Ауылшаруашылыєы жануарларыныѕ гигиенасы практикумы



Pdf көрінісі
бет33/79
Дата02.10.2023
өлшемі1.97 Mb.
#479521
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   79
Зоогигиена каз китап

4.2.5 Сульфаттарды анықтау
Сульфаттар (күкірт қышқылының тұздары) суда ыдыраған
белокты заттардың тотығуы нәтижесінде пайда болуы мүмкін, сондай
ақ, су көздеріне шаруашылықтық-тұрмыстық және өндірістік қалдық
сулардың түсуінде пайда болады. Судағы сульфаттар минералды текті
–гипс түрінде де болуы мүмкін.
Сапалық анықтау – пробиркаға 10 мг зерттелетін суды қосады,
2 тамшы тұз қышқылымен сұйылтып, 5 тамшы 10 %-ттік хлорлы
барий ертіндісін қосады. Суды қайнағанша қыздырады. Сульфаттар
бар болса, органикалық және минеральдық қышқылдарда ерімейтін
күкірт қышқылды барийдің ақ лайы пайда болады.
Сандық анықтау –стаканға 10 мл зерттелетін су құяды. Лай
суды мөлдірленгенше алдын ала сүзеді. Содан кейін суға 2 тамшы тұз
қышқылы мен 5 тамшы хлорлы барий қосады. Стаканның ішіндегісін
шыны таяқшамен 30 секунд бойы араластырып, стаканды А. В.
Озерновтың ең ұсақ шрифтына қояды. Стакандағы сұйықтық
тыныштық күйге келгенше номері жақсы көрінетін шрифтқа ашық
күндізгі жарықта немесе электрлі жарықтандыруда қарайды.
Егер суда сульфаттар көп болса, суда №5 шрифт көрінбесе, онда
суды екі есе сұйылтып, бағалағанда түзету енгізеді.
Органикалық текті сульфаттардың рұқсат етілетін мөлшері 80
мл/л көп емес, ал минералды –500 мг/л көп емес.
4.2.6 Судағы темірді анықтау
Жер асты суында топырақ минаралынан және қазба кендерінен
шыққан темірлі қосылыстар жиі кездеседі. Олардың мөлшері 1 л суда
1,5 мг болса, судың дәмі жағымсыз болып, сия дәміне ұқсап кетеді.
57


Май дайындауда темірлі су майлардың үдемелі ыдырауына әкеп
соғады және майға металл татымын береді.
Темірді толығымен сапалық анықтау. Темірдің шала тотығын
тұздар тотығына ауыстырады, сонда олар роданды аммоний немесе
калиймен қосылып, қызыл түс береді.
Пробиркаға 10 мл зерттелетін су құйып, оған 2 тамшы
концентрлі тұз немесе азот қышқылын қосады. Пышақтың ұшымен 1-
2 тамшы 3 %-ті сутегі асқын тотығын немесе аммоний персульфатын
қосады. 4 тамшы 50 %-ды роданды калий немесе роданды аммоний
қосылады. Темірдің шамамен мөлшері кесте бойынша анықталады.
31-кесте – Судағы темірді анықтау
Бүйірінен қарағандағы
пробиркадағы судың
боялуы 
Жоғарыдан қарағандағы
пробиркадағы судың
боялуы
Темір
мөлшері,
мг/л
Боялу жоқ
Боялу жоқ
0,05 кем
Әрең білінетін сарғыш-
қызғылт
Өте әлсіз сарылау -қызғылт
0,1
Өте әлсіз сарылау -қызғылт Ашық- сарылау -қызғылт
0,25
Әлсіз сарылау -қызғылт
Әлсіз сарылау -қызғылт
0,50
Ашық- сарылау -қызғылт
Сарылау 
1,0
Сарылау-қызғылт
Сарылау-қызыл
2,5
Ашық сарылау-қызыл
Ашық-қызыл
5,0
Сондай ақ, шала тотыққан және тотыққан темірді анықтауға
болады.
Тотыққан темірді анықтау оның жиынтығын анықтау сияқты
жүргізіледі. Айырмасы сутегі асқын тотығы немесе аммоний
персульфатынан тұратын тотықтырғыш қосылмауында.
Шала тотыққан темірдің мөлшері жиынтық және тотық темірдің
арасындағы айырмашылық бойынша анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   79




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет