Сабақтың типі: Сайыс сабақ Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ- жауап, түсіндіру, ойын, ой-толғаныс, «Кубизм» әдісі



Дата26.12.2023
өлшемі20.52 Kb.
#488078
түріСабақ
Документ Microsoft Word (2)



Мақсаты: Білімділік: шахмат ойынының шығу тарихы мен фигуралардың атауларын, олардың жүру тәртібін білу. Шахмат ойынындағы басты фигура корольге әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып, мат қоя білу.
Дамытушылық: шахмат ойынын үйрету барысында оқушылар бойында стратегиялық жоспарды тактикалық тәсілдермен дамытудың тиімділігін арттыру.
Тәрбиелік: адамгершілік, еңбек, ақыл -ой тәрбиесін жетілдіру.
Сабақтың типі: Сайыс сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ- жауап, түсіндіру, ойын, ой-толғаныс, «Кубизм» әдісі
Көрнекілік: интерактивті тақта, шахмат тақтасы, шахмат фигуралары
Пәнаралык байланыс: математика, сурет.
І. Ұйымдастыру кезең
Армысыздар құрметті ұстаздар, сайысқа қатысушы жас өркен! Бүгінгі «Шахмат ойынының негіздері» атты сайыс сабағымызға қош келдіңіздер! Олай болса әділ қазылар алқаларымен таныстырайық.
Әділ қазылар алқасымен таныстыру:
1.
2.
3.
ІІ. Кіріспе
Шахмат ойыны туралы түсінік
Шахмат ойыны жоғары интеллектуалдық спорт түрі. Шахмат - адамның ақыл- ой дамуына ықпал ететін білім. Шахмат ойыны балаларға тек қуаныш сыйлайтын ойын ғана емес, ойлауды дамытудың тиімді құралы. Шахмат ойыны сонымен қатар, кеңістікті бағдарлай алу қабілетін дамытуға, ойлаудың аналитикалық синтетикалық жолдарын, ой тұжырымдарын жасау, есте сақтау, қорытынды жасай алу қабілетін, мақсат қос білу қабілетін дамытуға көмектеседі. Елбасымыз шахматтың тұнып тұрған есеп екенін айта келіп, «Есепке жүйрік адам математиканы еркін меңгереді» деген болатын. Сондықтан шахмат пен математика ғылым мен ілім ұштасып жатқан тұтас ұғым деп түсінуіміз керек.
ІІІ. Негізгі бөлім
Сайыс кезеңдері:
І. Таныстыру (әр топ өз аттарымен, ұрандарымен таныстырады)
ІІ. «Кім жүйрік?» (сұрақ жауап сайысы, барлығы 10 сұрақ)
ІІІ. «Ойлы болсаң озып көр» (семантикалық картаны толтыру)
ІУ. «Жорға» (кубикті лақтыру арқылы сан таңдау, сол санға сәйкес құпия суреттерді анықтау)
У. Кім жылдам (шахмат фигураларының қиындыларын құрастыру)
УІ. Тест тапсырмалары (7)
УІІ. Жас шахматшы (екі топ ойыншысы шахмат ойынын ойнайды)
Жарыс десең өртеніп, жанып тұрар
Сусындап сол жарыстан қанып тұрар.
Сегіз қырлы, бір сырлы сайыскерлер,
Кезі келді өзін-өзі таныстырар - дей келе I кезең бойынша әр топ өз аттары мен ұрандарын таныстырады.
І. «Шах» тобы ( Ақ түсті фигуралар)
ІІ. «Мат» тобы ( Қара түсті фигуралар)

ІІ Кезең. «Кім жүйрік?» әр топқа бірдей нұсқадағы 10 сұрақ беріледі. Оқушылар жауабын ауызша айту керек.


1. Шахмат ойыны қай мемлекетте және қай ғасырда пайда болған? ( 5 ғасырда, Индия)
2. «Шах және мат» сөзі грек тілінен аударғанда қандай мағына береді? ( «шах» билеуші, «мат» жеңілді, ұтылды)
3. Шахмат фигуралары ( король, ферзь, піл, ат, тура, пешка)
4. Шахмат фигураларының түстері қандай? (ақ және қара)
5. Шахмат тақтасында қанша шаршы бар? (64 )
6. Шахмат тақтасында қандай әріптер мен сандар бар? ( 1 2 3 4 5 6 7 8 - A B C D E F H G )
7. Ең әлсіз фигура қандай? (король)
8. Шахмат ойынының мақсаты қандай? (корольге мат қойып, ойынды аяқтау)
9. Шахмат ойынынан басқа қандай ойындарды білесің?
10. Шахмат фигураларының саны ( 16, 16, 32)
ІІІ кезең. «Ойлы болсаң озып көр» (семантикалық картаны толтыру)
Бір немесе екі шаршыдан аттап жүреді Қиғаш қана жүреді «Г» әрпіне ұқсас жүреді Бір бір қадамдап қана жүреді Алға, артқа, тура ғана жүреді Алға, артқа, оңға, солға, қиғаш жүреді
Король (патша)
Ферзь (уәзір)
Слон (піл)
Конь (ат)
Ладья (тура)
Пешка (жаяу әскер)
ІV кезең. «Жорға» (кубикті лақтыру арқылы сан таңдау, сол санға сәйкес құпия суреттерді анықтау)
-Король
-Ферзь
-Слон
-Конь
-Ладья
-Пешка
V кезең. Кім жылдам (шахмат фигураларының қиындыларын құрастыру)
Оқушылар берілген қиындылардан шахмат фигурасын құрастыру керек.
VІ кезең. Тест тапсырмалары:
1. Шахмат фигураларын көрсет
А. патша, уәзір, піл, ат
Ә. Патша, уәзір, піл, ат, тура, пешка
Б. патша, уәзір, піл, ат, пешка
2. Патша фигурасының жүру тәртібін көрсет
А. оңға, солға, артқа бір қадамдап
Ә. оңға, солға, артқа, тура
Б. Тура, артқа, қиғаш
3. Уәзір фигурасының жүру тәртібін көрсет
А. алға, артқа жүреді
Ә. Тура, қиғаш, оңға, солға, алға, артқа жүреді
Б. Тек қиғаш ғана жүреді
4. Піл фигурасының жүру тәртібін көрсет
А. тек қиғаш ғана жүреді
Ә. «Г» әрпі сияқты жүреді
Б. Тура ғана жүреді
5. Ат фигурасының жүру тәртібін көрсет
А. тура ғана жүреді
Ә. «Г» әрпі сияқты жүреді
Б. Тек қиғаш ғана жүреді
6. Шахмат тақтасында қандай әріптер бейнеленген
А. a b c d e f
Ә. a b c e h g
Б. a b c d e f g h
7. Шахмат ойынының мақсаты қандай
А. корольге мат қою
Ә. Қарсыластан жеңілу
Б. Тек шайқасу
VІІ кезең. Жас шахматшы ( екі топ ойыншысы шахмат ойынын ойнайды)
Қорытындылау
Өнерпазды жарау аттай баптасын,
Жүлде алып ел намысын ақтасын
Өнерімен танылып оқушылар,
Ел сенімін еңбекпенен ақтасын.
Оқушылар сендер шахмат ойынын қалай ойнау керектігін оқып үйренудесіңдер, алдағы уақытта сіздер де Динара Сәдуақасова, Жансая Әбдімәлік, Әсел Серікпай сияқты әлем чемпионаттарына қатысып, биіктен көрінулеріңізге тілектеспін.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет