Май дайындауда темірлі су майлардың үдемелі
ыдырауына әкеп
соғады және майға металл татымын береді.
Темірді толығымен сапалық анықтау. Темірдің шала тотығын
тұздар тотығына ауыстырады, сонда олар роданды аммоний немесе
калиймен қосылып, қызыл түс береді.
Пробиркаға 10 мл зерттелетін су құйып, оған 2 тамшы
концентрлі тұз немесе азот қышқылын қосады. Пышақтың ұшымен 1-
2 тамшы 3 %-ті сутегі асқын тотығын немесе аммоний персульфатын
қосады. 4 тамшы 50 %-ды роданды калий немесе роданды аммоний
қосылады. Темірдің шамамен мөлшері кесте бойынша анықталады.
31-кесте –
Судағы темірді анықтау
Бүйірінен қарағандағы
пробиркадағы судың
боялуы
Жоғарыдан қарағандағы
пробиркадағы судың
боялуы
Темір
мөлшері,
мг/л
Боялу жоқ
Боялу жоқ
0,05 кем
Әрең білінетін сарғыш-
қызғылт
Өте
әлсіз сарылау -қызғылт
0,1
Өте әлсіз сарылау -қызғылт Ашық- сарылау -қызғылт
0,25
Әлсіз сарылау -қызғылт
Әлсіз сарылау -қызғылт
0,50
Ашық- сарылау -қызғылт
Сарылау
1,0
Сарылау-қызғылт
Сарылау-қызыл
2,5
Ашық сарылау-қызыл
Ашық-қызыл
5,0
Сондай ақ, шала тотыққан және тотыққан темірді анықтауға
болады.
Тотыққан темірді анықтау оның
жиынтығын анықтау сияқты
жүргізіледі. Айырмасы сутегі асқын тотығы немесе аммоний
персульфатынан тұратын тотықтырғыш қосылмауында.
Шала тотыққан темірдің мөлшері жиынтық және тотық темірдің
арасындағы айырмашылық бойынша анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: