Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшерiн және ережесiн бекiту туралы



Дата22.02.2016
өлшемі63 Kb.
#1426
Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшерiн және ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 18 ақпандағы N 183 Қаулысы


"Казахстанская правда" от 25 февраля 2009 года № 50 (25794); Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., N 12, 73-құжат


      "Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну ережесi бекiтiлсiн.
      2. Әлеуметтiк қолдау шараларының мөлшерi:
      1) жетпiс еселiк айлық есептiк көрсеткiшке тең сомада көтерме
жәрдемақы;
      2) тұрғын үй сатып алу үшiн әлеуметтiк қолдау - бiр мың бес жүз еселiк айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын сомада бюджеттiк кредит болып белгiленсiн.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2011.07.01 № 753 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
      3. Мамандар үшiн тұрғын үй сатып алуға бюджеттiк кредит он бес жыл мерзiмге берiледi; кредит бойынша сыйақы ставкасы кредит сомасынан жылдық 0,01 %-ы мөлшерiнде белгiленедi.
      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрi                                   К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы


Үкiметiнiң      
2009 жылғы 18 ақпандағы
N 183 қаулысымен   
бекiтiлген       

Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген
денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру,
мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын
ұсыну ережесi

      1. Осы Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi Заңына және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына заңдарына сәйкес әзiрлендi және ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға кредит түрiнде әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну шарттары мен тәртiбiн белгiлейдi.


      Ескерту. 1-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2011.04.06 № 374 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
      1-1. Осы Ереженiң мақсаты үшiн мамандар деп қалалық және өзге де елдi мекендерде тұрып жатқан және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстеуге және тұруға тiлек бiлдiрген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандықтары бойынша жоғары және жоғарыдан кейiнгi, техникалық және кәсiптiк, ортадан кейiнгi бiлiм беру ұйымдарының түлектерi түсiндiрiледi.
      Ескерту. Ереже 1-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 2011.09.08 № 1030 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
      1-1. Бюджеттiк кредиттер облыстардың жергiлiктi атқарушы органдарына мынадай жағдайларда:
      кейiннен ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына, олардың тұрғын үй сатып алуы үшiн теңгемен 15 (он бес) жыл мерзiмге жылдық 0,01 % мөлшерiндегi сыйақы ставкасы бойынша бере отырып кредиттiк шарттар жасасу арқылы берiледi;
      кредиттердi игеру кезеңi кредитордың шотынан кредиттер аударылған сәттен бастап есептеледi және 22 (жиырма екi) айды құрайды;
      бюджеттiк кредиттердi беру, өтеу және қызмет көрсету бойынша қосымша шарттар кредиттiк шартта белгiленедi.
      Ескерту. Ереже 1-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 2011.04.06 № 374 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен, өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2011.09.08 № 1030 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
      2. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi өкiлдi органы (мәслихат), аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмi мәлiмдеген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт салаларының мамандарына қажеттiлiктi ескере отырып, жыл сайын мамандарға көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу үшiн әлеуметтiк қолдауды ұсыну туралы шешiм қабылдайды.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2009.09.30  N 1488 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
      3. Мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын көрсету жөнiндегi
жұмыстарды ұйымдастыру үшiн аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмдiгi аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихаттың депутаттарынан, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) атқарушы органдарының және қоғамдық ұйымдардың өкiлдерiнен тұратын тұрақты түрде жұмыс iстейтiн комиссия (бұдан әрi - комиссия) құрады.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2009.09.30  N 1488 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
      4. Ауылдық аумақтарды дамыту жөнiндегi аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) уәкiлеттi орган комиссияның жұмыс органы болып табылады (бұдан әрi - Әкiмшi).
      Ескерту. 4-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2009.09.30 N 1488 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз), 2011.04.06 № 374 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулыларымен.
      5. Денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандары үшiн тұрғын үй сатып алуға кредит беру сенiм бiлдiрiлген өкiлмен (агентпен) шарт болған жағдайда жүзеге асырылады.
      Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мамандарға тұрғын үй сатып алу үшiн кредит беру жөнiндегi бюджеттiк бағдарламаны iске асыру бойынша сенiм бiлдiрiлген өкiлмен (агентпен) тапсырыс шартын жасасады.
      Сенiм бiлдiрiлген өкiлдiң (агенттiң) мамандарға тұрғын үй сатып алу үшiн кредит беру жөнiндегi бюджеттiк бағдарламаны iске асыру бойынша операциялық қызметтер көрсетуге арналған шығындарын өтеу үшiн қаражат 095 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне ауылдық елдi мекендердiң әлеуметтiк саласының мамандарын әлеуметтiк қолдау шараларын iске асыру үшiн берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер» бағдарламасы бойынша тиiстi қаржы жылдарына арналған республикалық бюджетте көзделедi.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2011.04.06 № 374 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
      6. Әлеуметтiк қолдау шараларын алу үшiн маман Әкiмшiге мынадай құжаттарды:
      1) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiштi;
      2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесiн;
      3) жаңа жұмыс орны бойынша кадр қызметi куәландырған еңбек кiтапшасының көшiрмесiн;
      4) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты (мекенжай анықтамасын не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасын);
      5) бiлiмi туралы дипломының көшiрмесiн (еңбек өтiлi жоқ тұлғалар үшiн);
      6) салық төлеушiнi тiркеу туралы куәлiгiнiң көшiрмесiн;
      7) әлеуметтiк жеке кодты беру туралы куәлiгiнiң көшiрмесiн;
      8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес
тұрғын үйдi сатып алу-сату туралы алдын ала шартты ұсынады.
      Құжаттар салыстыру үшiн түпнұсқада және көшiрме түрiнде ұсынылады, содан кейiн құжаттардың түпнұсқасы маманға қайтарылады.
      Осы Ережеде көзделмеген басқа да құжаттарды берудi талап етуге жол берiлмейдi.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң  2011.04.06 № 374 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.12.01 N 1427 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулыларымен.
      7. Әкiмшi әлеуметтiк қолдау шараларын алуға үмiткер
мамандардың құжаттарын қабылдауды және тiркеудi жүзеге асырады,
ұсынылған құжаттардың дұрыстығын тексередi, қаржы қаражатының
қажеттiлiгiн есептеудi жүргiзедi және құжаттарды қабылдаған күннен бастап бес күнтiзбелiк күн iшiнде комиссияға жiбередi.
      Ескерту. 7-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң  2011.04.06 № 374 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
      8. Комиссия Әкiмшiден құжаттардың келiп түскен күнiнен бастап он күнтiзбелiк күннiң iшiнде ұсынылған құжаттарды қарайды және аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмдiгiне маманға әлеуметтiк қолдау шараларын көрсетуге ұсыным жасайды.
      Әлеуметтiк қолдау шараларын ұсынудан бас тартылған жағдайда, Әкiмшi үш жұмыс күнi iшiнде маманға дәлелдi жауап жiбередi.
      Осы Ереженiң 6-тармағында көзделген дәйектемесiз құжаттарды ұсыну фактiсi бас тарту үшiн негiз болып табылады.
      Ескерту. 8-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2009.09.30  N 1488 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз), 2011.04.06 № 374 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулыларымен.
      9. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмдiгi комиссияның ұсынымдары келiп түскен сәттен бастап он күнтiзбелiк күннiң iшiнде мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну туралы қаулы қабылдайды.
      Ескерту. 9-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2009.09.30  N 1488 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
      10. Осы Ереженiң 9-тармағында көрсетiлген қаулы қабылданғаннан
кейiн жетi күнтiзбелiк күннiң iшiнде Әкiмшi, маман мен сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент) арасында осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну туралы келiсiм жасалады.
      Ескерту. 10-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2009.09.30  N 1488 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз), 2011.04.06 № 374 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулыларымен.
      11. Келiсiм жасалғаннан кейiн:
      1) Әкiмшi жетi күнтiзбелiк күннiң iшiнде көтерме жәрдемақысының сомасын мамандардың жеке есеп шоттарына аударады;
      2) сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент) отыз жұмыс күнi iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен маманға тұрғын үй сатып алуға кредит бередi.
      Ескерту. 11-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң  2011.04.06 № 374 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
      12. Маманның кредит бойынша мiндеттемелерiн орындауы ол сатып алған тұрғын үй кепiлдiгiмен қамтамасыз етiледi.
      13. Бөлiнген бюджеттiк қаражаттың пайдаланылуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының  қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Ауылдық елдi мекендерге жұмыс 


iстеу және тұру үшiн келген  
денсаулық сақтау, бiлiм беру, 
әлеуметтiк қамсыздандыру,   
мәдениет және спорт      
мамандарына әлеуметтiк қолдау 
шараларын ұсыну Ережесiне   
1-қосымша          

      Ескерту. Қосымшаға өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2009.09.30  N 1488 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

_________________________ облысы
____________ ауданының (облыстық
маңызы бар қаланың) әкiмi
________________________________
тегi, аты-жөнi     
________________________________
мекен-жайында тұратын  
________________________________
жұмыс орны, қызметi   
________________________________
өтiнiш берушiнiң тегi,    
аты, әкесiнiң аты      

Өтiнiш

      Сiзден жасалған келiсiмнiң (қоса берiлiп отыр) мөлшерiнде және шарттарында маған көтерме жәрдемақы төлеуiңiздi және/немесе тұрғын үйдi алуға бюджеттiк кредиттi ресiмдеуге құқық беруiңiздi сұраймын.

___________           ____________
күнi                  қолы    

Құжаттар қабылданды:


20__жылғы"___"_______

_______          ____________________________________________________


 қолы               құжаттарды қабылдаған лауазымды тұлғаның Т.А.Ә.
_____________________________________________________________________                                  кесу сызығы

      Өзгерiстер туындаған жағдайда, олар туралы 15 күн iшiнде хабарлауға мiндеттенемiн. Дұрыс емес мәлiметтер мен жасанды құжаттар бергенiм үшiн жауапкершiлiк туралы ескертiлдiм.


      Азамат ____________ өтiнiшi қоса берiлген__________ дана санында құжаттармен бiрге 20__жылғы "__"_________________ қабылданды.

________     ________________________________________________________


  қолы           құжаттарды қабылдаған лауазымды тұлғаның Т.А.Ә.

Ауылдық елдi мекендерге жұмыс


iстеу және тұру үшiн келген
денсаулық сақтау, бiлiм беру,
әлеуметтiк қамсыздандыру, 
мәдениет және спорт    
мамандарына әлеуметтiк қолдау
шараларын беру ережесiне 
2-қосымша       

Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген
денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру,
мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтiк қолдау
шараларын ұсыну туралы
Үлгi келiсiм

      Ескерту. 2-қосымшаға өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң  2011.04.06 № 374 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

Елдi мекен _________                     200___ жылғы "__"__________

"__________________" мемлекеттiк мекемесi басшысы ________________________________ атынан, әрi қарай "Әкiмшi" деп аталатын, бiр тараптан, әлеуметтiк көмек алушы, __________________________, бұдан әрi "Алушы" ден аталатын басқа тараптан және бұдан әрi "Сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент)" ____________________________________, үшiншi тараптан, төмендегiлер туралы осы өзара бiрлескен мiндеттемелер Келiсiмiн жасасты:



1. Келiсiмнiң мәнi

      Тараптар, өзара жауапкершiлiктi және келiсiмдi ескере отырып, еш қайсысының тарапынан мәжбүр етiлмей, тараптар өздерiне толық көлемде орындалуы тиiстi мiндеттемелер қабылдайды, атап айтқанда:


      1. Әкiмшi, ________________________________ мәслихатының
(200___ жылғы "__"_______ N_____) шешiмiнiң негiзiнде өзiне мынадай түрдегi әлеуметтiк қолдау шараларын ұсынуға мiндеттемелер қабылдайды:
      1) _____________________________________________________ теңге мөлшерiнде көтерме жәрдемақы;
      2) ___ жыл мерзiмге __________________________________________ теңге сомасында тұрғын үй сатып алуға бюджеттiк кредит.
      2. Алушы өзiне жоғарыда көрсетiлген әлеуметтiк қолдау шараларын алған кезде елдi мекенiнде орналасқан (денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт) ұйымында кемiнде бес жыл уақыт қызмет iстеуге мiндеттеме қабылдайды.
      3. Сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент) өзiне шарт тапсырма негiзiнде Әкiмшiнiң атынан және есебiнен және оның нұсқамаларына сәйкес бюджеттiк кредиттеуге байланысты белгiлi бiр тапсырмаларды орындауға мiндеттеме қабылдайды.

2. Тараптардың құқықтары мен мiндеттемелерi

      1. Әкiмшi:


      1) Алушыдан осы келiсiмге сәйкес өзiне алған мiндеттемелердi адал және тиiсiнше орындауды талап етуге құқылы.
      1) аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмдiгiнiң қаулысы қабылданғаннан кейiн он жұмыс күнi iшiнде және осы келiсiм негiзiнде көтерме жәрдемақысының тағайындалған сомасын алушының жеке есеп шотына аударуға мiндеттi.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2009.09.30  N 1488 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
      3. Алушының:
      1) комиссияның жұмыс органының талабы бойынша қажеттi құжаттарды тапсыру кезiнде әлеуметтiк қолдау шараларын ерiктi түрде таңдауға;
      2) бес жыл мерзiм өткенге дейiн, өндiрiстiк жағдайларға немесе
әкiмшiлiктiң бастамасына байланысты басқа елдi мекендерге жұмысқа ауысқан кезде алынған әлеуметтiк қолдау шараларына құқығын сақтауға құқығы бар.
      4. Алушы:
      1) әлеуметтiк қолдау шараларын алған күннен бастап 60 күннiң iшiнде комиссияның жұмыс органына бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылғаны туралы растаушы құжаттарды беруге;
      2) меншiгiне сатып алынған жылжымайтын мүлiктi әдiлет органдарында тiркегеннен кейiн сенiм бiлдiрiлген өкiлге (агентке) тұрғын үйге арналған құжаттардың түпнұсқасын осы келiсiмдi кемiнде бес жыл мерзiмге қамтамасыз ету жөнiндегi кепiл ретiнде беруге;
      3) жұмыс органына тоқсан сайын жұмыс орнынан анықтама ұсынуға;
      4) осы келiсiмнiң шарттары орындалмаған жағдайда әлеуметтiк қолдау шаралары ретiнде алынған бюджет қаражатын толық көлемде қайтаруды қамтамасыз етуге мiндеттi.
      5. Сенiм бiлдiрiлген өкiлдiң (агент):
      1) Алушымен есеп айырысуды жүргiзуге;
      2) Алушының қаржылық жағдайына мониторинг жүргiзуге
құқығы бар.
      6. Сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент):
      1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бюджеттiк кредитке қызмет көрсетуге;
      2) кредиттiк шарт бойынша әлеуметтiк қолдау шараларын алған маман мiндеттемелерiнiң орындалуына мониторинг жүргiзуге;
      3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес  алушылардан берешектердi өндiрiп алуды жүзеге асыруға мiндеттi.

3. Дауларды шешу

      1) Осы келiсiмдi орындау кезiнде пайда болуы мүмкiн барлық мәселелер мен келiспеушiлiктер мүмкiндiгiне қарай тараптардың арасында келiссөздер жолымен шешiлетiн болады.


      2) Егер даулар мен келiспеушiлiктер келiссөздер жолымен реттелмейтiн болса, олар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес сот тәртiбiмен шешiлуге тиiс.

4. Келiсiмнiң қолданылу мерзiмi

      1) Осы келiсiм тараптардың қол қойған күнiнен бастап күшiне енедi.


      Келiсiмнiң қолданысы 20___ жылғы "__"____________ басталады.
      2) Келiсiм бiрдей заң күшi бар үш данада жасалды.

5. Тараптардың заңды мекен-жайлары

       Әкiмшi        Алушы         Сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент)


      _______      _________      ______________________________
      _______      _________      ______________________________
      _______      _________      ______________________________

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет