Мағынаны тану
|
Әдебиетті оқыту әдістемесінің тарихы
Әдістеменің даму негіздері мен бағыттары, қалыптасу кезеңдері.Әдебиет методикасы- педагогикалық ғылымдардың саласына жататын ғылыми пән.Ғалым А.Көшімбаев «Әдебиет методикасының қамтитын обьектісі, қарастыратын мәселелері мектепте әдебиетті оқыту сабағы кезінде мұғалім мен оқушының өзара қарым-қатынасы болып табылады....Әдебиет методикасы педагогика сияқты мектеп, оқутәрбие мәселелерін тұтас алып қарастырмай,тек көркем әдебиетті оқып үйрену негізінде оқушыларға берілетін білім мен тәрбие мәселелерін өз шеңберінде алып баяндайды» деген пікірінде әдебиет әдістемесінің жалпы педагогика ғылымымен байланыстылығын аңғартуы.А.Байтұрсынов- қазақ әдебиеті әдістемесінің көшбасшысы. «Тіл жұмсар »еңбегіндегі ойлар :баланың өздігінен білім алу жолдарын анықтау-әдістеменің басты қызметі мен міндеті. «Баяншы, «Әлифба астары» еңбектеріндегі әдістеме туралы ойлары. Мағжан баланы сұлу әдебиетпен таныстыруға мән берген. «Бастауыш мектептегі ана тілі» әдістемелік еңбегінде төрт жылдық бастауыш мектептің әр жылына сәйкес ана тілін дамыту бойынша жаттығулар жүйесін ұсынуы.Мағжан жасаған жүйе қазіргі әдебиеттік оқу курсына негіз болды.Көрнекті методист ғалым В.В.Голубков : «Әдістеме дегеніміз уақытты үнемдей білу, оқушы күш -жігерін ақылмен жұмсау,оқу материалының негізгі және басты мәселелерін таба білу, ұжым болып табылатын сыныптың еңбегін ұйымдастыру шеберлігі, оқушылардың әр түрлі жеке әрекеттеріне ықпал етуді алдын ала ойластыру».Әдістеме «не үшін, нені , қалай»деген негізгі үш сұраққа жауап береді.Қазақ әдебиеті әдістемесінің іргетасын қалаушылар Байтұрсынов, Мағжан, Аймауытов, М.Әуезов, С.Мұқанов, І.Жансүгіров, С.Сейфуллин, Ғ.Мүсірепов, С.Сейітов; Қырқыншы тоқсаныныншы жылдар арасында С.Қирабаев, Ә.Қоңыратбаев, А.Көшімбаев , Ш.Кәрібаев,Қ.Жұмалиев, Ш.Аманов, Т.Әбдірахманова,Е.Ысмайылов,М.Базарбаев,З.Қабдолов,Н.Ғабдуллин,Т.Ақшолақов,М.Мыза хметов,Ә.Дайы-роа, Р.Нұрғалиев,А.Нұрхатов, Б.Сахариев,Ә.Дербісалин,Т.Жұмажанова, С.Мақпыров, Қ.Мырзағалиев, Б.Сманов. Ә. Дайырованың мақаласы, 1933 жыл-ғылыми-зерттеу институтының ашылуы. «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы, 1991 жыл. 1917 жылға дейінгі үш мектептік білім жүйесі:1.орта оқу мекемелері -ерлер мен әйелдер гимназиялары, түземдік училищелер, мұғалімдер семинариялары.2.Бастауыш оқу мектептері- қалалық училищелер, приход училищелер, орыс қазақ орыс түземдік мектептер , ауылдық, болыстық мектептер, бастапқы сауаттылық мектептері 3.Кәсіби оқу мекемелері - мұғалімдер семинариялары ,мұғалімдер мектептері,ауыл шаруашылық , фельдшерлік және қолөнер мектебі.(Т.Тәжібаев «XIX ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы ағарту жұмысы мен педагогикалық ойдың дамуы») Әдіскер Ш. Кәрібаевтің (Әдебиет , класс, А.,Қазмембас,1935) еңбегі.
|