Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының 2011 жылдың 9 айына арналған қорытындылары Бюджет



Дата23.02.2016
өлшемі74.99 Kb.
#6681
Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының

2011 жылдың 9 айына арналған

қорытындылары

Бюджет

2011 жылғы 1 қазанға аудан бюджетіне 1411,4 млн.теңге кіріс түсті, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 9,9 млн.теңгеге артық. Республикалық және облыстық бюджеттерден түскен субвенциялар мен нысаналы трансферттер 1224,2 млн.теңгені құрайды.

Осы жылдың 1 қазанына меншікті кірістер бойынша аудан бюджеті 106,3 %-ға орындалды, нақты 187,2 млн.теңге түсті.

2011 жылғы 1 қазанға аудан бюджетінің орындалуы республикалық және облыстық бюджеттен алынған нысаналы трансферттерді есепке алғандағы субвенциялар 1380,7 млн.теңгені құрады немесе 99,0 %.



Өнеркәсіп

2011 жылғы 1 қазанға өнеркәсіп өнімінің өндірісі 390,9 млн.теңгені құрады, өткен жылдың ұқсас кезеңіне 383,2 млн.теңгені құрады немесе 100,4 %.



Ауыл шаруашылығы

2011 жылғы 1 қазанға ет өнімдері 3513,1 тоннаны құрады, 2010 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 0,2 %-ға, сүт – 34597,4 тонна (0,3 %-ға), жұмыртқа – 2836,1 дана (0,6 %-ға), жүн – 116,4 тонна (1,1 %-ға) өсті.

Ауыл шаруашылық өнімінің жалпы көлемі 4952,8 млн.теңгені құрады. Өткен жылдың сәйкес кезеңіне өсу қарқыны 2,0 %.

2011 жылғы 1 қазанға ірі қара мал 41,4 мың басты, өсімі 2,0 %-ды құрады; қой мен ешкі 56,4 мың басты, өсімі 1,8 %-ды құрады; шошқа 3,3 мың басты, өсімі 0,1 %-ды құрады; жылқы 8,7 мың басты, өсімі 0,8 %-ды құрады; құс 40,8 мың басты, өсімі 0,1 %-ды құрады.

2011 жылғы 1 қазанға «Эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүргізу» бағдарламасы бойынша 13,8 млн.теңге бөлініп, игеру 100 %-ды құрады.

Шағын бизнес

2011 жылғы 1 қазанға аудан бойынша 126 дүкен, 43 дүңгіршек, 23 қоғамдық тамақтандыру нысаны және 62 тұрмыстық қызмет көрсету нысаны жұмыс істейді.

2011 жылғы 1 қазанға 1029 шағын кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді, 2010 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 3,1 %-ға артты.

Шағын бизнестің тіркелген кәсіпорындарының саны 49 бірлікті құрайды, 2010 жылдың ұқсас кезеңіне 56 бірлікті құрады немесе 87,5 %, оның ішінде жұмыс істейтін кәсіпорындар 26 бірлікті, 2010 жылдың ұқсас кезеңіне 20 бірлікті құрады немесе 130,0 %.

«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде 2011 жылғы 16-17 маусым және 20-21 қыркүйекте Бесқарағай ауылында ауданның жұмыс істейтін және жұмыстарын алғаш рет бастаған кәсіпкерлер үшін 2 күндік тегін экспресс-курстар өткізілді. Экспресс-курстың қорытындылары бойынша 43-тен аса адам сертификат алды.

Инфляция деңгейін төмендету үшін барлық кәсіпкерлермен қажетті тауарларға арналған бағалардың 10 %-ға кемітілуіне меморандумдар жасалды, бірақ бағалардың өсуі жіберілді.

Жыл басынан бастап бағалардың өсуі ет пен ет өнімдеріне 0,93 %-ға, май мен тоң май 0,78 %-ға бекітілді.

Көкөніс өнімдеріне бағалардың төмендеуі байқалады: картоп - 0,90 %, сарымсақ - 0,88 %, орамжапырақ - 0,71 %, сәбіз - 0,94 %, қызылша - 0,80 %.

Орташа облыстық бағалармен салыстырғанда орташа бағалардың талдауы Глуховка ауылдық округінде шайдың 0,93 %-ға, көкөніс өнімдерінің 0,68 %-ға, қанттың 0,92-ға, сүт өнімдерінің 0,85 %-ға жоғарылауының байқалғандығын көрсетті.

Инвестициялық қызмет

2011 жылғы 1 қазанға негізгі капиталға инвестициялар 447,0 млн.теңгені құрайды, 2010 жылдың ұқсас кезеңінде 263,9 млн.теңгені құрап, 58,3 %-ға өсті.

2011 жылғы 1 қазанға тұрғын үй енгізу 436 шаршы метрді құрайды, 2010 жылдың ұқсас кезеңіне 756 шаршы метрді құрады немесе 57,7 %.

Бесқарағай ауылындағы су құбыры жүйесін қайта құруға республикалық бюджеттен 27,0 млн.теңге, облыстық бюджеттен 30,0 млн.теңге бөлініп, республикалық бюджеттен 26,6 млн.теңге, облыстық бюджеттен 25,5 млн.теңге игерілді. «Қоянбай ауылындағы су құбырын қайта жаңарту» жобасы бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу үшін республикалық бюджеттен 5,0 млн.теңге бөлініп, игеру 3,3 млн.теңгені құрады немесе 66 %.

2011 жылы «Жол картасы» бағдарламасы шеңберінде жалпы сомасы 43,7 млн.теңгеге білім беру нысандарын күрделі жөндеу және ағымды жөндеу жүргізіледі, оның ішінде облыстық бюджеттен 29,1 млн.теңге бөлініп, игеру 43,6 млн.теңгені құрады немесе 100 %.

Білім беру

Ауданда жалпы білім беретін 24 мектеп, оның ішінде 2 бастауыш, 4 негізгі және 18 орта мектеп жұмыс істейді. Мектептер бойынша оқушылардың контингенті 3184,0 құрайды, бұл 2010 жылмен салыстырғанда 110 адамға кем.

2011 жылы аудан мектептерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 35001,0 мың теңге бөлінді, оның ішінен 33720,0 мың теңге игеріліп, бұл 96,3 %-ды құрайды.

2011 жылғы тестілеу қорытындылары бойынша ауданда орташа бал 81,3 балды құрады. 2010 жылғы ҰБТ қорытындыларының талдауы аудан бойынша орташа балдың 88,1 балды құрағандығын көрсетті. Қалалар мен аудандар рейтингтерінде Бесқарағай ауданы 18 орын алды.

Ауданда 95 баланы және 16 баланы мектепалды сыныпта қамтитын 1 мектепке дейінгі мекеме Борас орта мектеп-бақшасы жұмыс істейді, барлығы 111 бала. 3-4 жастағы 582 баланы қамтитын қысқа мерзімді 30 топ және 100 баланы қамтитын толық күнді 4 шағын-орталық жұмыс істейді. Барлығы 777 бала мектепке дейінгі тәрбиелеумен қамтылды, бұл 75 %-ды құрайды. Ауданның 24 мектебінде 30 мектепалды сыныптар ұйымдастырылды, оның ішінде 19-ы қазақ тілінде оқытумен. Мектепалды сыныпта барлығы 343 бала.

Мектепке дейінгі тәрбиелеумен қамтудың мәселесін шешу үшін Бесқарағай ауданында 90 орынды бала-бақша құрылысына жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу жоспарлануда. 2012 жылға арналған бюджетке байланысты аудан мектептері жанында шағын орталықтар санын көбейтуді жоспарлаймыз.

1-4 мектептердің оқушылары үшін ыстық тамақтандыруды ұйымдастыру тұрақты бақылауда тұр. Жол картасы бағдарламасы шеңберінде және жергілікті бюджет есебінен Долон, Березовка және Башкөл орта мектептерінде асханаларды орналастыру үшін кабинеттер жөнделді. Осыған орай, ыстық тамақтандырумен ауданның 20 мектебі қамтамасыз етілді. 1-4 мектеп оқушыларынан 1161 оқушы қамтылды, бұл 93,7 %-ды құрайды.

2011 жылы ыстық тамақтандыруға 24,1 млн.теңге, оның ішінде балға бір балаға шаққанда аптасына 6 рет 20 грамнан есептегенде 4,5 млн.теңге қаралды. Тамақтандыру рационына сүт, қышқыл сүт өнімдері және дәрумені бар кисель қосылған.

2011 жылы «Жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыру үшін бюджеттен 5 білім беру нысанына 43694,0 мың теңге, оның ішінде облыстық бюджеттен 29129,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен 14565,0 мың теңге бөлінді. Барлық жобалар жоспарланған мерзімде аяқталып, қаражаттар толық игерілді. Жұмыс уақытына орташа еңбекақысы 40 мың теңге болатын қосымша 41 жұмыс орны құрылды.

Отын жеткізіп беру бойынша шарттар ауданның барлық мектептерінде жасалды. Қазіргі күнге 4526,5 тонна қатты және 69 тонна сұйық отын жеткізілді.

Ауданның алыс жатқан, халық аз қоныстанған 11 елді-мекенінен 261 оқушыны жеткізу ұйымдастырылды. Осы жылы балаларды жеткізу үшін Борас орта мектеп-бақшасы мен Н.Баймұратов атындағы орта мектепке 25 орынды 2 автобус сатып алынды. Бөдене орта мектебіне 11 орынды УАЗ сатып алынды, шығынның жалпы сомасы 10720,0 мың теңге.

Мектеп асханалары үшін 2200,0 мың теңге сомаға құрал сатып алынды.

Оқу құралдарымен жабдықтау үшін 24582,0 мың теңге сомада трансферттер бөлінді. (4 биология кабинеті, 1 химия кабинеті, 1 физика кабинеті).

Білім беру мекемелерінде 5275,0 мың теңге сомаға ағымды жөндеу жүргізілді. Барлық орта мектептерде «Өзін-өзі тану» кабинеттері ашылды, 2011 жылдың 9 айына осы мақсаттарға 6160,0 мың теңге сомада қаражат жұмсалды.



Жол саласы

Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы 234 шақырымды құрайды, оның ішінде:

- қара ұсақ таспен жабылған жол – 76 шақырым

- ұсақ тастармен жабылған жол – 89 шақырым

- жабылмаған жол – 69 шақырым.

2011 жылғы 1 қазанға автомобиль жолдарын қамтамасыз етуге 31,2 млн.теңге бөлініп, игеру 99,6 %-ды құрады.



Денсаулық сақтау

Ауданның медициналық қызмет көрсетуі 51 кереуетке типтік стационарлық аудандық орталық ауруханамен, 7 дәрігерлік амбулаториямен, 3 фельдшерлік-акушерлік және фельдшерлік пункттермен, 15 медицина пункттерімен іске асырылады, онда жоғары білімді 33 дәрігер, 116 орта медицина жұмыскері жұмыс істейді.

2010 жылдан бастап Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі енгізілді. Ауданда халыққа стационарлық даму үлесін азайту мақсатында күндізгі стационардың кереуеттері 14-ке, оның ішінде орталық аудандық аурухана стационарының жанында 9 кереуетке және Семеновка ауылының дәрігерлік амбулаториясының жанында 5 кереуетке өсті.

2011 жылғы 1 қазанға ауданда ана өлімі тіркелген жоқ. Сәбилер өлімі бойынша 6 оқиға болды, 1000 тірі туғандарға шаққанда өлім көрсеткіштері 24,8, 2010 жылдың ұқсас кезеңіне 3 оқиға болды, өлім көрсеткіштері 24,8. 2011 жылғы 1 қазанға 247 нәресте дүниеге келді. Жас нәрестелердің дүниеге келуі 1000 адамға шаққандағы көрсеткіші 11,4, 2010 жылдың ұқсас кезеңіне 241 нәресте дүниеге келді, көрсеткіш 10,3. Туберкулез бойынша жағдайлар: 2011 жылғы 1 қазанға алғаш рет науқастанғандардың көрсеткіштері 22 оқиғаны немесе 100 мың халыққа шаққанда 102,3 құрады, 2010 жылдың ұқсас кезеңіне 35 оқиға немесе көрсеткіш 149,8 тең. Онкологиялық аурулардың көрсеткіштері 42 оқиғаны немесе 100 мың халыққа шаққанда 195,3 құрайды, 2010 жылдың ұқсас кезеңіне 39 оқиға немесе көрсеткіш 166,9 тең.

Денсаулық сақтау штаттармен толық іріктелінген.

Аурухана толық көлемде дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілді.

Осы жылы дәрі-дәрмектер сатып алуға 11274,0 мың теңге бөлініп, 2011 жылғы 1 қазанға 10569,3 мың теңге игерілді.

Тамақтануға 4600,0 мың теңге бөлініп, 2233,3 мың теңге игерілді.



Әлеуметтік бағдарламалардың орындалуы

2011 жылғы 1 қазанға 421 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға қатыстырылып, жылдық жоспардан орындалу 168,4 %-ды құрады. 2010 жылдың ұқсас кезеңіне 252 адам қатыстырылды немесе 100,8 %. Қаражаттар 11,9 млн.теңгеге игерілді.

30 жұмыссыз кәсіптік дайындыққа жіберілді, оның ішінен «шаштараз» мамандығы бойынша 11 адам «Болашақ» кәсіптік лицейінде, «газ электрмен дәнекерлеуші» мамандығы бойынша 5 адам Семей қаласындағы құрылыс колледжінде оқуларын аяқтады. «Аспаз» мамандығы бойынша 2 адам, «тігінші» мамандығы бойынша 1 адам «Болашақ» кәсіптік лицейінде, «газ электрмен дәнекерлеуші» мамандығы бойынша 5 адам, «В категориясындағы жүргізуші» мамандығы бойынша 6 адам Семей қаласындағы құрылыс колледжінде оқуларын жалғастыруда. Жұмыссыздарды жіберу бойынша жоспар 100 %-ға орындалды.

519 адам жұмысқа орналасу үшін өтініш білдірді немесе жылдық жоспардан 203,5 %, 2010 жылдың ұқсас кезеңіне 788 адам өтініш білдірді немесе 309 %.

2011 жылғы 1 қазанға 376 адам жұмысқа орналасты немесе жылдық жоспардан 147,5 %. 2010 жылдың ұқсас кезеңіне 474 адам жұмысқа орналасып, жоспар 185,8 %-ға орындалды.

2011 жылы 78 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда. 2011 жылғы 1 қазанға 116 жаңа жұмыс орны ашылды, жылдық жоспардан 148,7 %-ды құрайды. 2010 жылдың ұқсас кезеңіне 86 жұмыс орны құрылды немесе жылдық жоспардан 113,5 %.

«Жастар іс-тәжірибесіне» жіберу бойынша жоспар жоғарғы оқу орындары және орта оқу орындарының 6 түлегін құрайды. 2011 жылғы 1 қазанға 16 түлек жіберілді немесе жылдық жоспардан 266,6 %. 2010 жылдың ұқсас кезеңіне 12 түлек жіберілді немесе 66,6 %.

Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасу бойынша жоспар 6 адамды құрайды. 2011 жылғы 1 қазанға 13 жұмыссыз әлеуметтік жұмыс орындарына, оның ішінен пилоттық жоба бойынша 6 адам жіберілді немесе 100 %. 2010 жылдың ұқсас кезеңіне 6 адам жіберілді немесе 100 %.

«Бизнестің жол картасы 2020» шеңберінде «Жастар іс-тәжрибесіне» 25 адамды жіберу жоспарлануда. 2011 жылғы 1 қазанға жоғарғы оқу орындарының және орта оқу орындарының 32 түлегі жіберілді немесе жылдық жоспардан 128 %, шаруа қожалықтарына, ферма шаруашылықтарына, жеке кәсіпкерлерге жұмысқа жіберілді.

Өндірістік инфрақұрылым және коммуникация

1 қазанға елді мекендерді көркейту бойынша жоспар 28,1 млн.теңге, игеру 26,0 млн.теңгені құрады, оның ішінде ауылдық округтердің елді мекендеріндегі көшелерді жарықтандыруға 10,3 млн.теңге бөлінді, игеру 99,1 %-ды құрады; санитариямен қамтамасыз етуге 6,2 мың теңге бөлінді, игеру 99,9 %; елді мекендерді көркейтуге және көгалдандыруға жоспар 3,4 мың теңгені, игеру 100 %-ды құрады.



Бөлім бастығы М.Скакова

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет