ҚАУЛЫ ЖОБАСЫ
Өскемен қаласының коммуналдық
меншігіне келіп түскен қараусыз қалған
жануарларды қабылдау және пайдалану
қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шілдедегі Азаматтық кодексінің 246-бабына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 18-бабының 22) тармақшасына, 31-бабына, 211-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағы-
ның 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жыл-
ғы 18 сәуірдегі № 49-ө өкімімен бекітілген Қазақстан Республикасының 2011 жы-
лғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілер тізбесінің 47-тармағына сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Өскемен қаласының коммуналдық меншігіне келіп түскен қараусыз қалған жануарларды қабылдау және пайдалану Қағидасы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.М. Искаковқа жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Өскемен қаласының
әкімі Т. Қасымжанов
Өскемен қаласы әкімдігінің
2015 жылғы __________
№ ______ қаулысымен
бекітілді
Өскемен қаласының коммуналдық меншігіне келіп түскен
қараусыз қалған жануарларды қабылдау және пайдалану
Қағидасы
-
Жалпы ережелер
1. Осы Қағидада келесі ұғымдар пайдаланылады:
1) жануарлар – ауыл шаруашылық және үй жануарлары;
2) қараусыз қалған жануарлар – иелері бар, бірақ олардың иелігінен (қамқорлығынан) уақытша шыққан, иелері жоқ немесе иелері белгісіз, сонымен қатар иесі меншік құқығынан бас тартқан жануарлар;
3) жануардың иесі – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес иелену, пайдалану және билік ету иелігіндегі жануары бар жеке немесе заңды тұлға;
4) ветеринария саласындағы уәкілетті орган – ветеринария саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын және басшылық жүргізетін, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган;
5) коммуналдық меншікті басқаратын уәкілетті орган – қаланың коммуналдық меншігін басқару саласында басшылық жүргізетін, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, атқарушы орган.
2. Тұлға бағуында болған қараусыз қалған немесе жайылымдағы малды және басқа да үй немесе асыранды жануарларды меншiгiне алудан бас тартқан жағдайда олар қалалық коммуналдық меншiкке түседi және осы Қағидаға сәйкес пайдаланылады.
-
Жануарлардың қалалық коммуналдық меншікке түсуінің тәртібі
3. Қараусыз қалған жануарларды қалалық коммуналдық меншікке қабылдау, қабылдау-беру актісі негізінде жүргізіледі. Қалалық коммуналдық меншікке түскен жануардың жасы, түрі, жынысы, түсі қабылдау-беру актісінде міндетті түрде тәртіпке сай көрсетілуі керек. Қабылдау-беру актісі жануарларды тапсыратын адамның, ветеринария саласындағы және коммуналдық меншікті басқаратын уәкілетті органның жауапты қызметкерінің қатысуымен жасалады.
2
-
Жануарларды бағалау және есеп
-
Қалалық коммуналдық меншікке түскен жануарларды одан әрі пайдалану үшін, оларды бағалау (қайта бағалау) және қалалық қоммуналдық мүлік тізіліміне енгізу шаралары жүргізіледі. Тізілімге енгізу және бағалау (қайта бағалау) жұмыстарын Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген тәртіпте коммуналдық меншікті басқаратын уәкілетті орган жүргізеді.
-
Жануарларды уақытша ұстау
5. Қалалық коммуналдық меншікке түскен жануарларды уақытша ұстау шартқа сәйкес 6 (алты) және оданда көп айға конкурстық негізде анықталған жеке немесе заңды тұлғаларға бекітіледі.
6. Жануарларды уақытша ұстайтын тұлғамен коммуналдық меншікті басқаратын уәкілетті орган шарт жасайды. Мемлекеттік тапсырыстың осы қызмет көрсету түрін орналастыру мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүргізіледі. Жануарларды уақытша ұстайтын адам анықталған кезде, міндетті түрде жайы (қорасы, сарайы), құрал-жабдығы және жұмыс тәжірибесі есепке алынуы қажет.
7. Жануарларды уақытша ұстау кезіндегі шығындар жергілікті бюджет қаражаты есебінен ұстаушы адамға өтеледі. Осы елді мекендегі нарық бағасы бойынша өтелетін шығынға жем-шөптің құны, мал өсіру нормасына сай және ұстаушының жалақысы анықталады. Ұстаушының жалақы мөлшері Қазақстан Республикасының заңымен белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінен төмен болмауы және мемлекеттік заңды тұлға қызметкерінің еңбекақы жүйесімен анықталған мөлшерінен аспауы керек.
8. Жануарларды ұстаушы адам кінәсінен олар жұтқа ұшыраса немесе жарамсыз болса, малдың құны көлемінде жауапкершілікке тартылады.
9. Қалалық коммуналдық меншікке түскен жануарларды ветеринарлық бақылау және жұқпалы ауруға шалдығуға қарсы вакцинациялау іс-шараларын ветеринария саласындағы уәкілетті орган қадағалауымен жүргізіледі. Ветеринарлық бақылау және вакцинациалау кезіндегі шығындар жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылады.
-
Қалалық коммуналдық меншікке түскен
жануарларды пайдалану тәртібі
10. Қалалық коммуналдық меншікке түскен жануарлар келесі бір әдістер арқылы пайдаланады:
1) аукцион арқылы сатылады;
3
2) сауда ұйымдары арқылы сатылады;
3) жануарларды қорғайтын мамандандылылған орындарға (ауыл шаруашылығы жануарлары және үй құстарынан басқа) немесе жеке тұлғаларға өтеусіз беріледі.
11. Қалалық коммуналдық меншікке түскен жануарларды одан әрі пайдалану тәсілін коммуналдық меншікті басқаратын уәкілетті орган құрған нақтылы жағдайларға байланысты тұрақты комиссия шешеді. Комиссияның құрамына ветеринария саласындағы уәкілетті орган және басқа да мүдделі органдар кіреді.
-
Жануарларды бұрынғы меншік иесіне қайтару
12. Жануарлар қалалық коммуналдық меншікке өткеннен кейін олардың бұрынғы меншік иесі келген жағдайда, осы жануарлардың бұрынғы меншік иесіне үйірсектігі сақталғанын немесе жаңа меншік иесінің оларға қатал немесе өзге де мейірімсіз қарағанын дәлелдетін мән-жайлар болған кезде комиссияның келісімімен, келісімге қол жетпеген жағдайда соттың тәртібінде шешімін табады.
13. Жануарларды бұрынғы меншік иесіне қайтару оларды ұстау кезіндегі шығындарды жергілікті бюджетің кірісіне өтегеннен кейін орындалады.
14. Егер де бұрынғы меншік иесінен оларды қайтару туралы өтініш түспей тұрып жануарлар басқа меншік иесіне сатылған болса немесе өтеусіз берілсе, жануарларды сатқан кездегі түсім немесе олардың құны бұрынғы меншік иесіне жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен өтеледі. Сонымен қатар жануарларды ұстауға байланысты қаржы қаражатының көлемі шегеріледі.
15. Жануарларды қайтару немесе құнын өтеу бұрынғы меншік иесі және коммуналдық меншікті басқаратын уәкілетті орган арасында шарт жасаумен рәсімделеді.
-
Соңғы ережелер
16. Жануарларды сатудан түскен қаражат заңнамада белгіленген тәртіпте жергілікті бюджеттің кірісіне түседі.
17. Жануарларды есепке алу, бағалау, сату және өтеусіз беру шығындары Өскемен қаласының бюджетінде көрсетілген қаржы жылының қаражаты есебіне сәйкес жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |