Авангард селолық округі



Дата23.02.2016
өлшемі107.89 Kb.
#5897
Авангард селолық округі

Авангард селолық округі 26336 га алқабын қамтиды, ауыл шаруашылық мақсаттағы жерлер 21240 га, оның ішінде егістік жер 17264 га, жайылым 3976 га.

Авангард селолық округі аумағында 2 елді-мекен орналасқан: округ орталығы- Полтавка селосы, халық саны-727 адам және Хлеборобное селосы -366 адам. Бүгінгі күні жалпы саны 1093 адам. 2010 жылы пайыздық қатынаста халықтың әр санатының ара-салмақ үлесі: еңбек ресурстары 49% , балалар 29,8%, зейнеткерлер 20% , мүгедектер 1,2% .

Селолық округ тұрғындарының құрамы көп ұлтты және жылдан жылға тұрақты: 36 % - орыстар, 32% –қазақтар, 25%–украиндер, 2%–немістер және 1% – поляктар, белорустар,татарлар, латыштар.

Ауыл шаруашылық саласы алты шаруашылық субъектісімен ұсынылған.

Бір ірі шаруашылық құрылым «Авангард СҚО» ЖШС-гі, егістік алқабы 15080 га құрайды және 5 шаруа-фермерлік қожалығы,олардың жалпы ауданы 2171 га, онда бидай, арпа, қарақұмық, техникалық дақылдар өндіріледі. Егісте химиялық тазалаулар және барлық қажетті агротехникалық шаралар жасалады. Қар тоқтату жұмыстары жүргізіледі. Округ бойынша өнім 10,4 ц/га. Астықтың жалпы түсімі 136396 ц.

Округте мал шаруашылығын дамыту бағдарламасы іске асуда. «Авангард -СҚО» ЖШС-де ірі қара мал басы 1059 бас , оның ішінде сиырлар 351 бас. 2010 жылы малшаруашылық қораларында 7,5 млн. теңге соммаға қайта жаңғарту жұмыстары жүргізілді. 2009 жылы сатып алынған ақбасты қазақ тұқымдық малдың төлдеуі басталды.

Меншікті шикізаттың арқасында май пресі, диірмен жұмыс істейді, олар селолық округ тұрғындарын күнбағыс майымен және ұнмен қамтамасыз етеді.

Селолық округтің жеке қосалқы шаруашылығында ІҚМ саны 828 бас, оның ішінде сиырлар 376 бас, шошқалар 442 бас, жылқылар 178 бас және қойлар 460 бас. Үй малдарының өзге түрлерінің мал саны тұрақты, ал кейбір түрлері артуда. Ақысыз сабан әкелінеді, уақытында жер пайлары есебі беріледі. Жылына екі рет малдарға ветеринарлық өңдеу өткізіледі.

Артық өндірілген ет, сүт және құс өнімдері округ халқымен негізінен Булаев қалалық нарығында сатылады, ал тұрақты өткізілетін жәрмеңкелердің арқасында Петропавл қалалық нарығында да алып-сатарларсыз сатылады.

Біздің селоларды сумен қамтамасыз ету бұрынғысынша - скважиналар арқылы-техникалық мақсаттарға, Полтавка селосына ауыз су Булаев қаласынан тасу арқылы және Булаев қаласынан сатылады, ал Хлеборобное селосында ауыз су құдығы бар.

Барлық шығынды «Авангард СҚО» ЖШС-гі өзіне алады. Біздің селоларды сапалы ауыз сумен толық қамтамасыз ету сұрағы Замотаевка-Зарослое су суағызғысы іске қосылғаннан кейін шешіледі. Нақты уақытта республикалық бюджеттен 932 млн.теңге соммасында ақша қаражаты бөлінді, тендер өткізілді, мердігер анықталды және Замотаевка-Зарослое басты суағызғысын қайта құру жұмыстары жүргізілуде.

Село тұрғындарының өмірінің сапасын жоғарылатуға село инфрақұрылымының дамуы әсерін тигізеді. Өткен жылы телефон байланысының сапасы арттырылды. Радиотелефон желісі телефон нөмірлері санының артуы түйінді мәселесін толық шешті. Бүгінгі уақытта барлық тілек білдірушілер нөмір орната алады.Селоларда ұялы байланыс желісі жұмыс істейді.

Округте екі орта мектеп қызмет істейді, Полтавка және Хлеборобное селоларында , оларда 163 оқушы оқиды. Екі мектеп те педагогикалық кадрлармен қамтамасыз етілген , 44 мұғалім сабақ жүргізеді, олардың ішінде 3 мұғалімнің жоғарғы санаты бар, 12 мұғалімнің бірінші санаты бар, 30 мұғалімнің жоғарғы білімі бар, 8 мұғалім сырттай оқиды.

Хлеборобное орта мектебінде оқу екі тілде жүргізіледі, мемлекеттік және орысша. Мектептерде телефон байланысы орналастырылған және Интернет желісіне қосылған. Сабақтар бір ауысымда өткізіледі. Мектептерде оқушылардың 100%-мен қамтылған ыстық тамақ беру ұйымдастырылған.

Түскі ас бағасын арзандату және баларды толық құнды тағамдармен қамтамасыз ету мектептердегі үй іргесіндегі телімдерде өсірілетін картоп пен көк-өністердің арқасында мүмкін болды. Осының бәрі оқуды жоғары деңгейде жүргізуге және жоғары білім сапасын алуға мүмкіндік береді.Округ оқушылары өткен жылы ауданда өткізілген барлық конкурстарға, олимпиадаларға, спорттық жарыстарға қатынасты.

2010 жылы Хлеборобное орта мектебінде мектеп жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеу үшін 15 орындық толымсыз күнмен шағын орталығы ашылды, ал Полтавка орта мектебі 2010 жылы қосалқы жабдықтар әкелінгеннен кейін 25 орындық толымсыз күнмен мектеп жасқа дейінгі тәрбиелеу шағын орталығы толық жұмыс күніне ауысты, сол себептен 8 жұмыс орыны құрылды.

Оқу жылы басталар алдында «Мектепке жол» ақциясы жүргізілді, қамсыздандырылуы аз отбасыларына балаларын мектепке дайындауға көмек көрсетілді.

Біздің мектептер базасында механизаторларды дайындау курстары жұмыс істейді, онда мектеп оқушылары да, жұмысшылар да, механизатор мамандығын алғысы келген тілек білдірушілер де оқиды.

Округте Полтавка селосында селолық дәрігерлік емхана және Хлеборобное селосында фельдшерлік пункті жұмыс істейді. Емхана заманға сай жабдықтармен жабдықталған, стоматологиялық кабинет жұмыс істейді,орталық аудан емханасының дәрігер-терапевті апта сайын қабылдайды. Дәріхана жұмыс істейді, онда село тұрғындары керекті дәрі-дәрмек алуға мүмкіндіктері бар, мұның бәрі тұрғындардың өмірін жеңілдетті, әсіресе зейнеткерлер мен мүгедектердің.

Әлеуметтік қамсыздандырылуы аз отбасыларының деңгейі өмір сапасының негізгі көрсеткіші болып табылады. Жылдың басынан бастап округте 36 жаңа жұмыс орны құрылды. 2010 жылы 195200 сомасында 12 отбасы 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысын алды, 2 қамсыздандырылуы аз отбасы 76400теңге сомасында мемлекеттік әлеуметтік көмегін алды.

Округте толық көлемде салықтың барлық түрлері жиналды :

Мүліктік 31 389 теңге соммаға, жер салығы 149 271 теңге соммаға, біржолғы алым 30 602 теңге соммаға.

ЖШС «Авангард-СҚО» шаруашылығы, оның директоры А.Э.Сихвардттың арқасында округте өткізілетін барлық шараларға үлкен демеушілік көмек көрсетіледі. 2010 жылы 1482 000 теңге бөлінді. Демеушілердің арқасында Петропавл қаласына, Сарытомар аулының музейіне оқушылардың экскурсияға баруға мүмкіндігі болды, жарысқа баруға көлік беріледі, мұз айдыны құйылды, спорттық қүрал-сайман біршама жаңартылды, жаңа спорттық форма сатып алынды, кітапханаға арналған бөлме жаңа өңдеуден өткізілді. 2010 жылы «Авангард-СҚО» ЖШС-гі 1482 000 теңге соммада демеушілік көмек көрсетті.

Округте екі кітапхана, бос уақыт орталықтары жұмыс істейді, оларда кафе, би залдары, бильярдтар бар, әртүрлі шаралар өткізіледі. Округ тұрғындарына дем алуға орын мен жағдай жасалынған. Жеңіс күніне, Наурызға, Қарттар күніне, Жаңа жылға арналған мәдени-бұқаралық шаралар өткізілді. Полтавка және Хлеборобное оқушыларына балалар таңертеңгілігіне арнап сыйлықтар сатып алынды. Жеке кәсіпкерлер де сырт қалып жатқан жоқ.

Құқықбұзушылық пен қылмыскерлікпен күресудің алдын алу бағдарламасының негізінде округте жүйелі де жоспарлы жұмыс жүргізілуде. Полицияның учаскелік инспекторы жұмыс істейді, оның құнды жұмыс істеуі үшін барлық жағдайлар жасалынған : кабинет ресімделген, телефон құрылған. Селолық әкімдік мамандарымен, мектептермен, шаруашылық дирекциясымен жұмыс тығыз қарым-қатынаста жолға қойылған.

Селолық округ тұрғындарында аудан орталығы мен Петропавл қаласына шығуға проблема жоқ, екі микроавтобус Полтавка және Хлеборобное селоларынан тұрақты сапарға шығады. Бұдан басқа селолар арқылы Совет және Таман селоларынан 8 микроавтобус маршруты өтеді.

Округте 6 дүкен жұмыс істейді, онда тұрғындар барлық керекті азық-түліктер мен шаруашылық тауарларын сатып алады. Шаштараз жұмыс істейді.

Селоларымызды абаттандыру бойынша көп жұмыстар жүргізілді.Апта сайын сенбіліктер және басқа да іс-шаралар өткізілді. 6 км селолық ішкі жолдар қайта жөнделді, 2900 кв.м. саябақ пен алаңдар тазаланды және абаттандырылды, 367 аулалық аумақ , 200 көшеттер отырғызылды, Жеңіс Күніне 3 ескерткіштер жөнделді және абаттандырылды.

Демократияның негізгі атрибуты болып билік орындарының халыққа есп берушілігі болып табылады. Жыл сайынғы әкімдердің есеп беруі – соған жарық дәлел. Өткен жылғы селолық округ әкімінің есеп беру кезеңінде 3 ескертулер мен ұсыныстар қойылды.

1. Хлеборобное село тұрғындарын ауызсумен қамтамасыз ету.

- сұрақ шешу кезеңінде және Замотаевка-Зарослое суаққысы жұмысқа қосылғаннан кейін шешіледі. Нақты уақытта республикалық бюджеттен 932 млн.теңге соммасында ақша қаражаты бөлінді, тендер өткізілді, мердігер анықталды және Замотаевка-Зарослое басты суағызғысын қайта құру жұмыстары жүргізілуде.

2. Байланыс сапасы нашар.

- Полтавка селосының АТС-сы реттелді және жөнделді.

3. Көше жарықтандыруларын қондыруды аяқтау.

- қосымша 8 фонарь орнатылды.

Округте үлкен жұмыстар істелді, бірақ сұрақтар әлі де бар, олар өздерінің шешімін күтуде: бұл біздің селолардың абаттандырылуы, жолдарды жөндеу. Осы және басқа да сұрақтарды біз 2011 жылы шешеміз деп жоспарлаймыз.

Мағжан Жұмабаев ауданының әкімі

В.С.Бубенкоға

А Қ П А Р А Т

Авангард селолық округі әкімімен 2010 жылы барлық деңгейдегі әкімдердің есеп беру кездесулеріндегі айтылған сынайы ескертулерінің орындалуы туралы.
Авангард селолық округі аумағында 2 елді - мекен орналасқан: округ орталығы- Полтавка селосы , халық саны-751 адам және Хлеборобное селосы -380 адам. Бүгінгі күні жалпы саны 1131 адам. Селолық округ тұрғындарының құрамы көп ұлтты және жылдан жылға тұрақты: 36 % - орыстар, 32% –қазақтар, 25%–украиндер, 2%–немістер және 1% – поляктар, белорустар,татарлар, латыштар.

2009 жылы пайыздық қатынаста халықтың әр санатының ара - салмақ үлесі: балалар 29,8% пайыз, зейнеткерлер 20% , мүгедектер 3,5% , еңбек ресурстары 49% , өзін-өзі қамтамасыз етушілер 23,4%.

2009 жылы селолық округке 63 адам келіп , 71адам кетті , 8 нәресте туды , 17 адам қайтыс болды , көші – қондық сальдо – 8 адам .

Авангард селолық округі 26336га алқабын қамтиды, ауылшаруашылық мақсаттағы жерлер 21240 га, оның ішінде егістік жер 17264 га, жайылым 3976 га. Ауылшаруашылық саласы 6 шаруашылық субъектісімен ұсынылған.Бір ірі шаруашылық құрылым «Авангард СҚО» ЖШС-гі, егістік алқабы 15080га құрайды, онда бидай, арпа, қарақұмық, техникалық дақылдар өндіріледі.

Округ бойынша өнім 10,4 ц/га.

«Авангард СҚО» ЖШС-де мал шаруашылығы дамуда, жалпы мал басы 1191 , оның ішінде сиырлар 324. 2009 жылы мал шаруашылық жайы 17 млн. теңгеден аса соммаға 100 бас ақбасты қазақ тұқымдық малы оны әрі қарай өсіру үшін сатып алынды.

Меншікті шикізаттың арқасында май пресі, диірмен жұмыс істейді, олар селолық округ тұрғындарын күнбағыс майымен және ұнмен қамтамасыз етеді.

Округ тұрғындарының жеке қосалқы шаруашылығы азықпен толық қамтамасыз етілудің арқасында шаруашылықсыз аулалар саны азайды, қазір олар 26, ал 2008 жылы 35 болған. ІҚМ саны 646 бас, оның ішінде сиырлар 351 бас, шошқалар 352 бас, жылқылар 169 бас және қойлар 460 бас. Үй малдарының өзге түрлерінің мал саны тұрақты, ал кейбір түрлері артуда. Ақысыз сабан әкелінеді, қабылданған бағамен шөп , мал жемі сатылады, уақытында жер пайлары есебі беріледі. Жылына екі рет малдарға ветеринарлық тексеріс өткізіледі.

Артық өндірілген ет, сүт және құс өнімдері округ халқымен негізінен Булаев қалалық нарығында сатылады, ал тұрақты өткізілетін жәрмеңкелердің арқасында Петропавл қалалық нарығында да алыпсатарларсыз сатылады.

Біздің селоларды сумен қамтамасыз ету бұрынғысынша - скважиналар арқылы-техникалық мақсаттарға, Полтавка селосына ауыз су Булаев қаласынан тасу арқылы және Булаев қаласынан сатылады, ал Хлеборобное селосында ауыз - су құдығы бар.

Округ селолары телефон байланысымен қамтамасыз етілген, радиотелефон нөмірлері санының артуы түйінді мәселені толық шешті. Телефондық желі абоненттерінің саны – 200 , заңды тұлғалар – 10 , телефонизацияның тығыздығы – 100 отбасына 42 абонент .Бүгінгі уақытта барлық тілек білдірушілер нөмір орната алады. Телефон байланысы сапасының жақсы болуын атап өткен жайт, себебі Полтавка селосында аналогиялық телефон стансасы орналастырылған , сондықтан Интернетке шығу мәселесі бар.

Округте екі орта мектеп қызмет істейді, Полтавка және Хлеборобное , оларда 192 оқушы оқиды. Екі мектеп те педагогикалық кадрлармен қамтамасыз етілген , 44 мұғалім сабақ жүргізеді . Мектептерде телефон байланысы орналастырылған және Интернет желісіне қосылған.Сабақ бір ауысыммен жүргізіледі . Мектептерде 100 % оқушыларды қамтитын ыстық тағам ұйымдастырылған , 1 – 4 сынып оқушылары күн сайын түскі ас уақытында бал жейді . 2002 жылдан бастап Хлеборобное орта мектебінде оқу екі тілде жүргізіледі, мемлекеттік және орысша. 2009 жылы Полтавка орта мектебінде мультимедиялық кабинет ашылды. Күрделі жөндеуден өткеннен кейін мектепте 25 орындық мектеп жасқа дейінгі тәрбиелеу шағын орталығы ашылды, онда толық жұмыс істеу үшін қажеттіліктің бәрі бар. Біздің мектептер базасында механизаторларды дайындау курстары жұмыс істейді, онда мектеп оқушылары да, жұмысшылар да, механизатор мамандығын алғысы келген тілек білдірушілерде оқиды.

Мектептерде үй іргесіндегі телімдер бар, онда картоп, көкөніс отырғызылған, соның арқасында түскі ас бағасы арзандады және балалар құнды тағаммен қамтамасыз етілді.

Округте Полтавка селосында селолық дәрігерлік емхана және Хлеборобное селосында фельдшерлік пункті жұмыс істейді. «100 мектеп 100 аурухана» бағдарламасының шеңберінде 2009 жылы Полтавка селосында сметалық құны 109 млн. теңге СДЕ пайдалануға берілді. Оның ашылу рәсімінде облыс әкімі Біләлов С.С. қатысты. Емхана қазіргі заман талабына сай жабдықтармен жабдықталған, жоғары білікті қызметкерлер жұмыс істейді. Дәріхана жұмыс істейді, онда село тұрғындары керекті дәрі-дәрмек алуға мүмкіндіктері бар, мұның бәрі тұрғындардың өмірін жеңілдетті, әсіресе зейнеткерлер мен мүгедектердің.

Атаулы әлеуметтік көмек және 18 жасқа дейінгі жәрдемақы 2009 жылы 205400 теңге сомасында 12 отбасы алды, қамсыздандырылуы аз 2 отбасы 98500 теңге сомасында мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмегін алды.

Жеңіс күніне , Наурызға , Қарттар күніне , Жаңа жылға арналған мәдени-бұқаралық шаралар өткізілді. Полтавка және Хлеборобное оқушыларына балалар таңертеңгілігіне арнап сыйлықтар сатып алынды.

Жарысқа баруға көлік беріледі, мұз айдыны құйылды, спорттық қүрал-сайман біршама жаңартылды, жаңа спорттық форма сатып алынды. Округте екі кітапхана жұмыс істейді, Полтавка және Хлеборобное селоларында шаруашылық көмегінің арқасында кітапхана жөндеуден өткен үй-жайға ауыстырылды.

Полтавка және Хлеборобное селоларында бос уақыт орталықтары бар, онда кафе , би залдары , бильярдтар , әртүрлі іс - шаралар өткізіледі..

Округте полицияның учаскелік инспекторы полиция капитаны Сарлыбаев Д.Қ. жұмыс істейді. Құнды жұмыс істеу үшін жағдайлар жасалынған - кабинет ресімделген, телефон құрылған. Селолық әкімдік мамандарымен, мектептермен, шаруашылық дирекциясымен жұмыс тығыз қарым-қатынаста жолға қойылған.

Селолық округ тұрғындарында аудан орталығы мен Петропавл қаласына шығуға проблема жоқ, екі микроавтобус Полтавка және Хлеборобное селоларынан тұрақты сапарға шығады. Бұдан басқа селолар арқылы Совет және Таман селоларынан 8 микроавтобус маршруты өтеді.

Округте 6 дүкен жұмыс істейді, онда тұрғындар барлық керекті азық-түліктер мен шаруашылық тауарларын сатып алады.

Шаштараз жұмыс істейді.

Селолық округте 11 шағын кәсіпкерлік субьектілері бар , оның 6-ы ЖК , шағын бизнес құрылымында сауда – көтере сатып алатын қызмет . Шағын бизнестегі адамдар саны – 23 . 2010 жылы ағаш көмірін дайындайтын шағын цехтың ашылуы жоспарлануда .

2009 жылы жергілікті бюджеттің кіріс бөлімі 100% - ке орындалды , аудан бюджетіне жергілікті салықтан 608,8 мың теңге түсті . 2010 жылы 802,4 мың теңге жоспарында 130,4 мың теңге жиналды , бұл бағытта жұмыс жалғаса береді .

Селолық округте барлық деңгейдегі әкімдердің есеп беру кезеңінде 3 сұрақ қойылды , Хлеборобное селосында К.Б.Жабатова – Село тұрғындарын ауыз – сумен қамтамасызету . Хлеборобное селосының тұрғындары Заматаевка – Зарослое су құбырының қайта жаңарту шараларына байланысты ауыз – сумен қамтамасыз етіледі , 2010 жылға нақты су құбырын жаңртуға қаржы жоспарланған .

М.М.Күдіренов , Полтавка селосы – Байланыс сапасы нашар , осы бағытта не істелінуде . Қазақтелеком АҚ – ның директорыВ.А.Илюшиннің деректеріне сәйкес Полтавка селосының АТС – нда реттеу жұмыстары жүргізілген , Хлеборобное селосында қосымша сыртқы антенналар орнатылған , Хлеборобное орта мектебі Интернет жүйесіне қосылған , бірақта желіс сапасы төменгі деңгейде қалуда .

Жазба , Полтавка селосы – Көше жарықтарын орнатуды аяқтау . Қосымша 6 фонарь орнатылды . Селолық округтегі село көшелерінің жарықтандыру жұмысы жалғасуда .

Округте үлкен жұмыстар істелді бірақ сұрақтар әлі де бар , олар өздерінің шешімдерін күтуде : бұл біздің селолардың абаттандырылуы , жолдарды жөндеу , хлеборобное селосында құдықтың қасындағы аумақты абаттандыру . Осы және басқа да сұрақтарды біз 2010 жылы шешеміз деп жоспарлаймыз .


Селолық округінің әкімі А. Шпис

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет