«Қауіпті жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 маусымдағы №534 қаулысына өзгерістер енгізу туралы



Дата24.02.2016
өлшемі17.99 Kb.
#14129

«Қауіпті жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 маусымдағы №534 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 1567 қаулысы


Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Қауіпті жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 маусымдағы №534 қаулы­сына (Қазақстан Рес­пуб­ликасының ПҮАЖ-ы 2007 ж., №21, 241-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қауіпті жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы»;
1-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген қауіпті жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын:
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін жиырма бір күн мерзім өткен соң, бірақ 2012 жылғы 30 қаңтардан ерте емес қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі    К.МӘСІМОВ.


Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2011 жылғы 21 желтоқсандағы
№1567 қаулысына қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 шілдедегі


№534 қаулысымен бекітілген

Қауіпті жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары


Қауіпті жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде өтініш берушіге қойылатын біліктілік талаптары:
1) теңіз және өзен көлігімен:
Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес тиісті біліктілігі бар жүзбелі көлік құралының жинақталған кеме экипажының;
қауіпті жүктерді тасымалдауға арналған меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі жүзбелі көлік құралдарының;
жүзбелі көлік құралымен қауіпті жүк­тер­ді тасымалдауды жүзеге асыру мүм­кін­дігін растайтын кеме қатынасы тіркелімі немесе біліктілік қоғамы қорытындысының;
көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақ­тандыру туралы шарттың болуын қамтиды;
2) автомобиль көлігімен:
қауіпті жүктерді тасымалдауға арналған меншік құқығындағы, жалдау шарты немесе сенімхат негізіндегі автокөлік құрал­дарының;
көлік құралының жүргізушісінде тиісті санаттағы жүргізуші ретінде кемінде 3 жыл үзіліссіз жұмыс өтілінің;
жүргізушіні қауіпті жүкті тасымалдауға жіберу туралы куәліктің;
автокөлік құралын қауіпті жүкті тасы­малдауға жіберу туралы куәліктің;
көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақ­тан­дыру туралы шарттың болуын қамтиды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет