Бурабай. 2011. №45. 27 қазан Рүстембаев Б., Асилов Б. Жас түлектер



Дата16.07.2016
өлшемі32.66 Kb.
#202468
Бурабай.- 2011.- №45.- 27 қазан

Рүстембаев Б., Асилов Б.


Жас түлектер

Қазақстанның елордасында орналасқан алғашқы жоғары оқу орнының бірі, білім мен ғылымның жетекші орталығы саналатын С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетіне хош келдіңіздер.

Біздің факультет экономика бағытында, астанамыздағы ең алғашқы жоғары оқу орынының бірі ретінде, 1960 жылдардан бастап ауылшаруашылығы және халық шаруашылығының басқа да салаларына мамандар даярлайтын білім ордасы болып табылды.

Ұлттық білім беруде оқу бағдарламасының халықаралық деңгейде танымалдылығы үшін, білім алушылар мен оқытушылардың ұтқырлығын қамтамасыз ету бағытында, сонымен қатар білім сапасын және жоғары білім жүйесінің сабақтастығын қамтамасыз етуде, университетте бірегей кредиттік технология іс жүзіне асырылып отыр. Білім алудың кредиттік технологиясы білім жинақтауға мүмкіндік беретін бірден бір технология болып саналады, яғни барлық білім алу деңгейінде жинақталған кредиттерді арттыруға мүмкіндік беріп отырады.

2003 жылдан бастап, бакалавриаттарды дайындаудың оқу-кәсіби бағдарламасын игеруге байланысты, факультетте Маркетинг, Менеджмент, Экономика, Есеп және аудит, Қаржы, Әлеуметтік-мәдени сервис мамандығы бойынша бакалавр денгейінде мамандар дайындау жүргізіледі.

Біздің «Маркетинг және сервис» кафедрасы 5В051100 «Маркетинг» және 5В090400 «Әлеуметтік-мәдени сервис» мамандығы бойынша бакалавр деңгейінде мамандар дайындайды және сонымен қатар алдағы уақытта «Логистика» мамандығын ашуды жоспарлап отыр.

Еліміздегі тұғырлы жоғарғы оқу орнының бірі ретінде саналатын білім ордасындағы ілгері дәстүрлер мен жоғары квалификациялы профессорлық-оқытушылар құрамы, сонымен бірге, жеткілікті түрде қамтылған материалды-техникалық және ғылыми-әдістемелік база болашақ мамандарға біліктілігі жоғары деңгейлі білім алуына және жоғары квалификациялы маман болуына мүмкіндік береді.

Оқу үрдісінде белсенді түрде білім берудің заманауи технологиялары мен әдістемелері, сабақ жүргізуде профессорлық-оқытушылар құрамы к компьтерлік, мультимедиялық интерактивтік құралдары қолданылады.

Экономика факультетінде білім алушылар өздерінің әлеуетті мүмкіндектерін іс-жүзіне асыру үшін барлық жайлар ұйымдастырылған.

Ғылыми бағыттағы жұмыстармен белсенді түрде айналысатын студенттер үшін ғылыми мектебі бар, атап айтқанда «Маркетинг» мамандығы бойынша магистратурада толыққанды ғылыми зерттеулер жүргізуге жоғары денгейлі жайлар ұйымдастырылған.

Университет деңгейінде отыздан астам жетекші ғылыми-педагогикалық орталықтармен, атап айтқанда: АҚШ, Франция, Германия, Түрік, Жапония және басқа да көптеген ТМД елдерінің жоғары білім орталықтарымен байланыс құрылған. Келісім-шарт негізінде бұл мемлекеттермен студенттер және профессорлық-оқытушылар құрамы тәжірибе алмасу мақсатында іс-сапарларға шығып отырады. Бұл бағыттағы іс-шараларға «Маркетинг және сервис» кафедрасының студенттері мен оқытушылары белсенді түрде атсалысады. Атап өтетін болсақ, 2009-2010 оқу жылы «Маркетинг» мамандығы бойынша студенттер Түрік елінде өндірістік тәжірибеден өту шарасы ұйымдастырылды.

Сонымен бірге студенттер өндірістік тәжірибеден өту кезінде еліміздегі беделді кәсіпорындарда тәжірибеден өтіп отырады. «Казагромаркетинг» АҚ, «Казагрофинанс» АҚ, «Продкорпорация» АҚ және Астана қаласындағы халықаралық деңгейдегі қонақ үйлері және мейрамханаларымен тәжірибеден өту бойынша келісім-шарттар құрылған.

«Маркетинг» мамандығының негізгі кәсіби қызметтік объектілерін атап өтетін болсақ: маркетинг бойынша менеджер, жарнама бойынша менеджер, қоғаммен байланыс бойынша менеджер, сауда бойынша менеджер, брен-менеджер, логистика бойынша менеджер, эксперт-менеджер, сапа бойынша менеджер, менеджер-тауар танушы, т.с.с.

«Әлеуметтік-мәдени сервис» мамандығы бойынша кәсіби қызметтік объектілері ретінде, мемлекеттік басқару, әлеуметтік қызметтер, қаржыландыру, сақтандыру, зейнеттік қамтамасыз ету, тұрғын үй шаруашылығы типтес орталықтарды атап өтуге болады, сонымен бірге, коммерциялық, әлеуметтік, зейнеткерлік қызметтер, көтерме және бөлшек сауда, табиғи-шаруашылық қызметтер, демалыс, қөңіл көтеру, қонақ үй бизнесі, мейрамхана бизнесі және қоғамдық тамақтандыру орталықтары.

Бұл аталған екі мамандық бойынша 2001 жылдан бастап білім беру жүйесі жолға қойылған. Бүгінгі күнге дейін 600 аса экономикалық бағыттағы осы мамандықтар бойынша мамандар республикамыздың көптеген компаниялары персоналдарын толықтырып отыр.



Бұл мамандықтар бойынша сабақтар мемлекеттік және орыс тілінде жүргізіледі. Сонымен бірге, аталған мамандықтар бойынша оқу бітірушілердің жұмыспен қамтылуы бағытында кафедра, факультет және университет көлемінде шаралар ұйымдастырылған.

Жоғарыда аталғандарды ескере отырып мектеп бітіруші түлектерді университетіміздің, факультетіміздің, оның ішінде біздің мамандығымыздың студенттері атануға шақырамыз. Біздің мамандығымызды таңдай отырып, болашақта біліктілігі жоғары және заманауи талапқа сай маман бола алатындығыңызға сенеміз!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет