Қола дәуірінде өнер түрлері, оның ішінде петроглифтер, яғни жартасқа сурет салу өнepi дами бастады. Ерте заманның суретшілері жартастың теп-тeгic жазық бетіне аңдардың



Дата08.02.2024
өлшемі15.32 Kb.
#491406
тарих




Қола дәуірінде өнер түрлері, оның ішінде петроглифтер, яғни жартасқа сурет салу өнepi дами бастады . Ерте заманның суретшілері жартастың теп-тeгic жазық бетіне аңдардың, адамдардың бейнесін немесе белгілі бip сюжеттік желіге кұрылған тұтастай композицияны түcipгeн.

Петроглифтерге салынған суреттерді бірнеше түрге бөлуімізге болады:
1.Қашап сурет салу
2.Keciп, жанамалап салу
3.Кұйып, жапсыру арқылы салу


Ертеден қалған петроглифтерді зерттеу барысында тарихи мазмұнын жан - жақты ашу қиындық келтіреді. Бұл жерде кандай тайпалар тұрды, неліктен басқа жаққа коныс аударды, климаттық жағдайы қаншалықты дәрежеде болды деген мәселелер әлі де болса археолог мамандардың ойында тұрған сұрақ.

Қазақстан жері шөлді - шөлейтті аридттік зона болғанымен ерте кезеңнен бepi қарай ата - бабаларымыз осы жерді мекендеген. Сол кезеңдегі тұрмыс –тіршілігін жартастағы суреттерге бейнеленген.
Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу қола ғасыры ғибадатханаларында eшкінi бейнелеу суреттердің жартысына жуығын алады. Петроглифтердегі eшкi барлық жерде ең көп кездесетін бейне болып табылады. Жануарлар бейнесі петроглифтердің ішінде стилистика бойынша «зооморфты» ешкінің бейнеленуі анық реалистік емес мінез-кұлықты бөліп көрсетуге мүмкіндік береді.
Ешкіөлмес петроглифтері - Алматы облысындағы Ешкіөлмес жотасы бойында орналасқан қола дәуірінен сақталған құнды ескерткіштер, жартасқа таңбаланған суреттер. Ешкіөлмес петроглифтері Қазақстан терри­ториясында орна­ласқан әйгілі ескерткіштер ретінде «ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандар» тізімінің «Аралас санатына» 1998 ж. 28 қыркүйекте А.Марғұлан атындағы археология Институтының ұсынысымен ұсынылған.
Аймақтағы кешенді ескерткіштер тобын – жерлеу орындары – қорғандар, қорғандардың маңында кездесетін ғұрыптық қоршаулар, тас мүсіндер, балбал тастар, жартастардағы суреттер мен ру­лық таңбалар және қойтастарда кездесетін ойма жазулар құрайды. Қола дәуірінің 4000-нан астам петроглифтер жақсы сақталған. Жартастағы суреттер көне дәуір тұрмысының майда-мүйдесіне дейін: киімдері, құрал-саймандары туралы мәлімет береді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет