Ауру тарихы Факультет: Жалпы медицина Курс: 3 Тобы: 313a кафедра



бет1/7
Дата18.05.2023
өлшемі87.09 Kb.
#473907
  1   2   3   4   5   6   7
Ауру тарихы


Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Медицина Университеті



Ауру тарихы

Факультет: Жалпы медицина
Курс: 3
Тобы: 313A
Кафедра: Ішкі аурулар пропедевтикасы
Тақырыбы: Артериальды гипертензия
Орындаған: Байгалиева Ақтолқын

Ақтөбе-2022


Құжаттық бөлім.
Аты-жөні: Қалиев Әділхан
Жасы: 83
Жынысы: ер
Ұлты:қазақ
Мекен-жайы: Жаңақоныс, степная 2, 1 үй,
Жұмысы: зейнеткер
Түскен күні: 15.04.2022ж, жедел жәрдеммен


Стационарга келген кездегі негізгі шагымдары: естен танып құлауы, шүйде, төбе аймақтарындагы тұрақты, таңертеңгілік, жатқанда шамалы басылатын, бастың солқылдап ауырсынуы, көз қарауытуы, құсу, физика-эмоционалды күш түскенде ауруы күшейеді, бас айналуы, оң жақ аяқ-қолының ұюы, жүрек тұсының ауырсынуы.
Қосымша: әлсіздік, тез шаршау, есте сақтаудың нашарлауы
Аурудың даму тарихы Anamnesis morbi: 30жылдан бері АГ-мен ауырамын деп есептейді. Бастапқыда бас ауруы, бас айналуы, құлақта шу, жүрек согысын есту, кейіннен ұйқысыздық, күш түскенде ентігу, т.б. шагымдарымен 1984 жылы аймақ бойынша учаскелік дәрігерге қаралган. Қан, зәр анализін тапсырып, ЭКГ түскен. Артериалды қан қысымының 145/90мм с.б. көтерілуі, холестериннің жогары деңгейі( сандар есінде жоқ), ЭКГ-да өзгеріс жоқ. Диета, күтім ұсынылган. Содан кейін, бірнеше рет АҚҚ тез көтерілуі болып тұрган. Өздігінен валидол, қан қысымын түсіретін дәрілер ішетін болган. Қан қысымы түскен соң шагымдары басылган. Содан кейін жыл сайын БСМП-да ем алып келеді. Сол жақта артериялық гипертензия диагнозы қойылган. Тұрақты гипотензивті дәрілер ішіп келеді. Соңгы келуінің себебі: басы айналып, естен танып құлауы. Онысын соңгы уақыттагы күш түсуімен байланыстырады(алыс жолдан келуі).
Өмір анамнезі Anamnesis vitae: Науқастың айтуынша, отбасындағы материалдық жағдайы пен тамақтану қанағаттанарлық болған. Балалық шагы согыс жылдарында өткен. Ол қалыпты өсіп, дамыды, құрдастарынан ақыл-ой және физикалық дамуда артта қалмады. Суық тию өте сирек болды. Тұқымқуалайтын аурулары жоқ. Әскерге барган. Содан бері ауыр жұмыста жасаган. 25 жасында ревматизммен ауырган. Отбасылы, балалы, немерелі бар. Келінінің күтімінде.Тұзды, майлы тагамдарды жақсы көреді, жиі тамақтанады. 1984 жылы алкоголь ішуді тоқтатқан, басқа зиянды әдеттері жоқ. АГ бойынша учетта тұрады. Аллергоанамнезі таза. Гемотрансфузия болмаған. Боткин, туберкулез, венерологиялық аурулармен ауырмаған, психикалық бұзылыстар болмаған.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет