11-тарау. Ұйымдастырылған балалар топтарын тасымалдау
1. Жалпы ережелер
310. Осы тараудың ережелерi оқу, демалу, туристiк-экскурсиялық iс-шаралар, спорттық, мәдени-ағартушылық және басқа да iс-шаралар орындарына балаларды жеткiзу үшiн (бұдан әрi – балаларды тасымалдау) бөлiнген автобустармен үлкендерсiз (осы Қағиданың талаптарына сәйкес тағайындалған ерiп жүретiн адамдардан басқасы) сегiз және одан артық балалардың топтарын арнайы тасымалдауды ұйымдастыру мен жүзеге асыруды регламенттейдi.
311. Балаларды жаппай тасымалдау көлiк лектерiндегi қозғалыспен ұйымдастырылған екi және одан артық автобустардың топтарымен жүзеге асырылатын балаларды тасымалдау болып танылады.
312. Балаларды тасымалдау осы Қағиданың талаптарына сәйкес жабдықталған автобустармен, шағын автобустармен және әрбiр балаға отыратын жеке орын берiле отырып жүзеге асырылады.
313. Балаларды тасымалдау бойынша қызмет көрсетуге тапсырыс берушi (бұдан әрi – тапсырыс берушi) балаларды арнайы тасымалдауды ұйымдастыруға жауапты заңды немесе жеке тұлғалар болуы мүмкiн.
314. Тапсырыс берушi сондай-ақ оларға ұқсас қызмет көрсету мүмкiндiгi ұсынылған жағдайда тасымалдаушының функцияларын дербес орындауы мүмкiн.
Бұл жағдайда тапсырыс берушi осы Қағиданың тасымалдаушыларға қатысты талаптарын орындайды.
315. Балалардың ұйымдастырылған топтарын тасымалдауды қамтамасыз ететiн тасымалдаушы Жүргiзушiлердiң еңбек және демалысын ұйымдастыру қағидасының талаптарына сәйкес, сондай-ақ тахографтарды және мынадай жағдайларды ескере отырып:
маршруттар бойынша ұзақтығы 12 сағатқа дейiн бiр жүргiзушiмен, 12 сағаттан жоғары екi жүргiзушiмен;
маршруттар бойынша ұзақтығы 16 сағаттан артық жүргiзушiлердiң және жолаушылардың кем дегенде 8 сағат толыққанды демалу үшiн (қонақ үйлерде, кемпингiлерде және т.б.) жағдайларды қамтамасыз етудi ескере отырып, жүргiзушiлердiң жұмысын ұйымдастырады.
316. Автомобиль көлiгiмен балаларды тасымалдау (экскурсиялық және туристiктен басқа) жолда 4 сағаттан артық болған кезiнде және басқа көлiк түрiмен балаларды жеткiзудi ұйымдастыру мүмкiн болмаған жағдайда ғана жүзеге асырылады.
317. Тапсырыс берушiнiң талабы бойынша қала маңындағы аймаққа немесе қалааралық қатынаста балалардың бiр жолғы тасымалдауын жүзеге асыратын тасымалдаушы техникалық жай-күйiн кезектен тыс тексеру үшiн жол полициясы бөлiмшелерiне автобусты жол жүру қарсаңында көрсетедi.
318. Мектепке дейiнгi жастағы балаларды жолда 4 сағаттан артық болған кезiнде автомобиль көлiгiмен тасымалдауға тыйым салынады.
319. Балаларды жаппай тасымалдауды және балаларды алыс қашықтықтарға тасымалдауды тасымалдаушы, балаларды оқытушылар немесе арнайы тағайындалған ересек адамдар (15 балаға бiр ересек адам) алып барған жағдайда ғана орындауы мүмкiн.
320. Балалардың ұйымдастырылған топтарын тасымалдауларына жетi жастан кiшi емес балалар рұқсат етiледi.
Жетi жасқа толмаған балалар бiлiм беру мекемесi жұмысшыларының, сондай-ақ ата-анасымен және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларды ауыстыратын адамдармен жеке алып жүруi кезiнде ғана жол жүруге рұқсат етiлуi мүмкiн.
321. Балаларды жаппай тасымалдау кезiнде тасымалдаушы Жол полициясы органдарын, маршруттағы қозғалысты қадағалауды күшейту және екi және одан артық автобустардың лектерiне жол полициясының арнайы автокөлiк құралдарының ерiп жүруi туралы мәселенi шешу бойынша шаралар қабылдау үшiн хабардар етедi.
322. Автобустарда жол жүруге мынадай балаларға және ересек ерiп жүрушiлерге рұқсат етiлмейдi:
1) қауiпсiздiк шараларын бұзуға әкеп соғатын, толқыған жай-күйiнде;
2) алкоголь, есiрткi, психотропты және улағыш заттардың әсерi болғанда.
2. Балалардың тасымалдауына тапсырыс берушiнiң әрекетi
323. Автобустармен балаларды тасымалдауды балаларды тасымалдау бойынша қызмет көрсетуге тапсырыс берушiнiң жазбаша өтiнiмдерi негiзiнде тасымалдаушылар жүзеге асырады.
324. Өтiнiмде балаларды тасымалдау күнi (күндерi), уақыты, олардың саны мен жасы, жол жүру маршруты (бастапқы, соңғы және аралық пунктiлер), отырғызу және түсiру орындары, тегi, аты, әкесiнiң аты және балалардың тасымалдауын ұйымдастыруға жауаптының лауазымы және әрбiр автобус бойынша ерiп жүретiн ересек көрсетiледi.
Тапсырыс берушi меншiктi көлiгiн тапсырылған автобустарға қосымша бөлу жағдайында тасымалдауға арналған көлiк бiрлiгiнiң бөлiнетiн саны көрсетiледi.
Өтiнiмге тапсырыс берушi ұйымның бастығы немесе оның орынбасары қол қояды.
325. Тапсырыс берушi тасымалдауды орындау алдында бұйрықпен балалардың тасымалдауын ұйымдастыру туралы шешiмдi ресiмдейдi, онда лауазымды адамдардың, топтар бастықтарының, бiрге ерiп жүрушiлердiң мiндеттерi, маршруты, мезгiлдерi, дайындау және жол жүрудi өткiзу тәртiбi, балалардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шаралар регламенттелiнедi.
326. Балаларды жаппай тасымалдауды жүзеге асыруға арналған өтiнiмдер тасымалдаудың басталуына дейiн 3 тәулiктен кешiктiрiлмей берiледi.
327. Балаларды жаппай тасымалдауды орындау алдында тапсырыс берушi 3 тәулiктен кешiктiрмей тасымалдаудың бастапқы белгiленген мерзiмiне дейiн жол полициясының аумақтық бөлiмшелерiне жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге және мынадай көрсеткiштердi көрсете отырып, жол полициясының арнайы автомобильдерiмен автобустардың ерiп жүруi туралы мәселелердi шешу үшiн ресми өтiнiм ұсынады:
1) күндерi және қозғалыс маршруты;
2) санитарлық заңнаманың талаптарына сәйкес жабдықталған маршруттың бақылау пункттерiнен өту уақытын, аялдама және демалу орындарын анықтау енгiзiлетiн жүргiзушiлердiң еңбек және демалыс режимiнiң талаптарына жауап беретiн қозғалыс кестесi;
3) медициналық көмек көрсету, ауруханалар пункттердiң көрсетiлуiмен қозғалыс жолының схемасы;
4) белгiленген жағдайда медициналық ерiп жүрудi растау;
5) автобустың (автобустардың) маркалары және мемлекеттiк нөмiрлерi, бiлiм беру аумақтық органдарымен бекiтiлген балалардың және оларға ерiп жүретiн адамдардың тiзiмiн қоса бере отырып, балалардың тасымалдауын орындайтын жүргiзушiлердiң аты-жөндерi.
328. Балаларды жаппай тасымалдауды орындау алдында қосымша тапсырыс берушi:
1) автомобиль көлiгiмен балаларды тасымалдау кезiнде қауiпсiздiк шаралары, ауырған және зақымданған кезде алғашқы дәрiгерлiк көмек көрсету әдiстерi бойынша арнайы нұсқаулықпен – топтардың және ерiп жүрушiлердiң жетекшiлерiн дайындауды ұйымдастырады;
2) мүмкiндiк бойынша топтардың және ерiп жүрушiлердiң жетекшiлерiн ұялы телефонмен қамтамасыз ету шараларын қабылдайды, тапсырыс берушiнiң әкiмшiлiк өкiлдерiмен байланыс, жол жүру және жол жүруде туындаған ойда болмаған мәселелердi келiсу барысы туралы баяндамалар мерзiмдерiнiң тәртiбiн белгiлейдi;
3) топтардың және ерiп жүрушiлердiң жетекшiлерiн маршрут жүретiн аудандардың "жедел көмек көрсету", құтқару қызметтерiнiң, жол полициялары және полиция бөлiмдерiнiң телефон нөмiрлерiмен қамтамасыз етедi және балаларға және олардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн көмек көрсету қажет болған жағдайда оларға жүгiну тәртiбiн анықтау;
4) балаларды қоса алғанда, барлық жол жүру қатысушыларының ұялы телефондарының нөмiрлерi тiзiмiн құрайды және осы тiзiммен барлық ересек ерiп жүрушiлердi қамтамасыз етедi;
5) жол жүруге тiлек бiлдiрушi балалардың iрiктеуiн және олардың ата-аналарынан жазбаша түрде келiсiмiн алуын қамтамасыз етедi;
6) жол жүруге жiберiлгендер санынан денсаулық жағдайы бойынша жақпайтын балаларды табу және алып тастау бойынша балалардың медициналық тексеруiн ұйымдастырады;
7) "Қазақстан Республикасы Жол қозғалысының ережелерiн, Көлiк құралдарын пайдалануға жiберу жөнiндегi негiзгi ережелер мен жол қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша лауазымды адамдар мен жол қозғалысына қатысушылардың мiндеттерiн және Арнайы түстiк-графикалық схемалар бойынша арнайы түстiк және дыбыстық белгiлермен жабдықталуға және боялуға жататын жедел және арнайы қызметтердiң, көлiктiң тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 25 қарашадағы № 1650 қаулысымен бекiтiлген жол қозғалысы ережесiнiң "4. Жаяу жүргiншiлердiң мiндеттерi" және "5. Жолаушылардың мiндеттерi" деген тарауларын, сондай-ақ қауiпсiздiк және автокөлiкпен жол жүру кезiндегi ереженiң шараларын балаларға оқытуды қамтамасыз ету;
8) жол жүруге дайындық кезiнде балалар және олардың ата-аналары тиiстi климаттық және жол киiмi жағдайларына, аяқ киiмiне, жеке гигиена құралдарына назар аударады;
9) балалардың тобына созылмалы ауруы бар балалар енгiзiлген жағдайда ескерiп, жол жүру уақытында дәрiгер белгiлеген қажеттi дәрiлердiң, дәрiлiк құралдардың және тану материалдарының қажеттi жиынтығымен дәрi қобдишасының әрбiр автобуста бар болуын қамтамасыз етедi;
10) мүдделi адамдардың қатысуымен жол жүрудiң ұзақтығы үш сағаттан артық кезiнде балаларды сынбайтын ыдыстармен және тамақ өнiмдерiнiң жиынтығымен (жолда тамақтық сапаларын кепiлдi сақтайтын, тамақтық улануды болдырмайтын құрғақ жарналармен) қамтамасыз етудi ұйымдастырады;
11) ұзақтығы бiр күннен артық жол жүру кезiнде қоғамдық тамақтану мекемелерiнде (асханаларда, кафелерде) ыстық тамақты күн сайын үш мезгiл қабылдауды, сондай-ақ мамандандырылған мекемелерде (қонақ үйлерде, кемпингiлерде және т.б.) қонуды қамтамасыз етедi;
12) қалааралық тасымалдау кезiнде маршруттан ауытқуын болдырмайтын және қозғалыс басы 6.00-ден ерте емес және соңғысы немесе қону аялдамасы 22.00-ден кешiктiрмей көздейтiн тасымалдаушымен бiрлесiп тасымалдау кестесiн жасайды;
13) маршрутты немесе қозғалыс кестесiн өзгерту мүмкiндiгiн, ал қажет болған жағдайда және метеорологиялық және жолдардың жағдайлары нашарлаған кезде, балалардың тасымалдауын алып тастау үшiн егер бұл жағдайлар тасымалдау қауiпсiздiгiне қатер туғызатын болса маршрутты қысқартуды көздейдi (көз көрерлiк, тұман, қар басу, жаңбыр, тайғақ, сондай-ақ дауыл және басқа апат жағдайлары кезiнде);
14) жол жүрудiң алдында балаларға маршрутты, аралық және соңғы пункттердiң атауын, тамақтану, демалу, түнеу үшiн аралық аялдамалардың шамамен алған уақытын хабарлайды, қауiпсiздiк шаралары және мiнез-құлық ережелерi, өздерiнiң ұялы телефондарының нөмiрлерi және топтан қалып қойған кезде iс-қимыл тәртiбi туралы хабарлайды.
3. Балаларды тасымалдауды жүзеге асыруға автобустарды дайындау
329. Балаларды тасымалдау үшiн бөлiнген автобустардың техникалық жай-күйi, техникалық қызмет көрсету өткiзудiң көлемдерi мен мерзiмдерi, жабдықтары Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген талаптарға жауап беруi тиiс.
330. Балаларды тасымалдауға арналған автобустардың кемiнде екi есiктерiнiң болуы және мыналармен:
1) автобустың алдында және артында орнатылуы тиiс "Балаларды тасымалдау" деген төрт бұрыш айыратын белгiмен;
2) сары түстi жылтыр шағын маягымен;
3) әрқайсысының сыйымдылығы кемiнде екi литр болатын оңай алынатын өрт сөндiргiштермен (бiреуi - жүргiзушiнiң кабинасында, басқасы – автобустың жолаушылар салонында);
4) екi алғашқы көмек дәрi қобдишаларымен (автомобильдi);
5) екi жылжуға қарсы тiректермен;
6) авариялық тоқтау белгiсiмен;
7) колоннада жол жүргенде – автобустың алдыңғы терезесiнде қозғалыс бағытымен оң жағында орнатылатын, автобустың колоннадағы орны көрсетiлген ақпараттық кестемен;
8) санитарлық паспортымен жабдықталған болуы тиiс.
331. Автобуспен тасымалданатын балалар мен ересектердiң жалпы саны осы көлiк құралы үшiн белгiленген және отыру үшiн жабдықталған орындардың санынан аспайды.
332. Балаларды тасымалдауды бастамастан бұрын осы талаптарға сәйкес болуын тасымалдаушы пайдаланатын көлiк құралдарының техникалық жай-күйi үшiн жауапкершiлiк жүктелген лауазымды адам тексеруi тиiс (бас инженер, техникалық бақылау бөлiмiнiң бастығы, өзге де жауапты адамдар).
Соның iшiнде, автобустан авариялық шығулардың және оларды қимылға келтiретiн құрылғылардың, есiктердi басқару сымдарының, төбедегi желдетпе люктердiң қақпақтарын ашу тетiктерiнiң, салонды желдету және жылыту жүйелерiнiң, есiктер жұмысының сигнал берулерi мен аялдаманы талап ету сигналының, дыбыс сигналының дұрыстығы; орындықтардың, тұтқалардың, iлме басқыштардың, желдеткiштердiң жай-күй мен бекiтiлуi, өрт сөндiргiштердiң бар болуы және бекiтiлуi, дәрiгерлiк дәрi қобдишасының жабдықталуы тексерiлуi тиiс.
Террорлық актiлердiң алдын алу мақсатында бөтен заттардың бар болуына автобустарды мұқият тексеру жүргiзiледi.
Тексерудi жүзеге асыратын лауазымды адам автобустың техникалық жарамдылығы және балаларды тасымалдауға дайындығы жөнiнде жолпарақта немесе өзге ресми құжатта белгi қояды.
333. Балаларды жаппай тасымалдау үшiн екi және одан көп автобустар бөлiнген жағдайда тексеру жол полициясы қызметкерлерiнiң қатысуымен жүзеге асырылады.
Тiкелей рейс алдында автобустардың техникалық жай-күйiн бақылау және оның нәтижелерiн тiркеу белгiленген тәртiппен қатаң сәйкестiкте жүзеге асырылады.
334. Балаларды тасымалдауға бөлiнген автобустарда орындықтардың орналасуы жол жүрген кезде оларды алып жүретiн ересектерге өздерiнiң орындарынан балалардың мiнез-құлқын бақылауға мүмкiндiк беруi тиiс.
4. Балаларды тасымалдауды ұйымдастыру
335. Егер балалар тасымалдау кезiнде бiрнеше тасымалдаушыға тиесiлi автобустар пайдаланылатын болса, онда қозғалыс қауiпсiздiгi және көлiк құралдарын пайдалану үшiн жауапты адамдар тасымалдаушылардың тасымалдауды ұйымдастыру мен жүзеге асырудың барлық кезеңдерiндегi өзара iс-қимыл тәртiбiн белгiлейдi.
336. Балалардың топтарын 22.00-ден бастап 06.00 сағатқа дейiн автобустармен тасымалдау, сондай-ақ көрiнiм жеткiлiксiз жағдайда (тұман, қар жауған, жаңбыр және басқалар) тыйым салынады. Тәулiктiң 22.00 сағатынан бастап 06.00 сағатына дейiн темiржол вокзалдарына және әуежайларға және олардан, сондай-ақ жақын арадағы демалыс орнына (қонатын жерге) дейiн жолда кiдiрiп қалған кезде балаларды тасымалдауға рұқсат етiледi.
Тасымалдау қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн жол және метеорологиялық жағдайлардың қолайсыз өзгеруi кезiнде, автобустардың қозғалысын уақытша тоқтату туралы қолданыстағы нормативтiк құжаттарда көзделген жағдайда тасымалдаушы рейстi алып тастауға және бұл туралы тапсырыс берушiге дереу хабарлауға тиiс.
337. Тәулiктiң жарық мезгiлiнде балаларды автобуспен тасымалдау фаралардың жақын қосылған жарығымен жүзеге асырылады.
338. Оқу орындарына тасымалдауды ұйымдастыру кезiнде тасымалдаушы жергiлiктi атқарушы органдармен және оқу орындарының әкiмшiлiгiмен бiрлесiп маршруттарды және балаларды отырғызудың және түсiрудiң ұтымды орындарын белгiлейдi.
339. Автобусты күтiп тұрған балаларға арналған алаңшалар, олардың жүрiс бөлiгiне шығуын болдырмайтындай жеткiлiктi үлкен болуы тиiс.
Алаңдарда жайластырылған өту жолдары болуы және жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттарының аялдама пункттерiнен бөлек орналасуы тиiс.
Егер балаларды тасымалдау тәулiктiң қараңғы мезгiлiнде жүзеге асырылса, онда алаңшалардың жасанды жарығы болуы тиiс. Күзгi-қысқы кезеңде алаңдар қардан, мұздан, кiрден тазартылуы тиiс.
340. Балаларды оқу орындарына тасымалдауға Тапсырыс берушi балаларды отырғызу және түсiру орындарының жай-күйiн тұрақты түрде (айына кемiнде бiр рет) тексередi.
341. Автобустардың қозғалыс кестесiн тасымалдаушы мен тапсырыс берушi келiседi.
Жол жағдайларының қолайсыз өзгеруi кезiнде, басқа жағдайлар кезiнде (қозғалысқа шек қою, уақытша кедергiлердiң көрiнуi, бұл жағдайда жүргiзушi кестеге сәйкес жылдамдықты жоғарылатпай жүре алмайды), кесте жылдамдықты төмендету жағына (қозғалыс уақыттарының артуына) түзетiлген болуы тиiс. Кестенiң өзгеруi туралы тасымалдаушы тапсырыс берушiге хабарлауы тиiс, ол балаларды дер кезiнде хабарландыру бойынша шаралар қабылдайды.
342. Балаларды тапсырыспен тасымалдауды ұйымдастыру кезiнде елдi мекендердi жалғастыратын маршруттар бойынша тасымалдаушы:
автомобиль жолдарының, балаларды отырғызу және түсiру пункттерiнiң жағдайын комиссиялық тексеру үшiн облыстың жергiлiктi атқарушы органдарына жүгiнедi;
балалардың тасымалдауын жүзеге асыратын автобустардың өту уақытын көрсете отырып, арнайы аялдау орындарын маршруттарда белгiлейдi.
343. Балаларды темiржол өткелдерi арқылы өтетiн тапсырыспен тасымалдауды ұйымдастыру оларды кешендi тексерудi және қарамағында темiр жол өткелдерi бар ұйымдардың бастықтарымен маршрут қозғалысын келiсудi қамтуы тиiс.
344. Реттелмеген темiржол өткелдерi арқылы балалардың тапсырыстық тасымалдауды ұйымдастыруға тыйым салынады.
345. Балаларды жаппай тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде тасымалдаушы тапсырыс берушiден патрульдiк автомобильдi лектерге iлесiп жүруге бөлу туралы жол полициясы органдарының мiндеттi белгiлеу бар жазбаша өтiнiмдi ұсынады. Аталған белгiсiнсiз автобустар тапсырыс берушiге ұсынылмайды. Өз кезегiнде тасымалдаушы балаларды жаппай тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде, сондай-ақ маршруттың қозғалысын бақылауды күшейту бойынша шаралар қолдану үшiн жол полициясы органдарын хабардар етедi.
346. Балаларды жаппай тасымалдауға және алыс жерлерге балаларды тасымалдауға дайындық кезiнде тасымалдаушы тапсырыс берушiмен бiрлесiп балалардың жиналу пунктiнде және келу пунктiнде автобустардың аялдауы үшiн алаңшалардың болуын; отырғызу алаңшаларының болуын тексередi. Отырғызу және түсiру орындары автобус тұрағынан кемiнде 30 м қашықтықта орналасуы тиiс.
347. Балаларды жаппай тасымалдау үшiн автобустарды бөлу кезiнде тасымалдаушы лектердiң үлкенiн тағайындауға (үш және одан да көп автобус кезiнде көлiк құралдарының қозғалыс қауiпсiздiгiне немесе пайдалануға жауапты адамдардың санынан, ал екi автобус кезiнде – осы автобустардың жүргiзушiлерiнiң санынан; үлкенi болып тағайындалған жүргiзушiнiң автобустарда кемiнде 5 жыл жұмыс өтiлi болуы тиiс) тиiс.
348. Балаларды тасымалдау маршрутының рұқсат етiлген ұзақтығы жүргiзушiнiң жұмыс ауысымы ұзақтығының нормативтерiн сақтауын, қозғалыстың қауiпсiз жылдамдық режимiн сақтауын негiзге ала отырып, сондай-ақ тәулiктiң күндiзгi уақытында балаларды тасымалдауды жүзеге асыру талаптарын ескере отырып белгiленедi.
349. Автобустың салонында багажды орналастыруға рұқсат етiлмейдi. Автобуста багаж бөлiмдерi болмаған кезде багажды тасымалдау жүк немесе басқа қосымша көлiк құралдарының көмегiмен қамтамасыз етiледi.
5.Балаларды алып жүруге және балалармен сабақ өткiзуге жауапты адамды дайындау
350. Тапсырыс берушi балаларды тасымалдайтын әрбiр автобусқа балалармен оларды жеткiзу орнына дейiн алып жүретiн, тапсырыс берушi-ұйым қызметкерлерiнiң немесе ата-аналарының iшiнен жауаптыларды белгiлейдi (мектепке, өзге бiлiм беру ұйымдарына балаларды тұрақты тасымалдауды жүзеге асырған кезде жауапты ретiнде ерiп жүрушiлер үшiн арнайы нұсқама алған жоғары сынып оқушыларын (16 жастан жоғары) белгiлеуге жол берiледi).
351. Бiр мекенжайға екi және одан көп автобустар бөлiнген жағдайда тапсырыс берушi әрбiр автобусқа ерiп жүрушiлерден басқа бүкiл балаларды тасымалдауды ұйымдастыруға жауаптыны белгiлейдi.
352. Үш және одан көп автобустардан тұратын лектермен балаларды қалааралық тасымалдаған кезде тапсырыс берушi лектермен дәрiгерлiк қызметкердiң ерiп жүруiн қамтамасыз етедi.
353. Балаларды алып жүруi үшiн тапсырыс берушi белгiлеген адамдар балаларды автобуспен тасымалдау қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша арнайы нұсқама алады.
354. Нұсқаманы жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге немесе тасымалдаушыға тиесiлi көлiк құралдарын пайдалануға жауапты адам жүргiзедi.
Нұсқаманың өткiзiлуi туралы белгi және нұсқама алған тұлғаның қолы нұсқаманы есепке алу туралы арнайы журналға қойылады. Iлесiп жүрушiлер нұсқаманы өтпесе, автобустар тапсырыс берушiге ұсынылмайды.
355. Нұсқаманы өту кезiнде мынадай тәртiп егжей-тегжейлi жазылады:
1) автобустардың отырғызу орындарына берiлуi, балаларды отырғызу және түсiру ережелерi;
2) автобуста қол жүгiн орналастыру және багажды тасымалдау;
3) автобус салонында болғанда, балалардың жиналу, отырғызу және түсiру орындарында өздерiн ұстауы;
4) iлесiп жүрушiлердiң жүргiзушiмен өзара iс-қимылы;
5) салондағы жабдықтарды: желдеткiш люктердi, аялдауды талап ету сигналдарын, желдеткiштердi пайдалану;
6) автобустың аялдауы кезiнде балаларды бақылау.
356. Нұсқаманы өткiзу кезiнде төтенше жағдайлармен байланысты мәселелер қосымша көрiнiс табады (мәжбүрлi аялдау, автобустың сынуы, ЖКО, терроршылардың автобусты басып алуы), соның iшiнде:
1) жолаушыларды эвакуациялау тәртiбi;
2) автобустан апаттық шығуларды пайдалану және құрылғыларды қолдану, оларды iске келтiру тәртiбi;
3) өрт сөндiргiштердi, алғашқы көмек көрсету дәрi қобдишасын пайдалану ережелерi.
357. Балаларды жаппай тасымалдау кезiнде тапсырыс берушi iлесiп жүрушiлерге алғашқы медициналық көмек көрсету мәселелерi бойынша нұсқаманы медициналық қызметкердiң жүргiзуiн қамтамасыз етедi.
358. Балалардың тұрақты тасымалдауын жүзеге асыру кезiнде тапсырыс берушi мынадай мәселелер кiретiн, арнайы бағдарлама бойынша балалармен тұрақты сабақтар өткiзудi ұйымдастырады:
1) жиналу орындарында және автобусты күту уақытында қауiпсiздiк тәртiбiнiң ережелерi туралы;
2) отырғызу және автобустан түсiру тәртiбi туралы;
3) автобустың қозғалу уақытындағы және аялдауы кезiндегi тәртiп ережелерi туралы;
4) тасымалдау кезiнде қауiптi немесе төтенше жағдайлар туындағандағы тәртiп туралы;
5) зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету тәсiлдерi туралы (ересек балалармен сабақ өткiзу кезiнде).
Сабақты өткiзу кезiнде жол қозғалысы процесiнде және тасымалдау уақытында туындайтын iс жүзiндегi жағдайларды талқылау үшiн көрнектi құралдарды пайдалану көзделуi тиiс.
6. Балалардың тасымалдауын жүзеге асыратын жүргiзушiлерге, олардың еңбектерiн ұйымдастыруға қойылатын талаптар. Жүргiзушiлердi рейске дайындау және рұқсат беру
359. Балаларды тасымалдау үшiн мынадай жүргiзушiлерге рұқсат етiледi:
1)жасы жиырма бес жастан кем емес, тиiстi санаттағы жүргiзушi куәлiгi және жүргiзушiнiң бес жылдан кем емес жұмыс өтiлi бар;
2)автобустың жүргiзушiсi ретiндегi кемiнде соңғы үш жыл үздiксiз жұмыс өтiлi бар;
3)соңғы жылдары еңбек тәртiбiн және қозғалысы ережесiн өрескел бұзбаған.
Балаларды тасымалдауға жiберген ұйымдағы жүргiзушiнiң жұмыс өтiлi үш жылдан кем болмауы тиiс.
Сыйымдылығы 41 орынды автобустармен балаларды тасымалдауға тағайындалған, сондай-ақ қалааралық қатынастағы балаларды басқа да тасымалдаудағы жүргiзушiлердiң автобустардағы жұмыс өтiлi кемiнде 5 жыл болуы тиiс.
360. Балаларды тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымдарда балаларды тасымалдауға рұқсат етiлуi тиiс өзiндiк кәсiби сипаттамалары бойынша жүргiзушiлердiң тiзiмi құрылуы тиiс, көрсетiлген тiзiм жыл сайын жаңартылады және тиiстi бұйрықпен бекiтiледi.
361. Тасымалдаушының рейс алдындағы медициналық тексерудi өтпеген жүргiзушiлердiң жол жүруiне рұқсат етуiне тыйым салынады.
362. Балаларды кез келген тасымалдаумен айналысатын жүргiзушiлердiң жұмыс ауысымының ұзақтығы 12 сағаттан аспауы тиiс.
Балалар тасымалын жүзеге асыру алдындағы жүргiзушiнiң ауысым арасындағы демалу ұзақтығы демалу алдындағы жұмыс күнiнiң (ауысым) жұмыс уақытынан кемiнде екi есе ұзақтау болуы тиiс.
Егер қозғалыс режимi жүргiзушiнiң 12 сағаттан асатын жұмыс уақытының ұзақтығын көздесе, рейске екi жүргiзушi жiберiледi. Бұл ретте автобус жүргiзушiнiң демалуына арналған ұйықтайтын орынмен жабдықталуы тиiс.
363. Балаларды тұрақты және маусымдық тасымалдау алдында, сондай-ақ бiр реттiк тасымалдауды жүзеге асыру алдында жол жүру қауiпсiздiгiне немесе көлiк құралдарын пайдалануға жауапты лауазымды адамдар (тасымалдау жөнiндегi директордың орынбасары, қозғалыс қауiпсiздiгi жөнiндегi директордың орынбасары, автолектiң бастығы, өзге де жауапты адамдар), жүргiзушiлермен маршруттағы қозғалыс және жұмыс тәртiбi, шарттары және ерекшелiктерi туралы арнайы нұсқама жүргiзедi. Тұрақты тасымалдауды жүзеге асыру процесiнде, егер оларды бiр және сол ғана маршрут бойынша бiр және сол жүргiзушi жүргiзсе (соның iшiнде және жалпы қолданыстағы автобустардың қозғалыс кестесiне қосымша бөлiнетiн арнайы мектеп рейстерiн жүзеге асыру кезiнде), жол-көлiк оқиғаларының болғаны, жол-климаттық жағдайлардың және маршрутта қозғалыс режимдерiнiң өзгеруi және басқалар туралы ақпарат алған жағдайда, айына бiр рет арнайы нұсқама жүргiзiледi.
364. Арнайы нұсқамаға мынадай деректер кiруi тиiс:
1) осы ұсынымдарға сәйкес балаларды автобустармен тасымалдау тәртiбi туралы;
2) маршруттағы жол жағдайының жай-күйi, қозғалыстың ерекшелiктерi және жылдамдық режимдерi туралы;
3) маршруттағы жол-көлiк оқиғаларының қауiптi учаскелерi және шоғырлану орындары, маршрутта орналасқан қауiптiлiгi жоғары орындардан жүрiп өту тәртiбi туралы (темiржол өткелдерi, жолөткелдерi, көпiрлер және т.б.), соның iшiнде жүргiзушiге берiлген маршруттың сұлбасын пайдалана отырып, нақты жағымсыз жол-климаттық жағдайларда қауiпсiздiгi жоғары сипатталған қозғалыс учаскелерi туралы;
4) лектiң үлкенiмен өзара iс-қимыл тәртiбi және лектегi қозғалыс тәртiбi туралы (жаппай тасымалдау кезiнде);
5) балаларды тасымалдауды орындау кезiнде автобус бойынша жүргiзушiлердiң және ерiп жүрушiлердiң өзара әрекеттесуi және жауапкершiлiк аясын бөлу тәртiбi туралы;
6) туристерге және экскурсанттарға қызмет көрсету ережелерi туралы (туристiк-экскурсиялық тасымалдау кезiнде);
7) қауiптi жол жағдайлары туындаған кездегi, маршрутта жол-климаттық жағдайлар кенеттен нашарлаған кездегi, автобустың техникалық бұзылуы туындаған кездегi, жолда жүргiзушiнiң және жолаушылардың денсаулық жағдайы нашарлаған кездегi, қылмыстық элементтер автобусты басып алуға әрекет жасаған немесе басып алған кездегi iс-әрекеттер;
8) ЖКО қаупi немесе туындаған кезiнде жүргiзушiнiң iс-әрекетi туралы (соның iшiнде автобустан жолаушыларды шұғыл эвакуациялау тәртiбi, зардап шеккендерге бiрiншi көмек көрсету);
9) желiдегi жұмыс кезiнде қауiпсiздiк техникасы мен өрт қауiпсiздiгi ережелерiн сақтау және автобуста өрт туындаған кездегi iс-әрекеттер туралы;
10) жол қозғалыс ережелерiн бұзғаны, жолаушылардың өмiрi және денсаулығы үшiн жүргiзушiнiң жауапкершiлiгi туралы.
Арнайы нұсқаманы жүргiзгенi және нұсқаманы өткен жүргiзушiнiң қолы туралы белгi нұсқаманы есепке алу журналында тiркеледi. Жүргiзушi бiр жолғы тасымалдауды жүзеге асырған кезде жүргiзушiнiң нұсқаманы өткенi туралы белгi арнайы журналдан басқа жол жүру парағында да жасалады.
365. Балаларды тасымалдау кезiнде автобустың жүргiзушiсiне мыналарға тыйым салынады:
1) сағатына 60 км артық жылдамдықпен жүруге;
2) жүру маршрутын өзгертуге;
3) балалар бар автобус салонында қол жүгi мен балалардың жеке заттарынан басқа кез келген жүктi, багажды немесе мүкәммалды тасымалдауға;
4) автобуста балалар болған кезiнде, соның iшiнде балаларды отырғызу және түсiру кезiнде автобус салонынан шығуға;
5) автомобиль легiнде жүру кезiнде алда жүрген автобусты басып озуға;
6) автобуспен артқа қарай қозғалысты жүзеге асыруға;
7) егер ол көлiк құралының өздiгiнен қозғалуын немесе оны жүргiзушi жоқ болғанда пайдалануын болдырмау шараларын қолданбаса, өз орнын тастап кетуге немесе көлiк құралын қалдыруға.
Достарыңызбен бөлісу: |