Қаулысымен бекітілген



Дата29.06.2016
өлшемі80 Kb.
#166021
Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы 13 қыркүйектегі

1195 қаулысымен



бекітілген



«Аса жеңіл авиация әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру» мемлекеттік қызмет стандарты


1. Жалпы ережелер

 

1. «Аса жеңіл авиация әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі - уәкілетті орган): 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1 мекенжайы бойынша көрсетеді.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 47-бабының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 318 қаулысымен бекітілген Аса жеңіл авиация саласындағы сертификаттау қағидасының (бұдан әрі - Қағида) негізінде жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттік қызмет стандарты: www.mtk.gov.kz мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында орналасқан.

5. Мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны аса жеңіл авиация әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын (телнұсқаны) беру немесе қағаз тасығашта мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрі - мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) алушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері - осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкілетті органға өтінім берген күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде;

2) телнұсқаны беру мерзімі - күнтізбелік 10 күн;

3) осы стандарттың 11-тармағында белгіленген қажетті құжаттарды тапсырған кезде уәкілетті органда кезекте күтудің рұқсат етілген ең көп уақыты - 20 минуттан аспайды;

4) аса жеңіл авиация әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын алған кезде уәкілетті органда кезекте күтудің рұқсат етілген ең көп уақыты - 30 минуттан аспайды.

8. Мемлекеттік қызмет тегін болып табылады.

9. Уәкілетті органның жұмыс кестесі:

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген демалыс және мереке күндерінен басқа, күн сайын сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін.



Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз, кезек тәртібімен жүзеге асырылады.

10. Мемлекеттік қызмет көрсету уәкілетті органның дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға жағдайлар жасалған, күту және құжат толтыру, қажетті құжаттар тізбесі және оларды толтыру үлгілері, нормативтік құқықтық актілерден үзінділер (үзінді көшірмелері) көрсетілген стенділермен қамтамасыз етілген ғимараттарында жүзеге асырылады.



Уәкілетті органда жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша талдау жүргізу, жұмысты одан әрі жетілдіру үшін қоғамдық пікірді зерделеу мақсатында, жеке және заңды тұлғаларға арналған шағымдар мен ұсыныстар кітабы жүргізіледі.

 

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі



 

11. Мемлекетті қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы немесе сенімхат бойынша оның уәкілетті өкілі осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысаны бойынша аса жеңіл авиация әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру туралы өтінішті сертификат алу үшін мынадай құжаттарды қоса отырып береді:

1) аса жеңіл авиацияның әуе кемесі данасының сәйкестік куәлігінің немесе үлгі сертификатының көшірмесі;

2) техникалық комиссия берген аса жеңіл авиация әуе кемесінің пайдалануға жарамдылығы туралы бағалау актісінің түпнұсқасы;

3) аса жеңіл авиация әуе кемесін пайдалану құқығын беретін шарттың немесе құжаттың көшірмесі (бар болған жағдайда);

4) аса жеңіл авиация әуе кемесін қабылдау - тапсыру актісінің көшірмесі;

5) аса жеңіл авиация әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі.

Құжаттардың жоғарыда көрсетілген барлық көшірмелері мемлекеттік қызметті алушының қолымен және мөрімен расталады.

Аса жеңіл авиация әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатының телнұсқасын алу үшін мемлекеттік қызмет алушы уәкілетті органға еркін нысанда өтінішті және осы стандартта көзделген тәртіппен мемлекеттік қызмет алушы жүргізген қызметтік тексеру материалдарын ұсынады.

12. Белгіленген үлгідегі өтініш нысаны уәкілетті органның www.mtk.gov.kz  сайтында орналасқан.

13. Осы стандарттың 11-тармағында санамаланған құжаттар уәкілетті органның кеңсесіне осы стандарттың 1-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша ұсынылады.

14. Уәкілетті орган құжаттарды қабылдау кезінде мемлекеттік қызметті алушыға осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес құжаттарды қабылдау туралы талон береді.

15. Аса жеңіл авиация әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығы сертификатын уәкілетті органның қызметкері мемлекеттік қызметті алушыға жеке келуі кезінде берілген сертификаттарды есепке алу және тіркеу журналында қол қойғызып береді.

16. Мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:



1) ұсынылған осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың Қағидалардың талаптарына сәйкес болмауы;

2) аса жеңіл авиация әуе кемесінің пайдалануға сәйкес келмеуі туралы бағалау актісі.

Мемлекеттік қызметті алушыға осы стандарттың 7-тармағында көрсетілген мерзімде бас тарту себептерін көрсете отырып, жазбаша түрде дәлелді жауап беріледі.



Уәкілетті орган мемлекеттік қызметі алушының құжаттарын қабылдаған мерзімнен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге міндетті. Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі белгілі болған жағдайда, уәкілетті орган көрсетілген мерзімдерде өтінішті одан әрі қарау туралы жазбаша түрде дәлелді жауап береді.

 

 

3. Жұмыс қағидаттары



 

17. Уәкілетті органның қызметі адамның конституциялық құқықтарын, қызметтік борышын атқару кезінде заңдылықтың, Мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексінің сақталуына негізделеді және сыпайылық, толық ақпарат ұсыну, оның сақталуын, қорғалуы мен құпиялығын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырылады.



 

 

4. Жұмыс нәтижелері



 

18. Уәкілетті органның жұмыс нәтижелері осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

19. Уәкілетті органның жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапасы мен тиімділігі көрсеткіштерінің нысаналы мәні жыл сайын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің бұйрығымен бекітіледі.

 

 

5. Шағымдану тәртібі



 

20. Мемлекеттік қызметті ұсыну сапасы бойынша талаптар болған жағдайда уәкілетті органның қызметкерлері лауазымды тұлғалардың іс-әрекетіне (әрекетсіздігін) шағым беру тәртібін мына мекенжай бойынша түсіндіреді: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, электрондық пошта: kga_info@mtc.gov.kz, қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (7172) 24-26-05.

21. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, шағым Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне мына мекенжай бойынша ұсынылады: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, электрондық поштаның мекенжайы: mtc@mtc.gov.kz, кеңсенің телефоны: 8 (7172) 24-14-19.



Уәкілетті органның жұмыс кестесі: демалыс және мереке күндерінен басқа, күн сайын сағ. 9:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін.

22. Дұрыс қызмет көрсетілмеген жағдайда, шағым уәкілетті орган басшысының атына мынадай мекенжай бойынша беріледі: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, электронды пошта: kga_info@mtc.gov.kz, қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (7172) 24-26-05.

23. Көрсетілген мемлекеттік қызмет қорытындыларымен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметті алушының заңда белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

24. Шағым еркін нысанда жасалады.

25. Қабылданған шағым жеке (заңды) тұлғалардың өтініштерін тіркеу журналында тіркеледі. Шағымның қабылданғанын растайтын құжат күні мен уақыты, шағымды қабылдаған тұлғаның аты-жөні, сондай-ақ берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны және осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шағымды қарау үшін жауапты лауазымды адамдардың байланыс деректері көрсетілген талон болып табылады.

Шағымды қарау нәтижелері туралы мемлекеттік қызметті алушыға «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңының 8-бабына сәйкес жазбаша түрде пошта немесе электрондық пошта арқылы хабарланады.

26. Уәкілетті органның сенім телефоны: 8 (7172) 24-31-65.

 

«Аса жеңіл авиация әуе



кемесінің ұшуға жарамдылығы

сертификатын беру»

мемлекеттік қызметтің стандартына



1-қосымша

 

 

Өтінім

 

1. _______ ж. «_______» ____ №________ тізілімге енгізілген аса жеңіл авиация әуе кемесінің ұшуға жарамдылық сертификатын беруді сұраймын:

Түрі ______________________________________________________________________________________________________

Әуе кемесінің мақсаты ______________________________________________________________________________________

1) Әуе кемесін сериялық (зауыттық) нөмірі _____________________________________________________________________

2) Әуе кемесін әзірлеу күні ___________________________________________________________________________________

3) Әзірлеушінің атауы _______________________________________________________________________________________

4) Әзірлеуші мемлекет _______________________________________________________________________________________

5) Үлгі сертификаты (немесе балама құжат):

_________, берілген күнi

2. Өтініш беруші туралы мәліметтер:

1) Мекенжайы _____________________________________________________________________________________________

2) Телефоны____________________ Факсы _______________________________

3) Электронды поштасының мекенжайы (бар болса) _____________________________________________________________

4) Жеке сәйкестендіру нөмірі (ИЖН) ___________________________________________________________________________

5) Бизнес сәйкестендіру нөмірі (БИН)___________________________________________________________________________

6) ӘК пайдаланушы - жеке тұлға болса:

Тегі, аты, әкесінің аты ________________________________________________________________________________________

7) ӘК пайдаланушы - заңды тұлға болса:

Ұйымның толық атауы _______________________________________________________________________________________

Басшының тегі, аты, әкесінің аты _______________________________________________________________________________

3. ӘК данасының орналасқан жері _____________________________________________________________________________

4. Соңғы жөндеу жүргізілген күні мен жері ______________________________________________________________________

5. Әуе кемесінің ұшуы пайдаланудан бастап:_____ сағ._________ соңғы __________ жыл

соңғы жөндеуден кейін:_______________________ сағ.________ соңғы __________ жыл

6. Жөндеуге дейін қалған ресурс:________________ сағ._______ соңғы __________ жыл

7. Массасы, кг _____________ орталықтандыру, % _________________________________________________________________

8. Пайдаланушының техникалық жағдайды тексеру актісін бекіткен күнi

____________________________________________________________________________________________________________

9. Техникалық байқауды кім жүргізеді ____________________________________________________________________________

10. Әуе кемесін жетілдіруді, өзгертуді орындаған ұйым, орындау күнi

_____________________________________________________________________________________________________________

11. Пайдаланушының заңды мекенжайы, телефоны, факсы ___________________________________________________________

_____________________________________________________________________________________________________________

12. Пошталық мекенжайы: ______________________________________________________________________________________

 

М.О         ___________________________________________________________________________________________________

(лауазымы)

 

«Аса жеңіл авиация әуе



кемесінің ұшуға жарамдылығы

сертификатын беру»

мемлекеттік қызметтің стандартына

2-қосымша

 

 

Өтініштің қабылданғаны туралы талон

 

1. Өтінішті тіркеу нөмірі ______________________________________________________________________________________

Өтініштің тіркелген күні 201__жылғы «___» _____________________________________________________________________

2. ________________________________________________________________________________________________________

(көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрі)

3. ______________________________________________________________________________________________ қабылданды.

(мемлекеттік қызметті алушы өкілінің аты-жөні)

4. Қоса берілетін құжаттар саны _____ мен тізбесі:

1) _________________________________________________________________________________________________________

2) _________________________________________________________________________________________________________

3) _________________________________________________________________________________________________________

4) _________________________________________________________________________________________________________

5) _________________________________________________________________________________________________________

6) _________________________________________________________________________________________________________

7) _________________________________________________________________________________________________________

8) _________________________________________________________________________________________________________

9) _________________________________________________________________________________________________________

5. Қабылдаған:

_______________________________/ ________________/ __________________

(Уәкілетті орган қызметкерінің лауазымы) (қолы)          (Т.А.Ә.)

6. Құжатты беру күні (уақыты) және орны: 20___ жылғы «___» __________ ___ сағ.___мин,________________ мекенжай бойынша.

 

«Аса жеңіл авиация әуе



кемесінің ұшуға жарамдылығы

сертификатын беру»

мемлекеттік қызметтің стандартына

3-қосымша

 

 

Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні

 

Сапа және тиімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің алдыңғы жылдағы нысаналы мәні

Көрсеткіштің есептік жылдағы ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақыттылығы

1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап қызметті белгіленген мерзімде ұсыну жағдайларының %-ы(үлесі)

 

 

 

2. Сапасы

2.1. Қызмет көрсету үдерісінің сапасына қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушылардың %-ы (үлесі)

 

 

 

3. Қолжетімділігі

3.1.Қызмет көрсету сапасына және оның тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушылардың %-ы (үлесі)

 

 

 

3.2. Ақпаратқа электрондық форматта қол жеткізуге болатын қызметтердің %-ы (үлесі)

 

 

 

4. Шағымдану үдерісі

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушылардың %-ы (үлесі)

 

 

 

5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушылардың %-ы(үлесі)

 

 

 

 

«Аса жеңіл авиация әуе



кемесінің ұшуға жарамдылығы

сертификатын беру»

мемлекеттік қызметтің стандартына

4-қосымша

 

 

Талон

 

___________________________________________________________

(субъектінің атауы)

Өтінімді қабылдаған _________________________________________

(маманның Т.А.Ә.)

20___ ж. «__» _________ ___ сағат ___ мин.

Тапсыру мерзімі және жауап алу орны 20__ жылғы «___» _______ дейін,

_______________________________________________ мекенжай бойынша.

 

(мөлшері 75 мм х 55 мм)

 

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет