрап, былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 153,0 пайызға орындалды немесе 40,7 млн. теңгеге артты.

Тұрғын үйді пайдалануға енгізу 437 шаршы метрді құрап, былтырғы жылдың сәйкес кезеңінің деңгейінен 12,1% жоғары.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 92,5 млн. теңгені құрап, былтырғы жылдың сәйкес кезеңінің деңгейінен 8,1 есеге жоғары.

Шағын және орта бизнестің белсенді субъектілер саны 9,1% өсіммен 24 бірлікті құрады.

2013 жылдың 1 сәуіріне ауданда тіркелген шағын бизнес кәсіпорындарының саны 42, 2012 жылдың сәйкес кезенімен салыстырғанда 2 кәсіпорынға немесе 5% артты, оның ішінде жұмыс істеп тұрғандар – 27 (108%), белсенді жұмыс істейтін кәсіпорындар – 24 (109,1%).



Бөлшек сауда айналымының көлемі 666,8 млн. теңгені құрады. Табиғи көлем индексі 106,9% құрады.

2013 жылдың 3 айында меншікті түсім 127,2 млн. теңгені құрады, болжам 115% орындалды. былтырғы жылмен салыстырғанда өсім 15,1млн. теңге немесе 13,5%.



Әлеуметтік қорғау саласында 2013 жылдың 1 сәуіріне 149 жұмыссыз тіркеліп, жұмыссыздық деңгейі 0,9 пайызды құрады.

Жұмысқа орналасу деңгейі 65,2 пайызды құрады, былтырғы жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 24 пайызға жоғары.



Мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 145,5% құрады. 2013 жылдың қаңтар-наурыз айында мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған балалар саны 1673 құрап, былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 523 балаға көбейді.

2013 жылдың қаңтар-наурыз айында аудан бойынша 7797 адам жүйелі түрде спортпен айналысады (104,9%).



Денсаулық сақтау саласында әлеуметтік-маңызды көрсеткіштердің реттелуі қадағаланады. 2013 жылдың қаңтар-наурыз айында туберкулезбен ауырған адамдар саны – 3, 2012 жылдың сәйкес кезеңінде – 3 адам, туберкулезбен ауыру деңгейі 100 пайыз.

2013 жылдың қаңтар-наурыз айында 40 қылмыс тіркеліп, былтырғы жылмен салыстырғанда 4 қылмысқа азайды.

Аудан бойынша қылмыстың ашылу деңгейі 82,5 пайызды құрады, 2012 жылы – 81,8%. Қылмыстың ашылу деңгейі 2012 жылмен салыстырғанда 0,7% өсті.

Экономика және бюджеттік

жоспарлау бөлімінің бастығы Б.Мангибаева



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет