Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 13 қыркүйектегі
№ 1195 қаулысымен
бекітілген
«Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру»
мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі - уәкілетті орган) арқылы 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1 мекенжайы бойынша, сондай-ақ «электрондық үкімет» www.e.gov.kz веб-порталы немесе «Е-лицензия» www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.
3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің 1992 жылғы 2 шілдедегі қаулысымен ратификацияланған Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға (Чикаго, 1944 ж.) 8-қосымшаның, «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 29-бабының, «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 17) тармақшасы мен 47-бабының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 962 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттау және сертификат беру қағидасының (бұдан әрі - Қағида) негізінде жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы толық ақпарат:
1) www.mtk.gov.kz мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында;
2) порталда орналастырылған.
Мемлекеттік қызметтің көрсетілу тәртібі бойынша ақпаратты call-орталықтың 1414 немесе 8 (7172) 24-27-10 телефондары арқылы алуға болады.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижелері:
1) уәкілетті органда - Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын (телнұсқасын) беру не қағаз тасығышта мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру;
2) порталда - уәкілетті органның уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған, электрондық құжат нысанындағы Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын (телнұсқасын) не уәкілетті органның уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, электрондық құжат нысанындағы дәлелді бас тартуды беру болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.
7. Мерзімдер:
1) мемлекеттік қызметті көрсету мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап - осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкілетті органға немесе порталға өтінімді берген күнінен бастап күнтізбелік 30 күн;
2) уәкілетті органға өтініш берген жағдайда телнұсқаны беру - күнтізбелік 7 күн;
3) бас тарту себептерін көрсете отырып мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру - уәкілетті органға өтінімді берген күнінен бастап күнтізбелік 10 күн;
4) осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған кезде уәкілетті органда кезекте күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 20 минуттан аспайды;
5) уәкілетті органда азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын (телнұсқасын) алу кезіндегі кезекте күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 30 минуттан аспайды.
8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
9. Жұмыс кестесі:
1) уәкілетті органда: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген демалыс және мереке күндерінен басқа, күн сайын сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен жүзеге асырылады.
2) порталда - тәулік бойы.
10. Мемлекеттік қызметті көрсету:
1) дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға жағдайлар жасалған, күту және құжат толтыру, қажетті құжаттар тізбесі және оларды толтыру үлгілері, нормативтік құқықтық актілерден үзінділер (үзінді көшірмелері) көрсетілген стенділермен жарақтандырылған уәкілетті органның ғимараттарында жүзеге асырылады.
Уәкілетті органда жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша талдау жүргізу, жұмысты одан әрі жетілдіру үшін қоғамдық пікірді зерделеу мақсатында жеке және заңды тұлғаларға арналған шағымдар мен ұсыныстар кітабы жүргізіледі.
2) порталда - мемлекеттік қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы:
уәкілетті органға:
1) осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру туралы өтінішті;
2) осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес әуе кемесінің (бұдан әрі - ӘК) техникалық жай-күйін тексеру және ұшуға жарамдылығын айқындау актісін;
3) егер әуе кемесі жалға алынса, жалға алу туралы шарттар мен қабылдау-тапсыру актісінің көшірмелерін;
4) әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесін;
5) осы стандартқа 7-қосымшаға сәйкес азаматтық әуе кемесінің пайдалануға жарамдылығы туралы бағалау актісі түрінде сертификаттың тексеруге алдын ала қорытындысын береді.
Құжаттардың жоғарыда көрсетілген барлық көшірмелері мемлекеттік қызметті алушының қолымен және мөрімен расталады, алайда құжаттар электронды түрде тапсырылған жағдайда өтініш берушінің қолы қойылмайды және мөрімен куәландырылмайды.
порталда:
1) осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтінішті;
2) электрондық түрдегі құжат - осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес ӘК техникалық жай-күйін тексеру және ұшуға жарамдылығын айқындау актісін;
3) электрондық түрдегі құжат - әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесін;
4) электрондық түрдегі құжат - егер әуе кемесі жалға алынса, жалға алу туралы шарттың және қабылдау-тапсыру актісінің көшірмелерін;
5) электрондық түрдегі құжат - азаматтық әуе кемесінің пайдалануға жарамдылығы туралы бағалау актісі түрінде сертификаттың тексеруге алдын ала қорытындысын береді.
12. Белгіленген үлгідегі өтініш нысаны уәкілетті органның www.mtk.gov.kz сайтында орналасқан.
Мемлекеттік қызметті алу үшін сұрау салу Портал арқылы электрондық нысанда толтырылады.
13. Осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар, осы стандарттың 1-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша уәкілетті органның кеңсесіне ұсынылады.
Портал арқылы жүгінген кезде электрондық сұрау салуды жөнелту мемлекеттік қызмет алушының «жеке кабинетінен» жүзеге асырылады. Сұрау салу автоматты түрде уәкілетті органға жіберіледі.
14. Уәкілетті орган құжаттарды қабылдау кезінде мемлекеттік қызметті алушыға осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес құжаттарды қабылдау туралы талон береді.
Порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызмет алушыға «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік қызмет көрсетуді беруге сұрау салуды қабылдау туралы хабарлама-есеп жіберіледі.
15. Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын уәкілетті органның қызметкері мемлекеттік қызметті алушыға өзі келген кезде берілген сертификаттарды тіркеу және есепке алу журналына қол қойғызып береді.
Мемлекеттік қызметті алушы ұшу жарамдылығы сертификатын порталда «жеке кабинетінде» электрондық құжат түрінде алады.
16. Мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:
1) осы стандарттың 11-тармағында келтірілген құжаттардың Қағиданың талаптарына сәйкес болмауы;
2) азаматтық әуе кемесінің пайдалануға сәйкес келмеуі туралы бағалау актісінің болуы;
3) «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабында көзделген негіздер.
Мемлекеттік қызметті алушыға өтінімді алу сәтінен бастап күнтізбелік 10 күннің ішінде бас тарту себептерін көрсете отырып, жазбаша түрде дәлелді жауап беріледі.
Уәкілетті орган мемлекеттік қызметті алушының құжаттарын қабылдаған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге міндетті. Ұсынылған құжаттардың толық болмауы фактісі анықталған жағдайда, уәкілетті орган көрсетілген мерзімдерде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша түрде дәлелді бас тарту береді.
Тұтынушы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты порталда «жеке кабинетінде» электрондық құжат нысанында алады.
Егер Комитет белгіленген мерзімде мемлекеттік қызметті алушыға сертификатты бермесе немесе дәлелді жазбаша бас тарту ұсынылмаған жағдайда, оны беру мерзімі аяқталған күннен бастап сертификат берілді деп есептеледі.
3. Жұмыс қағидаттары
17. Уәкілетті органның қызметі адамның конституциялық құқықтарының, қызметтік борышын атқару кезінде заңдылықтың, Мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексінің сақталуына негізделеді және сыпайылық, барынша толық ақпарат ұсыну, оның сақталуын, қорғалуы мен құпиялығын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырылады.
4. Жұмыс нәтижелері
18. Уәкілетті органның жұмыс нәтижелері осы стандартқа 5-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
19. Уәкілетті органның жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапасы мен тиімділігі көрсеткіштерінің нысаналы мәндері жыл сайын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің бұйрығымен бекітіледі.
5. Шағымдану тәртібі
20. Мемлекеттік қызметті ұсыну сапасы бойынша наразылықтар болған жағдайда лауазымды адамдардың іс-әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібін уәкілетті органның қызметкерлері мына мекенжай бойынша түсіндіреді: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, электрондық поштаның мекенжайы: kga_info@mtc.gov.kz, қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (7172) 24-26-05.
21. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне мына мекенжай бойынша беріледі: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, электрондық поштаның мекенжайы: mtc@mtc.gov.kz, кеңсенің телефоны: 8 (7172) 24-14-19.
Уәкілетті органның жұмыс кестесі: демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін.
22. Дұрыс қызмет көрсетілмеген жағдайда, шағым уәкілетті орган басшысының атына мына мекенжай бойынша беріледі: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1 мекенжайы, электрондық поштаның мекенжайы: kga_info@mtc.gov.kz, қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (7172) 24-26-05.
23. Мемлекеттік қызметті алушының көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
24. Шағым еркін нысанда жазылады.
25. Қабылданған шағым жеке (заңды) тұлғалардың өтініштерін есепке алу журналында тіркеледі. Шағымның қабылданғанын растайтын құжат осы стандартқа 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, күні мен уақыты, жасалған шағымға жауап алу мерзімі мен орны және шағымды қарауға жауапты лауазымды адамның байланыс деректері көрсетілген талон болып табылады.
Мемлекеттік қызметті алушыға шағымды қарау нәтижелері туралы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес пошта немесе электрондық пошта арқылы жазбаша түрде хабарланады.
26. Уәкілетті органның сенім телефоны: 8 (7172) 24-31-65.
«Азаматтық әуе кемесінің
ұшу жарамдылығы сертификатын беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
1-қосымша
Электрондық құжат нысанындағы өтініш
1. ЖИН ______________________________________________________________________________________________
2. ЖК/ЖТ/ЗТ атауы ____________________________________________________________________________________
3. Әуе кемесінің тізілімдегі нөмірі _________________________________________________________________________
4. Тізілімге әуе кемесін енгізу күні _________________________________________________________________________
(күні/айы/жылы)
5. Әуе кемесінің үлгісі __________________________________________________________________________________
6. Әуе кемесінің мақсаты:
1. Жолаушылар
2. Жүк тасымалдау
3. Ауысымды
4. Жүк-жолаушылар
|
5. Арнайы мақсаттағы
6. Санитариялық
7. Оқу-жаттығу
|
7. Әуе кемесінің сериялық (зауыттық) нөмірі _________________________________________________________________
8. Әуе кемесінің жасалған күні ____________________________________________________________________________
(күні/айы/жылы)
9. Шығарушының атауы __________________________________________________________________________________
10. Шығарушы - мемлекет ________________________________________________________________________________
11. Үлгі сертификатының (немесе балама құжаттың) нөмірі ____________________________________________________
12. Үлгі сертификатының (немесе балама құжаттың) берілген күні
_______________________________________________________________________________________________________
(күні/айы/жылы)
13. ӘК данасының орналасқан жері ________________________________________________________________________
14. ӘК данасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүргізген техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымның атауы
_______________________________________________________________________________________________________
15. ӘК данасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүргізген техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымның мекенжайы
________________________________________________________________________________________________________
16. Пайдалану басталғанынан бастап әуе кемесінің ұшуы
__________________ сағ. _________________ қонуы _________________ жыл
Әуе кемесінің соңғы жөндеуден кейінгі ұшуы
__________________ сағ. _________________ қонуы _________________ жыл
17. Жөндеуге дейін ресурстың қалдығы
__________________ сағ. _________________ қонуы _________________ жыл
18. Массасы, кг __________________________________________________________________________________________
19. Орталықтау, % САХ _________________________, ______________
20. Пайдаланушының техникалық жай-күйін тексеру актісін
бекіткен күні ____________________________________________________________________________________________
(күні/айы/жылы)
21. Техникалық байқауды кім жүргізді _______________________________________________________________________
22. Әуе кемесін жетілдіруді, өзгертуді орындаған ұйым
________________________________________________________________________________________________________
23. Орындаған күні _______________________________________________________________________________________
(күні/айы/жылы)
24. Ұшуға пайдалану жөніндегі нұсқауға енгізілген өзгеріс (егер болса)
________________________________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________________________________
25. Техникалық пайдалану жөніндегі нұсқауға енгізілген өзгеріс
(егер болса)
________________________________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________________________________
26. Техникалық қызмет көрсету регламентіне енгізілген өзгеріс
(егер болса)
________________________________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________________________________
27. RVSM бойынша әуе кемесінің ұшуға рұқсаты туралы ақпарат
Қаралмаған/рұқсат етілген
28. Әуе кемесіне ИКАО санаты бойынша ұшуға рұқсат І, II, III, санаты жоқ
29. Әуе кемесінде орнатылған радиотарату аппаратурасы бойынша деректер
_______________________________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________________________
30. Әуе кемесінің ұйымдастырылған тректер жүйесіндегі (OTS) рұқсаты бойынша деректер
Қаралмаған/рұқсат етілген
31. Электрондық пошта (ол болған жағдайда) мекенжайы _____________________________________________________
32. Тегі, аты, әкесінің аты (егер ӘК пайдаланушы жеке тұлға болса) _____________________________________________
33. Ұйымның толық атауы (егер ӘК пайдаланушы заңды тұлға болса)
_______________________________________________________________________________________________________
34. Басшының тегі, аты, әкесінің аты (егер ӘК пайдаланушы заңды тұлға болса)
_______________________________________________________________________________________________________
35. Өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге жауапты қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (егер ӘК пайдаланушы заңды тұлға болса)
_______________________________________________________________________________________________________
36. Өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге жауапты қызметкердің телефоны (егер ӘК пайдаланушы заңды тұлға болса)
_______________________________________________________________________________________________________
37. Тіркелген құжаттар:
1. Әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің сканерлік көшірмесі (иә, жоқ)
2. ӘК техникалық жай-күйін тексеру және ұшуға жарамдылығын айқындау актісінің сканерлік көшірмесі (иә, жоқ)
3. Әуе кемесін жалға алу туралы шартының сканерлік көшірмесi (иә, жоқ)
4. Әуе кемесін қабылдау-тапсыру актісінің сканерлік көшірмесi (иә, жоқ)
5. Азаматтық әуе кемесінің пайдалануға жарамдылығы туралы бағалау актісі түрінде сертификаттың тексеруге алдын ала қорытындысының сканерлік көшірмесі (иә, жоқ)
«Азаматтық әуе кемесінің
ұшу жарамдылығы сертификатын беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
2-қосымша
ӨТІНІШ
1. Мемлекеттік тізілімге ______ ж. «___» _______ № ______ болып енгізілген әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттауды өткізуді және сертификат беруді сұраймын:
Үлгісі ________________________________________________________________________________________________
Әуе кемесінің мақсаты __________________________________________________________________________________
Әуе кемесінің сериялық (зауыттық) нөмірі _________________________________________________________________
Әуе кемесінің жасалған күні _____________________________________________________________________________
Шығарушының атауы __________________________________________________________________________________
Шығарушы мемлекет ___________________________________________________________________________________
Үлгі сертификаты (немесе баламалы құжат):
№ ___________________________ берілген күні _________________________
2. Өтініш беруші туралы мәліметтер:
Мекенжайы _________________________________________________________________________________________
Телефоны: __________________ Факсы: _________________________________
Электрондық пошта мекенжайы (ол болған жағдайда) ______________________________________________________
Егер ӘК пайдаланушы-жеке тұлға болса:
Тегі, аты, әкесінің аты _________________________________________________________________________________
Егер ӘК пайдаланушы заңды тұлға болса:
Ұйымның толық атауы ________________________________________________________________________________
Басшының тегі, аты, әкесінің аты ________________________________________________________________________
Өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге жауапты қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты, телефоны ______________________
3. ӘК данасының орналасқан жері _______________________________________________________________________
4. ӘК данасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүргізген техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымның атауы және мекенжайы __________________________________________________________________________________________
5. Әуе кемесінің ұшуы
- пайдалану басталғаннан бастап: ____ сағ. _____ қонуы ____ жыл
- соңғы жөндеуден кейін: ______ сағ. _______ қонуы ________ жыл
6. Жөндеуге дейінгі ресурс қалдығы: ____ сағ. ___ қонуы ___ жыл
7. Массасы, кг ______________________. Орталықтау, % СAX ________________________________________________
8. Пайдаланушының техникалық жай-күйін тексеру актісін бекіткен
күні __________________________________________________________________________________________________
9. Техникалық байқауды кім жүргізді _______________________________________________________________________
10. Әуе кемесін жетілдіруді, өзгертуді орындаған ұйым, орындаған күні __________________________________________
11. Пайдалану техникалық деректерге енгізілген, жүргізілген
жетілдірудің нәтижесі болған өзгерістер көрсетілсін (егер орын алса):
ұшуға пайдалану жөніндегі нұсқау: ________________________________________________________________________
техникалық пайдалану жөніндегі нұсқау:____________________________________________________________________
техникалық қызмет көрсету регламенті: _____________________________________________________________________
12. RVSM бойынша әуе кемесінің ұшуға рұқсаты туралы ақпарат:
______________________________________________________________________________________________________
13. Әуе кемесіне ИКАО ___ санаты бойынша ұшуға рұқсат берілген.
14. Әуе кемесінде орнатылған радиотарату аппаратурасы бойынша деректері.
15. Әуе кемесінің ұйымдастырылған тректер жүйесіндегі (OTS) рұқсаты бойынша деректер.
Порталға өтініш жасаған жағдайда өтініштің электронды нысаны толтырылады.
«Азаматтық әуе кемесінің
ұшу жарамдылығы сертификатын беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
3-қосымша
«Бекітемін»
Пайдаланушының
бірінші басшысы
_______________________
(қолы, Т.А.Ә.)
20__ ж «___» _________.
Әуе кемесінің техникалық жай-күйін тексеру және ұшуға
жарамдылығын айқындау
АКТІСІ
Комиссия мынадай құрамда:
Төраға __________________________________________________________________________________________
(лауазымы, Т.А.Ә.)
Комиссия мүшелері _______________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________________________
(лауазымы, Т.А.Ә)
200__ ж. «___» _____________ техникалық тексеру жүргізді
_________________________________________________________________________________________________
(әуе кемесінің үлгісі және мақсаты)
мемлекеттік және тіркеу белгілері _____________________________________________________________________
сериялық (зауыттық) нөмірі __________________________________________________________________________
1. Әуе кемесі туралы мәліметтер:
ӘК зауыттан шығарылған күні
|
|
Белгіленген ресурс
|
_____ сағ ____ қонуы ____ жыл
|
Пайдалана бастағаннан бергі ұшуы
|
_____ сағ ____ қонуы ____ жыл
|
Жөндеу саны
|
_____ сағ ____ қонуы ____ жыл
|
Соңғы жөндеудің жүргізілген мерзімі және орны, Авиажөндеу зауыты
|
_____ сағ ____ қонуы ____ жыл
|
Соңғы жөндеуден кейінгі ұшуы
|
_____ сағ ____ қонуы ____ жыл
|
Жөндеуге дейінгі ресурс қалдығы
|
_____ сағ ____ қонуы ____ жыл
|
Жөндеуаралық ресурс
|
_____ сағ ____ қонуы ____ жыл
|
2. АӘК-ның ресурсын ұзарту үшін негіз ___________________________________________________________
3. Қозғалтқыш ресурсын ұзарту үшін негіз __________________________________________________________
4. Қозғалтқыштар мен әуе винттері жөніндегі мәліметтер:
Қозғалтқыш/әуе винті
Үлгісі
|
1-ші 2-ші 3-ші 4-ші ККО
|
|
Зауыттық нөмірі
|
|
Пайдаланудан бері ұшу жұмысы (сағат)
|
|
|
Соңғы жөндеу күні
|
|
Пайдалану басталғаннан бергі орындалған жұмыс (сағат)
|
|
|
Жөндеуге дейінгі ресурс қалдығы (сағат)
|
|
|
Жөндеу саны
|
|
|
|
5. Әуе кемесі ___________________________________________________________________________________ көлемінде қаралған,
(мерзімді ТҚ немесе жөндеу нысаны)
________________ формулярына ол туралы жазу енгізілген _____________________________________________________
(күні)
6. Әуе кемесінің жиынтықтылығы __________________________________________________________________________
7. Әуеде соқтығысудың алдын алатын борттық жүйенің болуы
_______________________________________________________________________________________________________
8. Осы актіні жасау мерзіміне орындау үшін міндетті, осы үлгідегі әуе кемесінің барлық пысықтаулары орындалды; бекітілген құжатта көзделген, үлгілік конструкцияда өзгертулер жоқ.
9. Ұшуды пайдалану бойынша басшылықтың өзгерістерін бекіткен ұйым, бекітілген күні _____________________________
10. Азаматтық әуе кемесінің техникалық жай-күйі, ұшуға жарамдылығы және Ұшуға жарамдылығы сертификатын (жарамдылық мерзімін ұзарту) беру мүмкіндігі туралы комиссия қорытындысы
_______________________________________________________________________________________________________
Төраға: _________________________________________________________________________________________________
(қолы, күні, Т.А.Ә.)
Комиссия мүшелері: ______________________________________________________________________________________
(қолы, күні, Т.А.Ә.)
М.О.
11. Пайдаланушының инженерлік-авиациялық қызметі басшысының азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы туралы қорытындысы (оның ішінде қажетті жабдықтар болған жағдайда, халықаралық трассалар бойынша ұшуға)
Қорытынды: «Ұшақ (тікұшақ) техникалық ақаусыз және пайдалануға жарамды» немесе «Ұшақ (тікұшақ) техникалық ақаулы және пайдалануға жарамсыз».
Төраға: _________________________________________________________________________________________
(қолы, күні, Т.А.Ә.)
Комиссия мүшелері: ______________________________________________________________________________
(қолы, күні, Т.А.Ә.)
М.О.
12. Акт парағының әр бетіне комиссия төрағасының қолы және пайдаланушының мөрі қойылуы тиіс.
13. Актінің қолданылу мерзімі бекітілген күнінен бастап бір ай.
«Азаматтық әуе кемесінің
ұшу жарамдылығы сертификатын беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
4-қосымша
Өтінішті қабылдау туралы талон
1. Өтініштің тіркелу нөмірі _________________________________________________________________________
Өтінішті тіркеу күні «___» __________________________ 201__ жыл
2. ______________________________________________________________________________________________
(мемлекеттік қызмет көрсетудің түрі)
3. ___________________________________________________________________________________ қабылданды
(мемлекеттік қызмет алушы өкілінің Т.А.Ә.)
4. Саны _________ және қоса берілген құжаттар тізбесі:
1) ______________________________________________________________________________________________
2) ______________________________________________________________________________________________
3) ______________________________________________________________________________________________
4) ______________________________________________________________________________________________
5) ______________________________________________________________________________________________
6) ______________________________________________________________________________________________
7) ______________________________________________________________________________________________
8) ______________________________________________________________________________________________
9) _____________________________________________________________________________________________.
5. Қабылдап алды:
___________________________________________ /__________/ ____________
(Уәкілетті органның қызметкерінің лауазымы) (қолы) (Т.А.Ә.)
«___» _________ ____ ж.
6. Берілу мерзімі (уақыты) және орны: ____ сағ. ____ мин. «___»
___________ 201__ жылы, __________________________ мекенжайы бойынша.
«Азаматтық әуе кемесінің
ұшу жарамдылығы сертификатын беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
5-қосымша
Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні
Сапа және тиімділік көрсеткіштері
|
Көрсеткіштің нормативтік мәні
|
Көрсеткіштің алдыңғы жылдағы нысаналы мәні
|
Көрсеткіштің есептік жылдағы мәні
|
1
|
2
|
3
|
4
|
1. Уақтылығы
|
1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап қызметті белгіленген мерзімде ұсыну жағдайларының %-ы (үлесі)
|
|
|
|
2. Сапасы
|
2.1. Қызмет көрсету үдерісінің сапасына қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушылардың %-ы (үлесі)
|
|
|
|
3. Қолжетімділігі
|
3.1. Қызмет көрсету сапасына және оның тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушылардың %-ы (үлесі)
|
|
|
|
3.2. Ақпаратқа электрондық форматта қол жеткізуге болатын қызметтердің %-ы (үлесі)
|
|
|
|
4. Шағымдану үдерісі
|
4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушылардың %-ы (үлесі)
|
|
|
|
5. Сыпайылық
|
5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушылардың %-ы (үлесі)
|
|
|
|
«Азаматтық әуе кемесінің
ұшу жарамдылығы сертификатын беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
6-қосымша
Талон
____________________________________________________________________________________
(субъектінің атауы)
Өтінімді қабылдаған ___________________________________________________________________
(маманның Т.А.Ә.)
20__ ж. «___» _________ ___ сағат ___ мин.
Тапсыру мерзімі және жауап алу орны 20__ жылғы «___» _______ дейін,
__________________________________________________________________ мекенжай бойынша.
|
(көлемі 75 мм х 55 мм)
«Азаматтық әуе кемесінің
ұшу жарамдылығы сертификатын беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
7-қосымша
Азаматтық әуе кемелерінің пайдалануға жарамдылығы туралы бағалау
АКТІСI
_____________________________________________________________________
(уәкілетті органның қарамағындағы ұйымның атауы)
20__ жылғы «___» ___________ № ______ бұйрығына сәйкес комиссия құрамында:
Төраға: _________________________________________________________________________________________
(Т.А.Ә. лауазымы)
Комиссия мүшелері: ______________________________________________________________________________
(Т.А.Ә. лауазымы)
________________________________________________________________________________________________
(Т.А.Ә. лауазымы)
Ұшу жарамдылығын сертификаттау бағдарламасы бойынша бағалау жүргізілдi
________________________________________________________________________________________________
(ұйымның атауы)
Азаматтық әуе кемелерін пайдалануға жарамдылығы туралы бағалау
актісінің мәтінi
Актінің қорытынды бөлігінде пайдалану құжаттамаларының, оның ішінде азаматтық авиация саласындағы нормативтік құқықтық актілердің техникалық қызмет көрсету бағдарламасы (регламенті) талаптарына, сонымен бірге әуе кемесінің және оның құрал-жабдықтарының көрсетілген ұшу түрлеріне (халықаралық, ішкі), әуе тасымалдау түрлеріне және/немесе авиациялық жұмыстарға сәйкестігі (сәйкессіздігі) көрсетіледі.
Төраға: ____________________ __________________________________
(Т.А.Ә.) (қолы)
Комиссия мүшелері: ______________________ _____________________
(Т.А.Ә.) (қолы)
_____________________ _____________________
(Т.А.Ә.) (қолы)
Актімен таныстым:
Ұйымның басшысы __________________ ________________________
(Т.А.Ә.) (қолы)
Достарыңызбен бөлісу: |