Ауылшаруашылыєы жануарларыныѕ гигиенасы практикумы



Pdf көрінісі
бет12/79
Дата02.10.2023
өлшемі1.97 Mb.
#479521
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   79
Зоогигиена каз китап

2.5.1 Жасанды жарықты өлшеу
Жасанды жарықты анықтау үшін қорадағы шамдар санын
есептеп, олардың ваттпен берілген жалпы қуатын анықтайды. Бұл
21


көлемді қора ауданына (м
2
) бөледі де, 1 м
2
–қа ватт бойынша үлес
қуатын табады (Вт/м
2
). Содан кейін шамдардың үлес қуатын люкстер
санын көрсететін, 1 Вт/м
2
үлес қуаты сәйкес келетін коэффициентке
(е) көбейтеді де, нәтижесінде люкспен берілген жарықтануды алады.
7-кесте – Вт/м
2
люкске айналдыруға арналған коэффициент
мәні
Шамдар қуаты,
ватт 
Желідегі 220 вольт кернеудегі коэффициент мәні
қыздыру шамдары
люминесцентті шамдар
100 дейін
2,0
6,5
100–ден жоғары
2,5
8,0
8-кесте – Жарықтануды зерттеу нәтижелерін жазу
Көрсеткіштер
Зерттеу аймағы
Жарық коэффициенті, СК, 1/Х
Түсу бұрышы
Саңылау бұрышы
Табиғи жарықтану коэффициенті, КЕО, %
Жасанды жарықтану коэффициенті, Вт/м
2
2.5.2 ИҚ және УК сәулелердің жасанды көздері
Жаңа туған төлдерді өсіргенде, әсіресе өндірістік мал
шаруашылығы жағдайында қысқы байлап ұстау кезеңінде, оларды
ұстау орынында локальды температуралық тәртіпті сақтап тұрудың
маңызы зор. Бұл мақсат үшін инфрақызыл сәулелердің жасанды
көздерін қолданады (кесте 9). Жаңа туған төлдердің бейімделу–
қорғаныс реактивтілігін белсендіру және стимулдеуші әсерді
қамтамасыз ету үшін, ИҚ–сәулелермен қыздыру тәртібі үзілісті болуы
керек. 
Бұзауларды сәулелендіргенде алғашқы бес күнде шамдарды
еденнен 135-145 см, содан кейін 150-170 см биіктікке іледі. Екі жеке
көршілес торға бір шам қою ұсынылады, ал бұзауларды топтап
өсіргенде– 4 м
2
еден ауданында бір шам қойылады. Бұзауларды тәулік
бойы 10-15 күндік жасқа жеткенше келесі тәртіппен: 1 сағат қыздыру
және 0,5 сағат үзіліспен қыздырады.
Аналық шошқалар ұсталынатын қорада торайларды демалу
бокстарында– екі көршілес боксқа бір инфрақызыл шам қойып
қыздырады. Сәулелендіргішті еденнен 50-70 см биіктікте іледі де,
торайлар өскен сайын 100 см биіктетеді. Торайларды тәулік бойы 1,5
22


сағат қыздыру және 0,5 сағат үзіліс тәртібімен 26-45 тәулік бойы
қыздырады.
Қозыларды туғаннан кейінгі алғашқы үш күнде тәулігіне 20
сағатқа дейін, ал кейінгі күндері 10 сағатқа дейін қыздырады, мұнда
шамдарды әрбір 3 сағат сайын бір сағат ұзақтықта өшіріп отырады.
Инфрақызыл сәулелендірудің қарқындылығы минутына 0,3-0,5
кал/см
2
аспауы қажет. Шамдарды ілу биіктігін малдың жасына және
қораның ауа температурасына қарай өзгертіп отыру қажет. Әдетте
қуаты 250 Вт болатын шамдарды жануар арқасынан 70 см , ал 500 Вт
– 100-120 см биіктікте іледі. 
9-кесте – Инфрақызыл шамдар мен сәулелегіштер
ИҚ –сәуле көздері
Инфрақызыл сәулелендіргіштер
ИКЗ – 220 - 500
ОРИ – 1
ИКЗК – 220 - 250
ОЭИ, ИКУФ – 1
ТЭН - 700 и 1200
ОКБ – 1376А
КГ – 220 - 1000
Латв. ИКО
ИКЗ – 220 - 375
ОРИ – 2
Газ жанғышы
ГИИВ – 1, ГИИ – 19А, ГК – 1-38,
“Звездочка”
Малды ұстаудың өнеркәсіптік технологияларында жабық
қораларда мал тұратын орында қысқы кезеңде ұстауда табиғи
ультракүлгін сәулелердің өткір жетіспеушілігі байқалады. Осы
мақсатпен, малдан және құстан алынатын өнімділікті жоғарылату
және көбеюге қабілеттіліктерін арттыру үшін, зат алмасуды,
азықтардың сіңуін және қорытылуын жақсарту үшін, солайша азық
шығынын және мал өнімінің өзіндік құнын төмендетуге қол жеткізу
үшін ультракүлгін сәулелермен жасанды сәулелендіру қолданылады.
УК - сәулелендіруді жүргізу ұсынылады:
А) құстардың инкубациялық жұмыртқаларына– қысқы және
ерте көктем айларында (қарашадан сәуірдге дейін), сонымен қатар
құстардың балапанын шыққаннан кейін алғашқы екі күнде;
Б ) жұмыртқалайтын тауықтарды, ірі мүйізді малды, шошқалар
мен қойларды – қарашадан сәуірге дейін; бұзаулар мен торайларды –
қазаннан мамырға дейін; құстардың торда немесе серуендетпей
ұстауда – жыл бойы.
УК-сәулелендірудің қажетті шарты– оның мөлшерлемесін
УК-сәулелендірудің ұсыныстарына негізделген экспозициясының
ұзақтығын қатаң сақтау (кесте 11). 
23


Бұзауларды, сиырларды және өндіруші-бұқаларды, шошқаларды
және қойларды сәулелендіру үшін жанғышы бар эритемді
сәулелендіргішті 
немесе
механикаландырылған
қондырғыны,
сонымен қатар тасымалды сәулелендіргіштерді қолданады немесе
оларды тұрған малдың арқасынан 1,2-1,8 м биікке іліп қояды: екі
сиырға бір сәулелендіргіш немесе екі бұқа немесе екі мегежін төлімен
мал тұратын орындарда немесе жеке станоктарда ұстағанда, ал топтап
ұстау кезінде бір сәулелендіргішті 15-20 м
2
аудан үшін бұзауларға
және 10-12 м
2
ауданға сиырлар мен шошқаларға қойылады.
Балапандар мен жұмыртқалайтын тауықтарды еденде ұстағанда
сәулелендіру үшін еденнен 2 м биіктікте біркелкі етіп есептеп: бір
сәулелендіргішті балапан қорасының 20-25 м
2
ауданына және бір
сәулелендіргішті 15-20 м
2
ауданға жұмыртқалайтын тауықтардың
сәулелендіру үшін орналастырады.
Малды және құсты 2-3 күнде бір мәрте сәулелендіреді.
УК - сәулеленуді анықтау кезінде өлшеудің – сәулелі, эритемді
және бактерицидті үш мәнін пайдаланады.
10-кесте – УК- сәулелендіргіштер мен қондырғылар типтері
УК- сәулелендіргіштер мен
қондырғылар типтері
Қолданылатын
шамдар типтері 
Тұтынылатын
қуат, Вт
ЭО1 – 3ОМ
ЛЭ – 30 – 1
40
ОЭ – 1 и ОЭ – 2
ЛЭ – 30 – 1
40
ОЭСПО2 – 2 х 40 (аралас УК және 
жарық)
ЛЭР – 40 
және ЛБР - 40
100
ОРК
ДРТ - 400
500
ОРКШ
ДРТ - 400
500
УО – 4
ДРТ - 400
2000
УОК – 1
ДРТ - 400
1500
ИКУФ – 1
(аралас ИҚ және УК сәулелендіру)
ЛЭ – 15 (1 шам)
және ИКЗК-220-
250 
(2 шам)
520
Малдарды УК- сәулелендіруде эритемді мәнді қолданады. УК-
сәуленің энергиясын УК-ағын деп аталады, ол ваттпен өлшенеді.
Эритемді ағын бірлігі эр болып табылады, ол толқын ұзындығы 297
нм және қуаты 1 Вт болатын УК- сәулелендіру ағынына тең.
Жануарға сәулелендіруде түсетін эритемді ағын тығыздығын эритемді
сәулелендірілу (Fэ) деп атайды. Ол түсетін эритемді ағынның
мәндерінің сәулелендіретін бет көлеміне қатынасына тең. 
24


11-кесте – УК сәулеленудің ауылшаруашлығы малдары мен
құстарына ұсынылатын мөлшерлері 
Жануар түрі
ДРТ-400 
(ПРК-2) типті шам
ЛЭ (15-30) типті шам
мөлшер, 
мэр·сағат/
м
2
сәулелену
уақыты,
мин
мөлшер
мэр·сағат/м
2
сәулелену
уақыты,
сағат
Сиырлар мен 
бұқалар
270-290
25-30
270-290
5-6
Тайыншалар мен 
құнажындар
180-210
20-25
180-210
4-5
6 айдан үлкен 
бұзаулар
160-180
15-20
160-180
4
6 айға дейінгі 
бұзаулар
120-140
15-20
120-140
3-3,5
Емшектегі 
торайлар
20-25
5-10
20-25
1-1,5
Енесінен айырған 
торайлар
60-80
10-15
60-80
2-2,5
Бордақыдағы 
мегежіндер мен 
шошқалар
80-90
15-20
80-90
3-4
Саулықтар
240-260
30-35
240-260
5-6
Енесінен 
айырмаған 
қозылар
220-240
25-30
220-240
4-5
Жұмыртқалайтын 
тауықтар: еденде
торда
20-25
40-50
10-15
5-10
20-25
-
2,5-3
-
Балапандар:
еденде
торда
15-20
20-25
3-5
5-7
15-20
-
1-2
-
Эритемді сәулелендіруді 1 м
2
тағы эрмен немесе 1 м
2
тағы
мэрмен (1 эр 1000 мэрге тең) өлшейді. Сәулелену уақытына эритемді
сәулеленудің туғызылуы эритемді сәулелену мөлшері (Нэ) деп
аталады. Егер сәулелену мөлшері, мысалы шошқаларда 60 мэр·сағат/
м
2
тең болса, эритемді сәулелену 30 мэр/ м
2
болады. Онда сәулелендіру
ұзақтығы 2 сағатты құрады. 
25


Эритемді сәулелену мен эритемді сәулелену мөлшерін уфиметр
және уфидозиметрмен өлшейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   79




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет