«Автомобиль көлігінің техникалық жай-күйін бақылау» кәсіби стандарты Жалпы бөлім «Автомобиль көлігінің техникалық жай-күйін бақылау»



Дата12.06.2016
өлшемі286.4 Kb.
#130910


Қазақстан Республикасы

Көлік және коммуникация министрінің

2013 жылғы «20» қараша № 905

бұйрығымен бекітілген



«Автомобиль көлігінің техникалық жай-күйін бақылау» кәсіби стандарты


1. Жалпы бөлім

1. «Автомобиль көлігінің техникалық жай-күйін бақылау» кәсіби стандарты (бұдан әрі – КС) «Автокөліктік құралдарды жөндеу және техникалық қызмет көрсету» кәсіби қызмет саласындағы біліктілік деңгейіне, құзыретіне, мазмұнына, сапасына және еңбек жағдайларына қойылатын талаптарды анықтайды және:

1) еңбек саласы мен кәсіби білім беру саласының өзара қарым-қатынасын реттеуге;

2) даярлау, біліктілікті арттыру және кәсіби қайта даярлау бағдарламаларын әзірлеу талаптарын регламенттеуге;

3) персоналды аттестаттау және сертификаттау кезінде қызметкерлердің құзыреттерін бағалау талаптарын регламенттеуге арналған.

2. КС негізгі пайдаланушылары:

1) білім беру ұйымдарының түлектері, қызметкерлер;

2) ұйымдардың басшылары, ұйымдардың персоналын басқару бөлімшелерінің басшылары мен мамандары;

3) білім берудің мемлекеттік бағдарламаларын әзірлейтін мамандар;

4) мамандардың кәсіби даярлығын бағалау және біліктілігіне сәйкестігін растау саласындағы мамандар болып табылады.

3. КС негізінде біліктілік сипаттамалары, лауазымдық нұсқаулықтар, ұйымдардың үлгілік оқыту бағдарламалары, үлгілік оқыту жоспарлары, ұжымдық стандарттар әзірленеді.

4. Осы КС мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

1) біліктілік – қызметкердің еңбек қызметінің белгілі бір түрі шеңберінде нақты функцияларды сапалы орындауға дайындығы;

2) біліктілік деңгейі – күрделілігі, еңбек қызметтерінің стандартты еместігі, жауапкершілігі мен дербестігі параметрлері бойынша жіктелетін қызметкерлердің құзыретіне қойылатын талаптар жиынтығы

3) еңбек мәні – белгілі бір еңбек құралдарының көмегімен өнім жасау мақсатында қызметкердің іс-қимылы бағытталатын зат;

4) еңбек құралдары – қызметкердің еңбек мәнін бастапқы күйден өнімге айналдыру үшін пайдаланатын құралдары;

5) еңбек қызметінің түрі – еңбек функциялары мен оларды орындауға қажеттi құзыреттiлiктердiң тұтас жиынымен құралған кәсіби қызмет саласының құрамдас бөлігі;

6) еңбек функциясы – бизнес-үдеріспен анықталатын және оларды орындауга қажетті құзыреттердің болуын болжамайтын еңбек қызметінің біріктірілген және дербес жиынтығын көрсететін еңбек қызметі түрлерінің бір бөлігі;

7) кәсіби қызмет саласы – ортақ интеграциялық негiзi (мiндетi, нысандары, технологиялары, соның iшiнде еңбек құралдары ұқсас немесе жақын) бар және ұқсас еңбек функциялары мен оларды орындайтын құзыреттiлiктерiнiң болжалды жиынынан тұратын саланың еңбек қызметi түрлерiнiң жиынтығы;

8) кәсіби стандарттың бірлігі – осы қызмет түрі үшін тұтас, аяқталған, қатысымды дербес және маңызды болып табылатын нақты еңбек функциясының ашық сипаттамасы тұратын кәсіби стандарттың құрылымдық элементі;

9) кәсіп – арнайы дайындықтың, жұмыс тәжірибесінің нәтижесінде пайда болған арнайы теориялық білім мен практикалық дағдылар кешенін білуді талап ететін еңбек қызметінің түрі;

10) құзыреттілік – еңбек қызметінде білімін, білігі және тәжірибесін қолдану қабілеті;

11) лауазым –қызметтік өкілеттіктер және қызметтік міндеттер шеңберін жүктейтін жұмыс берушінің құрылымдық бірлігі;

12) міндет – нақты бір еңбек мәндері мен құралдарын пайдалана отырып еңбек функциясын іске асырумен және нәтижеге қол жеткізумен байланысты іс-қимыл жиынтығы;

13) сала – өндіретін өнім, өндіріс технологиясы, негізгі қорлар мен жұмыс істейтіндердің кәсіби біліктері ортақ ұйымдар жиынтығы;

14) салалық біліктілік шеңбері (бұдан әрі - СБШ)– салада танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы;

15) ұлттық біліктілік шеңбері (бұдан әрі - ҰБШ)– еңбек нарығында танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы;

16) функционалдық карта – бiр немесе өзге де кәсiби қызмет саласы шеңберінде белгілі бір қызмет түрiн орындайтын қызметкердің еңбек функциялары мен мiндеттерiнiң құрылымдық сипаттамасы.




2. КС паспорты

5. КС паспорты мынаны анықтайды:

1) экономикалық қызмет түрі (кәсіптік қызмет саласы):

Экономикалық қызметтің түрін жалпы сыныптаушы (бұдан әрі - 03-2007 ҚР МС) «45.20 Автокөліктік құралдарды жөндеу және техникалық қызмет көрсету»;

2) экономикалық қызмет түрінің (кәсіптік қызмет саласының) негізгі мақсаты:

автокөліктік құралдардың техникалық күйін қадағалау;

3) осы КС 1-қосымшасына сәйкес біліктілік деңгейлері бойынша еңбек қызметінің (кәсіптің) түрлері.

3. Еңбек қызметі түрілерінің (кәсіптің) карточкалары



1-параграф «Автокөлік құралдарының техникалық жай-күйін бақылаушы»
6. Еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады:

1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 3, СБШ бойынша – 3;

2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыныптауышы базалық тобы бойынша (бұдан әрі – ҚР МС 01-2005): 7231 «Слесарь-құрастырушылар және мотокөлік құралдарын жөндеуші слесарьлер»;

3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: қадағалаушы-механик, бақылау бекетінде жолға шығарушы механик;

4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы - субъектімен автокөлік құралдарының техникалық жай-күйін жүйелі бақылау процесін жүзеге асыру;

5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіптік білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Автокөлік құралдарының техникалық жай-күйін бақылаушының еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» деген 1-кестесінде келтірілген.


2-параграф «Автокөлік құралдарын жолға шығарушы инженер»
7. Еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы тұрады:

1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 4, 5, СБШ бойынша – 4,5;

2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыныптауышы базалық тобы бойынша (бұдан әрі – ҚР МС 01-2005): 2145 «Инженерлер-механиктер және машинажасаудың технологтары»;

3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: жолға шығарудың қадағалау бекеттерінің басты механигі, автокөліктің техникалық күйін қадағалау бойынша инженер-механик, автокөлік бойынша инженер-механик;

4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы - субъектімен автокөліктік құралдарының техникалық күйін системалық қадағалаудың үдерісін бақылау және басқаруды ұйымдастыру;

5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіптік білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Автокөлік құралдарын жолға шығарушы инженерінің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» деген 2-кестесінде келтірілген.



4. КС бірліктерінің тізбесі
8. КС бірліктерінің тізбесі осы КС 3-қосымшасының 1, 2-кестелерінде келтірілген және шифр мен КС бірліктері атауларынан тұрады.

5. КС бірліктерінің сипаттамасы
9. КС бірліктерінің сипаттамасы осы КС 4-қосымшасында келтірілген.

6. Осы КС негізінде берілетін сертификаттардың түрлері
10. Осы КС негізінде мамандардың кәсіптік дайындығын бағалау және біліктілік сәйкестігін растау саласындағы ұйымдармен сертификаттар беріледі.

11. Осы КС негізінде берілетін сертификаттардың түрлері сертификат алу үшін игеру қажет болатын осы КС 3-қосымшасында көзделген КС бірліктерінің тізбесіне сәйкес анықталады.



7. КС әзірлеушілері, келісу парағы, сараптамасы және тіркелуі
12. КС әзірлеушісі Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі болып табылады.

13. КС келісу парағы осы КС 5-қосымшасында келтірілген.


«Автомобиль көлігінің

техникалық жай-күйін бақылау»

кәсіби стандартына

1-қосымша


Біліктілік деңгейлері бойынша еңбек қызметінің (кәсіптің) түрлері


р/с



Қызмет түрінің атауы

Еңбек нарығының процестерін ескерумен кәсіптің атауы

ҚР 01-2005 МС сәйкес кәсіп атауы

СБШ біліктілік деңгейі

БТБА бойынша разряд

1

Автокөлік құралдарының техникалық жай-күйін диагностикалық жабдықтар мен құралдардың көмегімен бақылауды жүргізу

Автокөлік құралдарының техникалық жай-күйін бақылаушы

Автокөлік құралдарының техникалық жай-күйін бақылаушы

3

-

2

Техникалық жай-күйді диагностикалық жабдықтардың көмегімен бақылауды ұйымдастыру және техникалық жарамды автокөлік құралдарын жолға шығаруды қамтамасыз ету

Автокөлік құралдарын жолға жіберуші инженер

Көлік инженері

4-5

-

Ескертпе: БТБА – Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы, 52 шығарылым «Автомобиль және қалалық электрлік көлік».

«Автомобиль көлігінің техникалық

жай-күйін бақылау»

кәсіби стандартына

2-қосымша

1-кесте




1. Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Автокөлік құралдарының техникалық жай-күйін бақылаушының еңбек жағдайларына, біліміне және тәжірибесіне қойылатын талаптар





Кәсібі бойынша болуы мүмкін жұмыс орындары (ұйымдар)

Жүк және жолаушылар тасымалдайтын автокөлік ұйымдары

Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары

Автокөліктік құралдарын көтергіштің астындағы жұмыстар, компьютерлік диагностикалық стенділермен жұмыс, зиянды заттардың немесе газдардың шекті рұқсат етілген шоғырлануынан мүмкін артық болуы

Жұмысқа рұқсат берудің ерекше жағдайлары

-

СБШ біліктілік деңгейі

Кәсіби білім алу және оқыту деңгейі

Талап етілетін жұмыс тәжірибесі

3


Ортақ орта білімі, кәсіби даярлығы (кәсіби даярлық бағдарламасы бойынша білім беруді ұйымдастыру базаларының курстары бір жылға дейінгі немесе кәсіпорында оқыту)

Жұмыс тәжірибесіз

Тиісті мамандығы бойынша тиісті білім алу мамандығы бойынша техникалық білімі (орта арнайы немесе орта кәсіби)

2-кесте


2. Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Автокөлік құралдарын жолға шығарушы инженерінің еңбек жағдайларына, біліміне және тәжірибесіне қойылатын талаптар


Кәсібі бойынша болуы мүмкін жұмыс орындары (ұйымдар)

Жүк пен жолаушылар мен тасымалдау бойынша автокөлік ұйымдары

Зиянды және қауіпті еңбек жағдайы

-

Жұмысқа рұқсат берудің ерекше жағдайлары

-

СБШ біліктілік деңгейі

Кәсіптік білім алу және оқыту деңгейі

Талап етілетін жұмыс тәжірибесі

4

(автокөлік құралдарын жолға шығарушы инженер)



Тиісті мамандығына бойынша техникалық білімі (орта арнайы немесе орта кәсіптік) және практикалық жұмыс тәжірибесі

СБШ 3 деңгейінде

3 жыл


5

(II санатты автокөлік құралдарын жолға шығарушы инженер)



Тиісті мамандығына бойынша техникалық білімі (орта арнайы немесе орта кәсіптік) және практикалық жұмыс тәжірибесі

СБШ 4 деңгейінде

3 жыл


Тиісті мамандығына бойынша техникалық білімі (жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)

Жұмыс тәжірибесіз

5

(I санатты автокөлік құралдарын жолға шығарушы инженер)



Тиісті мамандығына бойынша техникалық білімі (жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) және практикалық жұмыс тәжірибесі, автокөлік құралдарының қауіпсіздігіне сай келетін қазіргі заманғы жүйелерді қосымша оқыту (антиблоктау тежегіш жүйесі, электронды тежегіш жүйесі, пневмоподвеска электронды жүйесі)

СБШ 5 деңгейінде

2 жыл


«Автомобиль көлігінің техникалық

жай-күйін бақылау»

кәсіби стандартына

3-қосымша


КС бірліктерінің тізімі
1-кесте

1. «Автокөлік құралдарының техникалық жай-күйін бақылаушы» еңбек қызметінің (кәсіптің) түрі





Шифрі

Еңбек функциясының (кәсіби стандарт бірлігінің) атауы

Ф 1

Автокөлік құралдарының техникалық жай-күйін жолға шығардың алдында және тұрақ орнына қайта келгенде бақылау мен тексеру

Ф 2

Отын және пайдалану материалдарының белгіленген шығыс нормаларының сақталуын бақылау

Ф 3

Автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді орындағаннан кейін жұмыс сапасын бақылау

Ф 4

Белгіленген тәртіпте тапсырылған техникалық және нормативтік құжаттаманы рәсімдеу

2-кесте
2. «Автокөлік құралдарын жолға шығарушы инженер» еңбек қызметінің (кәсіптің) түрі



Шифрі

Еңбек функциясының (кәсіби стандарт бірлігінің) атауы

Ф 1

Жолдағы автокөлік құралдарын авариясыз және сенімді жұмысын қамтамасыз ету

Ф 2

Автокөлік құралдарын дұрыс техникалық пайдалануын бақылауды ұйымдастыру

Ф 3

Автокөлік құралдарының күйін техникалық қадағалауды ұйымдастыру

Ф 4

Автокөлік құралдарын жолға шығару және олардың жолдан қайту кезінде бақылау посттарының жұмыс сапасын тексеру

Ескертпе: Ф – функция.

«Автомобиль көлігінің техникалық

жай-күйін бақылау»

кәсіби стандартына

4-қосымша
КС бірліктерінің сипаты
1-кесте
1. «Автокөлік құралдарының техникалық жай-күйін бақылаушы» еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі


Шифрі

Еңбек заттары

Еңбек құралдары

Міндеттер

Шеберлігі және дағдылары

Білім

Ф1

Автокөлік құралдары

Электрлік фонарь, газанализатор немесе түтін өлшегіш, автокөлік құралдарын рульдік басқару люфтін тексеруге арналған аспап, деселерометр, металл сызғышы, дөңгелектердің қиылысу бұрыштарын тексеруге арналған аспап, ұзын тұтқышы бар балға, фаралардың дұрыс орнатылуын тексеруге арналған аспап, шина манометрі, штангенциркуль, тахометр, автокөлік құралын жолға шығарудың алдында және қайта келгенде техникалық жай-күйін бақылау журналы

М 1-1 «Қазақстан Республикасы Жол қозғалысының ережелерiн, Көлiк құралдарын пайдалануға жiберу жөнiндегi негiзгi ережелер мен жол қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша лауазымды адамдар мен жол қозғалысына қатысушылардың мiндеттерiн және Арнайы түстiк-графикалық схемалар бойынша арнайы түстiк және дыбыстық белгiлермен жабдықталуға және боялуға жататын жедел және арнайы қызметтердiң, көлiктiң тiзбесiн бекiту туралы»

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 25 қарашадағы № 1650 қаулысымен бекітілген Жол қозғалысы ережелерінің талаптарына сәйкес автокөлік құралдарын техникалық жарамды жағдайда жолға шығуын қарау, тексеру



Автокөлік құралдарын қарау, техникалық жай-күйін тексеру және ақаулықтарды анықтау дағдылары

Автокөлік құралдарын пайдалану, бақылаушының автокөлік құралдарын техникалық қарау бойынша білуі, жолға автокөлік құралдарын шығару тәртібін, техникалық дұрыс жарамды автокөлік құралдарының құрылымын, конструктивтік ерекшеліктері мен талаптарын, автокөлік құралдарының техникалық күйін бақылау әдістері мен құралдарын, автокөлік құралдарының анықтауға жататын ақаулық типтерін, автокөлік құралдарының техникалық жай-күйінің жол қозғалысы қауіпсіздігі және экологияға әсер ететін көрсеткіштерін, еңбек қауіпсіздігінің нормаларын, техника қауіпсіздігін, өндірістік санитария және өртке қарсы қорғанысты білу

М 1-2 Техникалық ақаулықтары, санитарлық нормаларды бұзушылық-тары бар автокөлік құрал-дарын жолға шығаруға тыйым салу

М 1-3 Жолдан қайтып келе жатқан автокөлік құ-ралдарының техникалық жай-күйін қарау және тексеру

Автокөлік құралдарын жөндеуге жіберу

Есептеу техникасы, коммуникация және байланыс құралдары, кеңсе қажеттіліктері

М 1-4 Жолдан бұзылған күйде қайтқан автокөлік құралдарын жөндеуге жіберуді рәсімдеу

Автокөлік құралдарын жөндеуге жіберуді рәсімдеу дағдылары

«Автокөлік құралдарын тех-никалық пайдалану ережесін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 28 ақпандағы №203 қаулысымен бекітілген автокөлік құралдарын өнді-рістік және техникалық пайдалану ережелерін, авто-көлік құралдарын жөндеуге жіберу мәселелерін, автокөлік құралдарын жөндеуге жібе-руді рәсімдеу тәртібін білу

Ф 2

Автокөлік құралдарының отыны

Щуп, отын багындағы отын мөлшерін анықтауға арналған аспаптар

М 2-1 Автокөлік құралдарының отын багындағы отын мөлшерінің болуын тексеру және өлшеу

Өлшеуіш аспаптарының көмегімен отын бактарын-да отынның бар болуы және отын мөлшерінің өлшеуін анықтау дағдылар

Автокөлік құралдарын техникалық пайдалануда жанар- жағар май материалдарының шығыс нормаларын білу

Автокөлік құралдар паркін шығыс материалдарымен, қосалқы бөлшектермен және агрегаттармен жабдықтау

Есептен шығару актілерінің, агрегаттарды жөндеуге және қосалқы бөлшектерді сатып алуға арналған өтінімдер үлгілері, кеңсе қажеттіліктері

М 2-2 Автокөлік құрал-дарына қосалқы бөлшек-терді сатып алуға қатысу, жөндеу нормалары бойынша оларды есептен шығару, сондай-ақ агрегаттарды, шиналарды, аккумуляторларды және т.б. жөндеуге тапсыру

Автокөлік құралдары үшін қосалқы бөлшектерді сатып алуға қатысу, оларды жөндеу нормалары бойынша есептен шығару, сондай-ақ агрегаттарды жөндеуге тапсыру дағдылары

Автокөлік құралдарын жөндеу жұмыстарын жүргізуде және техникалық қызмет көрсетуінде шығыс материалдарына, қосалқы бөлшектерге, жанар-жағар май материалдарына және т.б. өтінім жасау тәртібін білу

Жүргізушілерге өндірістік нұсқаулық

Коммуникация және байланыс құралдары

М 2-3 Жүргізушілерге өндірістік нұсқаулық жүргізу

Нұсқаулық жүргізу дағдылары

«Автокөлік құралдарын тех-никалық пайдалану ережесін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 28 ақпандағы №203 қаулысымен бекітілген автокөлік құралдарының техникалық сипаттамаларын, конструктивтік ерекшелікте-рін, қызметі мен жұмыс режимдерін, өндірістік және техникалық пайдалану ереже-лерін, ішкі еңбек тәртібін, еңбек қорғауды, қауіпсіздік техникасын, өндірістік сани-тария мен өртке қарсы қорғануды білу

Ф 3

Автокөлік құралдарының бірліктері мен агрегаттарын жөндеу және жинау сапасы

Техникалық қызмет көрсетуден өту кестесі, электрлік фонарь, газнализатор немесе түтін өлшегіш, автокөлік құралдарын рульдік басқару люфтін тексеруге арналған аспап, деселерометр, металл сызғышы, дөңгелектердің қиылысу бұрыштарын тексеруге арналған аспап, ұзын тұтқышы бар балға, фаралардың дұрыс орнатылуын тексеруге арналған аспап, шина манометрі, штангенциркуль, тахометр

М 3-1 Автокөлік құралдарын жөндеуден және нақты жинаудан кейінгі бірліктер мен агрегаттарды жинауды қабылдау кезінде техникалық талаптарда көзделген жұмыс сапасын тексеру

Жөндеу мен соңғы жинаудан кейінгі автокөлік құралдарының құрамдас бірліктері мен агрегаттарын қабылдау кезінде жұмыс сапасын тексеру дағдылары

Автокөлік құралдарының техникалық жай-күйін және қызмет етуін бақылау жүргізу әдістерін, жөндеуден кейін автокөлік құралдарын қабылдауды, автокөлік құралдарының техникалық қызмет көрсету, олардың құрамдас бірліктері мен агрегаттарын жөндеу сапасына рекламациялық құжаттарды рәсімдеу тәртібін білу

Автокөлік құралдары

М 3-2 Қосымша жұмыс көлемін анықтау үшін техникалық қызмет көрсетуге жіберілген автокөлік құралдарын тексеру

Автокөлік құралдарын жоспарлы техникалық қызмет көрсетуге жіберу кезінде

жұмыстың қосымша көлемін анықтау дағдылары



Техникалық жарамды авто-көлік құралдарының құрылы-сын, конструктивтік ерекше-ліктері мен талаптарын,

ав-токөлік құралдарының техникалық жай-күйінің жол қозғалысы қауіпсіздігіне және экологияға әсер ететін көрсеткіштерін білу



Ф4

Автокөлік құралдары жүргізушілерінің жол құжаттамасы

Автокөлік құралдарының жүргізушілерінің жол құжаттамасының үлгісі, кеңсе қажеттіліктері, автокөлік құралдарының жолға шығу және жолдан қайтудағы техникалық күйінің бақылау журналы

М 4-1 Автокөлік құрал-дарын жолға шыққандағы тапсырылған құжаттамасы және жол құжаттамасын рәсімдеу

Жол құжаттамасын рәсімдеу дағдылары

Автокөлік құралдарын желіге шығару және желіден қабыл-дау тәртібін, жол парақтарын рәсімдеу, беру, қабылдау және өңдеу тәртібін білу

М 4-2 Автокөлік құрал-дарын жолдан қайтқандағы қабылдаудың тапсырылған құжаттамасы және жол құжаттамасын рәсімдеу

Автокөлік құралдарының бұзылуы туралы құжаттама және жөндеуге өтінімдер

Есептеу техникасы құралдары, автокөлік құралдарын жөндеуге арналған өтінімдерді тіркеу журналы

М 4-3 Тиісті тіркеуі бар автокөлік құралдарының бұзылуына арналған белгіленген құжаттаманы және ақаулықтарын жөндеу мен жоюға арналған өтінімдерді рәсімдеу

Автокөлік құралдарының бұзылуына құжаттарды және автокөлік құралдарының ақаулықтарын жөндеу мен жоюға арналған өтінімдерді тіркеу мен рәсімдеу дағдылары

Автокөлік құралдарының бүліну жағдайында құжат-тарды рәсімдеу тәртібін, шығыс материалдарына, қосалқы бөлшектерге, автокөлік құралдарының ақаулықтарын жөндеу мен жоюға арналған өтінімдерді жасау тәртібін, өтінімдерді тіркеу тәртібін білу

2-кесте
2. «Автокөлік құралдарын жолға шығарушы инженер» еңбек қызметінің (кәсіптің) түрі




Шифрі

Еңбек заттары

Еңбек құралдары

Міндеттер

Шеберлігі және дағдылары

Білім

Ф1

Автокөлік құралдарын жолға шығаруды ұйымдастыру

Бағынышты қызметкерлерге міндеттер қою, коммуникация және байланыс құралдары, автокөлік құралдарын жолға шығару жөніндегі бақылау посттары

М 1-1 Техникалық жарамды автокөлік құралдарын жолға шығаруды ұйымдастыру

Желіге шығарудың алдында автокөлік құралдарының техникалық күйін ұйымдастыру және басқару дағдылары

Автокөлік құралдарын желіге шығару тәртібін, ҚР «Автомобиль көлігі туралы» Занын, «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 шілдедегі қаулысымен бекітілген автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасын, «Қазақстан Республикасы Жол қозғалысының ережелерiн, Көлiк құралдарын пайдалануға жiберу жөнiндегi негiзгi ережелер мен жол қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша лауазымды адамдар мен жол қозғалысына қатысушылардың мiндеттерiн және Арнайы түстiк-графикалық схемалар бойынша арнайы түстiк және дыбыстық белгiлермен жабдықталуға және боялуға жататын жедел және арнайы қызметтердiң, көлiктiң тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 25 қарашадағы № 1650 қаулысымен бекітілген Жол қозғалысы ережелерін ұйымдастыру әдістерін және автокөлік құралдары техникалық жай-күйі мәселелері бойынша басқа да басқарушы материалдарды, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қорғаныс нормаларын білу білу

Автокөлік құралдарын жолдан қабылдауды ұйымдастыру

М 1-2 Жұмыс соңында автокөлік құралдарының жолдан қабылдау кезінде ақаулықтарды анықтауды ұйымдастыру

Автокөлік құралдарын жұмыс біткенде желіден қабылдау кезінде автокөлік құралдарының ақаулығын аңықтау процесін ұйымдастыру және басқару дағдылары

Жолдағы автокөлік құралдарының ақаулықтары

Есептеу техникасы, коммуникация және байланыс құралдары, анықталған ақаулықтарға есеп беру, жолдағы автокөлік құралдарының ақаулық себептерін жою шаралары

М 1-3 Жолдағы автокөлік құралдары ақауларының себептерін анықтау және оларды жою шараларын қабылдау

Желіде анықталған және желіде қабылдаудан кейін автокөлік құралдарының анықталған ақаулары бойынша статистикалық деректерді талдау, ақаулардың пайда болу себептерін анықтау, оларды жою шараларын әзірлеу мен қабылдау дағдылары

Техникалық жарамды автокөлік құралдарының құрылысын, конструктивтік ерекшеліктері мен талаптарын, автокөлік құралдарының анықталуға жататын ақаулықтарының типтерін, өлшеу құралдардың техникалық сипаттамаларын, конструктивтік ерекшеліктерін, қызметі мен жұмыс принциптерін, автокөлік құралдарының компьютерлік диагностикалау құралдарының жұмыс принциптерін, «Автокөлік құралдарын техникалық пайдалану ережесін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 28 ақпандағы № 203 қаулысымен бекітілген Автокөлік құралдарының өндірістік және техникалық пайдалану ережелерін, метрологиялық және басқа өлшеулердің орындау әдістерін, еңбекті қорғаудың ережелері мен нормаларын, қауіпсіздік техникасын, өндірістік санитария және өртке қарсы қорғанысты білу

Ф 2

«Автокөлік құралдарын техникалық пайдалану ережесін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 28 ақпандағы № 203 қаулысымен бекітілген автокөлік құралдарын техникалық және өндірістік пайдалану ережелерін сақтау

Бағынышты қызметкерлерге міндеттер қою, коммуникация және байланыс құралдары

М 2-1 «Автокөлік құралдарын техникалық пайдалану ережесін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 28 ақпандағы № 203 қаулысымен бекітілген көлік құралдарын өндірістік және техникалық пайдалану ережелерінің сақталуын бақылауды ұйымдастыру

«Автокөлік құралдарын техникалық пайдалану ережесін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 28 ақпандағы № 203 қаулысымен бекітілген автокөлік құралдарын техникалық және өндірістік пайдалану ережелерін, сақтауды бақылауын ұйымдастыру дағдылары

Автокөлік құралдарын техникалық пайдалану ережесін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 28 ақпандағы № 203 қаулысымен бекітілген автокөлік құралдарын техникалық және өндірістік пайдалану ережелерін, жүргізушілердің механиктердің, бақылаушылардың лауазымдық нұсқаулықтарын, ұйымның автокөлік құралдарын пайдалану нұсқауларын, ішкі еңбек тәртібін білу

Отын шығысының, пайдалану материалдары мен қосалқы бөлшектердің белгіленген нормаларын сақтау

Автокөлік құралдарын пайдалану кезіндегі отын және пайдалану материалдарының шығысы бойынша есеп беру, автокөлік құралдарын техникалық қызмет көрсетудегі және жөндеуде жанар-жағар май материалдары, қосалқы бөлшектер мен шығыс материалдарының шығысы бойынша есеп беру

М 2-2 Автокөлік құралдарын пайдалану және техникалық қызмет көрсету және жөндеу кезінде отын және пайдалану материалдарының, қосалқы бөлшектердің белгіленген шығыс нормаларының сақталуын бақылауды ұйымдастыру

Автокөлік құралдарын пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу процесінде отын, жанар-жағар май материалдарының және басқа материалдық ресурстардың шығысын бақылау процесін ұйымдастыру және басқару дағдылары

Автокөлік құралдарын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету кезінде материалдық ресурстардың шығысын, материалдар, қосалқы бөлшектер, жанар-жағар май материалдарының және т.б. шығыс нормаларын жүйелі бақылауды ұйымдастыру әдістерін білу

Автокөлік құралдарын жөндеуге жеткізу мерзімдері

Коммуникация және байланыс құралдары, автокөлік құралдарын жоспарлы ескерту жөндеулерден өткізу графиктары

М 2-3 Басқа мамандармен бірлесіп автокөлік құралдарының техникалық жай-күйін және жөндеу жұмыстарына жеткізу мерзімін анықтау

Автокөлік құралдары техникалық жай-күйін және жөндеуге жеткізу мерзімдерін анықтау дағдылары

Автокөлік құралдарын жоспарлы алдын алу жөндеудің бірыңғай жүйесін, автокөлік құралдарының техникалық жай-күйін бақылаудың әдістері мен құралдарын, автокөлік құралдары техникалық жай-күйінің сапасы мен қызмет етуін бақылау әдістерін, автокөлік құралдарының техникалық сипаттамаларын, конструктивтік ерекшеліктерін, қызметі мен жұмыс режимдерін, автокөлік құралдарының жол қозғалысы қауіпсіздігі мен экологияға әсер ететін техникалық жай-күйінің көрсеткіштерін білу

Автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыс сапасы мен уақтылығы

Бағынышты қызметкерлерге міндеттер қою, коммуникация және байланыс құралдары, автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету графиктары, техникалық қызмет көрсетуді өткізуге есеп беру

М 2-4 Техникалық қызмет көрсету графиктарына сәйкес автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету бойынша жұмысты орындау сапасы мен уақтылығына бақылауды ұйымдастыру

Автокөлік құралдарын техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстардың сапалы және мерзімді орындалуын бақылау процесін басқару дағдылары

Экономика негіздерін, өндірістің, еңбектің және басқарудың ұйымдастырылуын, автокөлік құралдарын техникалық қызмет көрсету және жөндеу кезінде ақау түрлерін, оның алдын алу мен болдырмау әдістерін, автокөлік құралдарын жөндеу жұмыстарын және техникалық қызмет көрсетуін ұйымдастырылуы мен өткізу технологиясын, автокөлік құралдарын жөндеуге тапсыру және жөндеуден кейін қабылдау тәртібін, автокөлік құралдарының техникалық қызмет көрсету және олардың құрамдас бірліктері мен агрегаттарының жөндеу сапасына рекламациялық құжаттарды рәсімдеу тәртібін білу

Автокөлік құралдарын жөндеуден кейін жұмыс сапасын бақылаумен бірге қабылдау

Бағынышты қызметкерлерге міндеттер қою, коммуникация және байланыс құралдары

М 2-5 Автокөлік құралдарын жөндеуден кейін жұмыс сапасын бақылаумен бірге қабылдауды ұйымдастыру

Орындалған жұмысты бақылаумен жөндеуден кейінгі автокөлік құралдарын пайдалануға қабылдауын ұйымдастыру мен басқару дағдылары

Ф3

Ұйымның автокөлік құралдарының міндетті техникалық тексеруден өтуі

Ұйымның автокөлік құралдарына механикалық көлік құралдарының және тіркемелердің міндетті техникалық тексеруден өту графиктары

М 3-1 Ұйымның автокөлік құралдарының міндетті техникалық тексеруден өтуін бақылауды ұйымдастыру

Ұйымның автокөлік құралдарының механикалық көлік құралдарының міндетті техникалық тексеруден уақытылы өткізуін ұйымдастыру дағдылары

Механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық тексеруден өткізуді, міндетті техникалық тексеруді өткізу кезеңділігін, сондай-ақ техникалық тексерудің диагностикалық картасының формасын, ҚР «Автомобиль көлігі туралы» Заңын, «Автокөлік құралдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» Техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 9 шілдедегі № 675 қаулысымен бекітілген «Автокөлік құралдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін, еңбекті қорғау нормаларын, қауіпсіздік техникасын, өндірістік санитария және өртке қарсы қорғанысты білу

М 3-2 Ұйымның автокөлік құралдарын міндетті техникалық тексеруді өткізу кезінде ұсынуға тікелей қатыстыру

Міндетті техникалық тексеруді өткізу кезінде ұйымның автокөлік құралдарын көрсетуге тікелей қатыстыру дағдылары, мемлекеттік органдармен жұмыс істеу дағдылары

Ұйымның автокөлік құралдар паркін жинақтау мен жаңғырту процесі

Жаңа автокөлік құралдарын қабылдау актілері, автокөлік құралдарын және жинақтаушыны есептен шығару актілері, бағынышты қызметкерлерге тапсырмалар қою, коммуникация және байланыс құралдары, көзбен қарау

М 3-3 Жаңа автокөлік құралдарын қабылдауға, сондай-ақ автокөлік құралдарын және жинақтаушыны есептен шығаруға және агрегаттарды, шиналарды және автокөлік құралдарын жөндеуге тапсыруға қатысу

Жаңа автокөлік құралдарын қабылдау, сондай-ақ автокөлік құралдарын есептен шығару және агрегаттарды, шиналарды және автокөлік құралдарын жөндеуге жіберу дағдылары

Экономика негіздерін, өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастыру, жөндеуді жүргізуге смета құрастыру тәртібін, жабдықтарға, материалдарға, қосалқы бөлшектерге және т.б. тапсырыс беру, жаңаны қабылдау және автокөлік құралдарын және жинақтаушының істен шыққан ресурсын есептен шығаруды, автокөлік құралдарын жөндеуге жіберу және жөндеуден кейін қабылдауды білу

Авариялық сипатта зақымдалған автокөлік құралдарын жөндеуге құжаттама

Есептеу техникасы, коммуникация және байланыс құралдары, кеңсе қажеттіліктері, авариялық сипатта зақымдалған автокөлік құралдарын жөндеуге арналған құжаттаманы толтыру үлгілері

М 3-4 Авариялық сипатта зақымдалған автокөлік құралдарын жөндеуге құжаттаманы рәсімдеу

Авариялық сипаттағы зақымданулары бар автокөлік құралдарын жөндеуге арналған құжаттаманы рәсімдеу дағдылары

Автокөлік құралдарын жөндеуге тапсыру және жөндеуден кейін қабылдау, авариялық сипаттағы зақымданулары бар автокөлік құралдарын жөндеуге арналған құжаттаманы рәсімдеу тәртібін білу

Ф4

Автокөлік құралдарын жолға шығару бойынша бақылау посттарының жұмыс процесі

Автокөлік құралдарын жолға шығару бойынша бақылау посттарының жұмысы туралы есеп беру, бақылау посттарының жұмысын қадағалау

М 4-1 Автокөлік құралдарын жолға шығарудағы бақылау посттарының сапасыз жұмыстарының себептерін анықтау

Автокөлік құралдарын жолға шығару жөніндегі бақылау посттарының сапасыз жұмыстарын және олардың сапасыз жұмыс себептерін анықтау дағдылары

Бақылау посттарының жұмыс тәртібін және автокөлік құралдарын желіге шығару принциптерін жетік білу

Есептеу техникасы, коммуникация және байланыс құралдары

М 4-2 Бақылау посттарының сапасыз жұмысын жою шараларын әзірлеу мен іске асыру

Бақылау посттарының сапасыз жұмысын жою жөніндегі шараларды әзірлеу дағдылары

Экономика негіздерін, өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру, қазіргі технологиялар мен жабдықтарды жаңғырту түрлері мен тәсілдерін білу

Ескертпе: М – міндет.

«Автомобиль көлігінің техникалық

жай-күйін бақылау»

кәсіби стандартына

5-қосымша
Келісу парағы

Ұйым атауы

Келісу күні

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі



Осы КС ___________________________________________________ тіркелді.

Кәсіптік стандарттардың реестріне №__________________________тіркелді.

Хат (хаттама) № ___________ Күні__________________







Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет